данышпан қарға
Kanalga Telegram’da o‘tish
669
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-17 kun
-930 kun
Postlar arxiv
Саған сатқындық жасалған кез болды ма? Қалай қабылдадың?
Немесе қалай қабылдар едің?
Есімде жоқ. Ешкімге сенім артпайтындықтан - ешкімнен сатқындық та көрмеген шығармын.
Бала кезде бірге өскен бауырлардың бәрі бір-бірімен алысып, қырылып өспей ме екен?!
Жарайд қойылған сұрақтарға қарап бәрі емес, біразы дейін.
Ал есейгендегі бір-бірімен жақын болу жағдайлар мен мінезге қатысты шығар?
иә, сосын қатындарына да байланысты деп па))
“Менің ең басты құндылығым - өмірім. Сондықтан, ешқашан олай ойлап көрген емеспін”
Батыр адам екенсің. Бұдан кейін де ешқашан ойлап көрмеуіңді тілейм.
сол үшін алып қоялық!
2.Ипохондриядан зардап шекпейсің бе?
Ләззат алам десең))
Кейде болады, иә, оңбаған сүйектерің бүгілмей, бауырың ауырып, басың айналғанда өліп қалсам ше деген ой кезіп кетеді. Сосын өтіп кетеді. Бірақ параноик емеспін.
1.Ауырып дәрігерге барғанда "білімсіз,жауапсыз дәрігерге тап болып мені қате емдеп одан сайын зиян тигізеді-ау"деген қорқыныш болмай ма?Отандық дәрігерлерге сенесің бе?Диагноз қойса басқа екінші пікірді тыңдайсың ба?Көбісі диплом сатып алған,мракобесие көп.Пациенттің ауруын таба алмай не теріс емдеп көп уақыт өткізіп алады,асқындырып
Барынша жасы үлкен дәрігерге қаралуға тырысам сол үшін. Білім болмаса да, білік болады әйтеуір. Бірақ дәрігерлерге де жиі қатынай бермейм.
Отандық дәрігерлерге сенем деп айта алмайм. Бірақ, бұндай мамандарға сенімсіздік танытуға құқымыз бар ма деп те ойланам кейде. Ақ халатты вокзал жандар ғой қанша дегенмен
Әсерлі,мықты кітап оқығанда немесе мұңлы,өмірлі фильм/әндерді тыңдап,көргенде көңіліп босап кететін кез бола ма?
әрине. өйтпесе өнер - өнер емес қой
Мать Терезаны ханжа деп есептейсің бе?
Бұрындары осы кісі туралы оқыған ақпараттарым - пропаганда болып шықпаса, иә, ханжа деп есептейм.
егер ұнатқан қызыңның материалдық жағдайы сенікінен әлдеқайда жоғары болса бұл сен үшін мәселе ме?будешь комплексовать?
иә. өзі онсыз да материалдық жағдай бойынша комплекстерім аз емес.
Бір нәрсе бүлдіріп ап оңай құтылып кететін кездер жиі бола ма сенде?
Күніне 2-3 рет
Сыр сақтай аласың ба?
иә. егер бұл ақпарат - сыр екенін білсем ғана. болмаса айтып қоюым мүмкін, қққ
Ата-анаң балаларының өзара жақын,тату болмағанына қынжылмай ма?
Кішкентай кезде, қырылысып жүретін кезде мамам күйіп кететін. "Ертең үлкен болғанда бір-біріңді сағынасыңдар, әлі" деп қақсайтын. Қазір қарым-қатынасымыз норм. Тап бір сырлас болмасақ та, бір кісідей аға-бауырмыз (тек қарызға ақша бермейді, жмоттар)
Түнде көшеде жалғыз жүруге қорықпайсың ба?Өз-өзін қорғауға арналған предметы алып жүресің бе?
ескілеу ак-47 Калашниковпен серуендейм кейде. қаланың шетіне шығатын болсам бір Т-72 мініп алып шығам
Ағаңмен әлі де араласасың ба?Өз ісіне өкінді ме?Сен кешіре алар ма едің?
осы сұрақтарыңа қарап сен - үйдің жалғызысың ба деп ойлап қалдым. біз өгіздей болсақ та әлі төбелесе береміз. сосын кешірім, мораль анау-мынауға орын жоқ. оның бұл ісіне өкінбек түгілі, бір долесекунд болсын ойлап көрмегеніне бәс тігуге дайынмын, қққ
Үй шаруасына пысықсың ба?
жоқ. біздің квартира, малқо... ә, жоқ, шошқа қора боп жатад постоянно ((
Адам денесіндегі қандай дефект саған тартымды боп көрінеді?Мысалы кейбір адамға жеңіл сақаулық,родимое пятно,сәл қыли көздер ұнайды
басының жартысы жоқ болса деп па, қққ
ондайым жоқ сияқты
Қай кезде өзіңнің ақылды екеніңді байқай бастадың?
"мен ақылды емеспін, тек бұрын айналам топастау болған" деп ойлай бастаған кезде
Қандай бір тәуелділігің бар ма?(и это необъязательно алкоголь или наркотики)
Горилла, кока-колаға
