cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Dauletten.kz

Өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпараттар📰 Жарнама немесе ұсыныстар бойынша: @YerekentiKZ Достарыңызды, таныстарыңызды шақыру үшін👉🏻 https://t.me/+xkxeg3id2fQ0NzUy

Ko'proq ko'rsatish
Advertising posts
109 563Obunachilar
-10524 soatlar
-8107 kunlar
-3 50930 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Обуначиларнинг ўсиш даражаси

Ma'lumot yuklanmoqda...

🏠 Тұрғындар алдағы қазан айының ортасына дейін өз үйлеріне кіреді Су тасқынынан үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарға екі түрлі жоба бойынша үйлер салынады. Бұл жоба мемлекеттік деңгейде бекітілген жоба. Бұл туралы өңірлік комуникациялар алаңында өткен брифингте БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев айтты. «Тұрғындар алдағы қазан айының ортасына дейін өз үйлеріне кіреді», – деді Құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев.
Hammasini ko'rsatish...
🥱 4👍 3😱 3
💸 Қостанай облысында төтенше жағдай резервінен тасқын шығынын жоюға 2,4 млрд теңге бөлінді Бұл қаржы тұрғындардың шығынын өтеуге және инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады. Сонымен қатар Үкіметтің төтенше резервінен Арқалық қаласынан пәтер сатып алуға бірінші транш бойынша 405 миллион теңге берілді. Бұған 27 пәтер сатып алынды. Тасқын кезінде мыңға тарта малдың өлгені анықталды. Соның 800-ге жуығына өтемақы төленді.
Hammasini ko'rsatish...
👍 12 1
‼️ Заңсыз активтердің 40 млрд теңгесі мемлекетке қайтарылды Үкіметтің хабарлауынша, заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия жалпы сомасы 40 млрд теңгеден астам заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы келісімді мақұлдады, оның 38 млрд-тан астамы ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге болатын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталатын болады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 21
😱 Бұрынғы күйеуі балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірген Бұл туралы марқұмның туысы Серік Беркамалов хабарлады. 25 сәуірде Қарағандыда бұрынғы жұбайы 52 жастағы әйелге бірнеше рет пышақ жарақатын салды, жәбірленуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қайтыс болған адамның туысының айтуынша, ерлі-зайыптылар 10 жыл бұрын ажырасқан және осы уақыт ішінде бұрынғы күйеуі әйелін қуып, оны қорқытып жүрген. Бірнеше жыл бойы жәбірленуші құқық қорғау органдарынан көмек сұраған, бірақ бұрынғы күйеуі жазасыз қалып жүрген. Қазір қылмыскер ұсталды, ауыр қылмысқа куә болған кәмелетке толмаған балаларға психологиялық көмек көрсетілуде.
Hammasini ko'rsatish...
😱 96😢 21👍 15 12💔 12🔥 2
‼️ 29 сәуірден бастап Атырау қаласындағы мектептер офлайн оқыту форматына көшеді Егер балалар Атырау қаласынан тыс жерде болса, оқуды онлайн форматта жалғастыра алады. Дегенмен өңірде қауіп сейілген жоқ. Бүгін су деңгейі 431 см-ге жетті. Атырау облысында су тасқынына қатысты ахуал нашарлаған жағдайда іс-қимыл алгоритмі алдын ала жарияланады.
Hammasini ko'rsatish...
15👍 9
❗️Абай облысындағы орман өрті оқшауланды Өрт туралы ақпарат 26 сәуірде сағат 13:21-де келген. Өрт сөндірушілер өртті толық сөндіріп апаттың алдын алды.
Hammasini ko'rsatish...
😱 31👍 16 4🙏 3
‼️ Есірткі тұтынған ұшқыш қызметінен шеттетілді «Air Astana» әуе компаниясының екінші ұшқышы 2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшу кезінде ұсталды», – деп хабарлады компания. Компания мәліметіне сәйкес, қауіпсіздік органдары Air Astana қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. «Air Astana компаниясы өз қызметкерінің алкоголь немесе есірткіні тұтынуына қатаң көзқараспен қарайды, өйткені біз ұшу қауіпсіздігіне басымдылық береміз», – делінген хабарламада.
Hammasini ko'rsatish...
👍 41 8
Repost from Dauletten
🏠Бүгіннен бастап «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасына өтінім беру басталды. 💻«Отбасы банк» ресми парақшасы Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) «Наурыз» бағдарламасына қатысуға қалай өтінім беру керектігі жөнінде нұсқаулығын жария етті. Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады. «Наурыз» бағдарламасының шарттары: ➡️бастапқы жарна 20%; ➡️тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-7% (ЖЭС 7,3% - дан 8,9% - ға дейін); ➡️азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-9% (ЖТПМ 9,3% - дан 11,8% - ға дейін); ➡️несие мерзімі 19 жылға дейін. 🌇Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Моноқалалар мен ауылдарда жылына бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 30% - нан аспайтын қайталама тұрғын үй сатып алуға болады. 📆Бағдарлама 8 жылға бағытталған. Жыл сайын «Наурыз» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінеді. Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның 68 000 азаматын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету жоспарлануда. Биылғы жылы қоныс тойын 12 мың қазақстандық тойлай алады. 📌Естеріңізге сала кетсек: өтінім беру уақыты мен күні маңызды емес. Банк салымшыларының «Наурыз» бағдарламасына қатысуға өтінім беруіне екі ай уақыт болады. Dauletten
Hammasini ko'rsatish...
👍 50 9
🖥️ Қазақстан халқы Ассамблеяның XXXIIІ сессиясы онлайн-режимде өтеді Бұл туралы Президент Қ.Тоқаев Ассамблея Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты қабылдауда айтты. «Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады», – делінген Ақорда таратқан ақпаратта. ❌ Су тасқынына байланысты тағы да бір ауқымды шара өткізілмейді. Бюджетті үнемдеу жалғасуда…
Hammasini ko'rsatish...
15👍 10
‼️ ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 24 сәуірде сағат 11:19-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): ШҚО Зайсан ауданы, Тасбастау ауылы 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.
Hammasini ko'rsatish...
👍 17 1