cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Qazaqstan.tv

⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, 📢Айтар жаңалығыңыз, ⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса, ❗️Онда бізге жіберіңіз. Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз. @qazaqstantvshare_bot

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
55 003
Obunachilar
-624 soatlar
-2157 kunlar
+1 79630 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Дәл қазір эфирде «Егіз лебіз» жобасы Бүгінгі шығарылымда қатысушылар әртүрлі ұлттың хит әндерін орындайды. Қатысушыларға әділ бағасын беретін қазылар - Тұңғышбай Жаманқұлов,Толқын Забирова және Ардақ Балажанова.
Hammasini ko'rsatish...
👍 3😎 2 1
Құлсарыдағы зардап шеккен үйлерді бағалау мамырдың ортасында аяқталады Бұл туралы Жылыой аудандық қоғамдық штаб төрағасы Ерқұл Дәулетбаев айтты.
«Жарамсыз деген үйлерді орташа есеппен мың үйге жеткізіп отырмыз. Мамырдың 15-нен кейін бағалау есебі шығады. Сол кезде бәрі белгілі болады. Содан кейін барып, қай жерде үй салады немесе басқа жерден сатып ала ма әрі қарай шешеміз»,-деді Ерқұл Дәулетбаев.
Тасқыннан зардап шеккен Құлсары қаласы әлі судан тазартылып жатыр. Қазір жұмыстың 75 пайызға жуығы аяқталды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 5 1 1
Өтемақыны тұрғындардың қолына беру дұрыс емес – Экономист Экономистердің пікірінше, өтемақыны тұрғындардың қолына беру дұрыс емес. Шығынды өтеу бойынша мемлекет ұсынған тәсілді қолданған жөн. Яғни, тасқын салдарынан үйсіз қалғандарға не баспана салып беру керек, не болмаса таңдаған үйін сатып әперу қажет. Әйтпеген жағдайда көптеген отбасы үйсіз қалып, көше кезіп кетуі ықтимал дейді мамандар.
«Кейбіреулер ақшаны қолымызға берсін деп дәм етіп отыр. Бірақ бұл дұрыс емес. Өйткені көбінің кредиті, басқа да шығындары бар. Олар ойлайтын шығар қазір мен жалдамалы пәтерде немесе туысқандарыма бара тұрамын деп. Ал мына берген ақшаны тез арада керек болатын шығындарды өтей тұрамын деп. Бірақ артынан сұрақ туындайды – бұл жанұялар қайда тұрады деген»,-дейді Олжас Құдайбергенов.
Hammasini ko'rsatish...
👍 20👎 2 1
🌊Индонезияда су тасқынынан 14 адам қаза тапты Екі мыңдай отбасы зардап шегіп, 1900 үй бүлінді. Елдің ұлттық құтқару агенттігінің хабарлауынша, алапат тасқынның басталуына төпелеп жауған жаңбыр себеп. Сулавеси провинциясының Луву округінде құтқару және іздеу операциялары жалғасып жатыр. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
😢 3👍 2😭 1
🏗Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 580-ге жуық үй салынады Қазір шығынды есетпеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қоғамдық штаб мүшелері әр тұрғынның өтініш-тілегін тыңдап, көмек көрсетуде. Өңірде 783 үйге су кірген еді. Оның 415-і «тұруға жарамды» деген қорытынды жасалған. Жөндеу жұмыстары үшін 222 отбасыға 500 миллион теңге берілді. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
🔥 4👍 2 2 1🙏 1
🏡Петропалда тасқыннан зардап шеккен отбасы баспаналы болды Ерлі-зайыптыны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова құттықтады. Отбасы екі бөлмелі пәтерге ие болды. Қалалық әкімдік өкілдері жақын күндері тағы 6 отбасыға баспана кілтін табыстамақ. «Солнечный-2» кентінде үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарға арналған 500 баспана салынады. @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
👍 4🙏 3 2
💰 Су тасқынынан зардап шеккен 16 мыңнан астам отбасы 369 200 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында 53 отбасыға жаңа баспана берілді. Жалпы өңірлік комиссияларға зардап шеккендерден 24 835 өтініш түскен. 🐂 Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 916 млн теңгеге жетті. 📌 Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
Hammasini ko'rsatish...
👍 3🙏 2 1
Қазақстанда Жасанды интеллект комитеті құрылды Үкіметтің тиісті қаулысы жарияланды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты ведомство жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына, жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеуге және жасанды интеллект саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыруға жауап береді. 💬 @qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
👍 10 4🎉 1
🎬 «Он алты жасар чемпион» телехикаясының актерлеріне кастинг жарияланады Биыл жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» повесі тұңғыш рет экранизацияланады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы осы шығарманың желісімен түсірілетін 4 бөлімді телехикаядағы басты және қосалқы рөлдерді сомдайтын актерлерге онлайн кастинг жариялайды. Актерлерге қойылатын талаптар: - 8-10 жасар ұл балалар - 14-16 жастағы жеткіншек балалар (спортпен айналысатын) - 40-45 жастағы әйелдер - 40-50 жас шамасындағы ерлер 🖇️ Қатысу шарттары: Кастингке қатысушы аты-жөнін, байланыс нөмірін, бойы мен салмағын және қай рөлге екенін атап көрсетіп, ірі пландағы кәсіби суреті мен кез келген әдеби шығармадан 1 минуттық монолог оқып, видео жолдауы тиіс. Суреттер мен бейнежазба [email protected] электронды поштасы немесе +7 775 540 6940 WhatsApp мессенджері арқылы 15 мамырға дейін қабылданады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 14
📲 Су тасқынынан зардап шеккендер Egov mobile қосымшасы арқылы өтініш бере алады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы су тасқынынан келтірілген залалды өтеуге өтініш беру алгоритмінің тұсаукесерін өткізді.
«Бұл қызмет арқылы сіз шағын сауалнамадан өтуіңіз керек. Барлық жеке деректерді толтырасыз, сізге уақытша баспана қажет пе, жоқ па, соны көрсету керек. Келтірілген залалды тізімдейсіз: бұлар тұрғын үй түрі, құрылыс түрі, қаза тапқан мал саны, жеке мүлкі, қосалқы шаруашылық және т.б. Сервис су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұратын Қазақстанның барлық азаматтары үшін қолжетімді», – деді министр.
@qazaqstantv
Hammasini ko'rsatish...
👍 5 1