cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

svetasydykova

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПАЙДАЛЫ КАНАЛ

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
189
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
Ma'lumot yo'q7 kunlar
Ma'lumot yo'q30 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Ақ таңға ақ тілек Ең бірінші шүкір етем Аллаға Бүгінгі таң қайырлы болсын баршаға. Әр күннің сәттісін, Әр түннің тәттісін, Өмірдің салтанатын, Алланың шапағатын тілеймін. Әмин!
Hammasini ko'rsatish...
Мені кешіресің бе, анашым? (Болған оқиғаның ізімен) Пойызда келемін. Жанымда отырған қырықтар шамасындағы жолаушы әйелдің көз жасы тыйылар емес. Солқ-солқ етіп шарасыз кейіпте жылай берді, жылай берді. Бірер уақыт өткен соң, сәл басылды. Сөйтіп, жанында отырған бір-біріне мүлде бейтаныс үшеумізге қарап былай деді: – Бейтаныс бауырларым, жер бетіндегі өзге тірі жан білмейтін сырымды сіздерге айтпасам, ішім күйіп, өртеніп барады… – Әлбетте, – десіп, бас шұлғыдық. – Күйеуіммен жараспай, ажырасып, төркініме қайта келдім, – деп бастады ол сонда әңгімесін. – Әкем де, шешем де жанымда болды. Сөйтіп, күйеуімнен бір балам бар, төртеуіміз тұра бастадық. Жұмыстың қиындығынан ба, білмедім, әйтеуір қабағым бір ашылмайтын. Кәрі әке-шешем бар тәттіні аузыма тосып отырғанда да, әкем қақырынып қалса, жақтырмай, алдымдағы тамақты итеріп, төгіп жіберетінмін. Анам сол кезде «Қарғам-ай» дейтін де, төгілген тамақты үнсіз жинап алатын. Анам да, әкем де қартайған… Жүріс-тұрыстары қиындай бастаған шақта, тіпті «Қарттар үйіне» тапсырып тастасам ба екен деп те ойланып жүрдім. Өйткені, қатты шаршап келгенде өзіммен-өзім болып, рахаттанып демалғым келетін. Олар үйге бір кіріп, бір шығып тым тынымсызданып кетті. Астанада жақсы қызметке орналасып, су жаңа джип алдым. Сол джипке әке-шешемді мінгізгім келмей, оларды барар жеріне автобуспен жүргізіп қоятынмын. Мына өмірге ме, қоғамға ма, білмедім, әйтеуір кеудемде бір өшпес өшпенділік болды. Бәрін жек көрдім. Бәрінен баз кештім. Туған бауырыммен сыйыспай, ата-анамды сол бауырымның отбасымен араластырмадым. Анама да, әкеме де дауыс көтеріп, бұйыра сөйлеу күнделікті дағдыма айналды. Кеше аяқ астынан анам жүрегі ұстап құлап қалды. Мен жұмыста едім.Тас болып қатып қалған жүрегім кезекші дәрігерлер ауруханадан қоңырау шалғанда еріп сала бергені-ай… Алқынып ауруханаға жеттім. Анам кереуетте жатыр екен. Көзі жұмулы. Кереуетке жетіп жығылып, өкіре жыладым. – Тастамашы, апа! Тастамашы! Мені кешірші?! Кешірші мені! Мен қазір-ақ бауырыма қоңырау шаламын, бауырыммен татуласамын, барлық жағдайыңды жасаймын, тек көзіңді ашшы, – деп көз жасымды төге бердім. Анамның саусағы әзер қимылдады. Бірақ дәрігер бұл анамның өміріндегі соңғы минуттары екенін айтып, «Соңғы сөздеріңді тез айтып қал» деп күбірледі. – Апа! Мені кешірсең, қолымды қысшы! – дедім жанұшыра. Бұл сөздерді не үшін айтқанымды білмеймін. Бәлкім өзіме кішкене жеңіл болсын деп, кейін өз-өзімді жегідей жемес үшін айтқан шығармын… Анам қинала қимылдап, саусағымен қолымды бір рет қысқандай болды… – Расымен бе? Мен бейбақты, мен сорлыны кешіресің бе, апа?! – дегенімде, бірер секундтан соң, анам саусағын тағы қимылдатты. Мен бұл жолы анамның мені естіп жатқанына сенімді болдым. Осыдан кейін бірер секундтан соң, анам мәңгілік сапарына аттанып кетті. Мен ебіл-себіл боп жылап, анамның бетін, саусағын сүйе бердім. Бұрын анам тірі кезінде мені бетімнен сүймекші боп ұмтылғанда, «Бетіңдегі әжімдерің бетіме тигенде жиіркенем» деп, сүйгізбейтінмін. Сенесіздер ме, анам кереуетте жатқанда, сондай тәтті болып кетті. Сондай тәтті еді… Әжімі де сондай сүйкімді болатын… Ал жансыз саусақтары мәңгілік менен ажырамаса екен деп тіледім сол сәт. Бірақ бәрі кеш еді… Кеш еді Мен ақымақты бір сәтте өзгертіп, тәубесіне келтірген қандай құдірет екенін білмеймін. Бір білерім – өмір бойы анама істеген істерім үшін өкініп өтемін… Әйелдің ауыр әңгімесін тыңдап отырған жолаушының бірі: – Ал әкең қайда? – деді сыбырлай… – Әкем анам қайтыс болды деген хабарды естіген бойда жүрегі ұстап, құлап қалды. Қазір ауруханада жатыр. Жағдайы жақсарыпты, телефонмен сөйлестім. Біз анамызды өзі туған Талдықорғанға жерлеу үшін алып келеміз. Анамның мүрдесі бауырымның көлігінде, – деді әйел. Жүйткіген пойызға жүрдек уақыт ілесіп, әп сәтте түн түсіп, бәріміз ұйқыға жаттық. Әйел түнімен ауыр күрсініп, дөңбекшіп шықты. Таңертең тұрғанда, әйел бір түнде бірден он жасқа қартайып, шөгіп кеткендей сезілді… Қолымызды мезгілінен кеш сермеп қалып жүрмеңдер, ботақандар, балапандар, бауырлар. Анаңызды жақсы көретініңізді айтып, жиі-жиі құшақтап, бетінен сүйіңіз. Нар Құлан
Hammasini ko'rsatish...
Қайығыңды суға ағызып жібер. Үлкен өзеннің бойында бір балықшы өмір сүріпті. Жас күнінде күн көрісі тәп-тәуір болады. Кейіннен заман өзгеріп, жақсы күндер көрген түстей зу етіп өте шығады. Бұрынғыдай өзенде де қыруар балық жоқ. Балық аулайтын ауы ескіріп, қайығы тесіліп, жаңасын алуға қауқар жоқ, қысылтаяң шаққа кеп тірелген кезі екен. Балықшы таң атар-атпастан қайығын жөндеуден күнін бастайды. Бір күні балықшының үйіне құдайы қонақ боп бір қария келіп қонады. Балықшы барын беріп, төрге оздырып, қарияны шамасына қарай күтіп, бар ілтипатын көрсетеді. Таңертеңгісін кетуге жиналған қария үй иесіне алғысын қалай білдіргенім жөн деп сұрайды. Балықшы ел аралап жүрген қарттың үсті-басына бір қарап, жүдеу түріне қарап, оның да күнін әрең көріп жүрген біреу екенін бағамдайды. - Байқауымша, бармаған жерің, баспаған тауың жоқ секілді, көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра демеуші ме еді, ақсақал, алғысыңа жақсы ақыл айтсаң болар еді, мына кедейліктен қайтсем құтылам? - депті. - Кедейліктен құтылғың келсе, қайығыңды суға батырып жібер, - дейді қария. Ақылын айтып, қоштасып кетіп қалады. Бірақ балықшы оның ақылын түсінбестен қалады. Иығын қиқаң еткізіп, «мүмкін бұл шал алжып қалған болар. Қайықты суға батырсам, аштан өлмеймін бе?» дейді де естігенін ұмытып кетеді. Ақсақалдың ақылын алмай, бұрынғы тірлігіне қайта кіріседі. Күннен күнге халі мүшкіл тартады. Кей кейде отбасы нәпәқасыз қалып, аштан аш жатқан кездері болды. Бір күні қатты дауыл тұрып, балықшының сынық қайығы суға батып кетеді. Балықшы әзер дегенде аман қалады. Жылап-жылап, қайғысы таусылған шақта, бар дүниесін түйіп, арқасына салып, өзеннің ағысымен төмен қарай жүріп кетеді. Сөйтіп, ілдәлдалап келе жатқанда бір балықшы ауылға тап болады. Ауылда қайықтан көп неме жоқ. Үлкені, кішісі, кемесі де толып жатыр. Мынаны көріп балықшы жүрегі жарыла қуанады. Бірақ өзінде қайық жоқ. Алатын ақшасы да жоқ. Бөтен қайықтарға қарап балықшының көңіл күйі бұзылады. Қайықтардың барлығын қарап шыққан ол анаусының жөнделгенін, мынасының қай жеріне жөндеу керектігін байқап қалады. Сөйтіп, балықшы қайық жөндегіштікке тұрады. Өзінің жалғыз қайығын өмір бойы жамап өткен бейбақ, қайықты қалай жөндеу керектігін тым жақсы білетін еді. Біраз уақыттан соң ол ісмер жөндеушіге айналады. Атағы шығады. Шебердің қолынан шыққан қайықтардың есебі болмапты. Ауыл адамдары мақтап, еңбегі жанады. Оның жөндеген қайықтары су жаңа қайықтай жаңарады екен. Алыс-жақыннан тапсырыс беретіндердің қарасы көбейеді. Сәл уақыттан соң балықшы үй сатып алады. Кішкентай үй емес, кәдімгідей үлкен үй сатып алыпты. Үй алдында берекелі бау-бақшасы бар. Маңдай терін төгіп жасаған еңбегі ақталып, қалтасы қалыңдайды. Отбасы аштан қалған күндерін ұмытады. Сол кезде балықшы қайығыңды суға батыр деген ақсақалдың ақылын еске түсіреді. О, неткен дана сөздер десеңші! П-сы: Адам баласы ылғи солай, өзгерістен ажалынан бетер қорқатын пенделер ескі өміріне тас кенеше жабысып қала береді, оларға ескі уайым-қайғысы әдет боп қалған ғой. Өзгеріс неден басталса да түбі жақсылыққа жеткізеді. Әсіресе, адам сол өзгерістегі ізгілікті көріп, жүрекпен қабылдауға даяр болса! (Дамен Биханқызының "Жиған-терген" жинағынан)
Hammasini ko'rsatish...
Бата Алғанның аруын берсін, Жардың көңілін тапсын деп. Келіннің тәуірін берсін, Ағайын-жүртқа жақсын деп Теңіңнің мәнін берсін Салтанат сұқбат құрсын деп Серінің сәнін берсін, Сауықта ойнап күлсін деп. Әмин!
Hammasini ko'rsatish...
Ақ таңға ақ тілек Ең бірінші шүкір етем Аллаға Бүгінгі таң қайырлы болсын баршаға. Әр күннің сәттісін, Әр түннің тәттісін, Өмірдің салтанатын, Алланың шапағатын тілеймін. Әмин
Hammasini ko'rsatish...
Соры қайнаған ана Жанары әбден мұңға толған Алтын жүрегі қарс айырыла жаздап ағыл - тегіл жылап отыр. Көкірегін ашу кернеген байғұс ана бәрін тастап, қалада тұратын қызының үйіне келіп мұңын шағып отырған беті еді. Қыз шіркін, қашанда жанашыр ғой. Анасының мынадай хәліне жүрегі ауырып, екі көзінен мөлт- мөлт жас тамып, ол да жылап отыр. - Анашым, сізді қайтсем екен? Жыламаңызшы. Бәрі жақсы болады. Алладан үміт үзбейікші. Жыламашы, анашым,- деп шыр- пыр болуда. - Сенің барыңа да шүкір, жарығым! Барыңа шүкір,- деген Алтын терең күрсініп алып қалың ойға кетті. Бұл отбасыдан береке қашқалы дәл бес жылдың жүзі болыпты. Айрандай ұйыған әдемі шаңырақ болатын. Екі ұл, бір қызды дүниеге әкеліп, оларды бағып- қағып, ешкімнен кем қылмай өсіріп, енді жасы келген шағында келін мен баладан рахат көремін деген ананың үкілі үміті көкке ұшқандай. Күйеуі Сағит өте жуас адам. Ештеңемен шаруасы жоқ. Дүниені тауып, Алтынның алақанына салып береді. Басқасына бас қатырмайды. Бала тәрбиесіне, үйдегі болып жатқан мәселелерге де еркек болып араласпапты. Қолын бір сілтейді. Оған Алтын да үйреніп кеткен. Бәріне өзі жүгіреді, бәрін өзі жасайды. Мықты әйел. Мықты әйел еді. Тек... "Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан" дегендей, бар қиындық үлкен ұлын үйлендіріп, шаңыраққа келін түсіргеннен кейін басталды. Басында жап- жақсы еді. Арадан 6-7 ай өтіп, келіні Дариға аяғы ауырлаған соң қылық шығара бастады. Тал түске дейін жатады. Қаласа тұрады, қаламаса кешке дейін бөлмесінен шықпай жата беретін болды. Таңертеңгі шәй, түскі ас, кешкі ас, үй жинау, кір жуу бәрі қайтадан Алтынның мойнына жүктелгендей. Аман- есен босанып алсын деген ниетпен келінге де үндемей, барлық жұмысты өзі атқарып жүре берді. Ұлы Самат азаннан қара кешке дейін жұмыста. Таң атпай кетеді, қас қарайғанда сүйретіліп зорға келеді үйге. Ұлының мазасын да алмайын деп бір жағы оған да үндемейтін. Бірақ, күннен күнге түрлі қылықтар шығара бастаған келіні Дариғаның бірте- бірте шынайы бетбетпердесі ашыла бастады. Бір күні Алтын өзінің төркін жағында болатын тойға бармақшы болды. Үйдің тірлігін жасап жүре берсе, ештеңеге үлгермейтініне көзі жеткен соң, Дариғаның бөлмесінің есігін қақты. - Дарикош, тұра ғой, жарығым. Менің тойға кетуім керек. Жолай Ботаның (тұрмыстағы қызы) үйіне де соғып келемін. Көп болды көрмегелі. Тұрып шәйіңді іше ғой. Бірақ, бүгін тамақ істеп үлгермедім. Шамаң келсе, кешкі асты өзің бірдеңе етесің ғой,- деп есік алдында сөйлеп тұрғаны сол еді, маңдайына тарс етіп тиген есіктен ұшып түсіп, жерге сұлқ ете қалды. Есікті барынша жұлқынып ашқан келіні қасында аларып қарап тұр. - Ары тұрмайсыз ба? Не деген адамсыз тегі? Не? Қайда кетейін деп жатырсыз? Үйдің тірлігін кім істейді? Маған қалды ма бәрі,- деп қолын бүйіріне таянып бедірейіп тұр. Ызаға булыққан Алтын көзінің жасы мөлт- мөлт етіп, орнынан тұрып шығып кетті. Кешкі ас. Дастархан басына тамаққа жиналған бұл төртеуінде үн жоқ. Сағит та томсырайған күйде тамағын ішіп алып, орнынан тұрып кете салуды әдетке айналдырған. Әңгіме айту, бір- бірінен хәл сұрау деген қалып кеткені қашан?! Тек.. Шүйіркелесіп отырған Самат пен Дариға ғана. - Жаным, мен ертең қыдырғым келеді. Мына үйдің тірлігінен де шаршадым. Аяғым ауыр. Мен таза ауада демалғым келеді. Мені бір жерге алып баршы ертең. Саған демалыс қой иә,- деп мүләйімсіген келініне Алтын іштей жек көрінішпен қарап отырды. Намысы келді. Ызаға булықты. Ұлына ертең демалыс екенін біледі. Осы кешкі аста қызы Ботаның үйіне апарып кел деп айтамын деп оқталып отыр еді. - Болды, жаным. Сенің айтқаның заң ғой. Қалаған жеріңе апарып келемін. Сен тек мұңаймашы, жарай ма,- деген Самат келіншегін айналып толғанып отыр. - Самат, балам, мені алдымен ертең Боташтың үйіне апарып тасташы. Қайтар жолда алып қайтарсыңдар. Жағдайларын білейін,- деді Алтын сабырлы үнмен. - Ооой, мам, сіз де қыстырыла саласыз осындайда. Барғыңыз келсе такси көп қой. Ақшаңызды беремін,- деген ұлы орнынан тұрып кетіп қалды. Анасының бетіндегі көгерген ізді де байқамады. Сол сәттегі Алтынның күй- жайын ешкім де түсінбеген еді. Туған ұлынан өзі қаламаған сөзді естіп, жаны жараланды.
Hammasini ko'rsatish...
Бейшара ананың жылаған жүрегімен қоса қара аспан да сілкініп, көкте найзағай жарқ- жұрқ етіп, қара дауыл тұрып, құдды бір дала да күңіріненіп жатқандай еді. Осылайша күн зулап өтіп жатты. Арадан үш жыл уақыт өткенде бұл отбасыға суық хабар келіп жетті. Өскеменде құрылыс саласы бойынша жұмыс істеп жүрген Алтынның екінші ұлы Нұрбол биіктіктен құлап, мерт болыпты. Бұл қаза онсыз да жанын қоярға жер таппай жүрген Алтын үшін өте ауыр соққы, өте ауыр қайғы болды. Көзінен жас тоқтамай, өзімен өзі отырып алып егіліп жылай беретін болды. Үлкен ұлынан көрмеген рахатты осы Нұрболым үйленсе көрермін деп өзін өзі жұбатып жүретін. Алайда, мына қазадан кейін жігері құм болып үгітіліп, еңсесін бір тіктей алмай, ақырында ауруға шалдықты. Ұлының қазасынан кейін Сағит та ішімдікке бой алдырды. Құдайдың бір күнін қалт жібермейтін болды. Күнде үйде жанжал, ұрыс- керіс. Келіні Дариға бұл кезде үйді билеп алған еді. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Дариға айтты, бітті. Сол заң. Күн бейсенбі болатын. Нұрболдың бейсенбілік асын беріп болып, ел аяғы басылған соң Алтын кішкене мызғып алмақ болып есік алдында жатқан жастыққа жантая кетті. Көзі ілініп кетіпті. Бір кезде шаңқ ете қалған ащы дауыстан селк етіп оянды. "Бісміллә, не болды екен" деп екі өкпесін қолына алып, сыртқа жүгірді. Далада ойнап жүрген үш жасар немересі Әли құлап қалып жылап тұр екен. Алтын жүгіріп барып баланы жұбатпақ болып құшақтай алғаны сол екен, "жолама балаға, тарт қолыңды, жатып ішер масыл неме" деген келіні бұны жұлқып- жұлқып итеріп жіберді. Бұндай сөздерге еті үйреніп кеткен Алтын ләм деместең баланың жанына қайта барып, үстін қағып еркелетіп әуре. Сол- ақ екен, қақпа есігі ашылып, күйеуі Сағит қолына бір бөтелкесін ұстап алып, үйге сүйретіліп кіріп келе жатты. - Жетпегені осы еді енді. Қашан құтылар екем осы сендерден? Шаршаттыңдар мені сендер. Бірің алқаш, бірің ауру. Қашанғы бағамыз сендерді? Не өлмедіңдер, не қоймадыңдар,- деген Дариғаның аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатты. Сорлы ана қатты ашынғанынан киім- кешегін бір түйіншекке түйіп алып, көздерінен тарам- тарам жас төгіліп, артына жалтақ- жалтақ қараумен үйден ұзап бара жатты. Байғұстың барар жері жалғыз қызы Ботаның шаңырағы еді. Ұлдан қайыр таппай, келінінің сорақы әрекеттеріне әбден тойған соры қайнаған кейуана етегі жасқа толып қызын паналап келген беті осы еді..........
Hammasini ko'rsatish...
Бата Бақытың өссін күн сайын, Аспандағы жұлдыздай. Сегіз қырлы,бір сырлы Қадірлі бол халқыңа. Бақыт қой әрбір таңды атырғаның, Аман-есен отбасыңмен отырғаның. Күніңіз сәттілікке толы болсын, Назары түссін сізге бір Алланың! Әмин!
Hammasini ko'rsatish...
Бата Балаң мейірімді, Келінің кішіпейіл болып Ата-енесін сыйласын. Үйіңде бала толып ойнасын! Қораң малға толсын, Үйің жанға толсын. Жүрсең жолың болсын, Төрден орын болсын! Әмин!
Hammasini ko'rsatish...
Таңғы тілек Алла Тағала қолдап, Жамандықтан қорғап, Бүгінгі күн сәтті өтсін! Кемеңгердің алғыр ойын берсін, Екі дүниенің абыройын берсін! Әмин!
Hammasini ko'rsatish...
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.