cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Qyzylorda NEWS

• Өзекті жаңалықтар • Санайғақтар • Сараптамалар 🔻Ресми сайт🔻 https://kyzylorda-news.kz/

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
5 462
Obunachilar
-424 soatlar
-217 kunlar
-9330 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат Атырау облысы бақылауда. Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Өткен тәулікте 70 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 202 мың қапшық төселді. Осы сағатта республика бойынша 43 015 адам өз үйлеріне оралды. 6 338 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 710 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам адам, 1 529 техника, 226 су сору құралы және 100 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма және Кіші Үлбі өзендерінде су деңгейі көтерілді. Алтай және Глубоковский аудандарына ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары жіберілді. Аэровизуальды барлау жүргізілуде.
Hammasini ko'rsatish...
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының сол жағалауына салынатын жаңа стадионның іргетасын қалау рәсіміне қатысып, қала тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен және құрылыстың басталуымен құттықтады.
Hammasini ko'rsatish...
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Құрметті қызылордалықтар! Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы «Егемен еліміздегі барлық этностық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік» деп атап өтті. Бұл мерекеде еліміздің барлық тұрғындарының ынтымақтастығы мен достығының, бейбіт өмірінің жарқын көрінісі дәріптеледі. Ал бейбітшілік, тұрақтылық және келісім – мемлекетіміздің негізі ұстанымы. Атаулы күн әрбір қазақстандықтың Отанға сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, азаматтық борыш туралы түсінігін орнықтырады. Татулық туын биік ұстаған Сыр елінде 35 этнос өкілдері өмір сүреді. Облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы да өзара түсіністіктің, ынтымақтың салтанат құруына өзіндік үлес қосып келеді. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің баға жетпес байлығымыз! Оны сақтау, нығайту жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Бүгінде елімізбен бірге аймағымыз да экономикалық, әлеуметтік, рухани тұрғыдан ілгерілеуде. Бейбітшілік пен татулық, жұдырықтай жұмылған бірлік бізді бұдан да жарқын, баянды болашаққа бастайды. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы берекелі тірлігіміз жалғаса берсін!
Hammasini ko'rsatish...
👍 7 1
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!
Hammasini ko'rsatish...
5
Жүргізушілерге ескертпе жасалды! Құрметті көлік жүргізушілері жолда жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз!
Hammasini ko'rsatish...
👍 2 1
Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталды.
Hammasini ko'rsatish...
Шиеліге жыл сайын 8 мыңға жуық турист келеді. Жері – абат, құшағы – салқын-сабат Шиеліде туризм саласы түрленіп келеді. Айталық, киелі де қасиетті мекенді тамашалауға ниет білдіргендер саны да өсіп келеді. Сала бойынша ауданда орналасқан тарихи мұра «Оқшы ата» кесенесі, «Бала Сауысқандық» шатқалындағы тасқа қашалған көне суреттер, «Нартай Бекежанов» мемориалды өнер музейі, «Ыбырай Жақаев» күріш өсіру тарихи музейлерін аудан қонақтары келіп тамашалауда. Сонымен қатар Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» көлінің жағалауындағы жазғы демалыс орындарына қызығушылық танытып, келушілердің қатары көбеюде. Қала берді Дарбаза, Қосқөл мен Ақбұлақтың өзі ғажап бір туризм дерсіз.
Hammasini ko'rsatish...
👍 6
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутатын тіркеді. Орталық сайлау комиссиясында Н.С.Байқадамовқа Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Қармақшыда жаңа демалыс аймағы салынбақ Жуырда Қармақшы аудан әкімі Жандос Еркінбек тиісті аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар мен аудандық қоғамдық даму бөлімінің басышысы Нұрлыбек Сайымов пен бірқатар сала басшыларымен бірге Жосалы кентінде жаңадан салынатын жағалау орнын көріп, құрылыс жұмыстарының жоспарымен танысты. Жазғы демалыс аймағы Сырдария өзенінің жағалауында орналаспақ. Аудан әкімі ауданымыздың экожүйесін сақтай отырып, тұрғындардың демалуы үшін неғұрлым ыңғайлы әрі тартымды орта жасаудың маңыздылығына тоқталып, осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына және кент әкіміне жұмыстарды мерзімінде және сапалы етіп жасауды тапсырды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
Жаңалық деп осыны айт! Аралдан динозаврдың сүйегі табылған дей ме? https://kyzylorda-news.kz/kogam/ghalymdar-aral-mangynda-70-mln-zhyl-buryn-oemir-suergen-dinozavrdyng-suejekterin-tapkhanyn-habarlady-26-04-2024
Hammasini ko'rsatish...
Ғалымдар Арал маңында 70 млн жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың сүйектерін тапқанын хабарлады

Kyzylorda-news.kz  Словакия палеонтологтары Арал маңынан 70 млн жыл өмір сүрген көне жануарлардың қалдықтарын тапқан. Арасында

👍 6