cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

MURENTOS

Ko'proq ko'rsatish
Qozog'iston7 954Til belgilanmaganToif belgilanmagan
Reklama postlari
132
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
Ma'lumot yo'q7 kunlar
Ma'lumot yo'q30 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Hammasini ko'rsatish...
𝐌 𝐔 𝐑 𝐀 𝐋 𝐁 𝐄 𝐊 𝐚𝐠𝐚𝐢

🚀Өз-өзіңді шектеме!🚀 Негізі Джордж Данцигтің ата-анасы оның есімін әйгілі жазушы Джордж Бернард Шоу сияқты атақты жазушы болсын деген ниетпен қойған екен. Бірақ баланың геометрияны қатты жақсы көргенін байқаған әкесі оған демеу беріп, қолдау көрсеткен. Бұл жағдай әйгілі математик Джордж Данцигтің студент кезінде болған еді. Кейде таң атқанша кітаптан бас көтермей, түнді ұйқысыз өткізетін Джордж бірде профессор Нейманның дәрісіне 20 минутке кешігіп келеді. Тақтадағы екі есепті үй тапсырмасы деп ойлап қалған студент оны бірден дәптеріне көшіріп алады. Тапсырма оңайға соқпады, дегенмен Джордж оны бірнеше күн бойы шығарып, профессорға алып келеді. Ұстазы есеп шешуін самарқау қабылдап алады. Алайда бірнеше апта өткен соң, таң ата бере профессордың өзі Джорджты үйіне іздеп келеді. Сөйтсе, кешігіп жеткен студент бұл «үй жұмысының» ғасырлар бойы әлем математиктері бас қатырып келе жатқан есеп екенін білмеген екен. Осылайша студент Эйнштейннің өзі шығара алмаған бір емес, екі есептің шешімін тапқан. Кейіннен өзі де мойындайды:…

Hammasini ko'rsatish...
𝐌 𝐔 𝐑 𝐀 𝐋 𝐁 𝐄 𝐊 𝐚𝐠𝐚𝐢

Бір күні сабақта; -Балам үй жұмысың қайда? -Ағай, орындамадым. -Неге? -Желание болмады. -Қазір білімің болмаса көшеде қаласың, бұрынғыдай әке, көкенің заманы жоқ балам. Желание күнде бола бермейді, кей кездері өзіңді сәлде болса қинап оқу керек. Сен осы пәнді өзің таңдап келіп отырсың ғой -Ой ағай “Мектептегі бағалар өмірдегі жетісіктерге әсер етпейді” -🤦🏻‍♂️... Кез келген жеңістің артында үлкен еңбек пен жанқиярлық тұрады. Кейбір оқушылар “Мектептегі бағалар өмірдегі жетісіктерге әсер етпейді” деген сөзді қате түсінеді. Ол сөзді егер сіз барыңызды салып оқисыз, тырысасыз, бірақ түсінбейсіз немесе мұғалім сізді дұрыс бағаламай төмен баға қойса, онда сіз бұл сөзді айтуға толықтай құқылысыз! Өкінішке орай кей оқушылар жалқаулығын, табансыздығын, жігерсіздігін жабу үшін осы сөзді қолданады. Өзін жеңген оқушыларым: @nassyrofff 120 балл @t_dildakhan_ 120 балл @just.maull 110 балл @abdrazak02 107 балл Бұл барлығы емес, қалған оқушылармыздың жетістігін @dostykbilim.kz парақшасынан көре аласыздар!

Hammasini ko'rsatish...
𝐌 𝐔 𝐑 𝐀 𝐋 𝐁 𝐄 𝐊 𝐚𝐠𝐚𝐢

Қазіргі оқушыларда 5 үлкен әлсіз жағы бар. Солардың біреуі және бірегейі оқушылар ӨЗІ ҮШІН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ алмайды. Егер оқушы болсаңыз есіңізге түсіріп көріңізші. Мысалы туған күнге барғыңыз келеді бірақ досыңыз 👭барса барасыз, бармаса бармайсыз. Бір жаққа қыдырып шыққыңыз келеді сол жаққа досыңыз немесе сыныптасыңыз 👩🏻‍🤝‍👨🏼барса ғана барасыз. Ағылшын курсына қатысқыңыз келеді бірақ қатыспайсыз, себебі досыңыз маңызды емес деп санайды. Алысқа бармай-ақ қояйық алда мамандық таңдау келе жатыр. Тағы да шешім қабылдай алмайсыз. Ата анаңыздың немесе таныстарыңыздың ойынан шыға алмайсыз. Басқа қалада оқығыңыз келеді бірақ жалғыз барудан қорқасыз, бірақ досыңыз барса барасыз. Өзіңіз іштей қалап тұрсаңызда басқаларға тәуелдісіз👎. Өзіңіз жеке шешім қабылдап үйренбегенсіз. Бұл басқалармен ақылдаспа деген сөз емес ақылдасыңыз, сөйлесіңіз бірақ жан дүниеңіз қалап тұрған шешімді қабылдап үйреніңіз. Қазір еш нәрсе білінбейді, бірақ өскен сайын зардабы да үлкейе береді. Сізде осындай минус бар ма?

Hammasini ko'rsatish...
𝐌 𝐔 𝐑 𝐀 𝐋 𝐁 𝐄 𝐊 𝐚𝐠𝐚𝐢

-Адам өмірге не үшін келеді? -Бақытты болу үшін келеді -Бақытты болу үшін не болу керек? -Жүрек тыныш болу керек -Жүрек тыныш болу үшін не істеу керек? -Аллахты еске алу керек! -Ммм... . ҰБТ кезінде Аллахты еске алып, ҰБТ біткесең ұмытып кетпеңдер))

Hammasini ko'rsatish...
𝐌 𝐔 𝐑 𝐀 𝐋 𝐁 𝐄 𝐊 𝐚𝐠𝐚𝐢

☘️Егер сіз студент немесе оқушы болсаңыз міндетті түрде оқыңыз! Оқушыларман және оқырмандарымнан мамандық таңдауға байланысты көптеген сұрақтар келіп жатыр. Осы сұрақтар негізінде талапкерлердің ойында екі үлкен қате түсінік бар екенін байқадым. Сол жайында тоқталсақ. 1. Мамандықты біреуден сұрау. Оқушылар меннен қандай мамандыққа барсам дұрыс деп сұрайды. Мен не деп жауап берем? Адамның бойында қандай қасиет, қандай қабілеті бар екенін және оның қай мамандыққа сәйкес келетінін өзінен артық ешкім білмейді.Білмесеңіз өзіңізді зеттеңіз, ойланыңыз. Таба алмасаңыз қабілеттілікті анықтайтын тесттер (DISK)және орталықтар бар соған барып көру керек. Бұл өте маңызды. Егер мамандық таңдаудан қателессеңіз өмір бойы өкініп өтуіңіз мүмкін. 2. Көп оқушылар мамандықты зарплатасына қарай таңдайды және бітіргеннен кейін сол зарплатаны аламын деп ойлайды. Бұл мамандық таңдаудағы ең үлкен қате пікір. Себебі сіздің болашақта алатын зарплатаңыз мамандыққа байлансты емес, сізге байланысты. Егер сіз сол мамандықты…

Өмір әрқашан маған қарама-қайшылықты дәлелдеуге тырысатынына қарамастан, мен жақсылық сөзсіз жамандықты жеңуі керек, әлемде шынайы достық әлі де бар, ал байланыстар мен пайда іздеуге емес, шынайы сүйіспеншілікке, есептеуге болмайды. ... Мен ғажайыптарға сенуді жалғастыра беремін, ең бастысы, әрқайсымыз кем дегенде бір рет кішкентай керемет жасай аламыз.
Hammasini ko'rsatish...
Жұмыс жасаудың 4 басты себебі бар. Басқа да себебі бар шығар, алайда мен білмеймін. 1- Күн көріс үшін. Тек қазіргі шығындарды жабу үшін ғана жұмыс жасау. Келіп қалған квартираның ақысы, кредит, балалардың садигі үшін. Бұл жерде ешқандай романтика жоқ. Алған білімің мен оқыған кітаптарың фантазиядан ары аса алмайды. 2- Өміріңді өзгерту үшін. Қалтада кішкене болса да артық ақша қалу үшін. Сол себептен көбірек жұмыс жасауға дайынсың. Отыратын жерді ойлану үшін қолдануды қоясың. Бұл еркіндікке апаратын алғашқы қадам. 3- Ескі өмірге қайтпас үшін. Қиналып автобуспен жүрген кезіңе, айлықтан айлыққа өмір сүрген кезіңе, банктен төлем күні өтіп кеткен кредитті еске салатын званоктарға оралмас үшін, күніге маңдайың шылқығанша, миың жарылып кеткенше жұмыс істейсің. 4- Сен діттегеніңе жеттің, жұмыс саған ұнайды. Жұмысыңды сүйесің. Сен ұнаған жобаларыңды алып, жүзеге асырғың келеді. Сен ақша үшін емес, процесс ұнаған үшін жұмысқа келесің. Елге пайдаң тиіп, жақсылық жасағың келеді. Аз да болса, әдемді өзгерткің келеді. Есесіне табысың да ұлғаяды.
Hammasini ko'rsatish...