cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

HOLA News Qazaqstan⚡

App Store немесе Google Play-ден жүктеңіз 📱 Телеграм на русском: t.me/holanewskz Инстаграм: https://instagram.com/holanews.qaz?igshid=pgto95fvfoxk

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
610
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-27 kunlar
-1330 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

01:10
Video unavailableShow in Telegram
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылғы білім беру гранттарының нәтижесі жарияланды. ⠀ Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 94 мың талапкер құжат тапсырды. Бұл былтырмен салыстырғанда 14 мыңға артық. ⠀ Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Hammasini ko'rsatish...
IMG_8386.MP448.82 MB
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 5 жылға сотталды Бүгін сот Mudarabah capital қаржы пирамидасына қатысты үкім шығарды. Компания басшысы Руслан Бурханов 12 жылға, ал құрылтайшысы Андрей Ча 5 жылға сотталды. t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
«Қазпошта» неге қазақ тілінде хабарлама жібермейтінін түсіндірді Әлеуметтік желіде қазақстандықтар «Қазпошта»АҚ өз тұтынушыларына тек орыс тілінде хабарлама жіберетініне наразы болды. Дегенмен компания мұны 1 айда түзейтінін мәлімдеді. Сөздерінше, хабарламалар енді қазақ тіліне аударылып жатыр екен. «Тұтынушылардан кешірім сұраймыз және қазақ тілінде хабарлама жіберу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтынымызға сендіргіміз келеді. Корпоративтік сайт пен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Пошта байланысы бөлімшелерінде клиент өзіне ыңғайлы тілде қызмет ала алады», - деп хабарлады «Қазпошта» АҚ. t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
00:08
Video unavailableShow in Telegram
Әлеуметтік желіде аттестаттарын қоқысқа тастаған түлектер көптің ашуын тудырды Желі қолданушылары аттестаттың ресми құжат екенін және елтаңба бейнеленгенін алға тартты. Ал кейбір желі қолданушылары түлектер осылайша білім жүйесіндегі олқылықтарға наразылық білдірді деген болжам жасады. Оқу-ағарту министрлігі бұған қатысты анықтау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын хабарлады. t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
IMG_6604.MP47.07 KB
01:22
Video unavailableShow in Telegram
Елордалық өрт сөндірушілер еліктің лағын құтқарды 21 маусымда өртенген құрғақ шөпті сөндіру кезінде құтқарушылар қамыс өскіндерінің арасынан еліктің лағын тауып алады. Кейін еліктің көзін жуып, сүт беріп, орман шаруашылығы қызметкерлеріне тапсырды. Видео: @pojarnyie t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
IMG_6602.MP47.10 MB
Photo unavailableShow in Telegram
Титаник кемесіне саяхат жасайтын «Титан» батискафының жолаушылары көз жұмды деп танылды Бұл туралы батискафты суға батыруды ұйымдастырған компаниясы ресми мәлімдеді. 18 маусым күні «Титаник» кемесінің қалдықтарын көру үшін 5 адам сүңгуір арқылы мұхит түбіне саяхаттап, жоғалып кеткен болатын. Титаниктің қираған жеріне жеткен жолаушылар сүңгуір қайықпен, суға батқан лайнерді зерттейді. Турдың құны 250 мың доллар. Сүңгуір қайықтың бортында кәсіпкер Хамиш Хардинг, Пәкістанның ең бай кәсіпкері Шахзада Давуд және оның ұлы Сүлейман, зерттеуші Пол-Анри Нарголе және суға түсуді ұйымдастырған Ocean Gate негізін қалаушы Стоктон Раш болған еді. «Титан» сүңгуір кемесінің ішіндегі ауа тек 3-4 күнге ғана жетеді. Батискаф өз конструкциясының арқасында суға түскеннен кейін бір күн өткен соң қайта су бетіне шығуы керек еді, бірақ олай болмады. Бес адамның көз жұмғанын АҚШ құрлық күзеті де растап отыр. Олардың сөзінше, батискафта имплозия, яғни ішке бағытталған жарылыс орын алған. t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
Сенат электросамокаттарды пайдалану мәселелерін реттейтін заңды мақұлдады Парламент сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады. Оған сәйкес: 📍Самокат жүргізушісі 18 жасқа толған болуы шарт; 📍Электр самокатына тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруіне рұқсат етіледі; 📍Шағын электр көлік құралдары мен электр самокаттары жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері белгіленеді; 📍Кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі болуы керек; 📍Түймеленген дулыға, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын зат болуға тиіс; 📍Бұдан былай «Электрондық самокат» ұғымы енгізіліп, ол ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады. t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
Алматыда күдікті ер адам полиция көлігінде өз-өзіне қол жұмсады Белгілі болғандай, ер адам Жетісу ауданында өзінің досынан «Тойота» көлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. 43 жастағы азамат ұсталғаннан кейін полиция көлігінде суицид жасады. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас күйде болған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
Төреғали Төреәлі тағы 3 күн қосымша қамауға алынды Ол «полиция қызметкерінің талаптарын орындамау» бабы бойынша жауапқа тартылды. t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
⚡️Қазақстан, Қырғызстан және Ресей азаматтардың жеке деректерімен алмасу туралы келісімге қол қойды Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың сайтында көрсетілген. Келісімге сәйкес, елдер өзара бір-біріне азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды, азаматтығының болуы, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі, жылжымайтын мүлкісі, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы және т.б. деректерін беретін болады. Сайтта көрсетілген мәліметке сүйенсек, келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалуы туралы хабарламалар тек Қазақстан мен Ресейден келіп түскен. Осылайша келісім қырғыз тарапы мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін ғана күшіне енеді. t.me/holanews
Hammasini ko'rsatish...
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.