Рисалей-Нұр
Kanalga Telegram’da o‘tish
[Құран тәпсірінің каналы.Авторы:Бәдүззаман Саид Нұрси. ] Ұсыныстар бойынша @risalekz_bot 👈 ✍️. 💳📕Кітап сатып алу https://wa.me/c/77076894415
Ko'proq ko'rsatishQozog'iston20 151Toif belgilanmagan
207
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
+57 kun
+1830 kun
Postlar arxiv
207
СОҢ ХАТ,СОҢ ТІЛЕК ДҰҒА !!!
بِاسْمِهٖ سُبْحَانَهُ اَلسَّلَامُ عَلَيْكُمْ
يَا اَللهُ يَا رَحْمٰنُ يَا رَحِيمُ يَا فَرْدُ يَا حَىُّ يَا قَيُّومُ يَا حَكَمُ يَا عَدْلُ يَا قُدُّوسُ
Исм-і Ағзамның хаққы үшін. Қасиетті Құранның құрметі үшін. Пайғамбарымыз Алейһиссалату Уәссәләмның құрметіне, осы жинақты бастырушылар мен жәрдем еткендерді, Рисалей-Нұр шәкірттерін Фердаус Жәннатта мәңгі бақытты ете гөр. Амин....
Иман және Құран қызметі жолында үнемі табысқа жеткіз... Амин....
Амал дәптерлеріне осы жинақтың әрбір әрпіне мың сауап жаза гөр....Амин.
Нұрлардың жайылуы жолында табандылық пен ықылас бере гөр. Амин. Уа Әрхамуррахимин! Рисалей-Нұрдың бүкіл шәкірттерін екі дүниеде бақытты ете гөр.... Амин.
Оларды адам және жын шайтандарынан қорға. Амин...
Мына әлсіз, бейшара Саидтың күнәларын кеше гөр. Амин....
Бүкіл Нұр шәкірттерінің атынан
Саид Нұрси
207
ЗИЯРАТ ЕТУШІЛЕРГЕ ЖАЗЫЛҒАН БІР ХАТ
Барлық достарыма, әсіресе, мені зиярат етушілерге өзімнің бір үзірімді баяндауға мәжбүр болдым. Өмірімнің басым бөлігі оқшаулықпен өтті. Отыз-қырық жыл бойы қатаң бақылауға алындым. Аса қажетсіз кездесу-сұхбаттардан тартынамын. Маған сыйланған рухани-заттай сыйлықтар бұрында да маған жақпайтын. Қазір мені зиярат етушілер де, достар да көбейді. Азғантай да заттай сыйлық маған жақпағанындай, зияратқа келу, жүздесу, әсіресе ұзақтан арнайы келу де рухани сыйлық қой... Оларды да қабылдай алмаймын. Бұлар арзан нәрселер емес, рухани жақтан өте қымбат. Мен өзімді мұндай құрметке лайықпын деп санамаймын.....
Сондықтан Аллаһтың жарылқауы маған заттай сыйлық алуға тыйым салғанындай, рухани сыйлық алуға да тыйым салды... Заттай берілген сыйлықтың ақысын бермесем, ауырып қалатыным секілді, кейде рухани сыйлықтар да маған жақпай, ауырып қаламын.
Сондықтан маған ренжімеңіздер. Рисалей-Нұрларды оқу менімен жүздескеннен он есе пайдалы. Онсыз да менімен кездесу ақырет, иман, Құран мәселелері үшін емес пе? Бұ дүниелік нәселерден толық қол үзгендігімнен, олар туралы әңгіме қозғаудың, жүздесудің мағынасы жоқ. Ақырет, Иман, Құран үшін кездесем деушілерге Рисалей-Нұр бар. Менің қажетім жоқ.
Тіпті, жанымда жүрген хас шәкірттеріммен де өте қажет болғанда ғана сөйлесемін. Тек қана Рисалей-Нұрдың таралуына байланысты мәселелер бойынша кейбір кісілермен кездескім келеді. Сол кезде, сол мәселелер бойынша кездесуге болады. Мұндай жүздесулер маған зиян бермейді. Бұл жағдайларды білмейтін кісілерге айтып қояйын, бірнеше жылдан бері газеттерге хабарландыру берудемін. Менімен кездескісі келетіндерге, әсіресе, ұзақ жерлерден келіп, жүздесе алмай кеткендерге дұға етудемін. Күніге таңертең дұғама қосамын. Сондықтан маған ренжімеңіздер.
Саид Нұрси
207
Бүгін ардақты ұстаз Саид Нұрсидың Аллатың рахметіне қауышқан күні.Қиын заманда Ислам негіздеріне бекем болып һәм бізге иман ақиқаттарын Құранның тәпсірі болған Рисалей Нұр еңбегі арқылы жекізген үшін АЛЛАХ одан разы болсын!
