cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Тас жолы

Просто говорю.

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
5 915
Obunachilar
-424 soatlar
-587 kunlar
-80830 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Қайтарылған активтерден түскен қаражат түрлі әлеуметтік және экономикалық жобалар қаржыландырылатын Арнайы мемлекеттік қорға (Қаржы министрлігінде ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты) берілуге тиіс. Әлеуметтік жобалар денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын, мүгедек адамдарды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, коммуналдық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым салуға бағытталған. Экономикалық жобалар экономика салаларын дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға, материалдық игіліктерді әділ бөлу сияқты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін қажетті өндірістерді құруға (жаңғыртуға) бағытталғандығын атап өткен жөн.
Hammasini ko'rsatish...
Мемлекетке қайтарылған заңсыз иемденілген активтердің қаражаты қалай бөлінеді? Өздеріңізге мәлім, 2023 жылғы 12 шілдеде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңның мақсаты активтерді қайтару, оларды заңды экономикалық айналымға тарту, шығарудың себептері мен жағдайларын жою және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Активтер ерікті түрде (келісімдер жасасу жолымен) не мәжбүрлеу тәртібімен (пайда болуы түсініксіз активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап қою жолымен) қайтарылуы мүмкін. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылды. Комитеттің негізгі функциясы активтерді қайтару жөніндегі қызметті мемлекет атынан және оның мүддесі үшін жүзеге асыру болып табылады.
Hammasini ko'rsatish...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қандай мәселелер көтерілді. 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысыумен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Осы орайда маңызды 10 бағыттар туралы айтылды. 🔺Бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру мақсатында Үкімет шығыстардың экономикалық пайдасы барынша жоғары болуына баса мән бере отырып, оның нақты басымдықтарын айқындауы керек деп айтты. 🔺Жаңа инвестициялық кезеңді бастау керектігі туралы айтылды. Сондықтан, ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. 🔺Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау қажеттілігі инвестиция тарту және бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісіндегі реформалармен барынша үйлесіп, оны толықтыра түсуге тиіс. 🔺Экономиканы кешенді түрде ырықтандыру үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Үкімет бұл жағдайдан тиісті қорытынды жасады, ахуал біртіндеп түзеліп жатыр. 🔺Еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беру қажет. Осы тұста, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртумен қатар, еліміз үшін мүлде жаңа өндіріс орындарын ашуға баса мән беру керек» 🔺Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды. Сондықтан, ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны барынша, тіпті, мүмкіндік болса, екі есе арттыру қажет 🔺Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету мақсатында салаға түбегейлі реформа жүргізген жөн. Ол үшін жүйелі жұмыс атқару қажет 🔺Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет. Жалпы, теміржол саласын қарқынды түрде цифрландыру керек. 🔺Экономиканы цифрландыру ісін жалғастыру және жасанды интеллект технологиясын кеңінен қолдану аса маңызды. Ол үшін жұмысты түбірінен бастауымыз керек, яғни институционалдық орта қалыптастыру керек 🔺Әлеуметтік салаға айрықша назар аударған жөн. Үкімет барлық амал-тәсілді зерделеп, халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа кешенді үлгісін ұсынуы керек
Hammasini ko'rsatish...
Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырыс басында Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті. Басты мәселе - Парламент Мәжілісінің төрағасы, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов "Amanat" саяси партиясының атынан ҚР Премьер-Министрі лауазымына ұсынған кандидатурасын талқылауы болды. Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Үкімет нақты әрекеттерге көшуі керек екенін, тек сөздер арқылы емес, іс жүзінде де басқару қажет екендігін атап өтті. Осы орайда, 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.
Hammasini ko'rsatish...
"Нұрсұлтан Назарбаев – бірнеше дәуірге куә болған тарихи тұлға. Ол өз ман­сабын комсомол белсендісі ретін­де Хрущев заманында бастап, ара­да алпыс жылдан астам уақыт өткен­­нен кейін қызметтен кетті. Қазақ­стан­ның тәуелсіз мемлекет болып қалып­тасуы­на қосқан үлесін бәрі біледі. Ол – әділ тарихи бағасын алуға лайық адам."
Қ.Тоқаевтың сұхбатынан үзінді
Hammasini ko'rsatish...
"Мен қазақ елінің жастарына сенемін"
Қ.Тоқаевтың сұхбатынан үзінді
Hammasini ko'rsatish...
"Мен қазақ елінің жастарына сенемін"
Қ.Тоқаевтың сұхбатынан үзінді
Hammasini ko'rsatish...
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жылдарындағы саяси өзгерістер туралы пікір білдірді
Hammasini ko'rsatish...
Қаңтар оқиғалары мен елдегі саяси дағдарысты тудырудың сәтсіз әрекеттер Тоқаев Қаңтар туралы тағы не айтты?
Hammasini ko'rsatish...