cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Sputnik Қазақстан

🔸Басқалар айтпағанды біз айтамыз 🔸Біздің сайт: https://sputnik.kz/

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
10 015
Obunachilar
+924 soatlar
-147 kunlar
-19830 kunlar
Post vaqtlarining boʻlagichi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Nashrni tahlil qilish
PostlarKo'rishlar
Ulashishlar
Ko'rish dinamikasi
01
Қарулы күштер дабыл бойынша көтерілді 6 маусымда Қарулы күштердің барлық түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамы жауынгерлік дайындық сабақтарын өткізу шеңберінде дабылмен көтерілді.
10Loading...
02
🎥 Кеңестік мультфильмдер есіңізде ме? Мәдениет министрлігі оларды қазақ тіліне аударып, көрерменге ұсынуға дайын. «Балаларды жас ерекшеліктеріне сай қазақ тіліндегі контентпен қамтамасыз еткіміз келеді. Кеңестік мультфильмдерді аударуға бізде мүмкіндік бар», - дейді мәдениет вице-министрі Ысқақов. Министрлік бұл мультфильмдер балалардың бойына құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіреді деген қорытындыға келді. Мультфильмдер әлеуметтік желіде жарияланады. @sputnik_aitady
2230Loading...
03
Мына үйлерді 40 күнде салған Су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін жүз үйдің алғашқы партиясы дайын екен. Петропавл. Солнечный-2 шағын ауданы.
3672Loading...
04
Қазақстандық десантшылар Тәжікстанда Олар "Ирбис-2024" оқу-жаттығуына барды. Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысады. Іс-қимылдар "Магоб" оқу орталығында өтіп жатыр.
3880Loading...
05
📚Қазақстанда оқушыларға шамадан тыс көлемде ақпарат беріледі Сенат депутаты мектепте сабақ санын азайтуды ұсынды. Айтуынша, дамыған елдерде пән санын азайтып, білім сапасына басымдық беріледі. «Қазақстанда оқушыларға тақырып бойынша шамадан тыс көлемді ақпарат беріледі және оқулықтардың тілі ауыр әрі ғылыми сипатта болады. Ал озық елдердің бірі – Ұлыбританияда, керісінше, ақпарат көлемді емес, тақырыптар күнделікті өмірдегі жағдаймен байланыстырылып оқытылады», - дейді Алтынбек Нухұлы. Толығырақ видеода. @sputnik_aitady
5491Loading...
06
Астанаға алғаш рет Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайымы» келді Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр. ▪️Тоқаев Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты. @sputnik_aitady
5200Loading...
07
Блогерлер мемлекеттен табысын жасырып жүр Алайда қаржы министрлігі оларды бақылауға алды. Такиев 20 мыңнан аса жазылушысы бар 745 блогердің тізімі жасалғанын айтты. «Олардың кірістері мен шығыстары салыстырылды. Бәрін тексеру мүмкіндігі болмаған сияқты, бірақ 162 блогердің кірісі мен шығысында 1,1 млрд теңге сәйкессіздік анықталды», - дейді ведомство басшысы. ▫️Министр қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған конференцияға қатысты. @sputnik_aitady
6241Loading...
08
Депутат экологиялық қауіпті аймақта тұратындарға үстемақы төлеуді ұсынды Бұл үшін республикалық бюджеттен 6 млрд теңге қаржы бөлу қажет, дейді. Мұрат Қадырбек премьер-министрге осындай депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, Түркістан өңіріндегі Кентау қаласын экологиялық дағдарысқа жақын аймақ ретінде тану қажет. ▪️Ал Сіз мұндай ұсынысқа қалай қарайсыз? @sputnik_aitady
7222Loading...
09
Соңғы 19 жылда Қазақстанға Ресейден $22 млрд инвестиция тартылды Бұл туралы Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин айтты. Айтуынша, Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 19 мың компания жұмыс істейді. Сондай-ақ ресейлік компаниялар қыркүйекте Алматыда өтетін KIOGE-2024 және қазанда Астанада болатын KazAgro/KazFarm-2024 «Ресейде жасалған» ұжымдық стендтеріне қатысады деп жоспарланған. ▪️Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында «Қазақстан – Ресей» бизнес-диалогы өтті. @sputnik_aitady
7500Loading...
10
Жамбылдық полицейлер жылдамдық асыратындармен дрон арқылы күреспек Енді бейнекамера жоқ жолдарда жүйткитін жүргізушілер жауапкершіліктен құтыла алмайды. Бұл дрондар жолдың ең қауіпті учаскелерінде қолданылады. Мұндай жаңашылдыққа қалай қарайсыз?⤵️ @sputnik_aitady
7711Loading...
11
Алматыда ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы өтті Онда ҰҚШҰ-ның жауапкершілік аймағындағы әскери-саяси жағдай және сын-қатерлерге қарсы тұру мәселесі талқыланды. Тәжік-ауған шекарасын нығайтуға ерекше назар аударылды. @sputnik_aitady
8240Loading...
12
Қазақстанда атом электр станциясын салуға 10-12 млрд доллар жұмсалуы мүмкін «Референдумда мақұлданған жағдайда 2035 жылға дейін АЭС салуға 10-12 млрд АҚШ доллары жұмсалады», – деп жазылған құжатта. Құжат жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды. @sputnik_aitady
8180Loading...
13
Астанада маса қаптап кетті Видеода – Астананың Жағалау ауданы. @sputnik_aitady
8913Loading...
14
Ақтөбеде жол апатынан төрт адам көз жұмды Апат 5 маусымда сағат15:00 шамасында «Ақтөбе-Орск» автожолында болған. Toyota Alphard көлігі жолда аударылып кеткен. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды. @sputnik_aitady
8913Loading...
15
Алматының спорт басқармасы қызметкерлері 56 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді Қазір Антикор тексеру жүргізіп жатыр. Олар іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді. @sputnik_aitady
9481Loading...
16
🚕 Жылдамдықты жиі асыратын «Индрайвер» және «Яндекс» жүргізушілері тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін Бұл туралы көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған меморандумда көрсетілген. Ақпарат клиенттердің берген бағасы мен жалпы рейтингке қарап алынады. @sputnik_aitady
1 0141Loading...
17
Путин әлемдік ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесу өткізді БАҚ басшыларының арасында Xinhua, Associated Press, Agence France-Presse және Reuters агенттіктерінің өкілдері бар. Кездесуде айтылған мәселелер: ▪️Ресей Қазақстанға газ жеткізеді «Энергетика туралы айтатын болсақ, біз тек Өзбекстанды ғана газбен қамтамасыз етіп қоймаймыз, Қазақстанға да газ береміз. Солтүстік Қазақстан біздің энергетикалық ресурстарға мұқтаж», - деді Ресей президенті. Оның айтуынша, Қазақстан үшін миллиардтаған долларға жаңа бағыттарды салғанша, Ресейден газ алу арзанға түседі. Ресей мен Қазақстанда екіжақты қарым-қатынасты қиындататын бірде-бір мәселе жоқ «Біз – өте жақын, жай ғана жақын емес, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастары бар елміз. Ал Ресей мен Қазақстанда сауда-экономикалық байланыстар сенімді түрде өсіп келеді», - деп атап өтті Путин. @sputnik_aitady
1 0481Loading...
18
ҚМДБ қажылыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады Сауд Арабиясы қажылық ережелерін бұзған кез келген адамға 1,1 млн теңге (2666 АҚШ доллары) айыппұл салады. Азаматтығы жоқтар өз елдеріне депортацияланады және Сауд Арабиясына қайта кіруге тыйым салынады. Қажылық тәртібін бұзғандарды рұқсатсыз тасымалдағандар 6 айға дейін бас бостандығынан айырылады, айыппұл төлейді. Бұл ереже 2024 жылдың 20 маусымына дейін күшінде болады. @sputnik_aitady
1 0270Loading...
19
Ақтөбелік түлек ҰБТ-да 137 балл жинады Бұл – әзірге еліміздегі үздік екінші көрсеткіш. Айшат болашақта ІТ маманы болуды армандайды. ▫️Ең жоғары ұпайды (138 балл) кентаулық талапкер Айдос Қожанов жинады. @sputnik_aitady
1 2190Loading...
20
Санкт-Петербург форумында ерекше теміржол стенді көрсетілді Форумда Ресей темір жолдарының стенді ерекше көзге түсті. Мұнда робот қонақтарға балмұздақ таратуда, рельсте тәттілер тиелген вагондар жүр. Ал ортасында локомотивтің үлкен макеті орналасқан. @sputnik_aitady
1 2080Loading...
21
Алматы халықаралық әуежайын Гокер Косе басқарады Ол 16 маусымда әуежай президенті қызметінен ресми түрде кететін Альп Эр Тунг Ерсойдың орнына келеді. 2017 жылы Гокер Косе Париждегі Шарль де Голль және Орли әуежайларының инвестициялық жобаларын басқарды. @sputnik_aitady
1 1870Loading...
22
Асық ойнайтын неміс қызы Олеся Пфафенгут бес асық ойынын шебер ойнайды. Ол оны оқушы кезінде үйренген. Содан бері тастаған емес. Ал бүгінде спорт шеберлігіне үміткер. Қазір Олеся балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Видео: 24kz @sputnik_aitady
1 1651Loading...
23
«Қазақмыс» Қырғызстанда іздеу салынған өз топ-менеджеріне қатысты түсінік берді Компанияның мәліметінше, Владимир Жұманбаевтың Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында көрсетілген құрылымдарға ешқандай қатысы жоқ. «Қазіргі уақытта Жұманбаев еңбек демалысында. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген жоқ және тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын», - деп хабарлады «Қазақмыс» баспасөз қызметі. «Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына Қырғызстанның тергеу органдарынан ресми өтініштер келіп түскен жоқ, деп атап өтті компания. ▪️«Вертекс Голд» компаниясының басшысы Владимир Жұманбаев көрші елде ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінді. Оған мемлекетаралық іздеу жарияланды. @sputnik_aitady
1 1700Loading...
24
Қонаев қаласындағы ерекше балалардың аналары заңға өзгеріс енгізуді талап етті ❕Өйткені 15 жыл баспанаға қолымыз жетпей келеді, дейді олар. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты. «Баспана кезегі келгенде бірінші - ҰОС ардагерлері, екінші - жетім балалар, үшінші - көпбалалы аналар, сосын қандастар алады. Ал біздің санат кезектің соңында тұр. Біздің санатымызды жетім балалардың санатымен бірдей етсе деп сұраймыз. Өйткені бізді сау баланы бағып отырғандардың қатарына кіргізіп қойған», - дейді Айкүміс Қазыбекова. Бір ғана Қонаев қаласында 2000 жылдан бері ерекше баласы бар бір де бір отбасы баспана алмаған, өйткені кезегі жетпеген. Бұны қалалық әкімдік те растап отыр. Толығырақ материалымызда. @sputnik_aitady
1 1630Loading...
25
🇰🇿🇷🇺Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Алматыға барды Ол ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысына қатысады. @sputnik_aitady
1 1340Loading...
26
Ресейде форум қонақтары роботпен аэрохоккей ойынын ойнады Бұл форумға келушілердің назарын ерекше аударды. Айта кетері, Ресейдің солтүстік астанасында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр. @sputnik_aitady
1 1660Loading...
27
Қазақтың тұңғыш мультфильмі туралы білесіз бе? «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысы 1967 жылы жарыққа шыққан. Ұзақтығы 10 минутқа жететін мультфильм жасауға бір жарым жыл уақыт кеткен. Видео – мәдениет министрлігі @sputnik_aitady
1 1931Loading...
28
ҰБТ-дан 138 балл алған талапкер тестке қалай дайындалған? Кентаулық Айдос Қожанов ҰБТ-да екі сұраққа ғана дұрыс жауап бермеген. Бұл көрсеткіш әзірше Қазақстан бойынша ең жоғары нәтиже болып тұр. «Мен қай сұрақтарға дұрыс жауап бермегенімді білдім. Қазіргі мақсатым – өз рекордымды жаңарту. 1 шілде күні ҰБТ-ны тағы бір рет тапсырып, 140 ұпай алғым келіп тұр. Оған тағы дайындаламын», - дейді ол. Айдос жеке лайфхактарымен де бөлісті. Ол жайлы материалымыздан оқи аласыз. @sputnik_aitady
1 2451Loading...
29
Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгеге дейін өсті Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Айта кетейік, республика бойынша орташа айлық жалақы – 382 мың теңге. @sputnik_aitady
1 2721Loading...
30
Қазақстан қант экспортына күзге дейін тыйым салды Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 31 тамызға дейін қант қызылшасы мен шикі құрақ қантын экспорттауға тыйым салынады. Тыйым ЕАЭО мүше елдерге де қатысты. Бұл ішкі нарықтың 13%-ы ғана отандық қантпен, қалғаны ЕАЭО елдерінен келетін дайын қант есебінен қамтамасыз етілетініне байланысты. @sputnik_aitady
1 2800Loading...
31
🇰🇿⚽️Футболдан ұлттық құраманың жаңа бапкері жұмысқа қашан кіріседі? 7 маусымда ұлттық құрама Армениямен, 11 маусымда Әзербайжан құрамасымен ойнайды. Алдағы екі ойынға команданы бас бапкердің көмекшісі Руслан Балтиев дайындап жатыр. Станислав Черчесов бастаған жаңа бапкерлік штаб жұмысқа жолдастық ойындардан кейін кіріседі. @sputnik_aitady
1 2680Loading...
32
🚘 Бұл – электрлік Lada Niva Ол Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында көпшілікке ұсынылды. Алайда бұл өндіріске дейінгі үлгі емес, тек жобасы ғана. Бұл туралы АвтоВАЗ компаниясының маркетинг басшысы Сергей Корниенко айтты. Көлік 100 км/сағ жылдамдыққа 10 секундтан аз уақыт ішінде жетеді, дейді компания өкілдері. @sputnik_aitady
1 2091Loading...
33
🇰🇿🇷🇺 Энергетика министрі Сәтқалиев Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумына барады Ол бүгін мәжіліс отырысынан кейін жолға шығатынын айтты. ▪️ Бүгін Санкт-Петербург қаласында халықаралық экономикалық форум өтеді. Ол 5-8 маусым аралығында болады. 136 елдің өкілдері қатысады. Басты тақырыбы – «Көп полярлы әлемнің негізі – жаңа өсу нүктелерінің қалыптасуы». Форум аясында барлығы 150-ден астам тақырыптық сессия өтеді. @sputnik_aitady
1 1930Loading...
34
💸Қазақстанда 500 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған Бұл туралы мәжіліс отырысында жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті. Мәселен, 2023 жылы квазимемлекеттік сектор республикалық бюджеттен 1,2 трлн теңгеге жуық қаржы алған. Алайда олар пайдаланбаған қаражат өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 еседен астам. «Басқа да көптеген маңызды міндеттерді шешуге бюджет қаражатының жетпей жатқанын ескерсек, бұл – өрескел жағдай», - деді бас аудитор. @sputnik_aitady
1 2111Loading...
35
Астанада 3-ші ЖЭО құрылысы 2026 жылы аяқталады Энергетика министрі Сатқалиев мәжілісте осылай деді. Орталық 2010 жылдан бері салынып жатыр. Депутат Жаңбыршин нысанның құрылысы неге сонша созылып кеткенін сұрады. Бұл уақытта туған балалар мүшел жасқа толды, деп шүйлікті депутат. Министрдің жауабы видеода.
1 2272Loading...
36
Forbes тізіміндегі қазақстандық кәсіпкер Қырғызстанда іздеуге жарияланды «Вертекс Голд» компаниясының басшысы Владимир Жұманбаев Қырғызстандағы ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, Қырғызстандағы Жұманбаевқа тиесілі алтын өндіруші компания 2021-2023 жылдар аралығында қылмыскерге ай сайын 1 млн сом аударып отырған. Сонымен қатар Жұманбаевтың компаниясы Қырғызстанның мемлекеттік органдарынан нақты кіріс көлемін жасырған. Кәсіпкер мемлекетаралық іздеуге жарияланды. @sputnik_aitady
1 2421Loading...
Photo unavailableShow in Telegram
Қарулы күштер дабыл бойынша көтерілді 6 маусымда Қарулы күштердің барлық түрлерінің, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің жеке құрамы жауынгерлік дайындық сабақтарын өткізу шеңберінде дабылмен көтерілді.
Hammasini ko'rsatish...
😱 1
🎥 Кеңестік мультфильмдер есіңізде ме? Мәдениет министрлігі оларды қазақ тіліне аударып, көрерменге ұсынуға дайын.
«Балаларды жас ерекшеліктеріне сай қазақ тіліндегі контентпен қамтамасыз еткіміз келеді. Кеңестік мультфильмдерді аударуға бізде мүмкіндік бар», - дейді мәдениет вице-министрі Ысқақов.
Министрлік бұл мультфильмдер балалардың бойына құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді сіңіреді деген қорытындыға келді. Мультфильмдер әлеуметтік желіде жарияланады. @sputnik_aitady
Hammasini ko'rsatish...
👍 3💯 2🤗 2😁 1👻 1👀 1
00:33
Video unavailableShow in Telegram
Мына үйлерді 40 күнде салған Су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін жүз үйдің алғашқы партиясы дайын екен. Петропавл. Солнечный-2 шағын ауданы.
Hammasini ko'rsatish...
Ровно_40_дней_назад_в_мкр_Солнечный_2_началось_строительство_100.mp411.42 MB
👍 8👏 2🔥 1🥰 1🤔 1🤯 1👀 1
00:28
Video unavailableShow in Telegram
Қазақстандық десантшылар Тәжікстанда Олар "Ирбис-2024" оқу-жаттығуына барды. Екіжақты тактикалық-арнайы оқу-жаттығуларға Қазақстан мен Тәжікстан Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысады. Іс-қимылдар "Магоб" оқу орталығында өтіп жатыр.
Hammasini ko'rsatish...
Ирбис телега2.mp417.36 MB
🔥 4👍 2❤‍🔥 1 1👏 1🤝 1
01:12
Video unavailableShow in Telegram
📚Қазақстанда оқушыларға шамадан тыс көлемде ақпарат беріледі Сенат депутаты мектепте сабақ санын азайтуды ұсынды. Айтуынша, дамыған елдерде пән санын азайтып, білім сапасына басымдық беріледі.
«Қазақстанда оқушыларға тақырып бойынша шамадан тыс көлемді ақпарат беріледі және оқулықтардың тілі ауыр әрі ғылыми сипатта болады. Ал озық елдердің бірі – Ұлыбританияда, керісінше, ақпарат көлемді емес, тақырыптар күнделікті өмірдегі жағдаймен байланыстырылып оқытылады», - дейді Алтынбек Нухұлы.
Толығырақ видеода. @sputnik_aitady
Hammasini ko'rsatish...
video_2024-06-06_15-31-29.mp43.33 MB
👍 8💯 4😁 2👨‍💻 2🤔 1👀 1
Астанаға алғаш рет Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайымы» келді Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр. ▪️Тоқаев Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты. @sputnik_aitady
Hammasini ko'rsatish...
🔥 2😍 2👍 1 1🥰 1👏 1
Блогерлер мемлекеттен табысын жасырып жүр Алайда қаржы министрлігі оларды бақылауға алды. Такиев 20 мыңнан аса жазылушысы бар 745 блогердің тізімі жасалғанын айтты. «Олардың кірістері мен шығыстары салыстырылды. Бәрін тексеру мүмкіндігі болмаған сияқты, бірақ 162 блогердің кірісі мен шығысында 1,1 млрд теңге сәйкессіздік анықталды», - дейді ведомство басшысы. ▫️Министр қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған конференцияға қатысты. @sputnik_aitady
Hammasini ko'rsatish...
💯 3👍 2👏 1😁 1🤣 1🍾 1
00:40
Video unavailableShow in Telegram
Депутат экологиялық қауіпті аймақта тұратындарға үстемақы төлеуді ұсынды Бұл үшін республикалық бюджеттен 6 млрд теңге қаржы бөлу қажет, дейді. Мұрат Қадырбек премьер-министрге осындай депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, Түркістан өңіріндегі Кентау қаласын экологиялық дағдарысқа жақын аймақ ретінде тану қажет. ▪️Ал Сіз мұндай ұсынысқа қалай қарайсыз? @sputnik_aitady
Hammasini ko'rsatish...
video_2024-06-06_13-44-04.mp41.44 MB
👍 6💯 4👏 2🤮 1👀 1😇 1🆒 1
Соңғы 19 жылда Қазақстанға Ресейден $22 млрд инвестиция тартылды Бұл туралы Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин айтты. Айтуынша, Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысуымен 19 мың компания жұмыс істейді. Сондай-ақ ресейлік компаниялар қыркүйекте Алматыда өтетін KIOGE-2024 және қазанда Астанада болатын KazAgro/KazFarm-2024 «Ресейде жасалған» ұжымдық стендтеріне қатысады деп жоспарланған. ▪️Петербург халықаралық экономикалық форумының аясында «Қазақстан – Ресей» бизнес-диалогы өтті. @sputnik_aitady
Hammasini ko'rsatish...
😁 5🤔 4👍 2🔥 1🤨 1👀 1
00:38
Video unavailableShow in Telegram
Жамбылдық полицейлер жылдамдық асыратындармен дрон арқылы күреспек Енді бейнекамера жоқ жолдарда жүйткитін жүргізушілер жауапкершіліктен құтыла алмайды. Бұл дрондар жолдың ең қауіпті учаскелерінде қолданылады. Мұндай жаңашылдыққа қалай қарайсыз?⤵️ @sputnik_aitady
Hammasini ko'rsatish...
video_2024-06-06_12-35-14.mp44.76 MB
👍 12🔥 3👀 3👏 2💯 2😁 1