cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

ツĶørėąñ Ŀøvė🇰🇷❤️

⁎⁺˳✧༚ⲱⲉⳑⲥⲟⲙⲉ ↷ ⲧⲟ @koreannnloveミ☾‧₊˚ Сұрақтар бойынша: @didi_min

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
277
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-17 kunlar
-1830 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

#жаңа_өмір 16-бөлім Тэхён хатты жерге қойды да бетін жауып жылай кетті.Өзінің аяғын ұрып,жерді ұрып,өзін қоярға жер табар емес.Юнги оны ұстап тынышталдырғысы келіп жатыр.Бірнеше минут өткеннен кейін Тэхён тынышталды Тэхён:сен білдің ғой иә Юнги: балл болған түні,Мина айтты Тэхён:неге олар оның қасында болуы керек?неге мен емес Юнги:демек оны Чонгук қаламады Тэхён:ақымақпын…Сол кезде әлгі Минамен емес,Чонгукпен қосылуым керек еді Юнги:әлгі Мина? Тэхён орынынан тұрды да темекіні алды Тэхён:махаббат қызық нәрсе иә,өзімшілдік бүкіл денеңді жайып,көзіңді соқыр қылып,миыңды бір қорапқа тығып тастайды деп терезе алдына отырып жасын сүртті Тэхён:Мина болмаса мына хатта болмаушы еді.Чонгуктың кеткеніне бөлмеде жалғыз отырып қайғырушы едім дегенде телефонына хабарлама келді “сені Чонгуктың кешінде күтеміз” Юнгиге де сол хабарлама келді. #розе Розе:қош келдіңдер деп Юнги мен Тэхёнды үйге кіргізді.Түрлі түсті шарлар,Чонгуктың фотосын үлкен қылып қатты қағазға жабыстырып басына шарик тағып қойыпты.Тэхён үйге кірді де бүкіл бөлмені аралап шықты.Бірақ Чонгукты таба алмай жерге отырып жылай кетті. Мина:Тэхён бұл кеште жыламаймыз деп жерге жасалған үстелге алып келді Тэхён:бұл не? Розе:сенің жалғыз қайғыратыңды біліп шақырып алдық деп сыра ұсынды Мина:Чон оны қаламас еді.Оны білесің ғой Юнги:ал мен мында не істеп отырмын? Розе:сенің жағдайыңды естідім,сенде қайғырмасын деп шақырдым Төртеуі көңілді отырды,Чонгукты естеріне алып жылап та алды.Тэхён масайып Чонгуктың үлкен қатты бүкіл денесіне дейін жасалған қатты қағазды құшақтап көлігіне алып кетті.Юнги оны үйіне әкеліп тастады.Розені Чанёль алып кетті.Екеуі тағы керемет кеш өткізетін сияқты.Мина шашылып жатқан жерге қарады да жинауға кірісті.Жинап жүріп үйге біреудің кіргенін де сезбеді.Артынан бірдеңені сезгенде қолындағы сыпыртқыны көтеріп ұрайын деп еді жігіт ұстап қалды Мина:Юнги? Юнги: мені ұрып өлтірмекшісіңбе? Мина:шошыттың ғой.Үйге қалай кірдің деп жинауға кірісті Юнги:есік ашық тұр екен деп оған көмектесті.Екеуі үйді жинап,ас үйдегі ыдыстарды жуды. Юнги:қазір бұл орынсыз екенін білемін деп Минаның белінен ұстап өзіне тартты да Минаның құлағына Юнги:сені қалап тұрмын деп сыбырлады.Бұл дауыстан Минаның денесі тітіркеніп кетті.Юнгидің көздеріне қарады.Оның көздеріне қарап Мина ауызынан Юнгидің айтқан сөздерін қайталап айтып шыққанын білмей қалды.Юнги оның ерніне жабыса кетті.Есіктің артынан Розенің күлген дауысы мен Чанёльдің дауысы шықты.Мина Юнгиді итерді де оған тығыл дегендей екеуі үстел артына тығылып қалды Юнги:не? Мина:тыныш деп көзін жұмып алды.Юнги оған жымиып қарап тұр Розе Чанёльді бөлмесіне алып кетті Юнги:біреулер керемет түн өткізбекші сияқты Мина Юнгиді итеріп жіберді Юнги:неге тығылдық?әлде менен ұяласыңба? Мина:Юнгии,сенің үстел үстінде біреумен сүйісіп отырғаныңды көрсе не істейсің Юнги:ештеңе,бірақ мені қалағаның өтірік емес қой Мина:тыныш,сенің мында екеніңді естіп қоймасын Юнги:кеттік,жастарды жалғыз қалдырайық деп Минаны алып кетті.Юнги Минаны бір клубка алып келді.Екеуі қатты музыка,жанып өшіп тұрған шамның асты мен әуен ырғағына беріліп билеп жүрген жастардың арасына кіріп билеп кетті.Мина шаршап Юнгиді шетке күліп алып шықты. Мина:өмірімде осылай билеп көрген емеспін деп күлді Юнги:шынымды айтсам менде деп қайтадан Минаның ернінен сүйді Мина:қазір күн шығады Юнги оны сыртқа алып шықты да,көлігімен бір жерге алып келді. 16-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
2
ХАТ -Қымбатты Ким Тэхён,Тэхён,Тэ аййщ,бұрын соңды хат жазып көрмеген соң қалай бастайтынымды білмеймін.Үйдегі қалған парақтың соңғысы осы ғана.Әдемі бастай алмағаным үшін кешір…Мен осында келгеннен сәттен,сені көргеннен,дауысыңды естігеннен бірден ғашық болдым.Өткен өмірімде бұл сезімдерім туралы айта алмай,өкініп өтер едім.Бірақ аз уақыт болса да,сені көргеніме,ғашық болғаныма қуанамын.Сенімен сонша уақытты босқа құртып алғаным үшін қатты өкінемін.Өзімнен жиіркеніп,өзімді қабылдай алмай,әкемнің “міне менің ұлым” дейтіндей ұлы болуға тырысып өз-өзімді қоқысқа лақтырғаным үшін өкінемін.Мен енді бұл қалалық емеспін.Саған қалай айтарымды білмедім.Саған айтуға тырысқан сайын сенің қайғыратының есіме түсіп жүрегім езілетіндей болып кететін.Сенің өзімді тура алдыңда жоғалатынымды көретініңді ойласам,жаным тыныш таппайтын еді.Өзімшілдігім үшін кешір.Мен сені жақсы көрдім….Жақсы көремін….Сені келесі жақта күтемін.Егер қайта мүмкіндік берсе,қайтадан бір-бірімізді жақсы көріп,келесі өмірде ертерек кездесіп,көбіреу уақыт өткізейік.Осымен айтарым бітті(сөздерім емес парақ беті бітті) -махаббатпен қоштасу хатын жазған Чон Чонгук
Hammasini ko'rsatish...
4
#жаңа_өмір 15-бөлім Юнги:жүр,саған ұйықтау керек деп жоғарыға көтерді де бөлмесіне апарып төсекке жатқызды.Шыққалы жатқанда Мина оның қолынан ұстап алды Мина:Розе қайда? Юнги:Чанёль алып кетті,екеуі бірге шығар Юнги:жалғыз қалуға қорқасыңба? Мина Юнгидің қолын қысты.Юнги төсектің шетіне отырды да Минаның шаштарынан сипады. Юнги:ұйықта,қасыңда боламын Мина:білесің бе мен қалаға бірінші күні келгенде Чонгукке пышақ тыққанмын деп көздерінен жас шықты Юнги:маған кофе төккенсің деді Мина:сен гитарада керемет ойнайсың.қазір гитара болса ғой… Мина:мен бір түс көргем,түсімде анам менің гитара ойнағаныма қарсы болып гитарамды отқа жағып жіберіпті Юнги:қалаға қайтқан соң саған ойнап беремін,енді ұйықта. Таң.Мина жылы жерде көзін ашты.Юнгидің денесін көріп шошып кетті.Кеше Юнги Минаның ұйықтағанын күтіп,өзі ұйықтап қалған ау.Мина орынынан тұрып,жуынатын бөлмеге барып жуынып,киімін ауыстырып Розенің бөлмесіне барды, Розе терезеден жаңа шыққан күнге көз алмай қарап жатыр.Мина Розенің қасына отырды да шашынан сипады.Чонгуктың жоғалғаны Минаға қарағанда Розеге қатты ауыр тиді.Екеуі солай қиналса бұны Тэхён естігенде қандай сезімде болады екен? Розе:Чонгук үнемі осы уақытта таңғы асқа шақыратын Мина:тағамдары ерекше дәмді еді Розе басын көтерді де Минаға қарады Розе:үйге қайтайықшы Мина:жақсы,қазір шығып кетейік Розе басын изеді де киімдерін жинауға кірісті.Екеуі ешкімнің оянғанын күтпей қалаға жол тартты.Тэхён Чонгукты Миналармен кетті деп ойлап қалған 3 күнді достарымен қала сыртында өткізді. #универ Тэхён:Мина деп қасына жүгіріп келді Розе:Сәлем Тэхён! Тэхён:Сәлем,Чонгук қайда? Мина сөмкесінен хатты алды да Тэхёнға берді Мина:үйге барғада оқы,саған Чонгук беріп жіберді Тэхён жымиып кетіп қалды.Юнги қыздардың қастарына келді Розе:сенің өзіңнің қызың бар еді ғой Юнги:ұзақ әңгіме деп Минаның құлағына сыбырлады Розе:ренжітуші болма деп жоғары қабатқа көтеріліп кетті. Мина Юнгиді итеріп жіберді Юнги:не? Маған айтпай қашып кеттің Минаның түрі бұзылып кетті Юнги:Кешір… Мина:Сабаққа кеттік деп жоғарыға кетті Мина:Тэхённың жанында бол иа Юнги:жақсы,өзіңнің бұрынғы жігітіңді ойлап тұрсың ғой Мина:Юнги бұл қалжыңдайтын нәрсе емес Юнги: сенің көңіл-күйіңді көтерейін дегенмін деп баспалдақпен бір қадам көтеріліп Минаның көздеріне қарады да Минаның иығына үлкен алақандарын қойып Юнги:Чонгук сендердің бүйтіп жүргендеріңді қаламас еді Юнги:қалған уақыттарыңды барынша бақытты,барынша көңілді өткізуге тырысып,Чонгукпен қайта кездескенде оны сол бақытты әңгімелеріңмен қуантыңдар Мина Юнгиге жымиып қарап тұрғанда қастарына Хосок пен Лиса келді.Юнги қолын алған сәтте Мина жүгіріп кетіе қалды #тэхён Тэхён:қалай ойлайсың хаттың ішінде не бар?Қызық?Мүмкін маған тосынсый дайындап қойды? Юнги:ашып көр Тэхён жымиып хатты ашып еді,бірден көңіл күйі өзгеріп кетті 15-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
#жаңа_өмір 14-бөлім Джин:мен қызды ұстасам тек таңертең жіберемін деп білегінен ұстап бір есікке сүйреді Мина:ейй,СОкджин Джин:не?саған ұнадым ғой,басқа нәрседе ұнайтын болады Мина оны итеріп жіберді Джин:маған күліп,қылмыңдадың ғой неге қарсысың а?деп Минаға жақындап келеді.Юнги келді де Минаның қолынан ұстап сыртқы есікке беттеді.Джин Юнгиді тоқтатты Юнги оның бетінен бір ұрды.Джин оны ұратынын күтпегендіктен жерге құлады Мина:Юнги деп қолынан ұстап тоқтатты Юнги:ол саған бармаймын деді.Бүгін ол менікі,шешпеген сұрақтарым бар деп Минаны сыртқа алып кетті Мина:Юнги менің кетуім керек Юнги:сұрақтарыма жауап бермейінше жібермеймін Мина сағатты қарады.23:55 Мина:Шынымен кетуім керек Юнги Юнги:қайда барасың? Мина:сарқырама жаққа Юнги:анау келе жатыр Мина Джинді көріп шошып кетті Юнги:кешір деп Минаны өзіне тартып ерінінен сүйіп алды.Джин көрді де жерге түкіріп теріс бұрылып кетіп қалды Мина:ақымақ Юнги:еріндерің тәтті деп жымиды Мина Юнгидің көздеріне қарады.Қоңыр,терең көзқарас…..Бұрынғыдай қатал емес Мина:көздерің…мені өздеріне тартады Юнги Минаны құшақтады Юнги:бүгін дала суық деп пиджагын шешіп Минаның иығына жапты Розе:бәрін көрдім,бәрін Мина селк ете түсті.Юнги Розеге қарап жымиды. Юнги:шығарып салайынба? Розе:Чонгук күтіп алады,уайымдама #сарқырама Чонгук от жағып,қыздарға сырттарынан оранатын жамылғы берді. Розе:алл,не айтасың Мина:Тэхён екеуіңе қатысты ма? Чонгук үндемей көйлегінің жеңін қайырды.Қолындағы ақ сызық алақанына дейін жетіпті Розе:Чонгукк деп көзінен жас шықты Мина:сен не?кетесіңбе? Розе:қашан? Чонгук:Таңға дейін ғана уақытым бар Мина:неге ертерек айтпадың деп жылай кетті Розе:ақымаққ деп Чонгуктың иығынан ұрып жатыр Чонгук:жыламаңдар,уақытым аз Мина:сені танығаныма аз ғана уақыт болды ғой Чонгук:меніңде кеткім келмейді деп көзіндегі жасты сүртті Чонгук:енді ғана өзімді қабылдағанда,енді ғана өзімді мойындағанда,енді ғана….. Розе:Тэхён білеме? Чонгук:айтпадым,онымен тағы қоштаса алмаймын…Тағы айырылысатынымыз есіме түссе… Мина Чонгукты құшақтады,Розеде оларды құшақтады. Мина:сенің жақсы жаққа баратыныңа сенімдімін,бізді сол жақта күт деп жымиып көзінен аққан жасты сүртті Розе:иә,бізге үй дайындап қой деп жылап отырып күлді Чонгук:мынаны Тэхёнға бер деп Минаның қолына хатты ұстатты Чонгук:енді қайтыңдар,менің кеткенімді көргендеріңді қаламаймын Розе:Чонгук уақыт аз қалды ғой деп қолынан ұстап отыр еді Чонгуктың қолы жоғалып кетті Мина:еййй,Чонгуккк деп оны иығынан ұстап еді Чонгук жымиды да мүлде бұл өмірде болмағандай елес сияқты жоқ болып кетті Розе мен Мина түк түсінбей жылай кетті.Қастарына Чанёль келіп отты өшірдіде екеуін балл болған үлкен сарай сияқты үйге алып келе жатыр.Алдарынан жүгіріп Юнги шықты.Минаның жылаған түрін көріп шошып кетті. Чанёль:Минаның қасында бол деп Розені жоғарыға алып кетті Мина:Юнгиии деп жылап оны құшақтап алды Юнги:не болды?Біреу тиісті ме?Чонгук қайда? деп оны сарай сыртындағы орындыққа отырғызды да өзі жерге отырып Минаның бетіндегі жасты сүртті Мина:Чонгуктың сызығы….ол жоғалып кетті…кетіп қалды деп жылады.Юнги оны құшақтап жанына отырды.Жылағаны басылып,бетін сүртті де Юнгиге қарап Мина:сенде жоғалып кетесіңба?Сен,Розе…. Мина:Мен жалғыз қаламын ба? Юнги:жоқ,сені тастамаймын 14-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
🥰 1
#жаңа_өмір 13-бөлім Чонгук:келген кезде сендерге сарқырама бар жерді көрсеттім ғой түнгі 12де күтем деп көзін қысып шығып кетті Мина:не айтпақшы екен? Розе:Тэхён екеуі үйленетін шығар деп жымиды Кеш басталып кетті Тэхён мен Чонгук бірге жүр.Қастарына Юнги,Лиса және Хосок келді. Розе: сәлем достар Тэхён: құлпырып тұрсың Розе: рахмет Чонгук: Мина келмеді ме? Лиса: бүкіл елдің алдында ұятқа қалса қалай келеді.Хосок күлді Розе: бір жігіт тоқтатып қалды Тэхён: жігіт? Чонгук: қызғанып кеттіңбе? Баспалдақтан қара көйлекте әдемі сұлба түсіп келеді.Бүкіл күнде кең,қара киімде жүретін қыздың нағыз сұлбасын бүкілі көрді.Кештегі бүкіл жігіттің көзі Минада. Чанёль: Ли Мина? Мина: иә Розе: охоо Жігіттердің көзі Минада Чонгук: не айтып жатыр? Лиса: ағайдың басын айналдырғанба? Чанёль қолына бүктелген парақты берді де Розеге апаруын жеткізді Мина адамдардың арасынан Розені іздей бастады. Өзіне көзқарастың бәрі тігілгенін көріп ыңғайсызданып олардың қасына келді. Розе мен Мина бөлек кетті. Мина: сенің жігітің беріп жіберді деп күліп қолына қағазды ұстатты.Розе оған күліп қарап залдан шығып кетті. Бір кезде вальс қосылды.Бәрі жұптарын биге шақыруда Мина тағамдар тұрған столға барды да көзімен қарап шықты.Жанына Юнги келді.Минаның қасына келген жігіт кетіп қалды.Мина Юнгиді байқамап еді.Оның қоңыр дауысынан шошып кетті.Мина оған қарады.Юнги оған қарап тұр Мина: менен не керек? Лиса екеуінің тұрғанын байқады.Пак ханым келіп екеуін күштеп билетіп жіберді.Юнгидің үлкен қолдары Минаның жіңішке белінде тұр.Жанындағы адамға соғылмасын деп Юнги Минаны өзіне тартты.Екеуі тым жақын тұр Юнги: сен жақсы қызсың Мина: мен білмеп едім Юнги: сенің айтқаныңның шындық екенін білемін.Мина Юнгиге қарады Мина: сонда сен мені деп итерді де бидің арасынан шығып кетті Хосок: көрдіңбе,екеуі бірін бірі жақтыртпайды Мина залдан шығып екінші қабатқа келді.Ауасы тарылып балконға шықты.Аспандағы жұлдыздарға қарап тұр.Төменге қарап еді таныс қызыл көйлектегі қыз бен жігіттің сүйісіп тұрғанын көрді Мина:білдім ғой екеуі қосылатынын деп күлді. Мина: бәрінің өмірі жақсы,бәрінің....бірақ неге менің? Мина: мені өткен өмірімде бейтаныс адамдар пышақтап кетеді,жігітімнің басқа сүйгені болып шығады,ал ал...ал анау болса Юнги: не мен? Мина: әдемі,сымбатты болғанымен мінезі жаман! Оңбағанның нағыз өзі Юнги күлді Мина артына қарады да өз айтқанына өзі сенбей тұр Юнги:демек мен сымбаттымые Мина:Мінезің жаман Юнги көзқарасымен Минаны жеп барады Мина:мына жер суық кеттім деп астыға түсіп кетті.Юнгидің артынан келе жатқанын байқап адамдардың арасына кіріп кетті.Біреу биге шақырғанын көріп келісіп қолын алды. Юнги жігітке күдіктене қарады Лиса: Юнги саған Мина бірдеңе деді ме? Юнги:айтсада,айтпаса да мен бәрін көріп жүрмін Хосок:нені бауырым Юнги:жасырынбай кездесе беріңдер бауырым деп Хосоктың арқасынан қағып залдың келесі шетіне барды да көзімен Минаны бақылап тұр -Ким Сок Джин Мина шыққан дауысты естіп жігіттің түріне қарады.Бойы ұзын,денелі,сымбатты жігіт Мина:неге бұл қаладағы жігіттен әдемі деген сөз ауызынан шығып кетті.Джин күлді де қыздың ұялып қалғанын көрді Джин:сенде әдемісің Юнги Минаның басқа жігітпен сөйлесіп тұрғанын көріп бірнеше стакан шарапты босатып тастады.Кештің жартысы өтті.Минаның Джинмен әңгімесі әлі таусылмады.Мина тіпті осы жігітпен ара-қатынас құрсам деген ойға кетті.Джин екеуі бос залға шықты Мина:менің кетуім керек,кездесуім бар Джин:жоқ деп Минаның ашық иығына қолын қойды 13-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
1
#жаңа_өмір 12-бөлім Чонгук:Сосын менің Тэхёнға деген сезімдерім ашылды.Оның да кетәрі емес екенін білдім.Кейін сезімімізді білдірдік Мина: неге екі жаққа кеттіңдер? Чонгук: мен...зертханада....Әкем мені сол үшін сабағанын,мен үшін ұялғанын,бүкіл түрлі түсті киімдерімді жаққанын есіме түсірдім.Өзімнен жиіркендім Розе:қателік жасадың.Екінші өмір саған жаңа мүмкіндіктер беру үшін,өткен өміріңде істей алмаған заттарыңды істеу үшін берілді емеспе Чонгук Мина мен Розеге қарап көзінен жастар шықты..... Мина: оған хабарлас,сөйлесіп шешіңдер Чонгук: сен ше? Сезімдерің ше? Мина: қайтеміз,бірінші рет бетімді қайтарып жатқан жоқ.Оның үстіне алдын ала сенен өшімді алдым Чонгук:пышақты айтасыңба? мина басын изеді Чонгук пен Розе күлді. Розе:не болсада,сен қандай болсаңда сені қолдаймыз Чонгук: сенің сезімдерімді көрмегендкй жүргенім үшін кешір Розе:ештеңе етпейді.Бәрі шешілді ғой деп Чонгуктың қолын ұстап қысып жымиды Мина:иә,қане Чонгук жүгір! Чонгук қуанып үйден шықты. Розе: ақымақтық иә Мина: иә,ақымақтық Розе: махаббаттан жолы болмаған екі адам деп күлді Мина да қосылып күлді Бірнеше апта өтті.Чонгук пен Тэхён бірге жүр.Розе өзін өзі жинап қайтадан құлпырып универдің сәні болып жүр.Чонгук,Розе,Мина үшеуі күнде болмаса да бастары қосылып әңгіме айтып тұрады.Юнги соңғы кезде бәрінен бөлектеніп кетті. Мина ішінен: ол бәрін біліп қойды ма? Деген оймен оған қарап отыр Профессор: балалар бүгін сендерге керемет жаңалығымыз бар Профессор: біз қаладағы зертханамен бірге ұйымдастыратын 1 апталық демалысты ашық деп жариялаймыз Ким мырза: қала сыртына бір аптаға барамыз,көңіл көтереміз әрі балл кеші болады -балл? Осындай уақытта? Пак ханым: бұл жыл сайын болатын дәстүр.Міндетті түрде әдемі көйлекте,кастюмда келеміз достар деп шығып кетті Дәліз бойы.Мина тағы Юнгиден көз алмай тұр.Юнги оның қасына келе жатыр.Екеуінің көз қарастары түйісті.Юнгидің көздері тағы Минаны баурап әкетуде Лиса: екеуі жақын тұр Хосок: қорықпа..... Юнги: не? Мейірімділік танытқанға сезімің ашылып қалды ма? Мина: саған бірдеңе айтуым керек деп Лисаға қарады Юнги: ал айт Мина: сенесіңбе сенбейсің бе білмеймін бірақ бұл нәрсе мені қанша аптадан бері мазалап келеді Мина: Лиса сенің досыңмен көзіңе шөп салып жүр Юнги күлді.Күлкісі қатты шықты Бүкіл адамдар екеуіне қарады Лиса: ана қыз айтты.Сол күні өлтірте салу керек еді Хосок: Юнги әлі сөйлеген жоқ Юнги: ей,сен ақымақ қыз мені Лисадан айырғың келдіме? Юнги: Тэхён тастап кеткеннен кейін көзің маған түсті ме? Сен бұндай сөздермен мені алдай алмайсың.Мен өз ғашығыма сенемін деп оған көзін бақырайтты Мина: тағы суық көздер..... Лиса: жаным деп Юнгидің қолынан ұстап алып кетті Хосок: қателестің кішкентай қыз.Әлі өкінесің деп олардың артынан кетті Розе: не болды? Мина: ақымақпын....Ол маған сенеді деп ойладым бірақ мені бәрінің көзінше мазақ қылды деп кетіп қалды #қала_сырты Мина бірнеше күн көңілсіз жүрді Чонгук: не болды? Өткендегі жағдайма? Мина: жоқ,жәй бүгінгі кешке барғым келмейді Розе: жоқ,жоқ,жоқ,қарсылық қабылданбайды деп шкафтан екі көйлек алып шықты Ұзын қара көйлек және қысқа әрі қызыл көйлек Мина: уааа,бұл көйлектерді кимеген қате болар Чонгук: қане ханымдар дайындаламыз, сендерді алып кетемін Мина: бірақ..... Чонгук: кештен соң сендерге айтар бір сөздерім бар 12-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
2
#жаңа_өмір 11-бөлім Розе кафеден бір сыбыстар естіп Чонгукке келді Розе: сен Минаны Тэхённан қызғанасыңба? Естігенім рас па? Розе: сол үшін бізбен сөйлеспей жүрсіңбе? .Мина есік ашқаннан Чонгук пен Розе оларды естімеді де Юнги Минаға қарады да екеуіне қарады Чонгук: оны жақсы көремін түсіндіңбе? Онымен сөйлескеніне шыдай алмаймын! Бірге уақыт өткізгені жаныма батады! Деп қолына түскен заттарды лақтырып жүр Розе: не....Сен Минаны жақсы көресіңбе деген Розенің дірілдеген дауысымен қоса көзінен мөлдіреген тамшылар тама бастады Чонгук: Тэхёнды! Тэхёнды жақсы көремін,өзімнің осындай болғаныма мен кінәлімінбе? Енді бұл өмірдеде мендейлерге орын жоқпа деп үстелдегі стаканды стенге шағып Минаға қарады да шығып кетті Мина: Юнги....Юнги Чонгуктың артынан кетті Розе жылап жерге отырды Мина: Розее деп көзінен жастар аға оған келді Розе: ақымақ қыз.....одан үміттеніп ақымақ деп жылай кетті Розе: мен жалғыз қалайын сол дұрыс деп орнынан тұрды Мина: ішіңдегіні шығарғаның дұрыс Розе: несін шығарамын? Онсызда бәрін білесің.Мина үйден шықты да Тэхёнды шақырды Тэхён күліп Минаға қарама-қарсы отырды.Тэхён кофе ішіп отыр Мина: Чонгук екеуіңнің араңда не болды? Тэхён қақалып қалды Мина:демек бірдеңе болды Тэхён: сен қайдан білдің? Мина: Чонгук ашуланып үйден шығып кетті,қолы жараланды ғой деймін екеуің жақын болсаңдар оны іздеп тап Тэхён: не болғанын сұрамайсыңба? Мина: маған сезімін білдірген жанның маған қарама-қарсы жанға ғашық болғанын білгенде не сұрау керек? Мина: Тіпті қай жері артық деп те сұрай алмаймын ғой Мина: жооқ,менің екеуіңнің сезімдеріңе ешқандай қатысым жоқ,бірақ мені пайдаланбауың керек еді деп шығып кетті Тэхён орынында отырып қалды Түн.....Мина қала көшелерімен келеді.Жолдан клубты көрді де ішіне кірді.Терезе жақтағы орындарға отырып шарапқа тапсырыс берді. Юнги бір бөтелке шарап алып шығып бара жатқанда Минаны көріп қасына отырды Мина: маған тисуге келдіңбе? Юнги Мина ішіп отырған шарапты алып алды Мина: еей,ақшасын өзім төлегем Юнги: тез масайтатын шарапты алып біреудің астында жатқың келіп жүрме деп ішіп алды Мина: маған тиіспесең басың ауырама? Мина: бір кофе төккенім үшін тіреліп алдыңба? Юнги: масайып қалдыңба деп күлді Юнги: жүр,үйіңе жеткізем #көлікіші Үйге барғым келмейді Юнги: онда көлікте қал деп көзін жұмды #розе Көше бойымен келе жатқан нәзік қыздың сұлбасын көріп Чанёль көлікпен тоқтады Розе: Профессор? Чанёль: сен үшін жай ғана Чанёль Розе: сіз бүкіл қыздар үшін Чанёльсіз ғой деп күлді Чанёль; даусыңнан көңіл күйің жоқтығы білініп тұр,отыр бір жерге апарамын Розе көлігіне отырды Чанёль: жігіңмен айырылысып кеттіңбе? Розе күлді Чанёль: не деп ыңғайсызданып қалды Розе:сұрамаңыз,өте ыңғайсыз жағдай Чанёль Розені үйіне алып келді.Қала сыртындағы үй.Аспан ашық,жұлдыздар жарқырап тура қол созатындай жерде тұр.Чанёль стакан мен вино алып Розені бөлек бүкіл қабырғасы әйнектен жасалған бөлмеге кіргізді. Чанёль:көңіл-күйім болмаса жұлдырдарға қараймын Розе:керемет көрініс….. Чанёль:иә деп Розеден көзін алар емес Бірнеше күн өтті.Алғаш үшеуінің басы қосылғаг күн…. Чонгук: осы жерге алғаш келуім деп сөз бастады Чонгук: Мен,Юнги,Хосок,Тэхён бір күнде келдік.басында жақсы араластық. 11-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
1
#жаңа_өмір 10-бөлім Мина Тэхённың бөлмесіне,оның кітаптарына қарап жүр Тэхён: іш пыстырарлық па? Мина: жоқ,оқитын кітап таңдайын деп жүрмін Тэхён: қазір дүкенге барып келейін сосын таңдап беремін деп шығып кетті Мина сөреден бір кітапты алып ішін ашты келесі бетіне өткенде арғы бөлмеден гитараның дауысы шықты Мина бөлмеден шығып дауыс шыққан жаққа беттеді.Есік ашық тұрғаннан Юнгидің гитарада ойнаған сұлбасын көрді де әуен үніне беріліп оған ұзақ қарап қалды.Сосын тоқтағаны есіне түсіп бірден ас үй жаққа беттеді.Қорыққанынан қолына алған стакан құлап кетті Юнги: енді үйді қиратуға келдіңбе? Мина: мен....жоқ..... Мина ішінен* мені жек көреді.Қараған көз қарасын қарашы суық...өте суық... Тэхён: сен үйде ма едің? Юнги: иә,бірақ үйде қалғым келмей кетті Минаның түрі бұзылып кетті де жерге отырып сынған әйнектерді жинап бөлмеге кіріп кетті Тэхён: Юнги! Юнги:не? Өз ойымды айтуға болмайма? Мина бірнеше күн Тэхённың жанында болды.Тэхён екеуінде көп ортақ нәрсе...көп әңгіме айтты.Аз күнде оған жақын адам болып кетті.Мина Үйде жалғыз қалғанда Лиса мен Хосоктың үйге кіргенін естіді.Екеуі күліп бір бірімен ойнап Хосоктың бөлмесіне кірді де істерін бастап кетті. Мина бұны өз көзімен көрді де бірден үйден шығып кетті Лиса: кім? Хосок: Мина шығар Лиса: Юнгиге айтса ше? Хосок: қорықпа,ол оған сенбейді екеуінің ара-қатынасын білесің Мина жолда кетіп бара жатыр.Бүгін зертханаға баратын күні есіне түсіп кері бұрылды Зертханадан Юнгиді көрді оған тағы айтуға бел буғанмен Юнги тыңдамай кетіп қалды Розе бір жас дәрігермен сөйлесіп тұр.Бойы ұзын,көзінде көзілдірігі бар жас мырза.Мина жігітке ұзақ зер салды да Розенің оның қасында өзін қалай ұстап тұрғанын байқады.Бірнеше минуттан кейін оны Розе байқап,дәрігермен қоштасып қасына келді Розе: жоғалған ханшайым қайда жүрсіз? Мина: мен жоқта өміріңде өзгерістер пайда болған сияқты ғой Розе: кешкі шаймен бәрін айтып беремін әрине үйге келсең Мина: күт деп бөлмеге кірді.Зертханадан қолындағы ақ сызық ұзарғанын көріп үйге бет алды. Кеш,түнгі қаламен келе жатқан қыздың ойын қараңғы көше бұрылысында тұрған бұзақы жігіттердің ысқырығы бөліп жіберді -қарындас темекі барма? Мина: мен шекпеймін -онда ақшасын бер деп біреуі күлді Мина алдына қарап жүріп кетті -ей тоқта бәз әлі бітпедік Мина: ал мен айтарымды айттым,темекі сұрағанша ақылға келмейсіңдерме Жігіттер оның артынан қуа кетті Мина қашқанымен оны ұстап қараңғы жерге алып келді де ұра бастады тіпті пышақтен денесін тіліп кетті,еш затына тиіспей қашып кетті.Минаның көзінен жастар шығып Тэхённың үйіне барды да есік қоңырауын басты Есікті Юнги ашты.Мина оның қолына құлай кетті Юнги: Мина? Саған не болды деп қан, қан бетін ұстап есін жиғызып жатыр Минаны көтеріп ваннаға апарып бетін жуды.Қап-қара киімінен сіңген қанның иісі шығып тұр. Мина қалаға жақында келгеннен оның жарасы бірден жазылды.Юнги оны бөлмесіне алып келіп шкафынан өзінің қара худиін алып шығып берді.Мина оны киіп еді Юнгидің иісі шығып тұр.Минаға Юнгидің бөлмесі ерекше көрінді.Қара-түсті киімдер,қою қанық түстер,гитара...Мина гитара шектерінен қолымен жүргізіп өтті де бөлмеден шықты Юнги: сонымен не болды? Мина: бұзақылар...бірақ деп ішінен* Лиса мен Хосок ойына түсті Юнги: не бірақ? Мина: оларға себептің де керегі жоқ,сені мазалағым келмеген кешір... Юнги: бұзақылар да жайдан жай тиіспейді Мина: Тэхён қайда? Юнги: туған күнге кеткен Мина: Лиса мен Хосок та ма? Юнги: қашаннан бері олармен жақын болып кеткенсің? Мина: бүгінгі жағдайды ешкімге айтпа Юнги: жақсы Мина: көріскенше деп шығып кетті Юнги: тоқта жеткізіп тастайын Мина: жаяу жүргім келіп тұр Юнги: жақсы деп Минаның қасында үндемей үйіне дейін барды Үйден ұрысқан дауыстар шығып жатыр.Мина шошып Юнгиге қарады да үйге жүгірді.Юнги де артынн үйге кіріп кетті 10-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
3👍 1
#жаңа_өмір 9-бөлім Мина шошып көзін ашты. Көлік үйдің алдында тоқтап тұр Юнги: келдік ханым,ұйқыңызды ашып түсерсіз көліктен Мина: ой! Мина: Юнги.... Юнги: ештеңе деме Мина: болған жағдайға сенің кінәң жоқ,сен бар болғаны бала болдың.Қанша қиын болсада өткенді жіберуге тырыс Юнги: бүгінгі болған жағдайды ешкімге айтпа деп алдына қарады Мина: жақсы...бірақ.Мина: Юнги саған бірдеңе айтуым керек Ішінен* бірақ ол сенбесе ше? Әлгі суреттерді мен деп ойлаған шығар Юнги: суреттер туралы уайымда сен емес екеніңді білемін Мина: Лиса....саған..... Юнги: Лиса менің қызым,әрине ұнайды деп көлікті оталдырды Мина көліктен түсті де: тағы айта алмадым деп үйге кірді Розе: кеше Тэхён бүгін Юнги ма? Мина: Розее Чонгук: тамақ дайын үстелге отырыңдар Мина: Чонгук саған не болған? Соңғы күндері көңіл-күйің жоқ қой Чонгук: ештеңе Мина: мен бір нәрсе бүлдірдімбе? Чонгук: жоқ дедім ғой деп үстелден тұрып кетті Розе: Кеше достарымен ұрсысып қалған саған қатысты емес деп оның артынан кетті Розе: Чонгук Чонгук: жалғыз қалғым келіп тұр Розе өтінемін Розе: саған шынымен бірдеңе болып жүр ғой Чонгук: Розе өтінемін Розе үндемей шығып кетті Мина бұл сөздерді естіп бәріне кінәлі өзі деп ойлап тамақты шұқып отыр #тэхён Юнги бөлмесінде гитара шертіп жатыр Тэхён оның бөлмесіне кірді де терезе алдына отырды Тэхён: тағы өткеніңді есіңе алдыңба? Юнги үндемеді де гитараны төсек қасына қойып шылымды алып шықты Тэхён: қолыңдағы ою аққа боялыпты Юнги темекіні тастай салды да Юнги: ұйықтаймын шықшы Тэхён үндемей шығып кетті Бәрі универде жүр.Бірнеше күн бұрынғы Мина туралы өсекті бәрі ұмытты.Бірақ Хосок пен Лиса оны әлі аңдып жүр. Профессор кіріп келді Профессор: бүгін біз осы қалаға түскен бір тұрғынның санасындағы кинодан үзіліс көреміз деп экранды қосты Экранда шашы жоқ,ракпен ауыратын қыз отыр.Юнги партаға жатып көзін жұмды Профессор: Мин Юнги оян! Юнги: бұл қызықсыз нәрсені не үшін көруім керек Профессор: қызық емес болса шығып кет Юнги: босқа уақытымды алып деп шығып кетті Мина: дөрекі деп ішінен айтып оны көзімен шығарып салды #тэхён Тэхён үйден гитараның дауысы шығып жатқанын естіп Юнгидің бөлмесіне кірді.Юнги оның кіргенін естіді де ойнауын тоқтатты Тэхён: сенің өміріңе байланысы бар ма? Юнги: саған қарындасым бар дедім ғой,оның да қатерлі ісікпен ауырғанын,қалай қиналғанын біле тұра әлгі нәрсені қалай көремін Тэхён: ашуланба енді Юнги: мүмкін ол осында келіп жақсы жаққа барған шығар Тэхён: сенде артынан барып іздейсің Юнги: әлгі қыздың істегенінен кейінбе деп темекісін шығарды Тэхён: оған тисе берме!Тэхён: айтпақшы Хосок пен Лиса қайда? Юнги: білмеймін,клубқа кеткен шығар Тэхён: жақсы мен кеттім деп үйден шығып кетті Мина бөлмесінен шығып екі жақта отырған Розе мен Чонгукке қарады да есікке беттеді Розе: Тэхён ба? Мина: иә деп Чонгукке қарады Чонгук оған қарады да қайтадан кітабына қарады Мина: көріскенше деп шығып кетті Розе: Чонгук сен Минаның Тэхёнмен кездескеніне тырысып жүрсіңбе? Жаңа келседе оның бақытты болуға хақы бар ғой Чонгук: Розе бастамашы деп жоғары көтеріліп кетті Минаның Чонгукпен ара қатынасы бұзылғанына көңіл күйі түсіп кетті.Оның үстіне Розе мен де арақатынасы бұзылғанына өзін кінәлі сезінуде... #көлік Тэхён: көңіл күйің жоққой Мина: жоға олай емес Тэхён: үйдегілер бірдеңе деді ме?Біздікіне жүр Мина: жоға,бірақ Чонгук бір түрлі болып жүр бұрынғыдай емес Тэхён: жүр біздің үйге Мина: үйдегілер мені жақтыртпайды Тэхён: олар менің қызыма ештеңе дей алмайды деп үйіне алып келді 9-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
👍 2👎 1
Қорқынышты,суық бірақ өзіне тартып алатын ерекше көздер Юнги оның ерініне жақындап сүйе бастады...Мина да ешқарсылықсыз көзін жұмып беріле кетті...... 8-бөлімнің соңы
Hammasini ko'rsatish...
😍 2👍 1