cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

ULYS

Саналы азаматтарға қазақша сапалы саяси контенттер. Салиқалы сараптамалар ордасы. Қазақстан және жаһандағы ең соңғы жаңалықтар мен Орталық Азия және Түркі әліміне қатысты ақпараттарды осы жерден табасыздар. Сайт: http://www.ulys.kz/

Ko'proq ko'rsatish
Advertising posts
503Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-47 kunlar
-1230 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Обуначиларнинг ўсиш даражаси

Ma'lumot yuklanmoqda...

⚡️20 КҮНДЕЙ БАСШЫСЫЗ ҚАЛҒАН СОЛТҮСТІККЕ ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол 2023 жылдың қаңтарынан бері ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып келді. Ал облыстың бұрынғы әкімі Айдарбек Сапаров 4-қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған еді.
Hammasini ko'rsatish...
👎 1
https://vm.tiktok.com/ZMjDyKAkd/ ⚡️Миллиардер Миттал Қазақстанға қоқан-лоқы көрсетпек пе…
Hammasini ko'rsatish...
TikTok · DALA INSIDE

Лайки: 843. Комментарии: 122. «Миттал Қазақстанды сабасына тез түсірді»

🤯 4👍 2
Hammasini ko'rsatish...
TikTok · DALA INSIDE

Лайки: 843. Комментарии: 122. «Миттал Қазақстанды сабасына тез түсірді»

✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.
Hammasini ko'rsatish...
Repost from DALA INSIDE
🪒 "Сақалды Қазақстан" ақыры қырынатын болды Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық консультациялар өткізе бастамақ. Ол мәселе Қауіпсіздік кеңесіне шықпаса да, Парламент палаталарының спикерлері, кеңес мүшелері, күштік құрылым басшылары өзара жаңа шешімге келетін болады. Мәжіліс пен Сенат спикерлеріне сақалдылардың соңғы қылықтары мүлде ұнамай отыр. Оған қоса Мәжіліс депутаттарының өз арасында салафизмді астыртын қолдау әрекеттері байқалып қалған. Әзірге люстрация туралы әңгіме қозғалған жоқ. Бірақ латентті салафит депутаттар қарындашқа ілінді. Мемлекеттің кері реакциясына соңғы уақытта шетелдегі эмиссарларынан тапсырма алған салафиттердің жер-жерлерде ұйымдасып, елдегі білім жүйесіне, ұлттық дәстүрге, аспаптарға "харам, ширк" деп қарсы көтерілгені себеп болды. Егер сақалдылар "орамал" митингіне шығатын болса, полицияға өте батыл қимылдауға толық карт-бланш берілген. Болашақта салафизмді Қазақстаннан біржолата кетіру бойынша кешенді стратегия қабылдау идеялары айтыла бастады. DALA INSIDE бір демін ішке тартып, жағдайды бақылап отыр. Қасымызда болғыңыз келсе, арнамызға тіркеліп алыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Hammasini ko'rsatish...
🤔 4
Repost from DALA INSIDE
⚡️ Мемлекет ипотеканы кешіре бастауы мүмкін бе?.. «Мүмкін...» дейді экономист Расұл Рысмамбетов. Бұған аздан соң ораламыз, әзір алыстағы 🇺🇸 Америкаға сапар шегіп қайтайық. АҚШ-та тұрғындармен тілдесіп, қоғамның аңысын аңдып отыратын әйгілі Gallup институты бар. Сол институт биыл ел ішінде «Федералды резерв жүйесіне (ФРЖ) және оның төрағасына қаншалықты сенесіз?» деген сауалнама жүргізді. 2001- 2023 жылдың аралығында біздіңше Ұлттық банкті басқарған менеджерлерге баға берілді. Әр жылдары ФРЖ-ға жетекшілік еткен Гринспен, Бернанке, Йеллен және Пауелдің «сенім рейтингі» жасалды. Америкалықтар инфляция төмендеген, жұмыссыздық азайған, бизнесті кредиттеу көбейген Клинтон-Гринспен дәуіріндегі 90–шы жылдарды сағынатынын айтқан. АҚШ-та ФРЖ саясаты мен халықтың әл-ауқаты тығыз байланысты. Ал бізде мұндай сауалнама жүргізіле ме? Бір жарым жылға жуық Ұлттық банкті басқарған Ғалымжан Пірматов не бітірді? Оның "сенім рейтингі" қандай? Оның шешімдері халықтың көңіл-күйі мен әмиянына қалай әсер етті? «Пірматовтың ауысуы логикаға сияды. Оның тұсында банктер тұтыну кредиттерін таратумен айналысып кетті. Бизнесті кредиттеу біржолата тоқтап қалды. Былайша айтқанда, банктер халықтың үстінен күн көрді. Ескі Қазақстанның бірен-саран белсендісі зейнетақы шотындағы ақшаны баспанаға бағыттау дейтін идеяны ойлап тапты. Нарықтағы үй бағасы құтырып шыға келеді. Ұсыныс сұранысқа сай болмады. Құрылыс компанияларының тойымсыз, тамақсау басшылары әкім-қаралардың ұртын майлап, құрылысқа қажетті учаскілерді ондап, жүздеп сатып алды. Үйдің іргесін көтермей жатып, саудаға шығарды. Араға алыптасарлар енді. Үй бағасы жалынан сипатпайтын жағдайға жетті», - дейді осы тұста экономист Расұл Рысмамбетов. Ай сайын 250-500 мың теңгенің ипотекасын өтеу азап. Қалтасы таяздана бастаған халық қайтеді, тұтыну кредитіне жүгіреді. Несиенің қамыты мойныңа бір киілді екен, қайтып құтылуың екіталай. «Банктер осы күнге дейін елді кредиттің соңына салып қойған «ескі Қазақстанмен» ауыз жаласып жұмыс істеді. Қазақтар «кругом» қарыз. Үйіндегі үтік пен қолындағы телефонға дейін өзінікі емес...», - дейді Расұл мырза. Қарызданып, қауғаланып күн кешетін сіз бен біз үшін бұл жаңалық емес. Пірматовтың неліктен кеткенін айттық. Сүлейменов неге келді? DALA INSIDE-тың анықтағанындай Тоқаев бизнесті несиелеуден басын ала қашатын банк басшыларын бір үстелге жинаған. Әлгілер: «Бизнесті кредиттеудің тәуекелі көп...», - деген аргумент айтқан. Сөйтіп кәсіп ашқысы бар, алайда айналымға қажетті ақшасы жоқ сіз бен біз секілді қарапайым қазақтың тауын шыққан. «Бұдан былай бизнес кредитке жари бастайды. Сүлейменов екінші деңгейлі банктерді корпоративтік несиелеуді ұлғайтуға үгіттейді», - дейді Рысмамбетов. ❗️ Мемлекет ипотеканы кешіре бастауы мүмкін бе? «Мүмкін» дейді экономист. "Құрылыс девелоперлері үй бағасын түсіру керектігін түсіне бастады. Дегенмен, бұл сценарийдің жүзеге асуы күмәнді. Екінші амалы бар. «Билік ипотеканы кешіру керек» деген лоббисттік топтар құрыла бастайды. Бұған көпбалалы отбасылар кандидат ретінде ілігеді. Артынша барлық категорияны қамтуы мүмкін. Неге? Сұранысты қалпына келмесе, құрылыс магнаттары банкрот болады...», - дейді Рысмамбетов. DALA INSIDE үшін бұл бір қызық тақырып болды. Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇 https://t.me/dalainside
Hammasini ko'rsatish...
⚡️Ангола азаматы, Сүлеймен Демирел университеттің 4-курс студенті Ферейра Элиша Президент Қ.Тоқаевпен қазақша сөйлесті
Hammasini ko'rsatish...
4
⚡️ЕРТЕҢ ЖОЛДАУ! 📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады. ⏺ Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі. Жолдаудың мәтіндік трансляциясын біздің телеграм арнамыздан оқуға болады. @akorda
Hammasini ko'rsatish...
Repost from DALA INSIDE
🇰🇿 Премьер Ноғаев. Қазақстан жаңа дәуірге аяқ баса ма? Қазіргі Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың осы күзде болжанып отырған отставкасынан кейін Үкіметті кім басқаратыны талқылана бастады. Шын айту керек, Ақорда кезекті рет кадр тапшылығына кезігіп отыр. Жаңа дем беріп, басқаша көзқараспен жұмыс істей алатын адам болмағандықтан, ескі резервті қопарып, "Қошанов-Ноғаев-Досаев" триосынан Нұрлан Ноғаев кандидатурасын дұрыс деп тапқан сияқты. DALA INSIDE дереккөзі, Ноғаев соңғы рет Мемлекет басшысына кіргенде, осы мәселелердің де сөз болғанын хабарлады. Нұрлан Ноғаев - Маңғыстау облысының әкімі, "полевой" санатына кіретін стандартты саяси қайраткер. Қазақстанда саяси қайраткерлер екі санатқа бөлінеді: аппаратты және полевой. Аппараттылары тек кабинет арқылы өскен, далаға шықпай жиналыста жүретіндері. Мысалы, Әлихан Смайылов бұрын Қаржы министрі болғандықтан (бюджет, түрлі жиналыстар) ол аппаратты санатқа жатады. Ал полевойлары - жер-жерді аралайтын, халықпен кездесетін белсенді шенеуіктер. Оның жарқын өкілі марқұм Бердібек Сапарбаев болатын. Ноғаев дәуірі Бұл кезеңде бірдеңе керемет өзгеріп кетеді деп айтуға келмес еді. Жағдайды ушықтырмай, басу айтып, тұрақтандыру міндеті тұрса - Ноғаев ол үшін таптырмайтын тұлға. Оның бітімгершілік қасиеті бар. Бірақ ол жоқтан бар жасап, Қазақстанды Айға ұшырып жібере алатындай инноватор емес. Сондықтан Ноғаев дәуірі Сағынтаев, Мамин, Смайылов дәуірлерінен айтарлықтай ерекше болады деп болжау күлкілі. Бір сөзбен айтқанда, сол қалпы қала береміз. Бір нәрсе анық. Ноғаев су проблемасы бар жерлерге барып, негізінен сумен айналысады. Ноғаев Премьер болса, онда Қазақстанда алдағы 5 жылда орасан су тапшылығы, мұздықтардың еруі, Каспий теңізі мен Балқаш көлдерінің тартылуы, Сырдария апаты сынды проблемалар басталып, жаңа премьер осы кесапаттармен күресе бастамақ. Әрине, Нұрлан Асқарұлы өзі барып барлық суды ішіп қойып жүрген жоқ, тек оның өмірдегі кармасы осы суға қатысты сияқты. DALA INSIDE министрлер кабинетінен әлі біраз инсайд береді. Арнамызға жазылып алыңыз👇 https://t.me/dalainside
Hammasini ko'rsatish...
Repost from DALA INSIDE
⚡️ Құлыбаев иелік еткен зауыт ресейлік олигархтың меншігіне өтпек... Еліміздегі стратегиялық нысандар біртіндеп ресейлік бизнесмендердің қарамағына өтуде. DALA INSIDE мұны қауіпті тенденция деп есептейді: «Путиннің пулына» кіретін олигархтар уақыт өте Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатына ықпал ете бастайды. Мәселен, ресейлік «ЕуроХим» Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт салмақ. Жобаға Батыстың санкциясына іліккен ресейлік миллиардер Андрей Мелнишенко «кураторалық» етеді. Смайылов үкіметі мен олигархтың арасындағы уағда Мелнишенко санкцияға ұшырамай тұра жасалған.  «ЕуроХим» екі кезеңнен тұратын жобаға жалпы құны 1 млрд доллар инвестиция құюға уәде еткен. Бұдан сырт Шу, Мойынқұм, Сарысу ауданындағы елді-мекендерге газ тарататын стансылардың құрылысы да «ЕуроХимнің» мойнында. Кешеннің қабырғасын қалап алғасын Мелнишенко Қаратаудың қойнауын қопара бастайды. Таудың түбін үңгіп алынатын фосфор, азот, калий секілді аса қат тұздар қазақстандық аграрилерге бұйыра ма, жоқ па, мәселе сонда. Ресейлік олигарх негізін қалаған компания елімізге ескі Қазақстанның тұсында енген. 2008 жылы «ЕуроХим» 15 жыл бойы тұралап тұрған «Сары Тас тыңайтқыштағы» мемлекеттің үлесін сатып алған. Ал Жамбылдағы зауыт бойынша Смайылов үкіметі мен орыс олиграхының арасында қандай диалог жүргені белгісіз. DALA INSIDE дереккөзінің айтуынша үкімет ресейлік инвесторды салық атаулыдан босатып, санкция құрсауындағы Мелнишенкоға барынша жеңілдік жасарын айтқан. Орыс миллиардері өз тарапынан кешеннің шығынын толықтай мойнына алуға уәде берген. Минералды тыңайтқыштар өндірісін монополиялап алған «ЕуроХимнің» структурасына алдағы уақытта тереңірек үңілетін боламыз. Бізге белгілісі: компания тұрақтының тіркеуі Ресейде емес, Швейцарияда. 1 млрд 💰 әлбетте, аз ақша емес. ❗️ DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Мелнишенко қомақты инвестиция құюға бел буса, қазақ билігінің оған жасар ТАРТУЫ дайын тұр. Болашақта еліміздегі аммиак өндіретін жалғыз зауыт «ҚазАзотты» ресейлік олигархтың меншігіне береді. Селитра өндіретін кәсіпорынға бұған дейін экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев мен Ахметжан Есімовтың туған-туыстары иелік еткен. Қаңтар қырғынынан кейін әулет өкілдері Қазақстандағы активтерінен апыл-ғұпыл арыла бастаған еді. Ал сіз бен біз секілді қарапайым халыққа бір қолдан бір қолға жатқан өтіп стратегиялық нысандардың қызығын көру бұйырмаған сынды. Бұл туралы әлі де айтамыз. Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇 https://t.me/dalainside
Hammasini ko'rsatish...