uz
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Kanalga Telegram’da o‘tish

уикипедияға ұқсайтын бала

Ko'proq ko'rsatish
669
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-17 kun
-930 kun
Postlar arxiv
Инстаграмдағы ең алғашқы комментті 7 жыл бұрын жазыппын. Содан бері небір жерлерге небір бәлелерді бықсытқан екем, соны барып тазалап келдім. 4-5 жыл алдыңғы өзімді буындырып өлтіргім кеп кеткенін айта отыра, фейсбуктен әкелген Бақкелді Қабанбайдың мына жазбасын ұсынам: "Грек аңызы бойынша Тесей деген батыр болыпты. Ол қайтыс болғаннан кейін атақты кемесі Афина қаласында сақталған екен. Жылдар өткен сайын кемесі шіри бастайды. Шіріген тұстарын жаңа материалмен алмастырып отырады. Осылай кеменің бүкіл бөлшегі ауысады. Енді сұрақ: бұл кеме Тесейдің кемесі болып қала ма? Әлде жаңа кеме ме? Тесей кемесі парадоксы осы. Дәл осы сияқты адамның денесі де жаңара береді екен. Швед ғалымы Джонас Фрисен адам толық жаңару үшін кемі 7 жыл керек дейді. Сонда мектепте берген мұғалімдермен амандаспауға бола ма? Бөлек организм ғой олар уже)"

Қазақ спортшыларының олимпиадада қалай жүлдеден қағылатынын көргіңіз келсе, Анық Отгонцэцэг бауырымыздың осы телеграм каналына жазылыңыздар. Көргіңіз келмесе - беззвукқа қойыңыздар 👍

Repost from N/a
Қайсысы әдемі?
Қайсысы әдемі?

Сағат 00:15 кетті, нағыз провокация отын үрлейтін уақыт. Бір жолы мектепте тарихтан Патшалық Ресей дәуіріндегі көтерілістерді өтіп жатқан кезде старостамыз «ағай, сонда біз жақта (оңтүстікте) ешқандай ірі көтеріліс/соғыс болмаған ба?» деп сұраған ед. Сол кезде тарихтан беретін ағай «аха, көтерілістің бәрін бастаған орта мен кіші жүздер, ал біздің ата-бабаларымыз қорқақ болған» деп жауап берді. Ол да бір провокацияны жаны сүйетін ағай ед, бірақ біз оны түсінбейтінбіз. Қазір ойлайм, қазақ тарихшыларына менің ағайымдікі сияқты камиң-ауттық көңіл-күй жетпей ме қалай өзі деп. "Орыс ойрандады, қытай қырды" деп маңырамастан бұрын бір сәт "менің ата-бабам тарихта қандай көттік жасап ед?" деген сұрақ қойылса, иә? Топастығымды есепке алғанның өзінде менде екі вариант бар. 1. "Шаңды жорық" 2. "Қатаған қырғыны" Ойлаңдаршы, біздің кесірімізден кем дегенде бір ұлт пен бір ірі ру жер бетінен жоқ боп кетті. Біздің атамыздың атасының аталары осыларды жасамағанда "Пәленше қатағандармен құда бопты", "Жоңғарлар Олимпиадада жыртыватыр" деген хабарларды естіп жатушы ек. Ұлт ретінде, азаматтық қоғам ретінде, қалай ед, моральдық тазару деуші ме ед, сондай бір процедурадан өтіп алсақ деген баяғы жлёмана тлек менікі. Болмаса отарлаушыларды, геноцид жасаушыларды айыптауды доғарайық. Ал "аю мен айдаһардың ортасында отыру" туралы ертегіні үкімет итіне оқып берсін.

Мысалы, мына актердың жасы 45-те. Орта жас деуге де әлі ерте сияқты. Бүкіләлемдік өмір сапасының жақсаруы мен жасару - қазақт
Мысалы, мына актердың жасы 45-те. Орта жас деуге де әлі ерте сияқты. Бүкіләлемдік өмір сапасының жақсаруы мен жасару - қазақтарға ғана әсер етіп жатқан жоқ (((

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «жастар» категориясына 18 жастан 44 жасқа дейінгілерді кіргізеді екен. 44 жастағы таныстарыңның түрі норм көріне ма былай?

#nonqazaqdepression Байқадыңдар ма (әрине, байқаған боларсыңдар, бәленің бәрін білесіңдер ғой сендер), қазақ әдебиеті жайлы әңгіме болғанда ақын-жазушыларды сакрализациялау басым бізде. Ешкімді жамандауға, тіпті сынауға болмайды. Қазақ әдеби критиктері - тумай жатып өлген франкенштейндер сияқты. Ешқашан көрген емеспін. Содан ба жазушылар да небір бәлелерді жаза берген. Неге классиктер басқалардан артық болуы керек? Күннің шыққанын 4 парақ қағазға сипаттағаны үшін бе? Әйтеуір бәрі жартықұдай. 'Адам оқитын кітап жаз да - сат, болмаса әжетханаңа алып кет' деген капиталистік қағида болғанда осылай өздеріне көп алмас ед. (Ақын-жазушылар өздерін шынымен ұлтқа қызмет етіп жүрм деп ойлай ма екен, қызық) Жыныма тиетіні жазушылардың өзі емес, оларды сынауға жолатпайтын оқырмандары. А-АА-АААА!! Сонда әдебиет не үшін??

Жігіттер, феминист әйел алыңдар. Өмірлерің изи болад' (с) unknown author

Ұмытыңдар. Қаззақтардың келесі қалыңмал мен отбасы құру туралы қыңқылы толған жер екен, бар болғаны.

photo content

Байқадыңдар ма (әрине, байқамаған боларсыңдар, қайдан байқайсыңдар), еркектер - әйелдерге қарағанда өсекке әлдеқайда жақын. Сондай әсемдікпен, мәнермен ғайбаттайды. Тіпті өсектесіп отыр дегің келмейді

Сосын, әлбетте, ғайбаттаңдар

Қысқа ғибратнама Советтер отағы кезіндегі сияқты тек бір ақпарат көзінен бір ғана ақиқатты естіп, сосын еркіндікке шыққан адамдардың санасында да-бум-тсс болатынын - 90 жылдардағы алаяқтар дәлелдеп берген. Қалыпты жағдай деп қабылдайын десем, Шалабай атамның әруағыыыы деген ролик есіме түсіп кете береді де, адамдар не бір бәлеге сене береді екен ғой деп қалам. Әлгі тәуіптің постмодерн кезде атақты болғанына шүкір, әйтпесе, біз де дискотекасында жүрер ме ек. Қандай жағдайда да критикалық ойлауды жоғалтпауға тағы бір рет үндеуге келдім. Ал критикалық ойлауды дамыту үшін - бәлеқор болыңдар яки тырнақ астынан кір іздеңдер.

Бір қыз “сағындым” деп история салса, үш жігіт өзін бақытты сезінеді:)

Threads қайта гүлденіп жатыр, барып хабар алып қайтыңдар :)

Мен телеграм канал ашқалы 10 жыл болған шығар. Не өшпейді, не өспейді;)) Өздеріңіз тығылып оқи бермей, басқаларға да айтып, жан-жаққа таратып, әрқайсыңыз 5-10 адам болса да әкелсеңіздер, жүдә жақсы болар ед;) Иә, жалпы адам саны дегенге аса мән бермеймін. Өйткені, офлайн кездесулерге де жиі шығып тұрамын ғой. Сол кезде залда 500, 1000 адам отырса, ол - өте үлкен аудитория екенін білемін. Дегенмен, офлайн ол - офлайн. Ал онлайнда көбірек оқырманға жеткен жақсы ғой. Сондықтан, кішкене асарлатып жіберейік, иә?;) ✊

#qazaqdepression #камиңАуытМұқибек Рас, мойындайтын кез жетті Жылдар бойы жасырып келген шымкенттіктердің сырын ашуға бел будым. Бұл туралы көп ойландым, әйтсе де... ...Ғасырлар бойы Рим клубы, большевиктер және уәхәбизм ұйымдарымен бірлесіп, қазақ тіліне жат сөздерді кіргізу, сол арқылы Адам атадан бері бұзылмай келе жатқан таза тілдерін ластап, оның артынан ұлы дала халқын тұқырту болып еді мақсатымыз. Осы жолда халық саны көп, ендеше тез таралады-ау деп Шымкент өңірінің сөз қолданысына паразит сөздерді қоса бастадық. Иә, әсілінде шымкенттік диалект деп жүрген "әпше" сөзі ешқандай да әпкені білдірмейді. Бұл сөздің түп мағынасы пруссша "äpschsché" деген сөзден шыққан, мағынасы "ұлы қазақ халқын мәңгүрттендіру жолында" дегенді білдіреді, ал дарбыз сөзі парсы тілінен "дт'арвууз" деген сөз яки "ұлы Кир патшаның кегін аламыз" дегенді білдіреді. Әйтсе де... Зор өкінішімзге орай қанша тыраштансақ та, әр жолы біздің алдымыздан өз ұлтын шын сүйетін қазақтар шығып, алдымызға тосқауыл бола берді. Неткен қырағылық деп таңданамын мен сонда. Бұндай ұлтты жеңу мүмкін емес деген байламға тоқтадық біз бүгін Шіркін, шіркін... Біздің масондар клубында осындай қазақтардан 5-і болғанда бүкіл әлем табанымыздың астында жатар еді...(((

"Красивых женщин я успеваю только заметить. И ничего больше" (с) Черномырдин

An unknown error occurred - Белгісіз қате орын алды. Не деген пысық қате, өзі еще белгісіз, еще орын алып алған 😂 мынау кәдімгі нормаға айналған аударма. Кейбір тапсырыс берушілерге осылай аударып бермесең, өзіңше қазақылап "біз түсінбейтін қате кетті" десең мысалы, қабылдамайды да. Шетелдіктерден локализейшнге тапсырыс алушыларға бір лайфхак. Тест алғанда әдейі осылай гугл-яндекс сипатында аударып бересіз. Өтіп алған соң әдемілеп қазақылай бересіз. #аудармажыры (c) Facebook, Dinara Mazen