Отарсыздану үдерісінің күшеюі.
Әлемдік отарлау жүйесінің дағдырысы және күйреуі
Отарсыздану: доминиондарға, мандатқа кірген аумақтар, отарлар мен
протектораттарға тәуелсіздік және толық дербестік беру үдерісі
Отарсыздану үдерісінің алғышарттары:
• Метрополияның (әсіресе Франция мен Голландия) өз отарлық иеліктеріне
бақылауының әлсіреуі
• Отарлық иеліктердің (әсіресе ағылшындық доминиондардың) ықпалы мен
әлеуетінің арта түсуі
• Ұлт – азаттық қозғалыстардың бұқаралық сипат алып, көптеген елдерде күрестерге
ұласуы
• «Қырғиқабақ соғыстың» әсері
Жапонияның талқандалуынан кейін өз тәуелсіздіктерін жариялаған мемлекеттер:
Үндіқытай, Бирма, Малайзия, Индонезия
Отарсызданудың бірінші кезеңі: 1943 – 1956 жж.
Отарсызданудың бірінші кезеңінің қамтыған аумағы: Азия мен Солтүстік Африка
елдері
1947 жылы тамызда тәуелсіздік алған мемлекеттер: Үндістан, Пәкістан
Англия тәуелсіздіктерін мойындауға мәжбүр болған аймақтар: Үндістан, Пәкістан,
Цейлон аралдары (Шри - Ланка), Бирма
1945 жылы 17 тамыз, 2 қыркүйекте тәуеелсіздіктерін жариялаған мемлекеттер:
Индонезия, Вьетнам
1946 жылы АҚШ тәуелсіздігін берген ел: Филиппин
1953 жылы Камбоджа мен Лаостың тәуелсіздігін мойындады: Франция
1956 жылы Египетке қарсы соғыс жүргізгендер: Англия, Франция
1956 жылы Египетке қарсы жүргізілген француздар мен ағылшындардың соғысы
жеңіліске ұшыраған соң, Англия толық дербестігін мойындады: Суданның
Отарсызданудың екінші кезеңі 50 – 60 – жылдардың соңында отарсыздану ұдерісі
қамтыды: Африка
1956 жылы Франция тәуелсіздігін мойындаған жерлер: Марокко, Тунис
1957, 1958 жылдары Англия тәуелсіздіктерін берген аймақтар: Гана, Малайзия, Гвинея
«Африка жылы»: 1960 жылы
1960 жылы «Африка жылында» тәуелсіздіктерін алған африкалық елдер саны: 17
1960 жыл басында Африкада пайда болған тәуелсіз мемлекет саны: 45
XX ғасырдың 60 – жылдары тәуелсіздіктерін алған Африка елдері:
• 1961 жылы Танганьика
1962 жылы Уганда
• 1963 жылы Кения
• 1964 жылы Занзибар, Замбия, Малави
• 1965 жылы Гамбия
Отарсызданудың үшінші кезеңі: 70 – жылдары
Отарсызданудың үшінші кезеңінде құлатылған ең көне империя: Португалия
1973 жылы тәуелсіздікке қол жеткізген ел: Гвинея – Бисау
1974 жылы сәуірде «қалампыр төңкерісінің» нәтижесінде Португалиядан тәуелсіздіктерін
алған өңірлер: Жасыл мүйіс аралдары, Ангола, Мозамбик, Сан - Томе, Принсипи
Отарсызданудың төртінші кезеңі: 80 – 90 – жж.
1980 жылы түпкілікті шешілген мәселе: Оңтүстік Родезия (Зимбабве)
1982 жылы Белизге тәуелсіздік берген: Англия
1990 жылы әлемдік қауымдастықтың қысымымен Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР)
тәуелсіздігін таныды: Намибияның
1997, 1999 жылдары Қытай қайтарып алды:
• Ұлыбританиядан Гонконгты (1997)
• Португалиядан Макаоны (1999)
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азия және Африка елдері таңдауға тура келген
таңдау жолдары: социалистік бағдар, социалистік жол, капиталистік
30 жыл бойы социалистік даму жолын сынынан өткен елдер: Қытай, Вьетнам, Солтүстік
Корея
Мәдени – өркениеттік аймақтар Азия мен Африкада төртеу:
• Қытайлық – конфуцийлік аймақ (Қытай, Жапония, Вьетнам, Корея, Тайвань,
Гонконг, Сингапур)
• Үнді – буддистік – мұсылмандық топ (Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік – Шығыс
Азия)
• Араб – мұсылмандық топ (Таяу Шығыс, Ауғанстан, Ирак, Иран, Магриб елдері)
• Орталық және Оңтүстік Африка (әртүрлі және құрылымы толық айқындалмаған
ондаған мемлекет, әскери – тайпалық құрылымдар)
Кіші және орташа «жолбарыс» елдері: Сингапур, Гонконг, Тайвань, Оңтүстік Корея,
Малайзия, Таиланд, Түркия
Ірі «айдаһарлар»: ҚХР, Үндістан, Индонезия, Нигерия, Пәкістан
XX ғасырдың екінші жартысында пайда болған саясаттану термині: үшінші әлем
Қазіргі кезде «дамушы елдер» ұғымының синонимі ретінде қолданылатын термин:
үшінші әлем