I-Hi live
Kanalga Telegram’da o‘tish
Айқай, ағайын! Обо всем что происходит в этом мире 😉
Ko'proq ko'rsatish1 965
Obunachilar
-124 soatlar
-117 kunlar
-7130 kunlar
Postlar arxiv
1 965
📍Биыл қанша түлек «Алтын белгі» алды?
2024 жылы 11 сыныпты 186 мың түлек бітірді. Оның ішінде 7420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталса, 13727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа ие болды.
1 965
Меккеге қажылыққа бара жатқан 14 адам қайтыс болды
Сауд Арабиясындағы мұсылмандық қажылық кезінде он төрт иорданиялық қаза тапты және 17 адам жоғалып кеткен. Бұл жайлы Иорданияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Сенбі күні министрлік қаза тапқандардың кем дегенде алтауы ыстықтан екенін айтқан. Ауа райы болжамы бойынша дүйсенбі күні Меккеде температура 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.
1 965
📍Екінші жартыжылдықтан бастап қазақстандық студенттер жаңа шәкіртақы алады. Олар қаншаға көтеріледі?
Биылғы 1 қыркүйектен бастап шәкіртақыны ұлғайту жоспарланғаны айтылған:
1️⃣бакалаврларға – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге, педагогика ғылымдары – 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін);
2️⃣магистранттар мен докторанттарға – 15 пайызға (тиісінше 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге,
3️⃣докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін).
1 965
📍Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болды.
⠀
Хабарланғандай, Атырау тұрғыны «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті жария етіп жариялап, сол арқылы ӘҚБтК-нің 490-бабы “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңды бұзу” тармағы бойынша айыпталған.
1 965
Мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов қайтыс болды.
Қаралы хабарды әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының кандидаты Мамай Ахетов естіртті.
Арты қайырлы болсын!
1 965
🗣️Хайп қуалап, сынға қалған Айжан Байзакованың дәуірі бітті ме?
👰🏻♀️Отбасы құрып, өмірі өзгерген блогер бұрыңғы қалпына келе ме?
Жалпы адамды махаббат өзгерте ме? Әлде бәрі уақытша ма?
Пікірлеріңізді қалдырыңыздар⬇️
#байзакова #айжанбайзакова #блогер #ihilive #ihireels
1 965
Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады.
Алғашқы үш күннің кестесін ұсынамыз. Қазақстан бойынша уақыт көрсетелген.
1 965
🚘 Париж Олимпиадасына жолдама алған қазақстандық балуанға көлік сыйға тартылды
🤼♂️ Қызылорда облысы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының өкілдері қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғалиға жаңа көлік сыйлады.
Айдос Сұлтанғали Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған еді. 60 кг салмақта сынға түскен ол шешуші белдесуде Тайбэй өкілі Джуи Чи Хуанганы 9:0 есебімен мерзімінен бұрын ұтқан болатын.
1 965
📍Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетінен шақырту алды
Шымкенттік оқушы Сунатулла Октамов бүгінде әлемнің 40 университетінен шақырту алған. Оның білім деңгейі мен қабілет-қарымын Америка, Канада, Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің алдыңғы қатарлы оқу ордалары жоғары бағалаған.
Сунатулланың таңдауы Малайзия мемлекетіне түсті.
"1 жыл дайындалғанның ішінде маған профориентолог мамандар көмектесті. Оған қоса мұғалімдер көмектесті. Мен жүзден аса университетке тапсырдым. Соның ішінде мені 40 университет шақырды. Малайзияда 4-5 жыл оқимын. Сосын елге қайтып, бизнес жағынан елді дамыту ойымда бар", - дейді ол.
1 965
15 маусымда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енеді.
Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали өзінің инстаграм-парақшасында бұл заң күшіне енген соң әйелдер үшін не өзгеретінін түсіндіріп берді.
1 965
Жігітіңізге бейтаныс қыз келіп “неге жоқ болып кеттің” десе не істейсіз? 😱
📌 I-Hi live-та әлеуметтік эксперимент. Қызымен жүрген бейтаныс жігіттерге барып, танысу сайтында танысып едік қой деп сендіруге тырыстым. Қыздарының реакциялары қандай болды? Видеоның толық нұсқасын I-Hi live youtube каналынан көріңіздер!
#соцэксперимент
#айхайлайф
#reelsinsta
#әлеуметтікэксперимент
1 965
🤔🤔🤔
Әншілерге сахнада боқтауға болмайды
"Сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы ақша тауып жүрген әнші өз көрерменін құрметтеуі керек. Сондықтан ол жағдайы мен мінез-құлқын бақылауы керек. Боқтауға мүлдем болмайды. Мұны сахнада қалай елестетуге болады?", - деді Аида Балаева Сенаттың кулуарында.Оның айтуынша, шетелдік әншілер де бұл талапқа бағынуы керек. "Қалай болғанда да келісімшартта ненің болатынын, ненің болмайтынын жазу қажет. Мұны біз неге істеуіміз керек? Себебі, шетелдік әртістер еліміздің аумағында өнер көрсетеді. Сондықтан олар біздің заңдарымызды құрметтеп, бағынуға тиіс", - деп сөзін түйіндеді министр. Сіз қалай ойлайсыз?
1 965
Достарымен бәстескен: Астанада 17 жастағы бала Есілге батып кетті
Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 12 маусымда болған. 2007 жылы туған бала достарымен бәстескен.
12 маусымда сағат 19.02-де Астана ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 17 жастағы баланың денесін алып шыққан.
Арты қайырлы болсын!🙏🙏🙏
1 965
☄️ Алматы тұрғындары түнде аспаннан жұмбақ құбылысты видеоға түсіріп алды
Қаланың бірнеше жерінен түсірілген кадрларда құйрықты кометадай ұшып өткен нысандар тұрғындарды алаңдатқан.
Билік пен шұғыл қызметтердің ресми ақпараты әлі жоқ. Ал ғалымдар мұндай "жауынды" Жер атмосферасына кірерде жанған спутниктер деп түсіндірген.
1 965
Астанада ер адам есікті зорлады😱
Деректерге сенсек, оқиға Эльнара тұрғын үй кешенінде болған.
Жүре берсең, көре бересің деуші еді😨😱
Ақпарат толықтырады.
видео: @astana_brothers
1 965
"Сзади подошел сунул и пошел 😋“
📌На I-Hi live новая рубрика “Қуат WHat?” Қуат берет интервью у прохожих на разные темы.
А на какую тему ты хотел бы дать интервью нашему Куату?Пиши в комментариях👇
😉 И кстати не забудьте подписаться на нас
#ihilive
#reels
1 965
🏠 Қазақстанда баспана мәселесіне қатысты ауқымды өзгерістер болады
🗣 Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады
Ол үшін мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады. Заңды Үкімет әзірледі.
🗣 Енді "Отбасы Банкі" АҚ ұлттық даму институтына айналады.
Тұрғын үйді орналастыру, есепке алу және бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан осы институтқа беріледі.
🗣 Екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар "Отбасы банкінің" екінші деңгейдегі банктер жүйесінде және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінде сақталуына бағытталған түзетулер енгізді. Сондай-ақ банк қызметін лицензиялау жалғаса береді.
🗣 Енді "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" жаңа электронды деректер базасы құрылады, онда баспанаға мұқтаж және "Отбасы банкінде" тіркелген азаматтар туралы мәліметтер қамтылады.
1 965
"Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен сотқа арыз түсті
Субұрқақты өз бетінше жаңартқаны үшін "Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен сотқа арыз түсті.
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, "Қазақстан" қонақүйінің маңындағы субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсатсыз жүргізілген.
"Жұмыс тоқтатылды, Crown Star ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде заңбұзушылықтарды жоюға нұсқау беріп, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Басқарма ұйғарымды мәжбүрлі орындау үшін сотқа талап арыз береді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
1 965
"Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен сотқа арыз түсті
Субұрқақты өз бетінше жаңартқаны үшін "Қазақстан" қонақүйі иесінің үстінен сотқа арыз түсті.
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, "Қазақстан" қонақүйінің маңындағы субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсатсыз жүргізілген.
"Жұмыс тоқтатылды, Crown Star ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде заңбұзушылықтарды жоюға нұсқау беріп, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Басқарма ұйғарымды мәжбүрлі орындау үшін сотқа талап арыз береді", - деп жазылған ведомство хабарламасында.massaget.kz
1 965
📍"Атлетико Мадрид" клубының президенті Тоқаевқа жейде сыйлады
Кездесуде президентке елімізде "Атлетико Мадрид" футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады. Қазір еліміздегі спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. Сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынуда.
Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
