cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

zhazba✨

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
205
Obunachilar
-124 soatlar
-47 kunlar
-830 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

вагон іші әр аялдамаға тоқтаған сайын, ыссы болып кетіп, берекетің кететіні болмаса, іш азан-қазан, бала-шаға болып, мәз-мейрам болып келе жатырмыз, шілденің шіліңгір ыстығына да үйрендім.😭 /төбеге бара жатырмын, күтіп алың.
Hammasini ko'rsatish...
Аягөздің өзі: боевик, атыс-шабыс быкусы: мелодрама, комедия
Hammasini ko'rsatish...
термені күнде тыңдап жатқан жоқсыңдар ғой, бүгін тыыңдаң.
Hammasini ko'rsatish...
Елдос_Емілов_2017_жыл_мп3_Ақтанның_термесі.mp35.09 MB
Және тағы қоса айтатын нәрсе Әбіш ағамның лақапаты болған екен. Оны жұрт Таған деп атаған. Және мүрдесі ұлттық пантеонға жерленген екен. Астанаға жол түсіп жатса, зиярат етіп қайтуды мақсат еттім.
Hammasini ko'rsatish...
💘 3
Әбіш аға саясатқа араласқалы бері, ішін тырнайтын үлкен өкінішін айтқан: “Үркер” мен “Елең-алаң”-ның үшінші томы “Таң сәрі” деген романым аяқсыз қалып отыр, материалын дайындап қойып ем, соған кірісемін деп жүргенде, жаза алмай қалдым, бүгінгі өмірді қаузайтын, бүгінгі өмірдің шындығын айтатын “Курорт комедиясы” деген романымда бітпей отыр және 7 том “Біз” деген тарихи баяндамамның материалы дайын болса да жазылмай отыр, осы шығармаларыма кірісе алмай өкініште кетіп бара жатырмын деген екен. Әбіш ағам қоғам ісіне тым қатты белсене араласпағанда, бәлки, қаламын ұштап, біраз романдары жарыққа шығар ма еді..💔
Hammasini ko'rsatish...
💘 3
Әбіш ағамның шыңырауын оқып ем. Деректі фильм де шыңырауды Төлен Әбдіков жақсылап талдайды. Сонда тұрып астарынан осындай философияны алып шығады: Адам өзінің пайдалылық потенциалының сарқылатын шегіне дейін жұмыс жасауы керек. Шегін білу керек. Шегінен аспау керек. Сол шегінен асқан жақсылықтың өзі - жамандыққа ұшыратады. шегінен асқан жақсылықтың өзі - ізгілік болмай, зұлымдыққа айналып кетеді.
Hammasini ko'rsatish...
Әбіш ағам әдебиетпен қатар саясатты да бірге алып жүрген екен. Ол бір сөзінде әдебиетші болмасам, саясатқа келмес едім деген еді. Саясатқа белсене араласып, көптің алдында көсемсөз сөйлеген кісінің ең алғашқысы осы Әбіш болған деседі. Тіпті Рим Папасының алдында Қазақстанның атынан сөз сөйлеген екен. Сондай жиындардың бірінде қазақ тіліне мемлекеттік дәреже бермеймін деп отырған өзге ұлттың өкілдері және өгейленген өзіміздің аға-бауырларымыз жанталаса қарсылық білдіріп отырған да Әбіш аға сонда тұрып сөйлеген екен. Оны қасында естіген серіктері былай дейді: Әбіш сондай тебіреніспен, сондай толқыныспен сөйлеп келіп, бүкіл тарихи дәлелдермен алып келіп жіберіп алдына тастады да, ең соңында кешегі қиын қыстау, қиян кесті кезеңде әрқайсың осы қазақтың топырағына келіп, өзі жарымай отса да, кешегі ашаршылықтан шығып, репрессиядан шығып, содан әбден енді соғысқа ұрынып, жұтап отырғанда құшақтарын ашып, бауырына тартып, нанын сындырып бөліп берген қазақ халқы бір кезде менің себебімнен тірі қалып отырғандардың ұрпағынан тілін “теперіш” көреді деп ойлаған жоқ қой дегенде, бәрі үнсіз қалды дейді, сол жанкешті шешендіктің, жігерліктің арқасында тіліміздің мемлекеттің мәртебе алуы заңдастырылған екен. Яғни тілімізге мемлекеттік мәртебе алып берген осы Әбекең.
Hammasini ko'rsatish...
💘 2
Әбіш Кекілбайұлы мен анасы Айсәуле Жұмабайқызы.
Hammasini ko'rsatish...
💘 2
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы Оңды ауылында дүниеге келген. Бала Әбіш үш жаста болғанда, әкесі соғысқа аттанып, сол күйі оралмаған. Кекілбайдың дүниеден өткенін отбасы бірнеше жылдан кейін ғана білген. Болашақ жазушы анасы Айсәуле Жұмабайқызының қолында өседі. Айсәуле Жұмабайқызы ел ішінде аты шыққан бидің отбасында туған. Әбіш аға Айсәуле анамыздың жалғызы екен. Әбіш ағам мектеп бітірген шағында ауылда қалып қызмет қылам дегенінде, Айсәуле анамыз жас болса да бас боларын біліп, Алматыға алып кетіп, оқытқан екен. Айсәуле анамыз дана әйел болған деседі. Жалғызын алға сүйреген, жалғыз өзі баққан, өсірген екен. Және Айсәуле анамыз шахта да қызмет атқарған екен. Көргендер оның сондай мықты кісі болғанын айтады. Сондай мықтыдан Әбіштей алып туған. Әбіштей адам дүниеге келуі үшін оған ғасыр толғағы, топырақтың киесі керек. Әбіш өзінің сұхбаттарында ешқашан әдебиетші болуды армандамағанын айтады. Ол бір сұхбаттарында: ең алғашқы арманым – геолог болу еді. "Шетте жатқан Маңғыстауда тудым. Ол кезде Маңғыстаудың шаруашылығы да, экономикасы да артта қалған еді. Жолсыз, көп нәрсені көрмейтін, айда, жылда поштасы бір соғатын жерде туып өстім. Соған байланысты менің ең бірінші арманым – өзім өскен ортада, өзім өскен түбекте жаңару болса екен деп тіледім. Сөйтіп әуелі геолог болуға құмарттым. Өйткені ол кезде геологтар Маңғыстауда көп кезігетін. Мен де соларға еріп, біраз сергелдеңге түстім. Әдебиетті жақсы көрдім, оқыдым, ептеп өлең жазып жүрдім. Бірақ әдебиетші боламын деп армандаған жоқпын", - деген еді марқұм жазушы. Әбіш аға жайлы кеңірек білгім келеді дегендер үшін, қызықты деректі фильм ұсынғым келіп отыр, қараңыздар, қазақтың біртуар азаматы жайлы көбірек біліңіздер, естіңіздер. / Әбіш аға жайлы ана жылы көбірек білгім келеді деп ем, ол кездері бүйрегім бұрмай, аяғым тартпап еді, бүгіндері Әбекең жайлы естеліктерге құмартып жүрмін.
Hammasini ko'rsatish...
«Әбіш Кекілбаев» деректі фильмі

Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетін мұзарт шыңдарға көтерген мұзбалақ қаламгер. Салмақты ойларымен, салиқалы өмір жолымен алтын із салған тұлға – ұрпаққа үлгі. Жазушы туралы жарқын естеліктер мен шежірелі әңгімелер «Әбіш Кекілбаев» деректі фильмінде!

💘 2
«қорықпақ пен сүймек, от пен су секілді бір жерде жиылмайды, адам сүйген адамының ақылын ұғып, сонан бәһра алады, қорқытып, ұрсып айтқан ақыл дарымайды.» / Тұрағұл Абайұлының әкесі жайлы айтқан естеліктерінен.
Hammasini ko'rsatish...
💘 3
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.