cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Korkyt Ata University

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жаңалықтары

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
788
Obunachilar
-224 soatlar
-27 kunlar
-630 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Photo unavailableShow in Telegram
ПРЕЗИДЕНТ ШӘКІРАҚЫСЫН ИЕЛЕНДІ Жыл сайын білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру мақсатында берілетін Президенттік шәкіртақы иегерлері анықталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Су шаруашылығы және жерге орналастыру" білім беру бағдарламаларының 6В07368-Кадастр мамандығының 4 -курс студенті Русланова Аружан ҚР Президентінің Стипендия иегері атанды. Студенттердің республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескерілетін бұл степендияны алуға лайықты деп танылған Аружан университет қабырғасында ғылыми конференция, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп, Алғыс хат, дипломдармен марапатталып жүр. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1315
Hammasini ko'rsatish...
👍 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
ПРЕЗИДЕНТ ШӘКІРТАҚЫСЫН ИЕЛЕНДІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің "Су шаруашылығы және жерге орналастыру" білім беру бағдарламаларының 6В07369-Жерге орналастыру мамандығының 4 -курс студенті Әміртай Ақбота ҚР Президентінің шәкіртақысының иегері атанды. ҚР Президентінің шәкіртақысының иегерлері оқудағы көрсеткіштері ғана емес, ғылыми және шығармашылық өмірдегі белсенділігі де ескеріледі. Осы талапқа сай шыққан Ақботаның да жетістіктері аз емес. Әміртай Ақбота Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІV Республикалық пәндік олимпиадасының ІІ кезеңінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 9-мамыр, Жеңіс күніне орай, Жастар ұйымдары арасында өткізілген университетішілік байқауға қатысып, ІІ орынға ие болды. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1314
Hammasini ko'rsatish...
1
Photo unavailableShow in Telegram
«ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ – 2024 Академик Шахмардан Есенова атын. ғылыми білім беру қоры жоғары (бакалавриат) оқу орнының ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге де грантқа ие бола алмаған, аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлерге 10 грант байқауын жариялайды. Байқауға қазақстандық жоғары оқу орындарында (бакалавриат) одан әрі оқу үшін оқу үлгерімі жақсы (аттестатта бес балдық шкала бойынша 4-тен (төрттен) төмен бағалар не әріптік, пайыздық жүйе бойынша аналогтар болмауы тиіс) немесе GPA деңгейі 2.67 төмен емес, табысы аз отбасылардан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады. «ÓRLEÝ» (Өрлеу) бағдарламасының байқауына қатысу үшін 2024 жылдың 22 мамыры мен 22 шілдесі аралығында қордың yessenovfoundation.org сайты арқылы онлайн өтінім беру қажет. * Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 22 шілдесінде Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де (UTC+5) аяқталады. Өтінім беру: https://yessenovfoundation.org/ сайтында! Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1313
Hammasini ko'rsatish...
2
КАНАДАЛЫҚ ҒАЛЫМ WORKSHOP ӨТКІЗДІ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Канаданың Макгилл университетінің Жоғары білім саласындағы саясат кафедрасының доценті Эмма Харден-Вульфсон студенттермен Workshop өтті. Студенттер экология, кибер шабуылдардың қауіпі, әлеуметтік әділетсіздік секілді басқа да өзекті тақырыптарда 2-3 минуттық видео-роликтер жасап, қорғады. Шетелдік ғалым мен университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова және Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Дана Абдрашева жастардың жұмыстарын бірге тамашалады. Workshop нәтижесінде Эмма Харден-Вульфсон студенттердің жұмыстарындағы жетістік пен толықтырулар туралы ойын айтып, талқылады. Осылайша жастар теория мен тәжірибені қатар ұштастырды.
Hammasini ko'rsatish...
👏 1
ҚОРҚЫТ ЖАСТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ Кеше республикалық деңгейде ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «Қаржы пирамидаларын қалай анықтаймыз? Әлеуметтік желілерде заңды бұзбау жолдары. Дроппер деген кім?» деген тақырыпта форум өтті. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Н.Саясат, Қаржы министрі М.Такиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Ж. Мәдиев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы М.Әбілқасымова, облыстық әкімдіктердің, Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың басшылығы және танымал медиа тұлғалар мен блогерлер қатысты. Сондай-ақ, шараға еліміздегі ең үздік 35 университеті, 20 мыңнан астам студент және 10 миллионнан астам аудиториясы бар блогерлер онлайн режимде қатысты. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1308
Hammasini ko'rsatish...
2
Photo unavailableShow in Telegram
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті QS WUR жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде 2024 жылғы 5 маусымда Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2025 ғаламдық рейтингісінің нәтижелері 21-ші рет жарияланды. Рейтингте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 1400+ орында. Сарапшылар QS World University Rankings рейтингін жасау кезінде әлем университеттерін келесі критерийлер бойынша бағалайды: • Академиялық бедел- 30% • Дәйексөздердің орташа саны– 20% • Жұмыс берушілер арасындағы бедел– 15% • Түлектерді жұмысқа орналастыру– 5% • Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы– 10% • Шетелдік студенттердің үлесі– 5% • Шетелдік оқытушылардың үлесі– 5% • Халықаралық зерттеу желісі – 5% • Тұрақтылық – 5% Толығырақ🌍https://korkyt.edu.kz/article/1307
Hammasini ko'rsatish...
👍 2🔥 1
🔷ТҮРКИЯ ЕЛІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРТУДА Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің делегациясы Түркияның Анталья қаласында іс-сапарда жүр. Сапардың мақсаты екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру, Түркия елінің Мәдениет және спорт министрлігі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы "Мәдени мұра" халықаралық жобасын жандандыру. Делегация ресми кездесулерде университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримованың сәлемдемесін жеткізіп, алдағы жұмыстарды талқылады. Сапар барысында бір жеті бойы Түрік елінің мәдениетімен салт-дәстүрімен танысып, ЖОО тыныс-тіршілігін көріп, тәжірибе алмасады.
Hammasini ko'rsatish...
1
Photo unavailableShow in Telegram
«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК»АҚ-ның БІР ЖЫЛДЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТЫН АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ? «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жыл сайынғы Murager білім беру гранттары бағдарламасының басталғанын хабарлайды. Жоба аясында мектеп талапкерлері/ түлектері, сондай-ақ колледж бен жоғары оқу орындарының 1,2,3 курс студенттері жоғары оқу орнында оқуға қайтарымсыз грант ала алады. Біздің студенттеріміз (түлектеріміз) табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ білім беру гранттарын ұсынатын Murager әлеуметтік бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама талапкерлерді (11-сынып бітіретін мектеп түлектері), колледж түлектері мен Компания бөлімшелері бар аймақтардағы (Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары) 1,2,3 курс студенттерін қолдауға бағытталған. Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Толығырақ🌍 https://korkyt.edu.kz/article/1304
Hammasini ko'rsatish...
БАЛАЛАР КҮНІНДЕ БІЛІМ ГРАНТЫН СЫЙЛАДЫ Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің атынан университеттің Басқарма мүшесі, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай “Атамекен” балалар ауылына арнайы барып, бүлдіршіндерді 1-маусым Балаларды қорғау күнімен құттықтады. Жандос Нұртайұлы Қоспамбетова Нұргүл есімді бітіруші түлекке білім грантына сертификат табыс етті. Сонымен қатар университет қамқорлығындағы “Ақжайық” отбасының 9 тұрғынына бағалы сыйлықтар берді. “Атамекен” балалар ауылының тұрғындары қонақтарға ерекше концерттік бағдарлама ұсынды.
Hammasini ko'rsatish...
ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министірлігі ұйымдастыруымен өткен «Студенттік спорттық лигасы» баскетболдан 3х3 (әйелдер) командаларының арасында финалдық сайыста командалық есепте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құрама командасы жүлделі III орынды иеленді. Байқауға 52 жоғарғы оқу орындарынан команда қатысқан. Айта кетсек, Түркістан қаласында өткен Оңтүстік аймықтық іріктеу баскетбол 3х3 ойындарында II орынға тұрақтап финалға жолдама алған болатын. Аймақтық және финалдық сайысқа дайындап, жетекшілік еткен Дене тәрбиесі секциясының аға оқытушысы Оспан Тілесұлы. Команда құрамында Тмо-20-1 оқу тобының студенті Нұрила Жұмахан, Фкс-20-1 Нұрай Алдаш,Ги 22-1 оқу тобынан Ақгүл Нағашыбаева, Айсұлу Алимханова Фкс 23-7 оқу тобының студенттері бар. Білім алушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!!!
Hammasini ko'rsatish...
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.