cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

aijaryq.s

Айжарық Ақылбекұлы

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
631
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-57 kunlar
-230 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

жаңбыр тоқтады десе, поезд тоқтады дегендей. – әрең тоқтады… деді жолсерік. біздің станциямыз артта қалды, ал біз әлі жолда, жаңбырдың кері жауғанын күтіп. *** жаңбыры тоқтаған қаланың таңы – су тері тамып, жарыстан екінші келген әлдекімнің мәнсіз отырысындай. бұл таң да екінші келді. оның екінші келгенін мен де сұрамай ұқтым.
Hammasini ko'rsatish...
уақыт ауысқалы үнемі әлденеге кешігіп жүретіндей… кешігіп қалғандай… кеш болып кеткендей… уақыт ауысты да, мен өзімнен озып кеттім, әлде қалып қойдым (кім білсін) атып кеткен таң суып қалған шәй секілді. жұмысқа кешікпеймін, бірақ таңғы жиналысқа кешігемін. жиналыста біз үшеуміз. мен, кешегі мен және бүгінгі таң. соңғы кездері, үшіншіміз біз келгенше күтпей кетіп қалып жүр.
Hammasini ko'rsatish...
өзің біл шауып бер қолыңды азсынса жаныңды ол жарық жансын деп, сен өшір шамыңды. ол алса айтар ма, сен бердім демейсің. өзіңе келгенде неліктен өгейсің? мейірім, махаббат, бер тегін ал өзің сұрама өзгеге жаныңнан жер тегін. олар да сұранбай тұра ма? жәрмеңке жүрегің, жылулық таратып өз жаның ішіңде суынып қалатын. себепсіз сүймес деп мені ешкім кім сені аяр шын? (бірінші өзіңе керексің) өзгенің жанына өтінем, болмашы даяршы. қарашы далаға еш жеміс бермейтін еш жеміс бермейтін ағаштар қаншама адамға берері жай ғана көлеңке болса да олар тек өседі жар салып баршаға тамыры жер құшып, жел тербеп бұтағы табиғат осылай адамнан ұтады. олардан екеуміз көп затты үйреніп, жақсару қажетпіз. себебі, талдарға өмірді өзімдей сүйдім деп ақталу қажетсіз. ағаштарға қарашы, айнам
Hammasini ko'rsatish...
түнде. тым түнде. ақшыл көк жейдемді үтіктеуді жөн көрдім. себебі ертеңгі күнге ойларымды да да әзірлеу керек болды. ойларың жазылмаған парақта, бу кемесі сырғиды. матаның ыстыққа бағынатыны – баяу. ыстық үгіттеуімен тегістіктің тілі қайта жатталып жатты да, басқасының бәрі ұмытыла бастады. бұл іс, көп уақыт алған жоқ. десе де мінсіздіктің шегі жоқ, бәрібір бір жері қалып кеткен секілді көрінеді де тұрады. бірақ әлдеқандай жетістіктен кейін доғару керек. сөйтіп үтікті өшірдім де, дайын болған жейдені есіктің тұтқасына іліп қойдым.
Hammasini ko'rsatish...
осы маған да ұнайды. кенет, қоштасудың мүмкіндігі. наурыз уәде етпеді. құстар уәде етпеді. ақ құшақ тыныштығын табыстап үлгерді, ақ жауынгерім. айтпай кетпеді… қоштасуды емес үйрене алмай жүргенім, қоштасар сәттің үнсіздігіне қана алмайтыным.
Hammasini ko'rsatish...
үйіңнің жанында, ағаштар ма өсіп тұрған? қарасам ағаштарға... тың тыңдайтын секілді тамырымен жер астына жасырған көктем әннің қайырмасын ұмытып, сағынумен құстарды. ақырында тоңы кетсе, қараның бұл тұстардың жап-жасылын табармын. тауып алып, ол жайлы өлең жазбай қоярдай... ол түгілі басқасының бәріне не көрінді? мен оянбай қалғандай бұлтты күні.. асықтыра бермеші асықтыра бермеші жылым әлі өкінішке толған жоқ. уақыт мазар алдында тізе бүгіп мен «қазір» - ге әлі де, дұғамды оқып болғам жоқ.
Hammasini ko'rsatish...
құстарды таныдың ба? көктем құстарын. наурыздың құстарын таңда тыңдаған. олар кімдер? торғайлар… әлде басқа, атауын білмейтін мақұлықтар ма? құдды әлдекім аспабының құлақтарын бұрап, дауысын жасылға келтіріп жатқандай еріген қардың тамшысына тұмсығын жуып, тамаша реттің ырғағын шақырған қанаттыларым тіршіліктің толассыз, тоқтаусыз ауысымын байқамай айтып қойып жатсыңдар ма әлде? мезгілдің бейқам жаршылары сендер барда кай көктем келгенін санап не керек маған да үйретіңдер, сайрауды емес ұшуды емес көктемге оралуды үйренейін.
Hammasini ko'rsatish...
бүгін наурыздың үші. далада қылаулап қар жауып тұр. ол да баяу. өмір жайлы болған, соңғы сахнасында қаһарманы өліп жаңа ғана біткен фильмнің титрлары сынды жауып тұр бұл қар. өкінішсіз… ұзақ жауып тұр.
Hammasini ko'rsatish...