cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

Ko'proq ko'rsatish
Advertising posts
5 476Obunachilar
-424 soatlar
+37 kunlar
-10230 kunlar
Po'stilar arxiv
Жаңалық деп осыны айт! Аралдан динозаврдың сүйегі табылған дей ме? https://kyzylorda-news.kz/kogam/ghalymdar-aral-mangynda-70-mln-zhyl-buryn-oemir-suergen-dinozavrdyng-suejekterin-tapkhanyn-habarlady-26-04-2024
Hammasini ko'rsatish...
👍 6
Тілеуімбетов төраға тағында «AMANAT» партиясы Жарғысына сәйкес облыстық филиалдың Саяси кеңес Бюросында облыстық мәслихаттың төрағасы лауазымына кандидатураны келісіп, Фракция арқылы сессияға ұсыну қарастырылған. Фракция мүшелері сессия жұмысының алдында партияның облыстық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихаты төрағалығына ұсынылған Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлының кандидатурасын бірауыздан қолдап, мәслихаттың сессиясына ұсынған болатын. Соған сәйкес, сессия барысында облыстық мәслихат депутаттары Наурызбай Сейтқалиұлы Байқадамовтың ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты байланысты, оны облыстық мәслихат депутаты, мәслихат төрағасы қызметінен босатып, мәслихаттың жаңа төрағасы қызметіне ашық дауыс беру жолымен Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлын бірауыздан сайлады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 6
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Жасыл аймақ» апталығымен жалғасуда. Отбасы – шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің де басты қызметтері бар. Солардың бірі – ағаш отырғызу. «Жасыл аймақ» апталығында жаңадан шаңырақ көтерген 10 отбасы былтыр ғана ел игілігіне берілген Отбасы орталығы аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, игі іске жұмыла кірісті. «Атадан мал қалғанша,тал қалсын» деген сөз бар. Жас отбасылар отырғызған ағаш расында жаңа өмірдің алғашқы баспалдағын аттаған жас жұбайлар іспеттес. Күтімі күпті,бабы мықты болса сол ағаштың да жапырағы жайқалып, берік әрі мығым бола түседі. Ізгі шараға атсалысқан жас отбасылар экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарды артыруды көздеген науқан аясында қала тұрғындарын барынша белсенді болуға шақырды. Естелік ретінде шара соңында жас отбасылар фотозоналарда түсірілім жасап, көтеріңкі көңіл-күйде шараны қорытындылады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Шиелі кентіндегі электр желілерін қайта құрылымдауға өткен жылы 100 млн теңге бөлінсе, биыл 619 млн теңге қаржы қаралып, тозығы жеткен трансформаторлар мен желілер ауыстырылып жатыр. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жобалық құны 4,5 млрд теңге болатын Шиелі кентіндегі қосалқы станцияны қайта жаңғыртуға Ұлттық қор есебінен 1,5 млрд теңге бөлінген. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бидайкөл, Жиделіарық, Ә.Тәжібаев ауылдарының сыртқы электрмен қамту желілерінің құрылысына республикалық бюджеттен 153 млн теңге қаралды.
Hammasini ko'rsatish...
Өткен жылы Жаңақорған кентінде 50 отбасы баспанаға ие болды. Биыл 150-ге тартатұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кенті мен Жаңарық елді мекенінде құрылыс басталды. Жаңа білім ордалары алдағы оқу жылында іске қосылады.
Hammasini ko'rsatish...
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу жоспарланғаны айтылған. Қолда бар дерекке сенсек, биыл 6900 орындық 10 мектеп, 2025 жылы 5400 орындық 11 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Құрылысы былтыр басталған барлық мектептерге жер телімдері беріліп, құжаттары рәсімделді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Тереңөзек кентінде 1 мектеп салынады.
Hammasini ko'rsatish...
Биыл соңғы қоңырау болмайды "Су тасқынынан орын алған жағдайға және 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 24 мамыр күні барлық мектептерде сабақта 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты ұйымдастырылады. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен оқу жылын қорытындылайды. Су тасқыны болған өңірлердегі сабақ қашықтықтан ұйымдастырылған балалар үшін сынып сағаттары онлайн форматта болады" - деді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
Қазақстанда 600 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылған 2024 жылдың ақпан айында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің басшысы Әсет Оспанов республика бойынша 6 мың ата-ана есепке алынып, 12 мыңы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, 600-і ата-ана құқығынан айырылып, 340-ы шектелгенін айтқан еді.
Hammasini ko'rsatish...
Торғай өзені көтерілді: Ақтөбедегі Ырғыз ауданын су басып жатыр Нұрада 67 үй, Мамырда – 10, Белшерде 4 үй су астында қалды. 25 сәуірге қарай олардың саны өсті. Нұрада 84 үйді су басып қалды. Ауыл аудан орталығынан 90 шақырым жерде орналасқан, қазір тек айналма жол бар және ұзындығы – 180 шақырым . Ауылда 112 үй, 691 тұрғын бар. 14 сәуірде мұнда биіктігі 2 метрге дейін судан қорғау үшін салынған бөгетті су шайып кетті. Бөгет 5 шақырымға нығайтылды, ені – 3 метр, биіктігі – 2,5 метр. https://kyzylorda-news.kz/kogam/torghaj-oezeni-koeterildi-akhtoebedegi-yrghyz-audanyn-su-basyp-zhatyr-26-04-2024
Hammasini ko'rsatish...
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын өсіруді ұсынған. Халық қалаулысының сөзінше, нан 500 теңге болуы керек екен. “Шынымды айтсам, нан өте арзан. Нанның құны 500 теңгеден кем болмауы тиіс. Мен өзім ауылшаруашылық тауарын өндірушімін. Менің бидайым қазір 100 теңгеден де өтпей жатыр, – деді Мейрамбек Дөненбаев.
Hammasini ko'rsatish...
👎 12
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА "РУХАНИЯТ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Биылғы «Руханият жылы» аясында Қызылорда облысының өнер және мәдениет саласында серпінді, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Кешелі бері көпшілікті қуантқан ақжолтай жаңалықтың бірі – барлық аудан орталықтарында 11 млрд. 500 млн. теңгеге тәулік бойы жұмыс жасайтын кітапханалары бар «Руханият» орталықтарының құрылысы басталды. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданындағы «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, еңбек ардагері Әзия Қыстаубаева қатысып, аудан тұрғындары да жиналды. Аймақ басшысы жаңа нысанның салынуына негіз болған мақсат, жас ұрпақ тәрбиесіндегі ардагерлер мен аналардың рөлі турлы айтып, ауданның жетістіктеріне тоқталды. Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсімінде Мұрат Әбенов пен Әзия Қыстаубаева тұрғындарды құттықтады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 3
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КІТАПХАНАСЫ БАР «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданында «Руханият» орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, мәдениет саласының ардагері Әлмырза Ноғайбаев қатысты. Аймақ басшысы барлық ауданда бой көтеретін «Руханият» орталықтарындағы кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейтінін, орталықтар құрылысына бюджеттен 11 млрд 500 млн теңге бөлінгенін айтты. Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар ашу – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, кітап оқитын ұлтқа айналу жолындағы аса маңызды қадам. Оның оқырмандарына әлемнің әр түкпірінде басылып шыққан көркем шығармалар, арнаулы әдебиеттер қолжетімді болмақ. Жиында Мұрат Әбенов пен Әлмырза Ноғайбаев жиналған қауымды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Hammasini ko'rsatish...
3
Гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттан 1 млрд теңге жымқырылған Бұл туралы қаржылық мониториң агенттігі хабарлады. Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты, — делінген хабарламада. Қаржылық мониториң агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың жұмсалуын тексеретініне де тоқталды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Қызылорда қалалық білім бөлімінің жаңа басшысы – Жанат Садвакасова.
Hammasini ko'rsatish...
👍 33 1
Tik Tok-қа шектеу қойылған дұрыс па?Anonymous voting
  • Иә, қолдаймын!
  • Жоқ, қарсымын!
0 votes
👍 1
Елімізде Tik Tok әлеуметтік желісіне шектеу қойыла ма? Бұл сұраққа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді.
Hammasini ko'rsatish...
Қазақтардың саны 14 миллионнан асты Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны алғаш рет 14 миллион адамнан асып, 2024 жылдың басына қарай 14 миллион 220 мың адамға жетті, — делінген хабарламада. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары республикадағы қазақтардың үлесі 39,7% болған. Қазір 70,98%-ға дейін өсті. Статбюро дерегінше, елдегі басқа ірі этностар – орыстар (2,98 млн), өзбектер (660,6 мың), украиндықтар (375,9 мың), ұйғырлар (301,6 мың).
Hammasini ko'rsatish...
🔥 1
Орталық алаң жаңа кейіпке енуде Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы да қойылатын болады. Ыбырай Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен Орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады. Көпшілікке көзайым боларлық жобаны бұл салада мол тәжірибесі бар «Техоснастка-Ремсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. – Қазіргі таңда құрылыс жұмысының 70 пайызы бітті. Маусым айына дейін жөндеу жұмысы толықтай аяқталып, қала тұрғындарына пайдалануға беріледі. Орталық алаңға енген өзгерістер қала тұрғындары мен жастардың талап-тілектерін ескере отырып жасалды. Сырдың перзенті, меценат Асқар Әубәкіровтің қолдауымен 1 млрд теңге бөлініп, қызу жұмыс басталып кеткен еді. Алаңдағы ашық жатқан жерлер жасыл екпелермен көмкерілетін болады. Қалада бұрын болмаған, арнайы тапсырыспен алынған ағаш түрлері егіледі. Ерекше архитектуралық формалар мен тұрғындарға арналған демалатын орындар да қарастырылуда, – дейді қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай.
Hammasini ko'rsatish...
👍 8
Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда 860 сантиметрден асты Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. «Казгидромет» РМК БҚО филиалының 22 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша облыс орталығында су деңгейі бір тәулікте 10 сантиметрге жоғарылады.
Hammasini ko'rsatish...
Бүгін Жыраулар үйінде Арал аудандық мәдениет орталығының жыршы-жыраулары мен шәкірттерінің жыр кеші өтті. Концертте Арал өңірінің мақам-саз, жырын халыққа насихаттап жүрген республикаға танымал жыршы-жыраулары қазыналы қазақтың рухани өнерлерін тыңдарман қауымға паш етті.
Hammasini ko'rsatish...
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын тұтқындаған. Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, аталған басқарма басшысы жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұсталған.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Синоптиктер ескерту жасады: Қазақстанның 7 қаласында ауа ластануы мүмкін Қазгидромедтің хабарламасында: "2024 жылғы 19 сәуірде Ақтөбе, Астана, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - деп жазылған.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
https://kyzylorda-news.kz/ Еліміздегі және аймақтағы өзекті жаңалықтарды ақпарат агенттігімізден оқып отырыңыздар!!!
Hammasini ko'rsatish...
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте білім саласының өзекті мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы қала, аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар жұмысын сынға алды.
«2024 жылдың 3 айының қорытындысына қарағанда, облыста кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға төмендеген. Дегенмен, жекелей алғанда кейбір қылмыс түрлерінің саны артқан. Қала, аудан әкімдіктері жанында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар бар. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, топтық төбелестердің алдын алуға тікелей жауапты болғанымен, жұмысы нәтижесіз. Ешқандай зерделеу, талдау жоқ. Комиссия мүшелері адрестік-профилактикалық жұмыс жүргізбейді. Тек, мұғалімдер мен инспекторлардың зерттеулеріне сүйеніп, шешім қабылдайды. Мұны бала тағдырына бей-жай қарау деп есептеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Hammasini ko'rsatish...
👍 2 1
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
ТЖМ хабарлауынша, су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 800 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 19 071 адам өз үйлеріне оралды. 8 914 адам, оның ішінде 4 019 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 237 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді. Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 6 046 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда. Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 44 121 адам, 4 610 техника, 858 су сору құралы, 339 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Hammasini ko'rsatish...
6
СЫР ТЕАТРЫ - АЛМАТЫДА Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры Алматы қаласына гастрольдік сапарын ұйымдастыруда. Театр ұжымы екі күн бойы Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен Алматы мемлекеттік қуыршақ театрында өнер көрсетеді. Майталмандар сахна шымылдығын әлемнің ең әйгілі драматургтарының бірі У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясымен ашты. Қойылымды кино және театр актеры, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор, Қазақ КСР халық артисі, КСРО халық артисі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов және алматылық зиялы қауым өкілдері мен жерлестеріміз тамашалады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 3
СӘТТІ КАДР😍 #сәттікадр #қызылорда 📸Фото авторы: Нұрболат Нұржаубай
Hammasini ko'rsatish...
👍 4