cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

ZHANNUR

Бұл – менің шығармашылық алаңым. 1️⃣ Мұнда түйген ой-жазбалар 2️⃣ “Nazik Alem” деп аталатын подкастым бар. Сілтеме: https://podfollow.com/nazik-alem 💜 Ақылы подкасттарды төлеу: 💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast)

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
6 690
Obunachilar
-524 soatlar
-257 kunlar
-12730 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Үміт қаһарманы болайық Әлем тұрақсыз. Ойды шашыратып, хаосқа себеп болатын дүниелер көп. Адам қайталанбас болмысынан ауытқып кеткендей. Мұндай кезде адам келешекке алаңдаулы, болашағынан үмітсіз. Жүрек әлсіз, ақыл кедей, шабыт тұрақсыз… Болмысынан алыстау – рухани дүниені дүр сілкіндірді. Әр адам жүрегіне нұр сәулелерін іздеуде. Іші қуыс, бос қалған жүрекке ең қажеті – сенім мен үмітке толы бақытты өмір. Үміт – ең алдымен сенімнің шуағы. Сенімі бар адам үміт етеді. Үміті бар адамда да сенім болады. Осы себепті кәміл сенімнен шығатын биіктер басқа адамға мүмкін еместей көрінеді. Шындығында, сенімге толы жүрекке үміт, табандылық пен жігер кірсе, адами мүмкіндіктер шеңберінен асып түседі. Жүрекпен өмір сүрмейтіндер үшін мұндай деңгей әдеттен тыс боп көрінеді. Әсіресе, адам таңдағанына үлкен сенім білдіріп һәм оған жүрегін салса, оның рухани әлемінде ешқашан үмітсіздік, пессимизм, қажу, күдер үзу болмайды. Әр адам дүниеге келгенде үмітпен туылады. Адымдап үйреніп жүріп, қайта-қайта құлайды. Бірақ сонда да жүгіріп кетуден бүлдіршіннің үміті сөнбейді. Бізді үмітпен жаратқан. Осыған қарап, үміті үзілген адамды адам деп санай аламыз ба? Үмітсіз қоғам да сал, жансыз емес пе? Үміт деген не? Үміт – өз жан дүниеңді ашудан және оның ішіндегі күшті сезінуден тұрады. Осы түйсік арқылы адам ғаламнан тыс Шексіз Құдіретпен байланысқа түсіп, бәріне жететін күш пен қуатқа ұласады.  Аспаны түнерген, жігері құм болған шақта Әзіреті Адам (ғ.с.) үміттеніп: «Мен өзіме зұлымдық жасадым...” - деді де, қайта көтерілді. Ал шайтан жүрегінен төгілген қан мен іріңнен түңіліп, ақыры салы суға кетті… Қазақта сол үшін “үмітсіз – шайтан” дейді. Әрбір жүректі адам үміт шырағымен бірге жүріп, тасқынды қарсы ала алды. Дауыл соқса да, толқынмен арпалысты. Біреулер үшін үміт – Ыбырай салған мектеп болды, біреулер үшін – Ахметтің әліппесі, ал басқалары үшін – Абайдың қара сөзі. Қай заманда да үміт қаһармандары – халықтың туы болды. Егер Абай, Ыбырай, Ахметтер жарқын болашақтан үмітін үзгенде қазір не болар едік? Ұзақ қашықтықты қысқартатын – үміт. Өліні тірілтетін, мүмкін еместі мүмкін ететін де – үміт. Нағыз жеңілгендер – үміт әлемінде жеңілгендер. Нағыз ұтқандар – үміт әлемінде ұтқандар.  Жолға батыл, батыр боп аттанғанымен, сенім мен үміт әлсіздігінен жарты жолда қалып қойғандар бар. Кішкентай жер сілкінісі, уақытша дауыл немесе су тасқыны олардың қайраты мен ерік-жігерін шайып жіберді. Үмітті ту еткендерге жармасып, сосын олармен бірге үмітсіздік батпағына түсіп, суға батып бара жатқандардың ауыр хәлі жүректі сыздатады. Шыдамдылық таныта алатын һәм еңсесі түспейтін, табандылық танытып, мойымайтын жолбасшыларға ел болып ризашылығымызды білдіреміз. Олар бізге нан, су, ауадай қажет.  Мыңдаған үміт бүршігі күлімдеп, мыңдаған жер астындағы дәндер жауған қарды күтетін мына күндерде үмітсіз жүректерге үміт тілейміз… https://t.me/zhannur_talasbayeva
Hammasini ko'rsatish...
Repost from Zhantore Rakymbek
Сын – жалқаудың сылтауы. Яғни, істемесең (істей алмасаң, істегін келмесе), істеп жатқанды сынама. Дұшпандық – наданның қаруы. Яғни, істің анық-қанығын білмесең, түбіне тереңдеп мәнісін түсінбесең, (күмәнға батып) бұл іс қате деп қарсыласпа. Көреалмаушылық – тәкаппардың соқырлығы. Яғни, басқасы сенен артық іс жасағанын көргенде, (үлгі алудың орнына кері кетіп) көзіңді жұмба.
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Қайырлы күн! Керемет аудио-подкаст шықты. Қонақта Табиғат Қаутай жары – Гүлзат ханым 🌷 🔹 “Мақсатыңызға ақылмен емес, жүрекпен жетесіз” деді подкастта Гүлзат ханым 😍 Одан бөлек сұқбатымызда: 🔹 Өзіңді танымай, Алланы тану мүмкін бе? 🔹 Шешім жүректен лезде шығады 🔹 Жүрек қалауын тыңдау 🔹 Ізгі аналар жайлы және т.б тақырыптар қамтылды. 🖇️ Подкастта сілтеме: https://youtu.be/fvJaq0aybSY?si=kiZIgn2MsRuIfpex Подкаст тегін. Қолдау үшін: 💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast) 🔋 Алла Тағала әркез жүрегімізді таза, ниетімізді түзу етсін! Әмин! ✨
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Бұл сіздерге 😚
Hammasini ko'rsatish...
Ең маңызды “ДжекПот” Алдында ойланып кетіп: “осы мен ешқашан лотерея, ұтыс ойындарынан ешқашан ұтып алмайды екенмін” деп айтып қалдым да, лезде жолдасым есіме түсіп. “Еее, Нағыз Джекпотты 2 жыл бұрын нәсіп етіп қойыпты ғой” дегенмін. Ізгі Жолдас – ең бағалы ДжекПот ұтып алғанмен тең… Сіздерге де Алладан ең маңызды джекпот нәсіп етсін!
Hammasini ko'rsatish...
“Егер Алланың сендерге деген шексіз шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер Алла тәубелерді қабыл етуші һәм әр ісі, әр үкімі көптеген хикметтерге негізделген асқан дана болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!” (Нұр сүресі, 10-аят)
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Көптен күткен керемет подкаст жарық көрді 😍 Подкаст қонақтары сүйікті ханымдарым – Жансая Шерімбаева мен Әсел Бердоңғарова 💐 Подкастта: 🔸 Кітап клубы = терапия 🔸 Тұрақты кітап оқу үшін.. 🔸 Даналықты арттыру 🔸 Тыңдарманға сыйлық 🔸 Кейіпкерді қабылдау = айналаны қабылдау және т.б тақырыптар қамтылды 💌 🖇️ Подкастқа сілтеме: https://youtu.be/-JlQ-4bTKKQ 📚 Алла әр білгенімізді амалға айналдыруды нәсіп етсін! ✨
Hammasini ko'rsatish...
Туған күн 🌷 Осыған дейін туған күндерімді қатты күтетінмін. Жақындағанда "Анау керек/ мынау керек" деп wish list жазатынмын. Қызық, бүгінгі туған күнде ешнәрсе күтпеудемін. Әрине, Алладан келетін кез-келген жақсылыққа зәруміз. Ол бөлек дүние. Бірақ адамдарға белгілі бір шарт қоятыным, олардан алғым келетін қалауларым (хотелка) жоқ екен. Адамдардың жай ғана бар болуының өзі – Алла Тағала жіберген ең үлкен сыйы деп білемін. Осы күйде жүргеніме 2 айдай уақыт болған шығар. Бір рақат екен! Күттірмей келгеннен кейін бәрі тосыннан, бәрі сюрприз, бәрі қызық! Жүректе шүкіршілік сезімінің жаңа қырлары ашылғандай. Алла Тағала баршамызға ең көркем сезімдерді кешуді нәсіп етіп, әрі оны ұзағынан етсін! ✨
Hammasini ko'rsatish...
«Бисмилля» деп бастаймыз Сіздермен бірге Жаннұр 🎧 https://youtu.be/IjTbYZ-jmPA?si=bSkutGsDxeuPA8gJ Бұл ютуб каналда подкасттарым ғана бар еді. Енді осындай влогтарды да көре аласыз, Алла қаласа. Подкасттарым сияқты ресми болмайды. Алғашқы влог болғалы тұр. Сол үшін сәл-пәл қобалжып тұрмын. Алғашқы влог подкас туралы болса дедім. Себебі, бұл менің жанымды салып жасайтын сүйікті ісім. Содан бастайын деп шештім. 🔋 Таймкод: 0:10 Сумкамды жинау 2:15 Ұшақта 4:00 Эмоциялар 4:40 Дайындық атмосферасы 4:55 Алған 3 подкасттан үзінділер 9:27 Кешкі ас 11:50 Признаюсь вам в любви 12:20 Сыйлықтар unpacking 13:33 Үйде Пікірлеріңізді влог-тың пікірлер бөлімінде күтемін 🥰
Hammasini ko'rsatish...
АЛҒАШҚЫ VLOG: ПОДКАСТ ҚАЛАЙ ТҮСІРІЛЕДІ? Алматыға сапар, подкасттан үзінділер, түрлі сезімдер

«Бисмилля» деп бастаймыз Сіздермен бірге Жаннұр. Бұл ютуб каналда подкасттарым ғана бар еді. Енді осындай влогтарды да көре аласыз, Алла қаласа. Подкасттарым сияқты ресми болмайды. Алғашқы влог болғалы тұр. Сол үшін сәл-пәл қобалжып тұрмын. Алғашқы влог подкас туралы болса дедім. Себебі, бұл менің жанымды салып жасайтын сүйікті ісім. Басты жұмысым болмаса да, хоббиім. Содан бастайын деп шештім. Сіздерден қолдау, пікір, лайк күтемін! 😊 Insta: @zhannur_talasbayeva 💌 🔋 Таймкод: 0:10 Сумкамды жинау 2:15 Ұшақта 4:00 Эмоциялар 4:40 Дайындық атмосферасы 4:55 Алған 3 подкасттан үзінділер 9:27 Кешкі ас 11:50 Признаюсь вам в любви 12:20 Сыйлықтар unpacking 13:33 Үйде

Photo unavailableShow in Telegram
🎙️ Қонақта ТӨРЕБЕК БЕКБАЕВТЫҢ ШӘКІРТІ коуч, психосоматолог Әсел Бердоңғарова 💎 🎉 Қайырлы кеш! YouTube, Podcast платформаларында керемет аудио-подкаст шықты 🎉 🖇️ Подкастта: 🔸 Әке 🔸 Измена 🔸 Екінші әйел 🔸 Жаратылыс хикметі 🔸 Әйелдің еркекке айналуы 🔸 Ақшадан қорқыныш қашан? және т.б тақырыптар талқыланды 🍃 🖇️ Подкастқа сілтеме: https://youtu.be/z5pZOxGK0z0 💌 P.S: Подкасттың алғашқы 34 минуты тегін. Толық тыңдау ақылы. 2000тг. Қай бөлімі ақылы екені подкастта да ескертіледі. 💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast) 🔋 Алла Тағала әркез рухымызды биік, жүрегімізді таза, ниетімізді түзу етсін! Әмин! ✨
Hammasini ko'rsatish...