cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

ILIM IZDEN

🔷️Қош келдіңіз! 🔷️Бізбен кітап оқуға ниет етіңіз, іліміңізді арттырыңыз. 🔷️Кітаптан күнделікті 10-15 бет оқылып,тест сұрақтары беріліп отырады 🔷️Әбу Ханифа мәзһабы бойынша

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
211
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
Ma'lumot yo'q7 kunlar
Ma'lumot yo'q30 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Photo unavailableShow in Telegram
🔰🔰 БҮГІНГІ АЯТ 🔰🔰  «Сондай-ақ Оған тең келетін ешкім де,еш нәрсе де жоқ» (Ықылас сүресі, 4) #бүгінгіаят @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
🖌 Ахнаф ибн Қайсдан: «Мейірімділікті кімнен үйрендіңіз?» – деп сұраған уақытта.Ол: «Қайс ибн Асимнен», – дейді.Әлгі адам: «Қайс ибн Асимнен жұмсақ мінездігі қандай еді?» – деп сұрайды.Сонда Ахнаф мына оқиғаны аятты: «Қайс ауласында отырған болатын.Қызметші оған пісірілген бір ұршық кәуап әкеледі.Кәуап қадалған шанышқы жазатайым қызметшінің қолынан түсіп кетіп, төменде ұйықтап жатқан сәбиінің көкірегіне қадалады.Сібидің жаны сол жерде тәсілім болады.Қызметші тосынан болған уақиғадан қатты қорқып кетті.Ахнаф ибн Қайс: «Қорықпа, сені Алланың ризалығы үшін азат қылдым», – деп оған бостандық береді»– дейді. 🖌 «Бір адам Ахнаф ибн Қаисты қатты сөкті.Ахнаф бұған сөз қатпады, сөйте тұра оның соңынан ереді.Әлгі адам ауылға жақындаған кезде Ахнаф: «Егер ішінде айтылмай қалған нәрсең болса, қазір айтып ал.Ауылдағы кейбір мақаулар маған айтатын сөздеріңді естіп, саған азар беріп жүрмесін» –дейді»,– деген хабар келеді. @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
🌸«Көркем мінездің ең төменгі мәртебесі, азар бергенге шыдау, залымға мейірімді болу, оған жарылқау мен кешірім тілеу». Саһл ибн Тустари #ғибраттысөздер @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
🌼 Құрайыш мүшриктері Алланың елшісіне ﷺ қанша қатты азар берсе де, ол: «Ей, Аллаһым! Қауымымды кешіре гөр! Себебі олар білместікпен жасап жатыр», – деп мінажат қылар еді (Байһақий). @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
🔰🔰 БҮГІНГІ АЯТ 🔰🔰 «Раббыңның атын үнемі жадыңда ұстап,(күндіз-түні) аузыңнан тастамай зікір ет һәм Оған жан-тәніңмен бетбұр» . (Мүззәммил сүресі, 8) #бүгінгіаят @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
«Көркем мінездің он белгісі бар: 🌸 қырсық мінез танытпайды, 🌸 ынсапты, 🌸 басқаның кемшілігін іздемейді, 🌸 жаман іске бармайды немесе бұзық әрекетті сезген сәтте оны түзетуге ұмтылады, 🌸 кешірімді, 🌸 машақатқа шыдайды, 🌸 нәпсіге лайық қатынас жасайды, 🌸 өзінің кемшілігімен шұғылданады, 🌸 кішіге ашық жүзді, 🌸 өзінен төмендерге жылы сөйлейді». Жүсіп ибн Абсат @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
🖌 Тігінші Әбу Абдуллаһ өз дүкенінде тапсырыс қабылдайтын еді.Оның бір мажуси тұтынушысы болатын.Ол үнемі Әбу Абдуллаһқа киім тіктірткен сайын ақысына жасанды дирһам беретін.Әбу Абдуллаһ оның өтірік дирһам екенін білсе де, оған айтпайтын және қайтарып бермейтін.Бір күні Әбу Абдуллаһ дүкенін шәкіртіне тапсырып бір шаруаларымен сыртқа шығып кетеді.Мажуси дүкенге келіп, Әбу Абдуллаһты көре алмады.Тапсырыс берген киімдерін алып, дирһамды әлгі шәкіртке берді.Шәкірт дирһамның өтірік екенін біліп, мәжусиге қайтарып береді.Әбу Абдуллаһ келген соң шәкірті оған болған уақиғаны айтады.Сонда Әбу Абдуллаһ: «Өте жаман іс қылыпсың.Бұл мәжуси бір жылдан бері маған осылай жасап келеді.Мен оған сабыр қылушы едім.Одан дирһамдарын алып, басқа мұсылмандар алданып қалмасын деп оларды құдыққа тастар едім», – деп айтады» деген риуаят бар. @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
🌼 Анас ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын): «Бірде Алланың елшісі ﷺ мен Анас ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) екеуі бірге келе жатады.Бір бәдауй жетіп келіп, Алла елшісінің жағасынан ұстап, мойынынан қысады.Алла елшісінің ﷺ үстінде қатты матадан тігілген шапан болатын.Анас ибн Мәлик: «Мен Алла елшісінің ﷺ мойынында қып-қызыл дақты көрдім», – дейді.Әлгі бәдауй: «Ей, Мұхаммед! Алланың саған берген малынан маған да бер!» – деп бұйыра айтады.Алланың елшісі ﷺ оған күлімсіреп қарайды.Кейін оған қайырымдылық жасауларын бұйырады»– деген хадис риуаят қылынады.(Бұхари, Мүслим) @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
🌸«Мүмин ой-жүгірту және құлшылықпен әлек, мұнафық Алладан басқасының барлығымен әлек.Мүмин Алладан үміт етеді, мұнафық Алладан басқа нәрсенің барлығынан үміт етеді.Мүмин малын беріп, дінін қалдырады.Мұнафық дінін сатып, малын қалдырады.Мүмин жақсылық қылады, сөйте тұрып жылайды.Мұнафық жамандық жасайды, сонысына мәз болады.Мүмин оқшауланғанды және жалғыз қалып (Алланы зікір қылғанды) жақсы көреді.Мұнафық у-шуды және жиындарды жақсы көреді.Мүмін жақсылықты егеді, бұзықшылықтан қорқады.Мұнафық егінді жұлады, дайынды алғанды жақсы көреді.Мүмин қарым-қатынастың жақсаруы үшін жақсылыққа бұйырады, жамандықтан қайтарады, түзетеді.Мұнафық басшылықты қолға алуы үшін әмір қылады, қайтарады бірақ, жағдайды ушықтырады, қиратады». Хатим әл-Асам #ғибраттысөздер @ilimizden
Hammasini ko'rsatish...
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.