3 631
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-17 kun
-3130 kun
Postlar arxiv
3 631
Repost from Омар Ережепов
Жомарттық - ешнәрсе күтпей беру. Қайырымын күтіп беретін болса - ол сауда. Мен беремін, сенде беру керексің.
Сауда мақсатында жасаған жомарттықтың сауабын - осы дүниеде алуымыз мүмкін. Жомарттық мақсатында жасалған жомарттықтың қайтарымын ақыретте алудан үміт етеміз
3 631
Омар Ережепов қаримен zoom-кездесу. Құны: Тегін Орын саны шектеулі. Төмендегі сілтеме арқылы
группаға тіркеліңіз 👇🏽👇🏽👇🏽
Сілтеме 🤏🏻
3 631
Repost from Beisenali Olzhas
Бір ай бойы біз үшін хатым түсіріп келе жатқан қариларымызға Алла разы болсын.
Шыны керек, қаншама қарилармен ауызашарларда бірге болдым, ешқайсысы дұрыс тойып тамақ ішпейді. Бір-екі кесе шәй ішсе ішті, одан ортақ ішіп-жегендерін көрмедім. Бұның бәрі Алланың алдындағы, жамағаттың алдындағы жауапкершіліктері үшін. Таңертең ерте тұрып Құрандарын қайталайды, түсте бір демалып, түстен кейін тарауихқа дейін тағы қайталайды.
Ал бізге рахат, ауызашарда тойып аламыз да, демала алмай тарауихта қаридың артында тұрамыз. Қари сәл қателессе кейбіреуіміз тіпті наразы боламыз. Расында Рамазан айында нағыз еңбек қарилардыкі ғой.
Сондықтан да, оларға үлкен құрмет көрсетілу керек. Кеше Қадір түнінде, жалпы Рамазанның соңында жасалып жатқан ылтипаттарға қарилар әбден лайық. Ең бастысы Алла Тағала оларға ақыретте үлкен құрмет көрсетсін деп тілейміз.
3 631
Шүкіршілік пен разылық - рызық пен қуанышты арттырғаны секілді, наразылық пен разы болмау - қиындықтар мен проблемаларды арттырады
3 631
Имам Ағзам Абу Ханифаның жалғыз ұлы Хаммад алғаш Құран үйреніп, "Фатиха" сүресін жаттағанда, оның ұстазына 500.000 дирхам жібереді.
Ұстазы: "мұншалықты көп ақша жіберетіндей қызмет көрсеткен жоқ едім ғой" - дегенде, Имам Ағзам: "Ұлыма үйреткен Құранды аз нәрсе деп ойлайсыз ба? Қазірше қолымда бары осы болды. Әйтпесе, Құран Кәрімнің құрметіне бұдан да көп берер едім" деген екен
3 631
Ең ұлы - Алла
Ең ұлы кітап - Құран
Адамдардың арасында ең жақсысы - Құранмен айналысқандар (үйрену, оқу, жаттау, түсіну, амал ету, үйрету)
"Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп, оны үйреткендерің" (Хадис)
3 631
Күндізгі уақытта көп сәжде,
Түнгі уақытта ұзақ қиямда тұру - қабыл болу ықтималдығы жоғары
(Әбу Зар әл-Ғифари)
3 631
Ақылдағы ақпарат жүрекке түспесе, ақылда шіриді. Ақылда шірудің белгісі - тәкаппарлыққа айналады.
Тәкаппарлықтың белгісі - барлық нәрсені сынай беруі, жамандауы, салғыласуы, өзінікін дұрыс екенін дәлелдеуі, мойындамауы
3 631
Құран үйренуге уақыт бөле алмаған адам басқа іске уақыт бөледі. Егер игі іс болса, керемет. Бос нәрсе болса, өкінішті (сериал, телевизор, инстаграм, тик-ток, бос қыдырулар т.б.)
Саналы түрде жақсы іске ниет етпесек, санасыз түрде пайдасыз іске ниет етеміз, және оны жүзеге асырамыз.
Құран оқуға уақыт, ыңғайлы жер, ұстаз ЖОҚ емес, ішкі ниетіміздің жоқтығы.
Күнә жинау үшін жақсылық жасамай қоя салу жеткілікті
Ауыр болса да шындық
3 631
Күліп күнә жасаған, жылап Тозаққа кіреді,
Жылап құлшылығын жасаған, күліп Жәннәтқа кіреді
3 631
Алла Тағала айтады:
"Кімде-кім Құран оқу, дұға ету және меннен қалағанын сұраумен шұғылданса, оған шүкір еткендерден де артығын беремін" дейді
Тирмизи
