cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

↝ dámelen

мән іздейміз.✨ өзім: @jazarymbar инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
1 964
Obunachilar
-224 soatlar
-77 kunlar
-4030 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

«Сені жоғалтып алғым келмейді» дейтін, тілегі мен тірегін сенен аямайтын адамыңның болғаны өміріңе мән үстейді.
Hammasini ko'rsatish...
21
Өзіңе ғана көмектесе аласың. Басқаға жәрдем беремін деп жармаспа. Ешкім сұрамаса да, «мен жақсырақ білемін» деп құтқарушы болма. Қауіптен қоғаштай берме. Өз тәжірибесін тірнектеп жинасын. Дәмін өзінше татсын. Шын жанашыр болсаң, тек «қармақ бер».
Hammasini ko'rsatish...
16
Мен тұратын үйге жақын маңда кітапхана жоқ. Сөрелерде тізілген кітаптар арасында, кітап парағынан басқа ештеңе естілмейтін жерде кітап оқуды сағындым. Ол сағыныштың, тіпті, иісі де бөлек қой.✨
Hammasini ko'rsatish...
12
📕 «Балалықтан даналыққа» 👤 Сейілбек Мырзабай 📖 256 бет Жалпы, «Отбасы хрестоматия»-сының көкіректі рухани ілімге толтыру керек, адам мән іздеп өтуі қажет деген ұстанымдары жаныма майдай жағады. Расымен, бір ғылымды үйренбес бұрын, дінге ден қоймас бұрын, өнер өресіне шықпас бұрын көкірегіңдегі «мен»-іңде бірдеңе болғаны жөн. Бұл кітап, асылында, педагогтар мен тәрбиешілерге, ата-аналарға құрал іспетті екен. Алайда қарапайым біз бен сіз секілді оқырманға да берері көп. Бала тәрбиесі, ата-ана болу, мұғалімдік қызмет, жастар арасындағы түрлі мәселелер сөз болады. «Бала кезімде неге олай қылдым екен?», «Менің мына мінезім қайдан қалыптасқан?», «Балам болғанда қалай әрекет етемін?», «Іні, қарындасымдағы бұл қылық қайдан пайда болған?» деген сұрақтарға жауап табуға болады. «Е-е, осылай екен ғой» деп те қаласың. Автор өз өмірінен, қызмет барысындағы оқиғалардан мысалдар келтіреді. Бұл кітапты одан әрмен шынайы әрі шытырман ете түскен. Бұдан бөлек, психология ғылымдарының докторы, логотерапевт Элизабет Лукастың тәжірибелері, логотерапияның іргесін қалаушы Виктор Франклдың идеялары түйінделген. «Отбасыға арналған логотерапияның үш ережесі» деген бөлімі ерекше ұнады. #оқығаным
Hammasini ko'rsatish...
5
Türkçeyi özledim ve arkadaşımın önerdiği diziyi izledim. Adı «Aşk 101». Çok beğendim. Bir günde tüm bölümleri izledim. Herkese tavsiye ederim.✨
Hammasini ko'rsatish...
11
Жақыныңның жабыққанда жаныңда болуы жан тыншытады. Кейде адам жағдайды бір жақты көреді я жеткілікті баға бере алмайды. Шырмалып, шалдығып қалады. Жаның жаншылғанда сол бір тынысты беретін адам бәріне керек-ақ.
Hammasini ko'rsatish...
11
Табиғатыңды таптатпа. Оны қорға. Өзгертсең – тек жақсы жаққа.
Hammasini ko'rsatish...
8
📕 «Бәріне қолыңды бір сілте немесе өміріңді жеңілдету өнері» 👤 Марк Мэнсон 📖 188 бет Маған бұл тақылетті кітаптар ұнамайтын-ды. Бірақ мына кітаптың жайы бөлек екен. Айта кету керек, автор кітапта «бәріне қолыңды бір сілтей алмайсың» дейді. Сондай-ақ айнаның алдында тұрып алып «мен мықтымын», «әдемімін», «қолымнан бәрі келеді» деп афирмация, визуализация жасаудың да ақымақтық екенін айтады. Бәрі құлдырап, құрып жатқанда еңсеңді көтер, жақсыны ойла деп өзіңді құрықтауға да болмас дейді. Кітап өмірді өзгертеді деп айта алмаймын. Тек ойыңа ой ұштамаса. Автор бәріне немқұрайлы қара демейді. Құндылықтарды дұрыс қою, шын маңыздыға баса назар аударуды насихаттайды. Философияны да, интеллектуалды әңгімені де таппайсыздар. Бәрі қарапайым, ауызекі тілде. Кей жерде әзіл, қайбір тұста дөрекілік кездеседі. Күшті мысалдары да бар. Бұдан ба күшті етіп аударуға болатын еді. Кей сөйлемдерді түсіну қиын. #оқығаным
Hammasini ko'rsatish...
8
Оқитын кітабым маған кездейсоқ кездеспейтін секілді. Әйтеуір, оқығанға дейін не кейін бір ойды тауып, сол кітаптағыны пайдаға асырып жатасың. Жаңа сөз, ұғым үйренгенде де солай. Сол ұғымды жиі кездестіресің. Көзқарастың кеңейіп, танымның толысуы осыдан болар.
Hammasini ko'rsatish...
13
Кітапты кездейсоқ оқымау
Hammasini ko'rsatish...
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.