cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

АУЫЛ партиясы

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
664
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-57 kunlar
-1530 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Астана қаласы: Қ.Абден кәсіпкерлермен кездесті   Астанада Мәжіліс депутаты Қарақат Абден Сенат депутаты Бибігүл Жексенбаймен бірге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерімен кездесті.Кездесуде кәсіпкерлермен тұрақты экономика, салық заңнамасы, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы мәселелер көтерілді. Қарақат Абден аталған бағыттар бойынша бизнес қауымдастықтың пікірі маңызды екенін атап өтті. «Әлеуметтік жағдайды жақсартуға мұқтаж азаматтар мен әлеуметтік жағдайдың жақсаруына сеп болып, бюджетке салықты қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлік қауымдастық өкілдерімен де кездесеміз. Бұл – теміржол рельсінің қос тағанындай бір-бірінен ажырмас факторлар. Екі тараптың біріне ғана назар аударылса нәтиже болмайды», - деді ол өз сөзінде. Кездесу барысында кәсіпкерлермен оңтайлы диалог құрудың маңызына тоқталған депутаттар өзара ынтымақтастықты нығайту үшін кері байланыс орнатуға әзірлік білдірді.  
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Партия «Ауыл» и Гентский университет Бельгии обсуждают возможности развития подготовки ветеринаров в сфере сельского хозяйства. Гентский университет с двухвековой историей является одним из ведущих высших учебных заведений Бельгии. Университет особенно прославился подготовкой специалистов по ветеринарии. На факультете медицинской ветеринарии функционируют 7 кафедр, 6 клиник и более 10 лабораторий, занимающихся изучением и лечением болезней домашних животных, птиц и т.д. В последние годы в мировых рейтингахГентский университет в области ветеринарной медицины занимает первые места. Во время встречи с профессором факультета медицинской ветеринарии Гентского университета Бельгии Гиртом Опсомером советник председателя партии «Ауыл» Рустем Жоламан презентовал проектыпартии по развитию сельского и агропромышленного комплекса. Также с бельгийскими учеными были обсуждены возможности организации научных стажировок для отечественных ветеринарных специалистов, выделения образовательных грантов талантливой молодежи из сел,  организации совместных научных проектов и семинаров в области ветеринарии.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
"Ауыл" партиясы мен Гент университеті: Ветеринар маман даярлау мүмкіндіктері     "Ауыл" партиясы мен Бельгияның Гент университетіауыл шаруашылығы саласының ветеринария бағытын дамыту мүмкіндіктерін талқылауда. Екі ғасырға жуық тарихы бар Гент университеті - Бельгияның маңдайалды жоғары оқу орны. Аталған білім ошағы ветеринария мамандарын дайындау бағытына ден қойған. Университеттің медициналық ветеринария факультетінің өзінде төрт түлік пен үй құстарының, өзге де жан-жануарлардың ауруларын емдеумен, зерттеп зерделеумен айналысатын 7 кафедра, 6 клиника мен 10-нан астам арнайы лабораториялар бар. Соңғы жылдары ветеринария мамандығы бойынша Гент университетіәлемдік рейтингтерде тек бірінші орыннан көрінуде. Гент университетінің Медициналық ветеринария факультетінің профессоры Гирт Опсомермен болған кездесуде «Ауыл» партия төрағасының кеңесшісі Рүстем Жоламан ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешенінжәне ауылдық елді-мекендерді дамытуға бағытталған партия жобаларын таныстырды. 🔗 Толығырақ
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
01:11
Video unavailableShow in Telegram
Ақмола облысы: «Ауыл» басымдылығы – ауыл-аймақтың өркендеуі   Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясыныңдепутаттары ауыл-аймақтардың ахуалымен танысуды жалғастыруда. Депутаттардың жұмыс кестесінде тек ауыл шаруашылығы өндірістік кешені нысандары ғана емес, ауыл жұртының әлеуметтік-экономикалық ахуалы, мүгедектігі бар азаматтардың жұмыспен қамтылуы мен қоғам өміріне бейімделуі секілді т.с.с өзекті мәселелер қамтылуда. Мәжіліс депутаты Н.Арсютин аймаққа сапары аясында «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектер одағы» ЗТБ мүшелерімен кездесті.  Кездесу барысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, паралимпиадалық спортшылар мен оларды сүйемелдеу, ел бойынша инватаксилер қамтамасыз ету т.б мәселелер көтерілді.
Hammasini ko'rsatish...
IMG_3183.MP46.24 MB
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
С 26 июля по 11 августа текущего года в Париже пройдут тридцать третьи по счету летние Олимпийские игры. Сегодня Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял в Акорде членов сборной команды Казахстана и с теплыми напутствиями вручил им Государственный флаг. Олимпийские игры – это самое большое событие в мире спорта. Они являются олицетворением равенства, взаимного уважения и честной конкуренции. В этом году наша национальная сборная получила 92 лицензии по 25 видам спорта. Мы от имени всех ауылчан желаем нашей сборной Победы! Представлять страну – это огромная ответственность и большая честь для каждого. Пусть наш небесно голубой флаг придаст вам уверенности, поможет справиться с волнением и показать самые лучшие результаты! Мы в вас верим! Серік Егізбаев, председатель Партии «Ауыл»
Hammasini ko'rsatish...
👍 4
Photo unavailableShow in Telegram
Ағымдағы жылдың 26 шілдесінен 11 тамызына дейін Париж қаласында XXXIII жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Бүгін, Акордада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлттық құрама командасының мүшелеріне сәт-сапар тілеп, Мемлекеттік туды салтанатты түрде табыс етті. Олимпиада ойындары - спорт әлеміндегі ең маңызды, әрі үлкен оқиға. Бұл спорт мерекесі – достық пен бейбітшіліктің және адал бәсекелестіктің символы. Биылғы әлемдік додаға Ұлттық құрамамыз спорттың 25 түрінен 92 лицензия ұтып алды. Біз - Ұлттық құрама мүшелеріне барлық ауыл тұрғындары атынан жеңісті күндер тілейміз! Ел абыройын халықаралық деңгейде қорғау – әрбір спортшы үшін үлкен жауапкершілік, әрі зор мәртебе. Біздің көк байрағымыз сіздерге сенім мен күш-қуат беріп, жоғары көрсеткіштерге және Олимп биігіне жетелесін! Ел сенімі – ерге қуат! Серік Егізбаев, «Ауыл» Партиясының Төрағасы
Hammasini ko'rsatish...
👍 4
Партия жобалары бойынша семинар-тренинг өтті Бүгін Өскеменде "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік-экономикалық жобалар бойынша семинар-тренинг өткізді. Семинарға ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы, "Ертіс "ӘКК" АҚ Мемлекеттік бағдарламалар департаменті, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы, "Eurasia building LTD" құрылыс компаниясы және партияның ШҚО бойынша өңірлік филиал активі қатысты. Сегодня в Усть-Каменогорске заместитель председателя партии "Ауыл" Кайрат Айтуганов провел семинар-тренинг по социально - экономическим проектам в сельскохозяйственной отрасли. На семинаре приняли участие управление сельского хозяйства ВКО, департамент государственных программ АО «СПК «Ертіс», палата предпринимательства «Атамекен», строительная компания «Eurasia building LTD» и партактив регионального филиала партии по ВКО.
Hammasini ko'rsatish...
👍 3
Алматы қаласы: Бүгін ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы ғылыми ізденістер "Ауыл" фракциясының депутаттарына таныстырылды. Мәжіліс депутаттары С.Егізбаев, Ж.Дайрабаев, Е.Саурықовтың кезекті кездесуі Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институтында өтті. Институт басшылығы атқарылған жұмыстар жайында ақпарат беріп, 2025 жылы толық іске қосылатын жоғарғы дәрежедегі дәлдікпен түсірілген цифрлық карта туралы хабардар етті. Кездесуде осыған дейін Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалы көтерген Сібір жарасы қорымының санитарлық шекараларын анықтау мәселесі сөз болды. Аталған мәселені талқылау үшін кездесуге Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты басшылығы және ғылыми қызметкерлері арнайы қатысты. Қос институт басшылары Н.Салыбеков және М.Қасенов кезегімен сөз алып, Сібір жарасы қорымдарының шекараларының толыққанды анықталмағанын, оның қоршаған ортаға қаупін және қажетті орындау керек іс-шаралар туралы баяндады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 4
Шымкент қаласы: Т.Серіков әлеуметтік қолдау орталығын аралады Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіковтың Шымкентке сапары «ТЕҢ ҚОҒАМ» әлеуметтік қолдау орталығында жалғасты. Депутат орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып, ұжымымен кездесті. Мүгедектігі бар адамдарға ақпараттық-консультациялық, әлеуметтік және психологиялық, құқықтық қызметтер көрсетуге бағытталған. Орталық мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналасуына да жәрдемдеседі. Жыл басынан бері осы категориядағы 186 адам аталған орталық арқылы жұмыспен қамтылған. Орталық ұжымы өз жоспарларымен бөлісіп, бірқатар өзекті мәселелерін ортаға салды. Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Т.Серіков жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Өз кезегінде депутат көтерілген мәселелер бойынша тыңғылықты жауаптар беріп, кейбір көтерілген мәселелерді жеке бақылауына алып, барынша қолдау көрсететініне сенім білдірді.
Hammasini ko'rsatish...
👍 4
Шымкент қаласы: Т.Серіков Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі Таңсәуле Серіков Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында болып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған орталық жартылай стационарлық жағдайда қарияларға, яғни 63 жастан асқан адамдарға 32 қызмет түрін көрсетеді. Бұл жерде үстел теннисі, биллиард, шахмат және дойбы үйірмелері, иога және түрлі емдік денешынықтыру залдары, физиокабинет, фитобар, инемен емдеу және массаж бөлмелері, кітапхана, кинозал, тұзды кеніш, көркем би, қолөнері және қыштан құмыра жасау және түрлі музыка аспаптары үйірмелері, тілдерді дамыту кабинеті т.б. бар. Алдағы уақытта орталық ұжымы көрсетілетін қызмет түрін ұлғайтуды көздеп отыр. Орталық ұжымы өздерінің жоспарларымен бөлісіп, бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.