Иманды пенде🤍
Kanalga Telegram’da o‘tish
999
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-87 kun
-3130 kun
Postlar arxiv
ситуацияны, адамды кінәлама, ренжіме.
тек сұрақ қой.
“Аллаһым, мені осы жағдай арқылы не нәрсеге тәрбиелегің келеді?”
осының өзі жеткілікті.
Бір күні хазреті Фатима, әкесінің алдына жылап келеді. Расулуллаһ (ﷺ) :
- Ей Фатима, неге жылап тұсың?-деді.
- Ойланбай айтқан сөзіме Али ашуланды. Мен кешірім сұрадым. Бірақ оны ренжіткенім үшін жылап тұрмын.
- Қызым білмейтін бе едің, Аллаһу та’аланың разылығы күйеуіңнің разылығына байланысты. Әрдайым күйеуінің разылығын іздейтін, күйеуі де одан разы болған әйел ең бақытты әйел. Әйелдер үшін ең үлкен ғибадат күйеуіне мойынсұнуы. Күйеуі әйелінен разы болса ол әйел қалаған есігінен Жаннатқа кіруге құқылы болады. Күйеуін ренжіткен әйел оны разы еткенге дейін Аллаһу та’аланың лағынетінде болады.»
Әйелім көп сөйлейді!
Кейбір еркектер "менің әйелім көп сөйлей береді, тоқтамайды ғой" дейді де, мүмкін басқа әйелмен қосылсам ол аз сөйлер деп ойлайды.
Әсте олай емес! Себебі, жаңағы еркек басқа әйелдерді өзінің әйелінен өзгеше деп санайды. Неге? Себебі, басқа әйелдердің ол тек сыртқы қабығын көрген. Ал өз әйелі оған өз ішін ақтарып қойды.
Бірақ зерттеулерге қарасақ, әйел адам күніне 20 мыңға жуық сөз сөйлесе, ер адам 13 мыңға жуық сөз айтады екен.
Әйеліңнің көп сөйлейтін себебі – ол сенің әйелің болғандықтан емес, табиғаты сондай болғандықтан. Сенің аз сөйлейтініңнің себебі – оның күйеуі болғандықтан емес, ер адам болғандығыңнан.
Бала кезінде қыз балалар ұл балаларға қарағанда ерте сөйлеп кетеді ғой мысалға. Бұны біз өз үйімізде де көреміз.
Иә, әйелден көп сөйлейтін еркектер, еркектерден аз сөйлейтін әйелдер де бар. Бірақ бұл жалпы "әйелдер еркектерден көп сөйлейді" деген заңдылыққа қайшы келетін сирек кездесетін жағдай.
Сондықтан, ер адамға бұл заңдылықты қабылдап өмір сүре білу керек. Бұл нәрсені өзгертуге тырыспа! Соны түсін!
Әдһам Шарқауидің кітабынан
“Қандай да бір іске бел буғаныңда: «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін», – деп, айтушы болма. Тек «Ин ша Аллаһ (Алла қаласа немесе бұйырса), істеймін», – деп, айт. Олай айтуды ұмытып кеткеніңде, (есіңе түсе салысымен) бірден Раббыңды есіңе ал әрі: «Раббым маған туралыққа ең жақын болған істі аз ғана уақыт ішінде істеуді нәсіп етер, деп, үміт етемін», – де-гін”. ("Кәһф" сүресі, 23-24)
Я Раббым,айыбы жасырылған,әлсіз құлыңның дұғасын қабыл ет,шүбәсіз жан тыныштығы Исламда.
Барымды бағалап,жоққа сабыр ете білуді нәсіп ет.
“Ізгілік жолында садақа берген мүмин ерлер мен мүмин әйелдердің және Аллаға көркем қарыз бергендердің қарымы еселеніп қайтарылады. Сондай-ақ, олар үшін әсте ортаймайтын сондай керім сый да бар.” ("Хадид" сүресі, 18)
“Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін (Алланың шексіз құдіреті мен шексіз билігін көрсететін) ғибратқа толы талай айқын белгілер (дәлелдер) бар”. ("Әли Имран" сүресі, 190)
“Қайғы-мұңдарыңды садақа беру арқылы басыңдар. Алла тағала дұшпандарыңа қарсы сендерге жәрдем беріп, қайғы-мұңнан арылтқанға дейін”. (Дәйләми)
“Бақыт”
Бір ғана сөз болса да, біразы жете алмаған биік. Бақытты болуға ұмтылған талайдың бағы жанбағаны сөзсіз. Мен бақытқа “бірге” деген ұғымды қосқысы келетіндердің қатарынанмын. Құлағанда көтеріп, жылағанда жұбататын адамың болмаса, бақыт жолында күрескеннің мәні жоқ. Қиындық келгенде бір-бірімен қырылатын емес, бірге сол қиындыққа қатар тұратын адамды табу - шынайы бақыт!
Шахановтың : “Махаббат дегеніміз – екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы.” деп айтуы бекер емес. Махаббат - екі адамға ортақ қазына.
“Бір-біріңе қызғанышпен қарамаңдар, араларыңда кек сақтамаңдар, өзара бір-біріңе дөрекі сөз айтып, бір-біріңен бет бұрмаңдар және ешкім ешкімді сыртынан ғайбаттамасын”. (Бұхари)
Шайтанның әрекеттеріШайтан әртүрлі тәсілдермен әрекет етеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) дәрет алғанда дене мүшелерін үш реттен артық жууға тыйым салынғанын айтқан. Қол жуғыштың қасында тұрып алып, он реттен жуынатындар мынаны түсінуі керек, тіпті егер сіздер теңіздің жағасында болсаңыз да, дәрет алу кезінде үш реттен артық жуыну - мәкруһ болып табылады. Пайғамбарымыздың (ﷺ) осы ескертуінде біз сияқтыларға деген үлкен данышпандық пен қайырымдылық бар. Егер осы сөздер болмаса, шайтан бізге дәрет алу толық орындалмады деп сыбырлап, ал біз намаз уақыты өтіп кеткенше жуынып тұра бере едік. Имам Әбу Дәуд, оған Алланың рақымы болсын, бір күні Абдулла бин Мугаффал (р.а.) өз ұлының Аллаға былай жалбарынып жатқанын естігенін айтқан: – Иә, Алла, Жұмаққа кіргенде оның оң жағында болатын ақ сарайды Сенен сұраймын! Әкесі ұлына Алла Тағаладан тек Жұмақты сұрап, Тозақтан сақтауын өтін деп, Пайғамбарымыздың (ﷺ) мынандай келесі сөздерін естігенін айтып береді: «Менің үмбетімде тазару мен жалбарынуда шектен тыс кететін адамдар болады». Тазарудағы шектен тыс кетудің төркінінде дәрет алу мен ғұсыл құйынудағы дене мүшелердің Сүннетте көрсетілгендей үш реттен артық жуылуы, сондай-ақ, көп мөлшердегі суды пайдалану мен сыбырлаулар мен күмәндардың ықпалымен артық жуыну. Ал жалбарынудағы шектен тыс кету – бұл Алла Тағаладан тыйым салынған өтініштерді сұрау немесе жалбарынудың орындалу тәсілі тиісті әдепке қайшы келетіндер. Кейде шайтанның айла-әрекеттері адамның әжетханада ұзақ отыруына әкеліп соғады, ас дәреті лайықты түрде болмады деп санап, ол қайта-қайта жуына беретін болады. Ал кейде күмәндар тікелей намаз басталардың алдында пайда болады, шайтан былай сыбырлайды: – Сен ниет еткен жоқсың. Нәтижесінде имам рүкүғ жасап жатқанда, ал адам болса әлі «ниет етіп» тұрады. Сондай-ақ, киімдерін он реттен жуатын адамдар да бар, сонда да олар киімдерін кір деп ойлады. Мұндай күмәндар жас ерлі-зайыптылар жұбын да мазалайды, нәтижесінде олар міндетті ғұсыл құйынуды орындамай, сол себепті ұдайы лас күйлерінде қала береді. Сүннетте көрсетілгендей бәрін жуыңыз да, күмәндарға ешбір көңіл бөлмеңіз. Бір күні сахабалар (р.а.) орманнан өтіп келе жатады. Олардың жолында тоған кезігеді. Олардың біреуі суға жануарлар келіп, оны өздерінің нәжістерімен былғауы мүмкін деп айтады. Сонда Омар (р.а.): – Біреулерің жануарларды көрдіңдер ме? – деп сұрайды. – Жоқ, – деген жауап болады. – Онда дәрет ала беріңдер, – дейді ол. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: шайтанның сыбырлап айтатын күдіктеріне көңіл бөле бермеңдер.
