cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
5 146
Obunachilar
-524 soatlar
-77 kunlar
+930 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Hammasini ko'rsatish...
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ

WhatsApp Group Invite

📌КИІМ КИЮ ӘДЕБІ ✅«Ей, Адам баласы! Біз сендерге әуреттеріңді (яғни, ұятты жерлеріңді) жабатын лыпа және сәндік киім түсірдік. Алайда тақуалық киімі онан да жақсы (яғни, адамның сыртқы сәнінен гөрі ішкі, жан-дүниесінің көркемдігі артық)». («Ағраф» сүресі, 26-аят). ✅«Аллаһ тағала сендер үшін ыстықтан һәм суықтан сақтайтын киім мен соғыста (дұшпанның қаруынан) қорғайтын сауыттар жаратты. («Нахыл» сүресі, 81-аят). ♦️3️⃣9️⃣8️⃣-ХАДИС: Сәмурадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ақ түсті киім киіңдер, өйткені ақ түс – таза (131), қарапайым (132) әрі көрікті келеді. Мәйіттеріңді де ақ түсті матамен кебіндеңдер», – деп айтты» – делінген. (Нәсәи, жәнәйз 38/зинә 97; Хаким, мүстәдрак 4-185). ❗132 Яғни, ақ түсті киімге жұққан кір бірден білінетіндіктен ақ түсті киім киген адам әрдайым тазалыққа көңіл бөліп жүреді. ❗133 Баяғы заманда арабтардың байлары мен ақсүйектері елден ерекшеленіп түрлі-түсті киім киетін болған. 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Hammasini ko'rsatish...
16👍 2🔥 1
Құран үйренуді неден бастаймын? https://t.me/turtip_algandarym
Hammasini ko'rsatish...
Quran uirenu x Bekzat Jaksylyk 3 (1).pdf1.80 MB
♦️3️⃣9️⃣7️⃣-ХАДИС: Сәләма анамыздан (р.а.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Күміс ыдыспен сусын ішкен адамның қарнында тозақ оты шытырлап жанып жатады», – деп айтты. Басқа бір риуаятта: «Алтын немесе күміс ыдыспен ішіп-жеген адамның қарнында тозақ оты шытырлап жанып жатады» – делінген. (Бұхари, әшрибә 28; Муслим, либәс 1). 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Hammasini ko'rsatish...
👍 18 3🔥 1
♦️3️⃣9️⃣6️⃣-ХАДИС: Хузәйфа (р.а.): «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге жібек немесе дүриядан тігілген киімдерді киюге және алтын немесе күміс ыдыспен сусын ішуге тыйым салып (130): «Бұларды бұл дүниеде кәпірлер қолданады, ал о дүниеде сендердің игіліктеріңе өтеді», – деп айтты», – деген. (Бұхари, әшрибә 28/либәс 27; Муслим, либәс 3). ❗(130) Бұл хадистегі жібек және дүриядан тігілген киімдерді кимеу ер адамдарға қарата айтылған. Ал алтын немесе күміс ыдыспен сусын ішпеуге қатысты үкім ерлер мен әйелдерге ортақ. 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Hammasini ko'rsatish...
15👍 5🔥 2👏 2
Repost from N/a
Photo unavailableShow in Telegram
Hammasini ko'rsatish...
19👍 2🕊 1
♦️3️⃣9️⃣5️⃣-ХАДИС: Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Ешбірің түрегеліп тұрып сусын ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып кетіп, түрегелген бойда сусын ішсе, онысын ақтарып тастасын», – деп айтты» – делінген. (Муслим, әшрибә 116). ❗Түсініктеме: Соңғы екі хадис мағына тұрғысынан бір-біріне қарама-қайшы болып көрінсе де, Расулаллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кей кездері сусынды түрегеп тұрып ішкені, кей кездері түрегеп тұрып ішуден тыйғандығы рас. Бірақ түрегеп тұрып сусын ішу көп жағдайда денсаулыққа зиянды болғандықтан, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) негізінен отырып ішкенді дұрыс деп санаған. Екінші хадистегі «кімде-кім ұмытып кетіп, түрегелген бойда сусын ішсе, онысын ақтарып тастасын» дегендегі «ішкенін ақтарып тастасын» бұйрығы, парыз немесе уәжіп мағынасына келмейді. Сондай-ақ, кейбір ғалымдар бұл сөздің хадисті риуаят еткен Әбу Һурайраға тән «идраж» яғни, хадис мәтініне қосымша деп түсіндірген. Бұл екі хадистен біздің түсінетініміз, сусын ішкенде мүмкін болса, отырып ішудің абзал әрі денсаулық тұрғысынан пайдалы екендігі. 📕 РИЯДУС-САЛИХИН https://t.me/hadister_jinagy
Hammasini ko'rsatish...
22👍 6🔥 2
7👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Осы кітапты Алматының қай жерінен алуға болады? Білсеңіздер айтып жіберіңіздерші.
Hammasini ko'rsatish...
✍️ قال أهل العلم: "لن تستقيم حياتك حتى تستقيم صلاتك" Ілім иелері былай дейді: "Намазың түзелмейінше өмірің түзелмейді." 📌Дереккөз: Ұстаз Марат Жарылқап https://t.me/turtip_algandarym
Hammasini ko'rsatish...
22👍 1