данышпан қарға
Kanalga Telegram’da o‘tish
669
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-17 kun
-930 kun
Postlar arxiv
Бір саясаткер айтып еді "зұлымдыққа негізделген империялар/елдер ешқашан ұзақ өмір сүрмейді" деп. Моральдық тұрғыдан айтылса да, практика жүзінде кейстері бар тезис.
КСРО да кезінде әлемді индустрияландыруымен сосын жылдам қарқынмен салынатын үйлерімен таңдандырған. Москвич, әлгі магнитофон/ТВ маркалары. Бірақ сол ұзақ болды ма? Өзінікі де болып шыққан жоқ қой солар.
Еркіндік, креатив, шығармашылық деген қасиеттер - заңмен қудалануы жүйеленген елде ешбір сала ұзаққа бармайды. Дәп осы сөзім фобия/қызғаныш емес, шынында тарихи кейстер дәлелдеген нәрсе.
Оригиналында осы сөз басқаша мәнде айтылған екен. Шамамен былай: «Дұға - Құдайдың жазғанын өзгерте алмайды, бірақ жалбарынушының болмысын өзгерте алады»
Детерменизмге өте жақсы түсіндірме деп ойлаймын.
Біршама жүзжылдықтардан кейін киберантропология деген ба, сондай бір ғылым пайда болса. 21 ғасырдағы адамдардың өмір сүру салтын түсіну үшін ғалымдар телеграм/инстаграмдарымызды оқыса. Бір-бірімізбен хабарласқан чаттарымызды ақтарса. Ең сорақысы - браузер тарихын тінтісе.
Фукуяма айтқан «Тарихтың соңы» сол кезде болар еді. Ғалымдар күйік пен кринжден қырылып қалар еді, яғни.
Қазақ әдебиетін неғып ұнатпайтынымды енді түсіндім. Жазушылардың бәрі шеттерінен ақыл айтқыш. Тіпті Оралхан Бөкей де реті келсе нотация оқығысы кеп тұрады. Тек Төлен Әбдік қана өз ойымен өзі арпалысып әуре.
Аяқ астынан бұрын жасаған қандай да бір кринж оқиғаң есіңе түсіп кетсе және айналаңдағы адамдардың бәрі сол оқиғаны ұмытпай жүр деп ойласаң, ойлап көр: ал өзің басқалардың қанша кринж оқиғаларын есіңе түсіре аласың? Бір де біреуі есіңде жоқ. Өйткені ондай құрыған оқиғалар сенің ғана басыңнан өтеді, иттің ғана баласы
Ғибадат Құдайды тамсандыру үшін емес, адамның табиғатын өзгерту үшін жасалады.
С. Киеркегард
Соғыс парадокстары
Ресей-Украина соғысы, міне, екінші жылға аяқ басты. Ол өзіне жараса сауда, БАҚ, көші-қон, әскери құрылым жасап... империяға айналып болды, соғыс институцияланды. Ол өз өмірімен тіршілік етуді бастады. Оны тоқтату бүгінде адамдардың қолында емес. Соғыс бөлек субъект ретінде АҚШ-қа да, Ресейге де, Украинаға және т.б. елдерге де өз «бұйрықтарын» беруді бастады.
Бұл соғыстың шаңы баршамыздың киімімізге қонып жатыр. Путин мен оның достары соғыс қылмыскерлері ретінде бұл соғысқа тікелей жауапты болса, соғысқа қарсылар - Ресейде тұрып не жұмыс істеп салық төлеу арқылы, ал Ресеймен сауда жасайтындар оны ақшамен қамтамасыз ету арқылы соғыс пешін жағуды жалғастыруда... Жазықсыз түрде болса да, соғыс арқылы контент жасап жатқандардың (біздің де) оны өзіміз қаламаған түрде адамдардың санасында нығайту (және эксперттік рейтиңімізді көтеру) арқылы біз де соғыстың бенефициярларына айналудамыз.
Біз бәріміз спираль жүйенің тұтқынына айналдық. Бүгін «әділдік» деген ұғым шетке шығып қалды. Енді украиналықтар да, ресейліктер де өлгендер үшін «киелі кек алу» соғысын бастайды, мұнда кімдікі дұрыс екендігі енді маңызды емес. Және ең аяныштысы осылай – белгісіз уақытқа дейін жалғаса бермек. Бүгін біз 21 ғасырдағы дүниежүзілік соғыстың шағын үлгісін көріп отырмыз, ол бұрынғы кең ауқымды соғыстардан - өзінің институционалдануымен ерекшеленеді. Бұл тап бір жасанды интеллект болашақтың прототипі ретінде өздігін жасап, саяси «сезімін білдіре» бастағанындай.
Меніңше, біз соғысты «жақсы көріп» бара жатырмыз. Бұл өте күрделі махаббат, әлі дұрыс ұғылмаған, оның салдары туралы ешқандай түсініктер жоқ «сайтани» махаббат.
(с) Хамид Садық
Мысалы саған мұрның ұнамайды. Оны саған эволюция өзі таңдап берді. Енді пластикалық операция жасап өзгертпекшісің. Үкімі не болады сонда?
ps. Сұрақ негізінен бірінші нұсқаны таңдағандарға арналған
«Үнемі күліп жүретін адамдардың жүрегінде ылғи ауыр дерт жатады». Пәтуа?
#эпсилон
Гүл - қыздар үшін неге мызғымас сыйлық екеніне байланысты бір долбарым бар.
Былай қарасам кез-келген сыйлық - конвертацияланады екен. Нәски, айфон, кафе, отельдегі 713 номер, Роза коучтың трениңіне билет (?) деген сияқты. Мысалы сүйгеніне самсоң әпергенде оған келетін бірінші бейсаналы ой "шама-шарқына қараған шығар" дегеннен гөрі "осы мені онша жақсы көрмейді-ау" деген күдік әдетте.
Ендеше конвертацияланбайтын, абстрактілі және ең бастысы Нидерландтың ЖІӨ-н өсіретін басқа бірнәрсе керек. Мінсіз жауап, әрине, гүлдер.
Гүлдер. Бай мен кедейдің сезімін бірдей көрсетуге құзыреті бар, солшыл коммунистердің алдынан өткен бәріне қолжетімді сыйлық. Сезімді жеткізу қиын нәрсе, негізі. Және оны жеткізудің жолын гүл арқылы жүзеге асыру - кітап баспасынан кейінгі өркениет қол жеткізген ең жақсы нығметі деп білем.
Тек жабайы капитализм дәуірінде осындай ғажап тепе-теңдікті бұзуға ұмтылыстарды байқап жүрмін. Миы жоқ байлар мен миы жоқ вайнерлердің 101, 1001, 10001 роза/акация/бақбақ/көкнәр гүлін сыйлайтын әдеті осындай риясыздық пен пәктіктің шырқын бұзып келеді.
Ендеше махаббат атаулыны материалдық өмірге конвертациялағысы келіп жүрген далбайоптардың а*ын бірге шығарайық, жолдастар!
Гүл - қыздар үшін неге мызғымас сыйлық екеніне байланысты бір долбарым бар.
Былай қарасам кез-келген сыйлық (әсіресе материалдық) - конвертацияланады екен. Нәски, айфон, кафе, отель, Роза коучтың трениңіне билет (?) деген сияқты. Самсоң әпергенде келетін бірінші бейсаналы ой "шама-шарқына қараған да" дегеннен гөрі "осы мені онша жақсы көрмейді-ау" деген күдік, әдетте.
Ендеше конвертацияланбайтын, абстрактілі және ең бастысы Нидерландтың ЖІӨ-н өсіретін басқа бірнәрсе керек. Жауап, әрине, гүлдер. Бай мен кедейдің сезімін бірдей көрсетуге құзыреті бар, солшыл коммунистердің алдынан өткен қолжетімді сыйлық. Сезімді жеткізу қиын нәрсе негізі және оны жеткізудің жолын гүл арқылы жүзеге асыру - өркениеттің кітап баспасынан кейінгі ең жақсы нығметі деп білем.
Тек жабайы капитализм дәуірінде осындай ғажап тепе-теңдікті бұзуға ұмтылыстарды байқап жүрмін. Миы жоқ байлар мен вайнерлердің 101, 1001, 10001 роза, акация және бақбақ гүлін сыйлай
Repost from N/a
Иттер ағымы бізде метамодернизмде))
Ал, постмодернизм бульдогтары бір уақытта неомарксизм алабайлары саналады және олар скептицизмді негізге алады.
Соған қарап қазақ төбеттеріне постмодерн еш сәйкеспейтін ұғымдар деп үре алам. Постмодерн қазақтың тұрмысын да, дінін де, ділін де, тілін де тас-талқан етеді.
Батыс иттері индивидуализм мен аналитиканы негіз еткен метамодернизммен үріп бара жатыр.
"Егер Құдай бар болса нәрестелер неге өледі?" деген аргументпен өзінің атеистік позициясын белгілейтін адамдар әлі де бар екен.
Көке, оян. Адамзат бұл талқының үш сатысын бастан өткеріп үлгерді ендігі.
Бұл, әрине, қисынды сұрақ. Миың орнында. Алайда Ібіліс басқан боқты сен де басып жүрсің. Тәкаппарлығың мен өзіңе тамсануыңды қой. Әлемде бұндай ой миына келген адамдардың біріншісі де, соңғысы да сен емессің. Ендеше чёрт болма. Ізден. Ой туыстарың мен олардың оппоненттерінің ой тувлестірген жеріне бар. Көр. Оқы.
Ыстық философиялық еңбектерді басым қақпайды десең, шәйнектер үшін видеоларды қара. Мың жұтылып, мың тышылған тақырып. Тіпті Лейбниц көзі тірісінде сенің миыңды осып өтер жауап берген, алайда кейінірек бұдан да зор жауаптар берілген сұрақ.
Әгәрәки басыңа осындай бірінші реттік ақылды ойлар келсе құттықтаймын, сен - тегін адам емессің. Килограмың - 25 теңге 33 тиын тұрады.
Алайда осындай потенциалыңды тар әрі бәсекесі жоқ ортада ғана ақылды боп көрінуге арнасаң - құрыған адам болғаның. Бірінші реттік ойларды жетілдіріп, қашап-жонып келесі кезеңге өткіз. Сөйтіп қана өсе аласың.
Өңдемесең де өзің білесің әрине. Бірақ ондай ойларыңмен жүзжылдықтар бойы адамзаттың басын ауыртқан сұрақтарға жауап берем деп тыраштанбасаң игі болар еді.
Сосын, аталмыш сериалды сүйіп көретін бірақ өзін феминистпін деп санайтын құрбың болса араласпай кет.
"Muhteşem yüzyıl" сериалының режиссерін феминист белсенділер немесе антипатрархиялық қозғалыс өкілдері (азаптап) өлтіріп кететін шығар деп ойлайм. Қазір жоспарларын құрып жатқан болар, кедергі болмайын
Енді міне, өзбектің Мұрат Әбділдасы да "Әзірейіл сұрамастан келер, досым" деп отыр бүгін
