cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Алтынсарин академиясы

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми Telegram-арнасы Официальный Telegram-канал Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
4 090
Obunachilar
-124 soatlar
+137 kunlar
+8630 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Реализация инклюзивной политики в организациях образования   ❕В рамках республиканской научно-практической конференции «Аспекты инклюзивного и специального образования: преемственность и возможности», которая проходит в столице с 15 по 17 мая, Директор центра инклюзивного образования Академии Алтынсарина Светлана Исмагулова представила доклад на тему «Реализация инклюзивной политики в организациях образования». 🎯Целью конференции является обсуждение актуальных вопросов и решение проблем развития инклюзивного образования в регионах республики, повышение профессиональной компетентности педагогов, обмен опытом, укрепление сотрудничества, развитие новых идей и проектов. В мероприятии приняли участие специалисты управлений образования и методисты методических центров, руководители и педагоги организаций всех уровней образования. 🔎В ходе трехдневной работы конференции будет происходить взаимообмен практическим опытом между педагогами и специалистами страны по использованию современных эффективных образовательных технологий в целях повышения качества обучения и социальной адаптации обучающихся с особыми образовательными потребностями.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Білім беру ұйымдарында инклюзивті саясатты іске асыру туралы ❕«Инклюзивті және арнайы білім беру аспектілері: сабақтастық пен мүмкіндіктер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысында Алтынсарин академиясы Инклюзивті білім беру орталығының директоры Светлана Исмагулова «Білім беру ұйымдарында инклюзивті саясатты іске асыру» тақырыбында баяндама жасады. Аталған конференция елордада 15-17 мамыр аралығында Астана қаласы Әдістемелік орталығының және Астана қаласының әкімшілігінің Білім басқармасымен ұйымдастыруымен өтіп жатыр. 🎯 Конференция мақсаты – өзекті мәселелерді талқылау және республика аймақтарында инклюзивті білім беруді дамыту мәселелерін шешу, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты нығайту, жаңа идеялар мен жобаларды дамыту. Іс-шараға білім басқармалары мамандары мен әдістемелік орталықтар әдіскерлері, барлық білім беру деңгейлері ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты. 🔎Үш күндік созылған конференция жұмысы барысында еліміздің педагогтері мен мамандары ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды оқыту сапасын арттыру және әлеуметтік бейімдеу мақсатында заманауи тиімді білім беру технологияларын пайдалану бойынша тәжірибелерімен алмасатын болады.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Астанада педагогтер білім алушылардың құқықтық сауатылығы мен мәдениеті мәселесін талқылады Астанада «Орта білім беруде білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру» атты педагогтерге арналған республикалық шеберлік сыныбы өтті. Іс-шараға әр өңірден келген 70-ке жуық мектеп педагогі қатысты. Алтынсарин академиясының вице-президенті Руслан Қаратабанов республикалық іс-шараның ашылуында сөйлеген алғысөзінде қазіргі таңда орта білім беру саласында білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру өте өзекті екенін атап өтті. Семинардың шеберлік сабағы бөлігінде Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияның тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Гүлмира Асанбекова білім алушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру мен құқықтық мәдениетін дамыту туралы өзінің озық іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқу процесінде тиімді қолданып жүрген тәсілдерін көрсетіп, қатысушылармен кері байланыс орнатып, өз тәжірибесін ұсынды. Республикалық іс-шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды. Бұл іс-шара орта білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылық пен академиялық адалдық мәдениетін ілгерілетуге, құқық бұзушылықтың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыруға, жас ұрпақ бойында жауапты азамат құндылықтарын тәрбиелеуге, сонымен қатар «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтауға бағытталған. Сарапшылар жиналған кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, құқық бұзушылықтардың барлық түріне төзбеушілік қатынасты қалыптастыру және жауапкершілігі жоғары азаматтың құндылықтарына сәйкес жас ұрпақты заңға құрметпен қарау және құқықтық мәдениетін қалыптастыру туралы ұсыныстар айтылды. Сарапшылардың ұсынымдары орта білім беру саласындағы балалардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ҚР Оқу-ағарту министрлігі назарына қабылданды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Международный опыт в обеспечении инклюзивности среднего образования 🤝Сотрудниками Центра инклюзивного образования Академии Алтынсарина инициирована встреча с исследователем в области инклюзивного образования, заместителем декана по равенству и инклюзивности факультета образования университета Монаш, PhD У. Шарма (Мельбурн, Австралия). Профессор Умеш Шарма разработал шкалу TEIP, предназначенную для измерения эффективности деятельности учителей в условиях инклюзивного образования. Сотрудниками Центра данная шкала была адаптирована к местному контексту и применена в оценке инклюзивной компетентности педагогов организаций образования страны. 🔎В рамках встречи профессор Шарма поделился рекомендациями с сотрудниками Центра по использованию шкалы TEIP и методам обработки полученных данных. Работа в данном направлении продолжится. *мероприятие проведено в рамках реализации задач программно-целевого финансирования МНВО РК BR21882231 «Концептуальная модель обеспечения инклюзивности и доступности в системе среднего образования Казахстана» (2023-2025 гг.)
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
🔎Орта білім берудің инклюзивтілігін қамтамасыз етудегі халықаралық тәжірибе туралы 🤝Алтынсарин академиясының Инклюзивті білім беру орталығы қызметкерлерінің бастамасымен инклюзивті білім беру саласындағы зерттеуші, Монаш университеті Білім беру факультеті деканының теңдік және инклюзивтілік жөніндегі орынбасары, PhD У.Шармамен (Мельбурн, Австралия) кездесу болып өтті. Профессор Умеш Шарма инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің тиімділігін өлшеуге арналған TEIP шкаласын ойлап тапқан. Академия орталығының қызметкерлері аталған шкаланы жергілікті контекске бейімдеп, еліміздің білім беру ұйымдары педагогтерінің инклюзивті құзыреттілігін бағалауда қолданды. 🔎Кездесу барысында профессор Шарма Орталық қызметкерлері назарына TEIP шкаласын пайдалану бойынша ұсынымдар беріп, алынған деректерді өңдеу әдістері туралы жұмысты таныстырды. Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады. *іс-шара ҚР ЖБҒМ BR21882231 «Қазақстанның орта білім беру жүйесінде инклюзивтілік пен қолжетімділікті қамтамасыз етудің тұжырымдамалық моделі» (2023-2025 жж.) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру міндеттерін іске асыру шеңберінде өткізілді
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
📓 Алтынсарин академиясының «Білім» ғылыми-педагогикалық журналы тоқсан сайын шығады, журнал жарияланымдары отандық дәйексөздер қорында және Index Copernicus базасында индекстеледі. Журнал мақсаты қазіргі отандық және шетелдік ғылым жетістіктерімен алмасу, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулердің теориялық және практикалық нәтижелерімен құзыретті мамандар мен жұртшылықты хабардар ету болып табылады. Басылымның негізгі тақырыптық бағыты – орта білім беру саласындағы ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерін жариялау. 🏆 Сіздердің назарларыңызға 2023 жылғы қаралым статистикасы бойынша үздік 5 мақаланы ұсынамыз: 1) ТАРИХ САБАҒЫНДА «LESSON STUDY» ӘДІСІН ҚОЛДАНУ (авторлары: Асылхан Рахым, Бауыржан Абдрахманов) 2) ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІ (авторы: Асқарбек Құсайынов) 3) БІЛІМ САЛАСЫНДА ВИРТУАЛДЫ ШЫНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУҒА СЫНИ КӨЗҚАРАС (авторлары: Әлия Исаханова, Айгүл Садвақасова) 4) ЭФФЕКТИВНОЕ ПЛАНИРОВАНИЕ УРОКА КАК ОСНОВА КАЧЕСТВЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ: ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ И РЕКОМЕНДАЦИИ (авторлары: Айзат Арыстанбек, Сая Жагпарова) 5) БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ: ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ (авторы: Анар Тәңірбергенова) 🔎 Аталған мақалалармен және мақалаға қойылатын талаптармен келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://bilim-uba.kz/index.php/science
Hammasini ko'rsatish...

👍 6