cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

KzNews

Ең соңғы жаңалықтар

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
566
Obunachilar
-124 soatlar
-47 kunlar
-930 kunlar
Post vaqtlarining boʻlagichi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Nashrni tahlil qilish
PostlarKo'rishlar
Ulashishlar
Ko'rish dinamikasi
01
Бұл туралы ол “Әдеби терапия” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz “Мен үшін “Абай жолы” жергілікті шығарма, ұлы шығарма емес. Ол тек біз түсінетін шығарма. “Нобель сыйлығын алған шығарманы түсінеміз, өйткені ол ұлы адамзаттық проблемалар. Мен үшін “Қараш, қараш оқиғасы” әдемірек”, — деді Перизат Мырзахмет.
80Loading...
02
Білім Вице-министрі Наталья Жұмаділдаева 2024 жылғы 15 мамырда ОКҚ брифингінде Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырауды өткізу форматының өзгеруін түсіндірді. Журналистер Қазақстанда соңғы қоңырауды өткізудің жаңа форматы туралы айта отырып, адамдардың наразылығын атап өтті. Олардың айтуынша, бұл Ұлы Отан соғысы жылдарында да жойылмаған мерекенің алынып тасталғандығына наразылық көп.  Олар неліктен соңғы қоңыраудың 11-сыныптарда ғана өтетінін сұрады. Бұған жауап ретінде білім вице-министрі Наталья Жұмаділдаева орта білім міндетті болып табылатын деңгейлердің бірі екенін және бұл Конституцияда жазылғанын айтты. «Орта білім алу — бұл бала мен отбасының тікелей міндеті, сондықтан оқу жылын аяқтау – бұл болашақта баланың жетістігін қамтамасыз ететін білім алу факторларының бірі. «Менің білімім жалғасы
370Loading...
03
Алматыдағы караоке-барлардың бірінде төбелеске қатысқаны үшін айыпталып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған актер Асқар Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында жиі жазба қалдыратыны оқырмандардың таңданысын турдырды. Бұл ол сүйген қызымен түскен фотосын жариялап, ерекше жазба қалдырған. «Ешқашан…Естисіздер ме, ешқашан сізді сүйген адамның көңіліне тиіп, ренжітпеңіз. Тіпті сіздің ол адамға деген ешқандай сезіміңіз болмаса да. Себебі, сіз қиын жағдайға тап болғанда сол адам ғана жаныңыздан табылуы мүмкін», — деп жазды ол. Желі қолданушылары түрмеде жазасын өтеп жатқан актердің әлеуметтік желіге жазба жариялағанына таң қалуда.
410Loading...
04
Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Мұхатар Әблязовтың тағы бір сыбайласы — Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды», — делінген хабарламада. Толығырақ
680Loading...
05
Ресейлік блогер Наталья Грейс Қуандық Бишімбаевтың сот процесі жайлы пікірін айтты. Ол процес кезінде сотталушының әке-шешесінен сұхбат алып, сотқа қатысып, видеоматериал жариялаған еді. Грейс Астанада өз өмірін қатерге тіккенін айтады. — Мен кейде оттвң ортасында, үмітсіз жағдайда жүрем. Сізден қандай да бір материал табу үшін өз өмірімді қатерге тігем. Осы сұхбатты көрсету үшін мен мысалы Астанада өз өмірімді қатерге тіктім. Осыдан кейін сіздер хейтерлерге қалай қосыласыздар? Осыншама қайырымсыз болуға бола ма? — дейді ол. Сондай-ақ, ол өзіне қоқан-лоққы жасалғанын мәлім етеді. «Салтанат Заңы» қабылдануы керек. Бірақ бұл Қуандықтың анасы, оның балалары мен туыстарын күл-парша қылып, кір жағып, қорлау керек дегенді білдірмейді. Заңға сәйкес қатаң әрекет ету керек. Өркениетті қоғамда қалай әрекет етсе, солай әрекет ету керек. Әйтпесе, бұл адамдар Бишімбаевтан қалай ерекшеленеді? Олар одан да жаман», — деді ол.
760Loading...
06
Тележүргізуші Қымбат Досжан туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельевке қатысты тағы бір жаңа дерек айтты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, сегіз әйел қан тапсырған. «8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз», — деп жазған журналист.
740Loading...
07
Алма Есімованың сөзінше, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалу үшін 11 алқаби бірдей дауыс беруі керек. «Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тек 11 адамның, 10 алқабидің және судьяның дауыс беруі арқылы ғана тағайындалуы мүмкін екенін ескертемін. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмау себебі, кеңесу бөлмесінде алқабилер ортақ пікірге келмеді», – деді Есімова. Сондай-ақ ол Қазақстанның сот тәжірибесінде алғаш рет ересек адамды ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жыл мерзімге жаза тағайындалғанын айтты. «Ақпарат үшін, соңғы жылдардағы сот тәжірибесіне үңілсек,  бұған дейін ересек адамға қатысты ерекше қатыгездікпен қасақана кісі өлтіру үшін 15 жылдан 17 жылға дейін жаза қолдану тәжірибесі болды. Шамасы, ауырлататын мән-жайлардың болуы, оның ішінде Бишімбаевтың қауіпті рецидив екені ескерілді», – деді ол. Алма Есімованың сөзінше, Қуандық Бишімбаев шартты түрде босату туралы өтінішті 16 жылдан кейін бере алады.
800Loading...
08
Салтанат Нүкенованың әкесі сот шешімімен келіспейтінін айтты. Амангелді Нүкенов екінші айыпталушы Байжановқа шығарылған үкіммен келіспейтінін жеткізді.
760Loading...
09
Прокурор Саяхат Нұрбек Бишімбаевтың жәбірленушілердің рұқсатынсыз бостандыққа шықпайтынын айтты
850Loading...
10
Сот үкімі шықты. Экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ал Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
890Loading...
11
Адвокат Жанна Оразбақова әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкім бүгін шыға ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оразбақованың айтуынша, бүгін үкімнің шығу ықтималдығы 70-30% арасында. «Бәрі судья мен алқабидің кеңесу бөлмесінде қанша уақыт болатынына байланысты. Дауыстар саналып болғаннан кейін судья үкімді жазады. Оның өзіне біраз уақыт қажет», – деді адвокат. Толығырақ
930Loading...
12
Анар Бурашева мен Мақсұт Жұмаевтан құралған Kazakh Everest Team қазақстандық командасы әлемдегі ең биік Эверест шыңын (8848 метр) бағындырды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Команда шың басына12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те жеткен. «8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көбі бағытынан кері қайтты. Тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев бар. Бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы”, – деп мәлімдеді «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі. Толығырақ
880Loading...
13
11 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың, сондай-ақ Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құрметіне ағаштар аллеясы отырғызылды. Акция марқұмның ағасы Айтбек Амангелді ұсынысымен өтті. Атақты адамдар арасында танымал видеоблогер Нұрлан Батыров болды. Ол бұл істі басынан бастап қадағалап отырғанын мойындады. Осы уақыт бойы Салтанат Нүкенованың отбасымен байланыста екенін айтты. Ол Бишімбаевтың соты ұзаққа созылды деп есептемейді. Басты назарда Айтбек Амангелді болды. Адамдар оған ағаш отырғызуға көмектесті, онымен суретке түсті, қолдау сөздерін білдірді. Бір қыз Салтанаттың портретімен келді. Көпшілік түрлі қалалардан жиналды.
970Loading...
14
Павлодарда орманды мекен еткен алты балалы отбасы табылды Жергілікті тұрғындар балалардың жылап жатқан дауысын естіп, оларды айдаладан тауып алған. Кадрлардан жерде жылап жатқан балалар мен әйелдің сөйлеп жатқанын байқауға болады. Әйелдің сөзінше, отбасы Павлодарда үй жалдап тұрған. Алайда үй иесі оны сатып жібергеннен кейін, көпбалалы отбасы Кемеңгер ауылына көшіп келген. Әйел сөз арасында балаларының бірі аутизммен ауыратынын айтады. "Серуендеп келдік, сосын балалар ұйықтап қалды. Күн ысып кеткен соң бетін күйдіріп алды. Енді жолға шығып Кемеңгер ауылына барамыз. Балам бутерброд жегісі келгендіктен аялдауды шештік", - деді әйел. Полицейдің хабарлауынша, қазір балалар мен анасы ауруханаға орналастырылған. Олар балаларға туу туралы куәлік пен ЖСН алуға және елде уақытша тұруға рұқсат алып бермек.
1190Loading...
15
Әнші, актриса Айгүл Иманбаева Болашақ бағдарламасымен Лондонға кеткеніне бір жыл уақыт өтіп, енді елге қайтатынын мәлімдеді. Алған білімін қазақ өнерін дамытуға жұмсайтынын да атап өтті.  Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті.Елге қайтатын уақыт та келді. Ия Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп,білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып,үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп , алған ДИПЛОМЫМДЫ көрсетіп, қуанышымды бөлісейін дегенім еді. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес және әлемнің есігі қай жаста да кімге де болса ашық!”БІЛІМ АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ!
1240Loading...
16
Instagram-да жариялаған оның видеосын 11 миллионнан астам адам қараған, деп хабарлайды Kznews.kz. Белгілі видеоблогер Хаби Лейм (@ khaby00) Қазақстандағы таэквондо секциясының жарнама ролигін өз видеосына пайдаланып, ролик жасаған. Видеода жігіт ата-аналарды балаларын таеквондо бөліміне әкелуге шақырады. Олардың физикалық қабілетін жарақатсыз және денсаулыққа зиян келтірместен жақсартуға уәде береді. Осы жарнаманы айтып тұрған жігіттің артында бір таэквондист екіншісін қатты нокаутқа жібереді, кейін үшеуі әлгі баланы сүйреп әкетіп жатады. Қазіргі уақытта бейне Instagram-да 11 миллионнан астам және TikTok-та 350 мың қаралым жинаған. Хаби Лейм деген кім Хаби Лейм түбі Сенегалдан шыққан италиялық блогер. Әлеуметтік желі қолданушыларының оғаш бейнелеріне реакция білдіріп, жариялаумен танымал. Instagram-да оның 80 миллионнан астам, ал TikTok-та 162 миллион жазылушысы бар.
1200Loading...
17
Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде штаттық режимде миссиясын орындап жатқанын мәлімдеді. Сәуір айында Иран өз аумағынан Израильге қарай соққы жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандардың үлкен толқынын ұшырды, бұл Ислам Республикасының еврей мемлекетіне алғаш рет тікелей шабуыл жасауы. Израиль қорғаныс армиясының ресми өкілі (ЦАХАЛ) контр-адмирал Даниэль Хагари алғаш рет сағат 23:00-де шабуыл басталғанын растады. Кейінірек ол Иранның Израильге зымырандар атқанын, ал Иран тарапынан шабуылға тойтарыс беретін израильдік жауынгерлердің қаптап кеткенін айтты. Таяу шығыстағы ушыққан жағдайда Қазақстанның ұстынымы қандай? Толығырақ
1550Loading...
18
Хатта америкалық губернатор Қонаевқа кездесу мен қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, оны Нью-Джерси штатына шақырған. Хатты Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың мұражайы жариялады. “Құрметті Қонаев мырза, Майнер ханым және мен сізбен және сіздің қызметкерлеріңізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Қонақжайлылық танытқаныңыз үшін және бізге мемлекеттік құрылымыңыздың ерекшеліктерін ықыласпен түсіндіріп, көптеген мемлекеттік мекемелеріңізбен жеке танысуға жағдай жасағаныңыз үшін өте ризамыз. Жақын арада Америка Құрама Штаттарына жолыңыз түссе Нью-Джерси штатымен де танысуға келерсіз деп үміттенеміз», — делінген хатта.
1460Loading...
19
Өз сөзінде Тоқаев Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейтінін атап өтті. “Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады”, – деді ол. “Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады”, – деді ол.
1450Loading...
20
Сотта Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова сөз сөйлеп жатыр. Ол өз сөзін Нүкеновалар әулетінен кешірім сұраудан бастады.
1510Loading...
21
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша бүгін жарыссөз жалғасты. Сотталушының адвокаты Лейла Рамазанова өз қорғауындағы Бишімбаев адамды азаптап өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтып, жарыссөзді Абайдың үшінші қара сөзіндегі үзіндімен аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Абайдың сөзінен үзіндімен аяқтады Адвокат Қуандық Бишімбаев адамды азаптады деген бап бойынша кінәлі емес екенін айтады. – Осы жерде адвокат Вранчев кеше былайша айтқанда Қуандықты “құрбандыққа шалу керек” деп айтты. Халықтың 30 жылдан бері қиналуына жауапты етіп көрсеткісі бар. Бірақ неге Қуандық сол үшін жауап беруі керек? Қуандықтың жасы 30 жыл бұрын онда ғана болған. Егер Қуандық жазаланса біздің қоғамдағы мәселелердің бәрі шешілім кете ме? Біз мұнда Қуандықты емес, заңды қорғап тұрмыз. Қуандықтың орнында кез келген эмоционалды адам болуы мүмкін, – дейді Лейла Рамазанова.
1390Loading...
22
Алматы қаласының мемлекеттік архивінде ҚР халық әртісі, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің құрметіне музей бұрышы ашылды. Онда отбасы табыс еткен композитордың өмірі мен шығармашылығына байланысты 100-ден астам құжат пен экспонат қойылды.  Іс-шараға Алматы қаласының мәдениет басқармасы, белгілі зиялы қауым өкілдері, Ескендір Хасанғалиевтің отбасы, туған-туыс, жақын достары мен жас өнерпаздар қатысты. «Архив – бұл халықтың рухани байлығы мен мәдени мұрасын сақтайтын, болашақ ұрпаққа мирас ететін маңызды буын. Бүгін Алматы қаласының архиві Ескендір Хасанғалиевтің жеке қорынан алынған бағалы құжаттармен және заттармен толықтырылды. Біздің ортақ міндетіміз – туған жерге және өз халқына деген сүйіспеншілікті бейнелейтін композитордың шығармаларын сақтау және насихаттау», — деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев. Жалғасы
1360Loading...
23
Адвокат Рамазанованың сөзінше, Бишімбаев Нүкенованың көңілін аулау үшін бәрін жасап, құшағын қымбат сый-сыяпаттарға толтырды. Ал Салтанаттың өзі мұндай жағдайға жеткізді, өзі тілеп алды дейді. Күйеуінің мінезін біле тұра, оны тілдеп, қорлай берді дейді адвокат. Оның бұрынғы өмірін жасырғаны қайғылы жағдайға бірден-бір себепші дейді ол.
1340Loading...
24
Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатындығын қатаң ескертемін. Осыған орай , оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам еліміздің оқушылары, келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында — «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және тағы басқа шаралар қарастырылған, — деді министр. Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын. Биылғы жалғасы
1240Loading...
25
«Айтылатын әңгіме ешқашан қалыспайды ғой. Адам алға баса берген сайын әңгіме көп болады. Ондайға негізі көп көңіл бөлмеймін. Бірақ өсіп келе жатқан қызым отыр, ұлым бар. Бұларға қатты тие ме, жоқ па деп ойламайтын заман болды ғой қазір. Мені тек тура жолда жүрген әкесіндей көріп өссе жеткілікті. Өмірде ешкім пәк емес, періште емес. Әр адамның баспалдағы шығар. Мұның бәрі Алланың сынағы, өтеді де кетеді», — деді әнші, Бүгінге дейін бұл оқиғаға байланысты азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалған. Сот шешімі бойынша биыл 24 қаңтарда Бейбіт Қорған аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында биологиялық үлгілерін тапсырған. 27 ақпанда сот барысында барлық қатысушының көзінше сараптама ашылып, қорытындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алған. Сонымен қатар арызданушы соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұраған.
1440Loading...
26
Қайрат Нұртас сахнада балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды. Әншіге қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабымен хаттама толтырылыпты. Енді Қайрош 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл төлеуі керек.
1480Loading...
27
Тиісті заң жобасы қазір мәжілісте қаралуда. «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесте Нартай Сәрсенғалиев музыка индустриясында көптеген мәселелер бар екенін айтты. Айтуынша, сондықтан елімізде креативті индустрияға арналған заң жобасы әзірленді. Оның ішінде, әншілерді белгілі бір жерде лицензия алуға міндеттейтін норма бар. Сондай-ақ, мәжілісмен елімізде креативті индустрияға жататын экономикалық қызметтің 43 түрі бекітілгенін атап өтті. “Ережелер бұзылған жағдайда әртістерге айыппұл салынады. Сонымен қатар, лицензиясы белгілі бір мерзімге алынады. Құқықты әркез бұзған сайын екі есеге жаза күшейеді. Бұл қоғамның талабы. Жаңа заңнамада біз тиісті норманы қарастырдық және ұсындық. Мемлекеттік органдар бастаманы қолдайды деп үміттенеміз”, – деді Нартай Сәрсенғалиев. Жалғасы
1470Loading...
28
Бишімбаевтың сотына қатысқан Собчак пен Грейске аккредитация берілмеген Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейс аккредитацияға өтініш бермеген. Олардың сот отырысына қандай жағдайда қатысып жатқанын сот өкілдерінен білуге ​​болады дейді.
1470Loading...
29
Әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уалихан Бишімбаев пен анасы Альмира Нұрлыбекова ұлының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың не екенін білмей өскенін айтады. Сотталушының ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске берген сұхбатында баласының қандай қамқор екенін және онымен мақтанатынын жеткізді. Қуандық Бишімбаевтың анасы ұлын жауыз көретін адамдардан бөлек өзін, отбасын қолдайтын жақсы жандардың барын айтты. “Бұл үлкен трагедия. Мен Салтанаттың ата-анасын өте жақсы түсінемін. Біздің отбасыда да қайғырып отыр. Баламыз қамауда отыр. Әлеуметтік желіде негативті материалдар өте көп. Десе де жақсы адамдар да жоқ емес. Жағалау жатқан өтіп бара жатқанда менің жаныма 40 жас шамасындағы әйел келді. Мен бастапқыда “тағы да жағымсыз дүниелер еститін болдым” деп ойлаған едім. Бірақ керісінше, “Апай, сіз Қуандық Бишімбаевтың анасы екенсіз. Мықты болыңыз. Біз сізді түсінеміз және қолдаймыз” деп демеу берді. Сол кезде жеңілдеп қалдым. Жалғасы
1650Loading...
30
Ол түнде қыз ұзататындарды қатаң сынаған. «Түн деген — сайтанның қозатын шағы, жағымсыз энергетиканың қозатын шағы. Оны біздің ата-бабамыз әуелден біліп, бәрін күндіз істеген. Түнгі 12-де қызды ұзатып, өліп-талып алып қашып жатады. Сен неге қызыңды түнде ұзатасың? Алдын неге түнге саласың? Алдын таңға, өрлеп жатқан күнге салу керек. Күнмен бірге өрлеу керек. Қазақ қызды солай ұзатқан», — дейді ол. 800 мыңға жуық қаралым жинаған бұл видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. «Негізі қазақ әу бастан қызын қондырып, ертесі ұзататын. Түнде ұзату дегенді Шымкент шығарды. Содан кейін бәрі соған еліктеп кетті», «Ия, қыздың күндіз өз үйінен шыққаны дұрыс. Қазір үйі жоқ адам ұқсап рестораннан ұзатылады», «Ұзату ғана емес, барлық той-жиын күндіз болу керек», «Қазақ тек күндіз ұзатқан деп қай жерде жазылған? Қазір бәрі аузына келгенін айта беретін болды», — деп жазды олар.
1250Loading...
31
Ақтөбедегі жаңа қоқыс полигонында өрт шықты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Сенбіліктерден кейін полигонға шығарылған құрғақ өрт шыққаны анықталды.  «Қазіргі уақытта қоқыс жанып жатыр. Жануды жоюға 20 қызметкер мен өртке қарсы бөлімнің төрт техникасы, ATK QYZMET компаниясының 12 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды», – деді ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің басшысы Болат Серіков. Сөндіруге қаланың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары да қосылды. ҚР ТЖМ мәліметінше, Атырау облысында тағы бір өрт шықты. 28 сәуірде Құрманғазы ауданы Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақта 250 тоннаға жуық қойма шөп өртенді.
1360Loading...
32
Қызылордалық Ғазиза Мәмбетова да осы келінге алданғандарды бірі. 5-6 млн теңгеге той жасап, қалың малына 1 млн теңге берген ол бүгін де берген ақшасының өтемін талап етіп отыр. 21 жастағы қыз екі жыл ішінде бес отбасына келін болып түскен. Тұрмысқа шыққаннан кейін 1,5 айдан соң қашып кетіп отырған. Бұл туралы келіннің экс-енелері «Көреміз» бағдарламасына келіп айтты, – деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. Жиен келініне алданған Райхан Жұманова мән-жайды басынан бастап баяндап берді. «Жиенім үйленіп, туған әпкем келін түсірді. Қыз бен жігіт болып 1,5 ай сөйлескен. Бұдан бұрын некесі барын білмедік. Алып қашып келген соң үлкен тойды 1,5 айдан соң жасайтын болдық. Түскен кезде ауқымды етіп беташар жасадық. Үлкен тойға бір күн қалғанда бізден алдын келін боп түскен адам хабарласты. «Сендерге түскен келін бәрін сан соқтырып жүр, сендерді де сол жағдайға жеткізбей тұрғанда ертерек қолға алыңдар» деді. Бірден секем алып, шок болдық. Жалғасы
1540Loading...
33
Қуандық Бишімбаев діндар адам болғанын, оның бес рет қажылыққа барғанын айтты. Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оның діни көзқарасы жайлы айтты. Назым Қаһарман Instagram парақшасында оқырмандарының Бишімбаевқа қатысты жолдаған сұрақтарына жауап берді. Экс-министрдің бұрынғы әйелі оның бес рет қажылыққа барып келгенін айтты. «Бишімбаевтың дінге көзқарасы қандай болған?», — деген сауал жолдады желі қолданушысы. «Ол ата-анасы сияқты әрқашан дінге жақын болатын. Мен білуімше, ол бес рет кіші қажылыққа барған. Бірақ оның арқасында дін мен рухани дүние деген екі түрлі нәрсе екенін түсіндім», — деп жауап берді Назым Қаһарман.
1290Loading...
34
Алматыда автобуспен болған ЖКО туралы резонанстық іс бойынша сжалғасуда. 2024 жылғы 26 сәуірде СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ Дархан Ахметжанов соңғы сөзін сөйледі. Алдымен судья сотталушының анасына сөз берді. Ол оның үлгілі және жанжалсыз адам екенін мәлімдеді. «Ұлы мектепті жақсы бітірді. Барлығы оны бәріне көмектесуге тырысқан мейірімді, лайықты адам ретінде біледі. Ол жұмыс істеді, үш баласын тамақтандырды. Мен бұл туралы білгенде шошып кеттім. Бұған дейін ол ешқашан ешкіммен жанжалдасқан емес. Сол күні ол үш айлық баласына асықты. Оның әйелі қоңырау шалып, балаға тамақ әкелуді айтқан. Жүргізуші 100 теңге үшін оны автобустан шығармай, қорлаған екен. Жүргізуші әлі де жанжал тудырғанын мойындамайды. Егер ол оны әкелмесе, онда ол өз аялдамасында тыныш шығып, жолымен жүрер еді. Мен әділ сотқа үміттенемін», — деді судьяға сотталушының анасы Ахметжанова. Сотталушы Дархан Ахметжанов өзінің соңғы сөзінде жәбірленушілерден кешірім сұрады. Ол бұзақылықты мойындады және «абайсызда өлім» бабы бойынша соттан оны ақтауды сұрады
1400Loading...
35
Салтанат Нүкенова көз жұмған күні Бишімбаевқа “сенен раушанның иісі шығады” деп жазған блогер Гүлнәр Насырбекованың сөзінен жұрт астыртын мағына тапты. Ағылшын тілінде come up smelling like roses деген тұрақты тіркес бар. Ол тура мағынасында “раушанның иісі шығып тұр” деп аударылғанымен, тұрақты тіркес “жағдайдан сүттен ақ, судан таза боп шығу” дегенді білдіреді. Кембридж сөздігінде ол тіркес былай деп түсіндірілген: "Өте қиын және адамды жаман жағдайға қалдыратын сәттен де жақсы болып шығу, құтылып кету"
1230Loading...
36
Қазіргі таңда желіде әйелдер құқығы мәселесі кеңінен көтеріліп жүр. Елімізде гендерлік теңдік үшін шаралар жасалғанымен, әлі күнге дейін кей әндер зорлық-зомбылықты ақтап, алып қашуды насихаттайды. Сондай-ақ сексистік сипаттағы туындылар кездеседі. Kznews.kz тілшісі гендерлік стереотиптерді қалыптастыратын және жәбірленушіге виктимблейминг жасайтын әндердің тізімін дайындады. Заңгер, гендерлік экономиканы зерттеуші Айгерім Құсайынқызы осы әндердің қоғамға әсері туралы айтып берді. “Алып қашудың қылмыс емес екенін көрсетеді” Алып қашу – қылмыс. Қылмыстық кодекстің 125-бабы “Адам ұрлау” бойынша саналады. Қыз алып қашқандарға 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бірақ қазақ эстрадасында алып қашуды насихаттап, оны махаббатқа балайтын әндер жетерлік. Ұланғасыр Қамидің орындауындағы “Алып қашамын” әнінде қызды қалауынан тыс мәжбүрлеп алып қашып, келін етіп әкелгісі келетіні айтылады. Әннің сөзін кім жазғаны белгісіз. Толығырақ
1290Loading...
37
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар отандастарымыз марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн: толығырақ
1220Loading...
38
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті сессиясында Сейсмология институтының әлеуеті күшейетінін және жаңадан су бөгендері салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. «Апаттарға қарсы күрестің тиімді жүйесін құруды көздейтін күрделі шаруа шешімін табуы керек. Сондықтан табиғат апаттарымен күресетін пәрменді шаралар қабылдау үшін мемлекет пен ғылымның ықпалдастығын іс жүзінде қайтадан түзу қажет. Менің тапсырмаммен Тараздағы Қазақ гидромелиорация-құрылыс институты қайта құрылады. Сондай-ақ Алматыдағы Сейсмология институтының әлеуеті күшейеді. Климат өзгерістерін зерттеп, тежеуге айрықша назар аударылады», – деді президент кезекті ассамблея отырысында. Ел басшысы су шаруашылығы саласын басқару жүйесі, соның ішінде «ҚазСуШар», «Нұра топтық су құбыры» сияқты компаниялар да түгел қайта құрылатынын баса айтты. Толығырақ
1260Loading...
39
Депутат нан бағасын 500 теңгеге көтеруді ұсынды Жамбыл облысының депутаты Мейрамбек Дөненбаевтың сөзінше, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың басты тетігі – бағаны өсіру. Депутаттың өзі де ауылшаруашылық тауарын өндіруші екен. Қазір еккен бидайы 100 теңгеден де өтпей жатқан көрінеді. Сол себепті нан бағасын өсіру тиімді дейді.
1191Loading...
40
Музыкант 2022 жылдың қазан айында наразылық білдірушілерді, соның ішінде бұл туралы ән жазуды қолдап көпшілік алдында сөйлеген кезде ұсталды. Салехи «Жер бетінде сыбайлас жемқорлықты таратты» деп айыпталды.Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл ұғымға бірқатар қылмыстар кіреді: мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстардан бастап жезөкшелер үйін құруға дейін, ол үшін елде өлім жазасы қарастырылған. 2023 жылы рэперге алты жыл үш айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол Иранның жоғарғы сотының шешімімен өлім жазасынан құтылған еді. 2024 жылы 24 сәуірде рэпердің адвокаты Амир Раисян ирандық «Sharq» газетіне Исфаханның революциялық сотының бірінші бөлімі жоғарғы соттың шешіміне қарамастан рэперді өлім жазасына кескенін айтты. Ол әлі заңды күшіне енбеген үкімге міндетті түрде шағымданамын деп уәде берді.
1120Loading...
00:30
Video unavailableShow in Telegram
Бұл туралы ол “Әдеби терапия” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz “Мен үшін “Абай жолы” жергілікті шығарма, ұлы шығарма емес. Ол тек біз түсінетін шығарма. “Нобель сыйлығын алған шығарманы түсінеміз, өйткені ол ұлы адамзаттық проблемалар. Мен үшін “Қараш, қараш оқиғасы” әдемірек”, — деді Перизат Мырзахмет.
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Білім Вице-министрі Наталья Жұмаділдаева 2024 жылғы 15 мамырда ОКҚ брифингінде Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырауды өткізу форматының өзгеруін түсіндірді. Журналистер Қазақстанда соңғы қоңырауды өткізудің жаңа форматы туралы айта отырып, адамдардың наразылығын атап өтті. Олардың айтуынша, бұл Ұлы Отан соғысы жылдарында да жойылмаған мерекенің алынып тасталғандығына наразылық көп.  Олар неліктен соңғы қоңыраудың 11-сыныптарда ғана өтетінін сұрады. Бұған жауап ретінде білім вице-министрі Наталья Жұмаділдаева орта білім міндетті болып табылатын деңгейлердің бірі екенін және бұл Конституцияда жазылғанын айтты. «Орта білім алу — бұл бала мен отбасының тікелей міндеті, сондықтан оқу жылын аяқтау – бұл болашақта баланың жетістігін қамтамасыз ететін білім алу факторларының бірі. «Менің білімім жалғасы
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Алматыдағы караоке-барлардың бірінде төбелеске қатысқаны үшін айыпталып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған актер Асқар Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында жиі жазба қалдыратыны оқырмандардың таңданысын турдырды. Бұл ол сүйген қызымен түскен фотосын жариялап, ерекше жазба қалдырған. «Ешқашан…Естисіздер ме, ешқашан сізді сүйген адамның көңіліне тиіп, ренжітпеңіз. Тіпті сіздің ол адамға деген ешқандай сезіміңіз болмаса да. Себебі, сіз қиын жағдайға тап болғанда сол адам ғана жаныңыздан табылуы мүмкін», — деп жазды ол. Желі қолданушылары түрмеде жазасын өтеп жатқан актердің әлеуметтік желіге жазба жариялағанына таң қалуда.
Hammasini ko'rsatish...
🍌 1
Photo unavailableShow in Telegram
Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген Мұхатар Әблязовтың тағы бір сыбайласы — Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды», — делінген хабарламада. Толығырақ
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Ресейлік блогер Наталья Грейс Қуандық Бишімбаевтың сот процесі жайлы пікірін айтты. Ол процес кезінде сотталушының әке-шешесінен сұхбат алып, сотқа қатысып, видеоматериал жариялаған еді. Грейс Астанада өз өмірін қатерге тіккенін айтады.
— Мен кейде оттвң ортасында, үмітсіз жағдайда жүрем. Сізден қандай да бір материал табу үшін өз өмірімді қатерге тігем. Осы сұхбатты көрсету үшін мен мысалы Астанада өз өмірімді қатерге тіктім. Осыдан кейін сіздер хейтерлерге қалай қосыласыздар? Осыншама қайырымсыз болуға бола ма? —
дейді ол.
Сондай-ақ, ол өзіне қоқан-лоққы жасалғанын мәлім етеді. «Салтанат Заңы» қабылдануы керек. Бірақ бұл Қуандықтың анасы, оның балалары мен туыстарын күл-парша қылып, кір жағып, қорлау керек дегенді білдірмейді. Заңға сәйкес қатаң әрекет ету керек. Өркениетті қоғамда қалай әрекет етсе, солай әрекет ету керек. Әйтпесе, бұл адамдар Бишімбаевтан қалай ерекшеленеді? Олар одан да жаман», — деді ол.
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Тележүргізуші Қымбат Досжан туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельевке қатысты тағы бір жаңа дерек айтты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, сегіз әйел қан тапсырған. «8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз», — деп жазған журналист.
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Алма Есімованың сөзінше, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалу үшін 11 алқаби бірдей дауыс беруі керек.
«Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тек 11 адамның, 10 алқабидің және судьяның дауыс беруі арқылы ғана тағайындалуы мүмкін екенін ескертемін. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмау себебі, кеңесу бөлмесінде алқабилер ортақ пікірге келмеді», – деді Есімова.
Сондай-ақ ол Қазақстанның сот тәжірибесінде алғаш рет ересек адамды ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жыл мерзімге жаза тағайындалғанын айтты.
«Ақпарат үшін, соңғы жылдардағы сот тәжірибесіне үңілсек,  бұған дейін ересек адамға қатысты ерекше қатыгездікпен қасақана кісі өлтіру үшін 15 жылдан 17 жылға дейін жаза қолдану тәжірибесі болды. Шамасы, ауырлататын мән-жайлардың болуы, оның ішінде Бишімбаевтың қауіпті рецидив екені ескерілді», – деді ол.
Алма Есімованың сөзінше, Қуандық Бишімбаев шартты түрде босату туралы өтінішті 16 жылдан кейін бере алады.
Hammasini ko'rsatish...
00:34
Video unavailableShow in Telegram
Салтанат Нүкенованың әкесі сот шешімімен келіспейтінін айтты. Амангелді Нүкенов екінші айыпталушы Байжановқа шығарылған үкіммен келіспейтінін жеткізді.
Hammasini ko'rsatish...
00:38
Video unavailableShow in Telegram
Прокурор Саяхат Нұрбек Бишімбаевтың жәбірленушілердің рұқсатынсыз бостандыққа шықпайтынын айтты
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Сот үкімі шықты. Экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ал Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Hammasini ko'rsatish...