Рисалей-Нұр
Kanalga Telegram’da o‘tish
[Құран тәпсірінің каналы.Авторы:Бәдүззаман Саид Нұрси. ] Ұсыныстар бойынша @risalekz_bot 👈 ✍️. 💳📕Кітап сатып алу https://wa.me/c/77076894415
Ko'proq ko'rsatishQozog'iston20 151Toif belgilanmagan
207
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
+57 kun
+1830 kun
Postlar arxiv
207
Соңғы посттағы "біреуді" және "адамды" деп Кемализм деген ресми дінсіздік идеологияны Түркі сияқты діндар мұсылман халыққа күшпен мойындатқысы келгендерге айтылған.Аллаға мыңда бір шүкір бір ғасыр бойы Түркияда ,енді бүкіл әлемде (әрі елімізде) Құранның нұрымен және Пайғамбардың фейзімен Рисалей Нұр сияқты иман ақиқаттары күпірліктің белін сындырып, иманымызды қорғап әрі арттыруға жәрдемге келуде. #КомменткеЖауап
207
"Уа, бізді нығметтерімен жарылқаушы Сұлтанымыз! Бізге көрсетілген осы үлгі-мысалдардың негіздерін, қайнар бұлағын көрсет. Бізді салтанат сарайыңа ал. Бізді мына сахарада қуратпа. Бізді құзырыңа ал! Бізге рақымшылық жаса. Бұл жерде дәмін татқызған ләззатты нығметтеріңді ол жерде жегіз. Бізді жоқ етіп, өзіңнен қашықта ұстап, азаптай көрме. Саған ынтық, шүкір етуші қол астыңдағы біз сияқты пенделеріңді қараусыз қалдырып, жоқ ете көрме!"
207
Аллаға мыңда бір шүкір соңғы 3 тілегі Ердоған билігі кезінде Ұстаздың және халықтың арманың жерге тастамай орындап, мұсылмандардың дұғасын алды деп айтсақ та артық болмайтын шығар.
207
2-Ая-софияны қайта мешіт қылып ашылса. Аднан Мендерес ашып үлгермеді.Оны азанды қайта алып келгенін кешірмей әскер төңкеріс жасап оны дарға асып қояды.
207
Ұстаздың билікте отырған имандылардан үммет атынан 4 тілегі бар еді. 1-Түркияда азан қайта оригинал түрінде яғни қайта арапша шақыруы. Оны Аднан Мендерес дінсіз Ататүрік режимін сайлауда женіп,алғаш пәрменмен қайта Азаны-Мұхаммедті бекітті. Оған дейін Республика орнағалы бері 18 жыл ТАҢРЫ ҰЛЫ деп азан айтуға мәжбүр болған халық пен молдалар.
207
Ая-Софияны жауып тастау — жер бетіндегі 30 миллион, жер астындағы 30 миллиард Түріктің лағынетіне қалу деген сөз. Олардың реніш-қарғысы лаулап аспанға дейін баратын алапат, сол алапаттың астында қалады, олар.
Ая-Софияны жабық ұстау Аллаһты балағаттау, Құранға түкіру, Түркі тарихын күнәға батыру, Түркінің намысын кірлету, Түріктің Отанын сатумен пара-пар қылмыс.
Жастар, бүгін бе, ертең бе, бімеймін бірақ Ая-София ашылады.
Түрік ұлты осы мемлекетті ұстап қалатынына күдіктеніп жүргендер ғана Ая-Софияның ашылуына күмәнмен қарайды.
Ая-София ашылады. Һәм ашылғанда солай ашылады, әдейі көмескілеп тастаған қастерлі дүниелеріміз — дүр сілкініп, үстіндегі тау-тау күлді жарып шығады. Тіпті ашылғанда соншама ашылады, жақсы мен жаманды шатастырған арамзалықты әшкере етіп ашылады.
Ая-София ашылады. Жүректері мөрленген арамзалар, өз жүректері секілді Ая-Софияның да есігін мөрлегісі келеді. Күннен күнге нұрланып келе жатқан ақылымызды тоқтатқысы келеді. Бірақ, күнді қолмен бүркей алмайтыныңдай, Киелі Түрік жастарының жүректерін бүркемелеу мүмкін емес.
Ая-Софияның ашылуы — сел секілді алапат шындық. Оның алдында ешкім қарсы тұра алмайды. Құлыптаулы есікті сол сел ашады. Күтіңдер жастар, біраз рахмет жаусын.Әр жаңбырдан кейін сел болар хақ.
Барлығымыз былай дейік:
“Сол сел үстіндегі саман шөбі мен болсам ғой”-деп.
Жастар, алдымыздағы тастар мен бетондарды жұлып тастайтын сел өте жақын.
Аллаһтың сәлемі сіздерге болсын ( ТОЛЫҚ ТӘРЖҮМЕСІ)
