МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Kanalga Telegram’da o‘tish
1 544
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
Ma'lumot yo'q7 kun
+2230 kun
Postlar arxiv
1 544
Қайырлы кеш, оқырмандар !🤝
◾Сіздердің назарларыңызға Гипстен 3Д панель жасауға арналған қалыптарды (форма) ұсынамыз
◾Қандай кәсіппен айналысамын деп ойланып жүрсеңіз керемет мүмкіндік.
Бізден осындай қалыптарды алып 3Д панель өндірісін аша аласыздар.
Толығырақ ақпарат алу үшін WhatsApp қа жазыңыз👇
https://wa.me/message/G5SATAAW27HLG1
1 544
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
Мына дүние неге жатыр үндемей?!
Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
«Мынау - шапан,
Мынау - атың, мін»,- демей.
Мына жұртқа жақпады ма әлденем?!
Бекер өмір сүргенмін бе, әлде мен?
Халқым,
Сенің қасиетіңді білем деп,
Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!
Айтамын деп қуанышың, мұңынды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды.
...Тойланбаса тойланбасын,
He етейін.
Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.
Қаламымды берші маған, бәйбіше,
Болашаққа арыз жазып кетейін...
📚@ mukagali_m
1 544
Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.
Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем көпке дейін.
О, өмір, ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!
📚@mukagali_m1 544
Сағындым ғой, саялы тау арасы,
Сағындым ғой, жанымды дауалашы!
Көрсетпестен, көк шалғын, көміп таста.
Қарағайлы қалың ну, қамалашы!
Жапырағын жамылтып, гүлің төсеп,
Бірің жастық болсаңшы, бірің төсек.
Екеумізге, ерке өзен, жараспай ма,
Тыным алмай күн бойы күбірлесек?
Мұрша берме ойлауға, сарқырама,
Қысыр ойды түгесші, сарқып ада.
Тасқа біткен бір шоқ гүл, кеудеме біт
Таста нең бар мейрімсіз, қалтырама
Сағындым ғой тауымның көк белдері,
Қанжығаңа байла да, бөктер мені.
Құздар, мені мәңгілік тұтқыныңа ал,
Асу берме, қияның өткелдері.
Таулар, таулар,тауларым, тауларым-ай!
Сағынысып қаппыз ғой, тарланым-ай!
Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,
Түн болмайды еш жерде таудағыдай!
📚@mukagali_m