uz
Feedback
Leetcode KZ

Leetcode KZ

Kanalga Telegram’da o‘tish
884
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
Ma'lumot yo'q7 kun
Ma'lumot yo'q30 kun
Postlar arxiv
BFS 🔥 пен DFS ☄️ https://www.youtube.com/watch?v=JD8zot_VH3I видео ұнап жатса 📌 лайк басып 👍🏻 📌 пікір жазып 📜 📌 каналға жазылу ✅ арқылы қолдасаңыздар болады✊🏻

Литкодта рейтинг жаңарып, соңғы контест есептеріне жаңа тест кейстер қосылды. Сәйкесінше, брут форс қолданып шығарған 4ші есебім өтпей қалды. 413-ші орыннан ұшып 2899-шы орынға барып қондық)

Бүгінгі челлендж классика. Фибоначчи сандары. Бәріңізге таныс есеп деп ойлаймын. Ең оптималды жолы уақытпен O(N), память-пен O(1) сияқты.

Үлкен O белгісі (Алгоритм жылдамдығын өлшеу) 🏍☄️🚜 [Big O Notation] https://www.youtube.com/watch?v=vaTsWW_mRBw видео ұнап жатса 📌 лайк басып 👍🏻 📌 пікір жазып 📜 📌 каналға жазылу ✅ арқылы қолдасаңыздар болады✊🏻

Бүгінгі челлендж medium есеп) Менің шешімім

Сегмент ағашы [Segment Tree] https://youtu.be/ewD0oOxfpHo Осы тақырып бойынша есептер тізімі https://leetcode.com/problemset/all/?topicSlugs=segment-tree видео ұнаса лайк басып, пікір жазып, каналға жазылу арқылы қолдасаңыздар болады😉

Бүгінгі челлендж (Deepest Leaves Sum) Medium бұрыннан таныс есеп. Бүгінгі есепті шығара алған болсаңыз келесі есептерді де оңай шығарасыз. Binary Tree Level Order Traversal Binary Tree Zigzag Level Order Traversal N-ary Tree Level Order Traversal Binary Tree Level Order Traversal II Average of Levels in Binary Tree

Кодфорстың мына телеграм каналы жақсы екен. Контесттер жайлы алдын ала хабарлап отырады. Литкодқа да керек сияқты, әйтпесе контест уақыты кейде естен шығып кетеді. https://t.me/codeforces_official/482

Бүгін мен үшін тарихи сәт) Мен білетін тақырыптағы есептер келді. Барлық есептер өтті. Енді жаңа тест кейстер қосылған кезде құлап қалмаса болды. Ол жағдай келесі бейсенбіде рейтинг жаңартқан кезде белгілі болады. Менің шешімін ұнап жатса, upvote жасаңыз. Ұнамай жатса, бұдан да оптималды шешімді ұсыныңыз) Бірінші есеп шешімі Екінші есеп шешімі Үшінші есеп шешімі Төртінші есеп шешімі

Бүгін таңертең 08:30 (UTC+6) болатын WC 236 (Leetcode) контестке қатысайық. https://leetcode.com/contest/weekly-contest-236

Есеп шығарар кезде, constraints-ке мән беріңіз. Егер constraints берілмесе, n is large деген сөз. Осы кестеден сіз алгоритмні
Есеп шығарар кезде, constraints-ке мән беріңіз. Егер constraints берілмесе, n is large деген сөз. Осы кестеден сіз алгоритмнің күрделілігі қандай болуы керек екенін болжай аласыз.

Сodeforces платформасында новичоктарға арналған (3-ші дивизион) контест болып тұрады. Айына бір рет. Осы айдыкы ертең кешке болады. Codeforces Round #713 (Div. 3) Уақыты: 10 Cәуір, 20:35 (UTC+6) https://codeforces.com/contests/1512

Бүгінгі челлендж easy есеп) Шығару жолым литкодтың шешіміне ұқсас екен. Есептің шешімі
Time: O(N**2)
Space: O(26)

Бүгін Евгений деген славян жігітпен мок интервью жасадық. Мен оған өзімнің классикалық дп сұрағымды қойдым. Адамдардың дп-ны қалай анализ жасап шығарғандарын көргім келді. Бірнеше подсказкадан соң дұрыс жолға түсіп, енді шығарайын деп жатқан еді уақыт бітіп қалды. Ол маған K-Messed Array Sort деген есеп берді. Шешімім О(N*k) уақытпен өтіп тұр, бірақ бұл оптималды емес деген соң, бас қатып кетті. Сөйтсем, heap деген деректер құрылымы мен heap sort алгоритмін қолдану арқылы шығаратын есеп екен. Ол кезде уақытпен O(N*log(k)) болады. Түйін: екеуміз де бір-біріміздің есебіміз толық әрі уақытында шығара алмадық. Моктың екеумізге де пайдасы тиді деп ойлаймын. Мен оған сол есепке ұқсас дп-лар мен видео сілтемелер бердім. Ол маған қандай есептерді бірден heap арқылы шығаруға болатынын көрсетті. Осындай мок интервьюларды ұйымдастырып жатқан украиналық Сергей деген жігітке рахмет. ТМД халқының ФААНГ-қа өтуіне көп ықпалын тигізіп жүр. Қателеспесем, өзі қазір АҚШта Гуглда жұмыс істейді.

Соңғы контестте үш есеп шығардым деп мәз боп жүрген кезде, үшінші есепке жаңа тест кейстар қосыпты. Нәтижесінде үшінші есебім WA (Wrong Answer) боп қалды. Контест рейтингта 4500 маңайында болғанмын. Одан да төмен түсіп кеттім ба деп қарасам 3206-ға көтеріліпті. Соған қарағанда көп адамдардың есептері жаңа тест кейстардан құлап қалған сияқты + ереже бұзып бан алғандар да болуы керек (көшірген, шешімді контест уақытында жария қылған,т.б).

Ағаш және оның бұтақтарымен жүгіру 🌴🌳🌲🎄[Tree traversal] https://www.youtube.com/watch?v=c5Y-VjsyJuc видео ұнап жатса 📌 лайк басып 👍🏻 📌 пікір жазып 📜 📌 каналға жазылу ✅ арқылы қолдасаңыздар болады😄

Айтпақшы, 15 минуттан кейін, зумға шығып "Ағаш және оның бұтақтарымен жүгіру" ("Tree and Tree Traversal") тақырыбы бойынша мини дәріс жасаймыз. Егер видеоның сапасы жақсы боп, техникалық ақаулар болмаса, видеожазбаны ютубқа саламын. Сұрақтарыңыз болса, зумға қосылып қоя аласыздар.

Кезекті челлендж рекурсияға арналған екен (Medium есеп). Шығару жолын білгеніммен, реализация жетпеді. Есептің шешімі PS. Backtracking бойынша көбірек есеп шығарып, тақырыпты толық түсініп алу керек екен.

@SkeddyBot осы бот өзіме ұнайды. Күніне литкодтан кеміне 1 есеп шығарып тұрамын дедіңіз. Ескертіп тұратын құрал ретінде осы ботты қолдансаңыз болады. Жыл басынан бері белсенді қолданып келемін. Көмегі тиіп жатыр. Ішінде күніне бір рет, аптасына бір рет немесе белгілі бір периодта бір шаруаны осылай ескертіп тұр десеңіз, айтқаныңызды бұлжытпай орындайды.

Оффер алатындар офферлерін ала берсін, ал біз бүгінгі күннің кезекті челленджін шығарайық. Easy есеп екен. Менің шешімім (Upvote is welcome😉)
Time: O(n)
Space: O(1)  # O(9)
Сіз қалай шығарар едіңіз?