cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
15 420
Obunachilar
-1324 soatlar
-757 kunlar
-30930 kunlar
Post vaqtlarining boʻlagichi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Nashrni tahlil qilish
PostlarKo'rishlar
Ulashishlar
Ko'rish dinamikasi
01
Дәретханада оқушы қайтыс болған мектептің директоры қызметінен кетті Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің директоры Қанатбек Байтен қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапқан болатын. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды. Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген. Сот-медициналық сараптамадан кейін кеуде тұсынан алған соққыдан күретамыры жарылып кеткені белгілі болды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
8940Loading...
02
Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады. Жәбірленушілердің адвокаттары Бишімбаевты жазалауды талап етіп, оны 30 жыл бойы қиналған халықтың өкілі деп көрсеткен еді. Анасы мұнымен келіспейді. «Алқа билер мен сот қабылдайтын шешімге ұлым көнеді. Қуандық жазаға лайықты. Бірақ өз әрекетіне ғана сай жазаға лайықты», - дейді Әлмира Нұрлыбекова. Сотталушының анасы Салтанат Нүкенованың маскүнем болған деп меңзейді. Трагедияға ішімдік ішкендері себеп болды дегенге келтіреді. «Ал Салтанаттың мас болу мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбеді. Егер сол күні көп алкоголь ішпесе, ештеңе болмайтынына сенімдімін. Біз оның тұрақсыз әрі қисая жүргенін көрдік. Біз мұны бақылау камераларындағы жазбалардан көреміз. Мен өзім химикпін. Сараптамаға сәйкес зәрдегі 1,8 промилле алкоголь маңызды емес көрсеткіш ретінде көрсетілгенімен келіспеймін. Бұл сарапшылар елемеген өте маңызды көрсеткіш. Алкогольдің бұл деңгейі өлімнің сағат 19.00-де болғанын дәлелдейді. Демек, ешқандай өлтіру пиғылы болған жоқ, – деді Әлмира Нұрлыбекова. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
8730Loading...
03
Алматыда мектеп оқушыларының әкелері мен ұстаздарының арасында волейбол турнирі өтті Алматыдағы Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай волейболдан дәстүрлі турнир жалғасын тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жарысқа «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорына қатысты мектептерде білім алушылардың әкелері, мұғалімдері мен ардагерлер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. «Президент Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз деп айтқан болатын. Біз осы ретте жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек деген қағидаларын жүзеге асыруды мақсат еттік», – дейді ұйымдастырушылар. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
8240Loading...
04
"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөзде сөйлеген адвокаты Ерлан Ғазымжанов үш рет ескерту алды – Бір жыл ішінде Бишімбаев оны үш рет қана ұрды. Бірақ олар демалып, қалаған жеріне барып, қалағанын жеп, қымбат киім киіп, зергерлік бұйымдарды тақты. Бұл жағдайда ұру жағдайы тек үш рет болды. Ендеше, әр отбасына кіріп, күйеуіне 4 жылдан 7 жылға дейін берейік, – деді адвокат сот талқылауында сөйлеген сөзінде. Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановтың бұл сөзіне ескерту жасады. – Егер сіз осындай мәлімдемелерді тағы айтсаңыз, сот тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болады, - деді Құлбаева. Ғазымжанов сөзін жалғастырғанда, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін тағы бұзды. – Орныңызға барыңыз, қорғаушы. Сот сізге үш рет ескерту жасады. Соған қарамастан, алқабилердің қатысуымен қабылданбайтын дәлелдеріңізді қайталап жатырсыз. Сіз түсінбегендіктен, тағы да түсіндіремін. Этикадан тыс сөзге жол берілмеуі тиіс, – деді Құлбаева. Ол оған этикаға жат сөздер мінез-құлық пен мораль ережелеріне сәйкес келмейтінін түсіндірді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
9741Loading...
05
«Директор төрт жылға сотталды»: Серікзат Дүйсенғазының ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты Белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты. Көпшілікке тау шаңғысы курортының қызметтерін ұсынатын «Elikti Park» ЖШС-ның директоры кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды «Сот тау шаңғысы курортының директорын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар үш жылға дейін қызмет көрсете алмайды», - деп қорытындылады Ақмола облысының Зеренді аудандық соты. Шаңғы курортының директоры демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді, соның салдарынан жасөспірім қайтыс болып, екі қыздың денсаулығына зиян келтірді деп айыпталды. Қауіпсіздік шараларын түсіндірмей, баланы трассаға жіберген. Жасөспірім тік беткейден түсіп бара жатып, қоршалмаған ағашқа соқтығысып, жарақат алып, қайтыс болған. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 0381Loading...
06
Алматы облысында топырақ көшкіні болды Ауа райының құбылуына байланысты Талғар ауданы Бесағаш ауылында тау баурайынан көлемі шамамен 30 текше метр болатын топырақ көшкіні жүрді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Зардап шеккендер жоқ. «Көшкін жүрген «Бурабай» коттедж қалашығында 80-ге жуық адам тұрады. Жылына екі рет көшкін қаупі бар кезеңде «Қазселденқорғау» ММ мамандары қауіпті учаскелерде тұратын тұрғындарға көшкіннің болу қаупі туралы хабарлама жібереді. Қазіргі уақытта тірек қабырғасын ұзарту және тауды каскадты кесу арқылы тау массивін жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құлаған топырақты шығару уақытылы жүзеге асырылып жатыр», - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2041Loading...
07
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды. Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарып, 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылған еді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1380Loading...
08
Қуандықтың басқа амалы қалмады – Бишімбаевтың адвокаты Сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова жарыссөз кезінде Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы сотта "жамандағысы келмеді, шындықты айтты" деп пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz. “Сот залында Бишімбаев Салтанатты жамандағаны айтылып жатыр. Бірақ Қуандықтың басқа амалы қалмады. Ол немесе қылмыстық кодекстің көзделген ең ауыр қылмыстардың бірін мойындайды немесе сотта шындықты, соның ішінде Салтанат туралы да шындықты айтады”, - дейді Рамазанова. Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектеліп, екінші сот сараптамасын есепке алмағанын атап өтті. “Салтанат отбасылық өмірді алдаудан бастауға шешім қабылдады, 2023 жылдың 9 қарашасында бұл жағдай созыла келе нағыз трагедияға айналды”, - деді Лейла Рамазанова. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 0570Loading...
09
Бишімбаев жазадан құтылып кетсе не болады? Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгініп, оларды сотталушылар мен олардың қорғаушыларының сөзіне сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Құрметті, алқабилер! Мемлекеттік айыптаушылар, менің әріптестерім айтқан дәлел-дәйектің бәрін қабылдап, қорғау жағы, сотталушылар айтқан сөздерге сыни тұрғыдан қарауды өтінемін. Олардың айтқаны шындық емес! Олардың айтқанының бәрі де қылмыстық жауапкершіліктен жалтару амалы болады. Егер Бишімбаев осы іс бойынша қылмыстық қудалаудан құтылып кетсе, онда біздің елде қалудың бірдеңе істеудің өзінің мән-мағынасы қалмайды. Себебі мұндай жайттар қайталана береді», – деді Игорь Вранчев. Вранчев Бишімбаев пен Байжанов өзара келісіп, сотта жауап берді деп есептейді. Оның айтуынша, Бишімбаев сот процесі барысында өзін білімді әрі діндар ретінде көрсеткісі келген. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 0180Loading...
10
Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтың Нүкенованы қорлап түсірген видеоларындағы сөздерді тағы бір рет еске салды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Адвокат Дамир Ишмаметов сотталушының телефонынан табылған видеоларға назар аударды. «Олардың әрқайсында ол Нүкенованы үйленген ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін мойындауға мәжбүрлейді. 8-9 қарашадағы оқиғаларға оралсақ, сотталушылардың қылмыс жасағанын әшкерлейтін бірқатар дәлелдер келтірілді. Осы видеоны тағы бір рет еске салғым келеді. Осылайша, Бишімбаев 20 минуттан астам уақыт ішінде монотонды дауыспен 175 рет келесі сөздерді айтады: «Айт, ... (басқа адамның есімі - еск.) жыныстық қатынасқа түскен сен бе?». Бір сөзді 175 рет қайталаған», – деді адвокат. Ол сотталушылардың қылмыс жасағанына бір түйір күмәні жоғын айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1501Loading...
11
Сарапшы: Алматы экономикасының өсуі – қаланың даму бағдарламасын тиімді орындаудың нәтижесі 2023 жылы Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты мәнде 10,1% ұлғайып, 24,8 трлн теңгеге жетті, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Экономист Диас Құмарбековтың пікірінше, Алматының жалпы өңірлік өнімінің 2023 жылы 10,1% өсуі бірнеше негізгі факторға байланысты «Бұл ең әуелі 2022 жылы қабылданған қалалық даму бағдарламасын тиімді орындаудың нәтижесі. Бағдарлама жаңа экономикалық секторларды құруға және тұрақты экономикалық өсуге бағытталған. Сонымен қатар, жергілікті өндіріс пен кәсіпкерлікті белсенді қолдау бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі және қаланың елдің ЖІӨ-ге қосқан үлесін арттыруға ықпал етеді», - деді Диас Құмарбеков. Экономиканы дамыту драйверлері өңдеу өнеркәсібі (+17,5%), сауда (+14,5%), қаржы және сақтандыру қызметі (+12,0%), ақпарат және байланыс (+11,3%), жылжымайтын мүлікпен операция (+6,9%), көлік және қоймалау (+5,7%) болды 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1700Loading...
12
Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырмақ болған – прокурор Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сотта Бишімбаевтың Нүкенованы 10 сағаттан астам уақыт бойы азаптап, аса қатігездікпен өлтіргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Қатігездіктің шегі мынада, Салтанат өлім мен өмірдің ортасында жатқанда, ол жайбарақат Насырбековамен кездесіп, басқа әйелдермен хат жазысып, жұмысқа қатысты тапсырмалар беріп, Байжановпен тамақтанып жүрді. Бұл Бишімбаевтың санасы сау болғанын көрсетеді, ол не істегенін жақсы білді. Оған 3 адам кемі 15 рет «жедел-жәрдем шақыр» деп айтқан. Бірақ тек Салтанат өлген соң ғана, жедел-жәрдем шақырылды», - деді прокурор. Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаев пен Байжановтың өлім айғақтарының бәрін жойып, Нүкенованың денесін жасырғысы келгенін айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1390Loading...
13
«Директор қылмысты жасыруға тырысты»: Дәретханада көз жұмған оқушының туыстары тергеудің әділ өтуін сұрайды Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте 8-сынып оқушысы әлімжеттік құрбаны болғаны туралы ақпарат құралдары мен желіге тарап кетті. Мән-жайды толық білу үшін Qaz365.kz тілшісі марқұмның туыс ағасы Олжас Сейітқадырға хабарласты. Қайғылы оқиға 30 сәуірде болған. Ауылдағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы, 2010 жылы туған Мирас Мәлік белгісіз себептерге байланысты көз жұмған. Алғашында полиция, мектеп қызметкерлері бала өздігінен дәретханада құлап көз жұмды деген. Алайда кейін сот-медициналық сараптамасы соққыдан көз жұмғанын көрсеткен. Осыған қатысты марқұмның туыстары тергеу әділ өтуін сұрап, ҚР Президентінің әкімшілігінің басшысы Айдос Дәдебаевқа, Бас прокурор Берік Асыловқа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке хат жазды. Марқұмның туыстары бұған сенбей, екінші күні қайтадан сот-медициналық сараптамасын жасатқан. «Сараптама қорытындысын көрсетіп және ауылдағы куәгерлердің барын айтқан кезде ғана полиция қимылдай бастады. Мектеп директоры да бірінші күні бәрін жасырып қалғысы келді. Балалардың айтуынша, сол жерде оқиғаны көрген оқушыларды алып кетіп, тіс жармауын сұраған. Мектеп әкімшілігі оқиғаны жасырып қалғысы келген. Тергеушілердің орнына өзіміз жүгірдік. Кімнің ұрғанын да анықтап, ұстап бердік. Енді тергеу әділ жүріп, кінәлі жазасын алғанын қалаймыз. Мектеп директоры да аса ауыр қылмысты жасырып қалғысы келгені үшін өз жазасын алуы керек», - дейді ағасы. Туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 0901Loading...
14
“Бұл масқара”: Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Серікбол Хасан жазды. Кейін оны зерттегендер сол QR-код арқылы есірткі сатылатынына көз жеткізіп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. “Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайына барғанбыз. Мына QR кодты ерлер әжетханасынан түсіріп алдым. Есіктің ішкі жағына жабыстырып кетіпті. QR кодты сканерлеп көріп едім, мына хабарландыру шықты. Meow дегеніне қарағанда закладчиктердің “қолтаңбасы” секілді. Синтетика ашық сатылып жатқан сияқты ма, қалай?” – деп жазады ол. Журналистің бұл жазбасы оқырман арасында қызу талқыға түсті. Сілтемені басқан Qaz365.kz тілшісінің зерттеуі расында да, кодтың артында есірткі сатушылар тұрған болуы мүмкін деген күмәнді растай түседі. Ондағы пікірлерде “кладты таптық” деп, белгісіз біреулерге алғыс жазба қалдырылған. Кейбір адам “таппадық” деп те жазады. Мұндай кері реакцияны көп адам қалдырған. “Масқара! Ужас просто! Ссылкамен өттім. Наркотикалық заттар сатылып жатыр. 2 грамм 32 мың теңге!! Ужас куда смотрит наша полиция?!” – деп жазады Нұржан Сәдірбекұлы. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1061Loading...
15
Бишімбаев соты: Байжановтан бір айып алынып тасталды Сот отырысында жарыссөз басталды. Қазір прокурор Айжан Аймағанова сөз сөйлеп, дәлелдер негізінде Салтанаттың қалай қысымға түскенін айтып жатыр. «Салтанат – Күн сәулесі секілді жарқын қыз еді. Бишімбаев оны экономикалық, психологиялық тұрғыдан өзіне тәуелді етті. Тіпті өлгеннен кейін өзін ақтау үшін марқұмды қаралап, бар кінәні оған жауып жатыр», – деді Аймағанова. Судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» деген айыпты алып тастады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1990Loading...
16
Жергілікті қор нарығының проблемасы қандай? Көп жылдардан бері Қазақстанда қызық бір сұрақ қойылып келеді: өте тартымды болса да неліктен экономика субъектілері қор нарығына лайықты түрде назар аудармай жүр? Жауабын тауып көрейік Расымен де, Қазақстан қор нарығында келесідей дүниелердіжүзеге асыруға болады: • Түрі мен түсіне қарамай кез келген акцияны алуға болады! • Қаржы министрлігі мен Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік облигацияларына инвестициялау, репо операцияларына ақша салу. • Керісінше, өз облигацияларын шығару арқылы ақша тарту. • Тіпті, ол аз десеңіз, IPO өткізіп, бизнес мәртебесін көтеруге мүмкіндік бар. Бірақ бұл проблеманың ауқымы кеңірек сияқты. Мұндай жағдай Қазақстан экономикасының барлық сегменті болмаса да, басым бөлігінде байқалады. Журналистика, кино, музыка және туризм де бұдан кенде емес. Жергілікті сатып алушы ішкі тауар әлде қызметтің импорттық баламалары призмасымен бағаламайтын бір саланы болса да атап өтіңізші. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
5 7881Loading...
17
«Дәретханадағы әлімжеттік»: Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы төбелестен кейін қайтыс болды Оқиға Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте болған. «Сегізінші сыныптың оқушысы соққыдан сұлап түскен. Тоғызыншы сыныптың баласы ұрған екен. Ауылдағылардың айтуынша, тыныс алу мүшесіне дөп тиген соққы бір баланың өмірін қиды. Сегізінші сынып оқушыларын өздерінен бір жас үлкендер тысқа тартып, әжетхана жақта әлімжеттік жасаған деген нұсқа бар. «Греб» (түрмеге деп тиын сау) жинаған ба, бұ жағы бұлыңғыр. Бірақ осыған ұқсас. Байзақта сыртқа салынған әжетхана әлі бар екен. Оның үстіне «ақ үйдің» айналасында камерасы жоқ», – дейді журналист Данияр Әлімқұл. Ол облыстық білім басқармасының басшысы сұхбат бергісі жоқтығын айтты. «Оқиға орнында орынбасарым жүр» деп соған сілтеген көрінеді. Ал Жамбыл облыстық полиция департементі оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2021Loading...
18
Алматы әкімі су тасқынына қарсы күрескендерді марапаттады Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күрестің басқа да қатысушыларын марапаттау рәсімінен басталды. Алматы әкімі Ерболат Досаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін гуманитарлық көмекті жинауға және жеткізуге белсенді атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттарына, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысу үшін БҚО-ға іссапармен жіберілген еріктілерге, коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қызметкерлеріне алғыс білдірді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3220Loading...
19
Қазақстан халқы бірлігі күні Алматыда қалай тойланды Алматыда Абай алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті Салтанатты іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қатысты. Мерекелік бағдарлама еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және су тасқынына қарсы күрестің басқа да қатысушыларын марапаттау рәсімінен басталды. Концерттік бағдарлама «ЖасStars» тобының орындауындағы «Ұлы жер» композициясымен ашылды. Көрермендердің алдында Агугай ансамблі, «Дервиши» тобы, Анжелика Шағарова, «Наири» ансамблі, «Қазан нұрлары» ансамблі (Татарстан), «Узбегим» ансамблі (Өзбекстан), Руми және Янис, «Бахар» кавказ би ансамблі, «Эламан» дуэті (Қырғызстан), Роман Ким этномәдени бірлестіктердің шығармашылық топтары және “МузАрт” тобы өнер көрсетті. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2541Loading...
20
Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын! 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2731Loading...
21
Алматы облысында кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге жәрдемдесу жөніндегі фронт-кеңсе құрылды Диалог Алматы облысының Өңірлік даму орталығы алаңында орналасқан Инвесторлардың құқықтарын қорғау фронт-офисінде өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлер салық және кедендік преференциялар қолданылатын басым бағыттар бойынша ЭҚЖЖ жеткіліксіз санына қатысты проблемалар туралы айтты. Инженерлік-коммуникациялық желілер бойынша инфрақұрылымның болмауы және басқа да мәселелер атап өтілді. Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП аталған мәселелерді шешуге белсенді қатысатынын мәлімдеп, Үкіметпен бірлесіп әзірлеген инвестициялық картаға назар аударды. Алматы облысы прокурорының орынбасары Азамат Күренкей қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі – проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқығы мен мүддесін қалпына келтіру екенін айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4150Loading...
22
RAMS QAZAQSTAN «Алматы - біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды науқанды қолдады Науқанның үшінші кезеңі шеңберінде жағалаулар мен суқоймаларын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазалауды қамтиды. RAMS QAZAQSTAN компаниясының барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сүйікті қаламызды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шықты. Қалалық әкімдікпен тығыз үйлесімділікте, Сәтбаев көшесінің орталық бөлігінде саябақ аймағы бар учаске анықталды, онда көптеген тұрғын үй кешендері, құрылыстар, ойын-сауық мекемелері шоғырланған, сондай-ақ онда белсенді өтетін бөлігі бар. “Біз қала әкімінің «Алматы - біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды науқанға қосылуға шақыруын зор ықыласпен қабылдадық. Өздеріңіз білетіндей, біздің негізгі тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік қорымыз дәл осы жерде орналасқан, сондықтан да, біз аумақты тазалықта ұстау, абаттандыру және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше ықылыспен қараймыз. Осылайша, RAMS QAZAQSTAN компаниясы корпоративтік құндылықтарға берілгендігін көрсетіп, қоғам алдында әлеуметтік жауапкершілікпен қарайды, сондай-ақ шаһарымыздың барлық тұрғынын осы бастаманы қолдауға және бүкіл күш-жігерімізбен тәртіп сақтап, қаламызды аялауға шақырады. Қаламызды, табиғатымызды бірге аялайық”, – деді RAMS QAZAQSTAN компаниясының Бизнесті дамыту жөніндегі директоры Еркін Байбатыров. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3000Loading...
23
Тоқаев Әркен Өтеновты қызметінен босатты Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Мемлекет басшысының өкімімен Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2740Loading...
24
Павлодарда колледж студенті өз-өзіне қол жұмсады Павлодар колледждерінің бірінің жатақханасынан студенттің денесі табылды. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. «ҚР Қылмыстық кодексінің 105 бабы бойынша «Суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полицияда. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1831Loading...
25
ШҚО-да қасқыр үйге кіріп кетіп, адамға қарсы шапқан Аудан әкімдігінің мәліметінше, оқиға 28 сәуірде болған. Быково ауылында үйге ашық есіктен қасқыр кіріп кеткен. Үйдің иесі оны қуып шықпақ болғанда жыртқыш оның өзін талаған. Сондай-ақ қасқыр сырттағы 2 итті де талап кеткен. «Содан кейін Быково ауылының тұрғындары жиналып, қасқырды іздеп тауып, оның көзін жойды», - делінген хабарламада. Жыртқыш жалғыз жүрмеуі мүмкін деген қауіпке байланысты 29 сәуірде төменгі Быково ауылындағы 10 бала қашықтан оқыған. Ал жергілікті атқарушы органдар, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет шұғыл әрекетке кірісті. «Қасқырдан және зардап шеккен тұрғыннан талдау алынып, сараптамаға жіберілді. Бүгінде ауылдағы жағдай тұрақты, балалар штаттық режимде оқып жатыр», - делінген хабарламада. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1620Loading...
26
Жетісу облысында 28 жылқыны ұрлаған барымташы ұсталды ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек Ескелді ауданында өткен жылдың маусымында тіркелген. Жылқыларды ұрлады деген күдікке ілінген Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті жауап алу барысында өзінің кінәсін толық мойындады. «Жылқыларды күдікті ер адам Ақсу ауданының ауылдарының бірінде орналасқан шаруа қожалығындағы малдың арасына қосып, жасырмақ болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрланған жылқылар таңбалар арқылы табылды», – деді ПД криминалдық полиция басқармасында. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2570Loading...
27
Алматы облысында сабақ үстінде 4 сынып оқушысы қайтыс болды Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, 23 сәуірде Қарасай ауданындағы Қошмамбетов атындағы мектепте 10 жастағы қыз бала көз жұмды. «Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады. Оқушы қыз жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», – деп түсіндірді ведомство өкілдері. Белгілі болғандай, сабақ үстінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медицина мамандары жедел көмек көрсеткенмен, қыздың өмірін арашалай алмады. Қазір құқық қорғау органдары бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2060Loading...
28
Түркістан облысында балабақша қызметкері балаларды еден жуғышпен сабаған Келес ауданының прокурорлары мектепке дейінгі мекемелердегі бақылау камераларының жазбаларын зерттеп, қылмыстық іс қозғауға себеп болған бұзушылықтарды анықтады. Төрт балабақшада қызметкерлер балаларға күш көрсеткен. Бейнекадрларда әйелдің балаларды еден жуғышпен ұрғанын көруге болады. Енді ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, прокуратура қызметкерлері балалардың қалай тамақтанатынын және қандай жағдайда тәрбиеленіп жатқанын тексереді. Мамандардың айтуынша, тұрақты қадағалау нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік береді. «Біз мектепке дейінгі мекемелерде балалардың құқықтарын сақтау үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Қазір 97 балабақшаның тек 6-уы ғана тексерілді. Біз тексеруді 20 күннен кейін аяқтаймыз», - деді Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3051Loading...
29
2023 жылы Алматыда ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 15,8%-ға ұлғайды 2023 жылы ШОБ субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнімін шығарды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 15,8% өсімге ұлғайған, деп хабарлайды Qaz365.kz. Қала тұрғындарының 90%-ға жуығын жұмыспен қамтып отырған ШОБ. Бұл 949,3 мың адам. Өткен жылы белсенді жұмыс істейтін бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлікке жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 16,2%-ға артты. Жыл басынан бері олардың саны 3,4%-ға, яғни 348,9 мың бірлікке дейін өсті. 2024 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Алматы қаласында іскерлік белсенділік 53,3%-ға артты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2440Loading...
30
Алматыда соңғы 10 жылда экономиканың рекордтық өсуі байқалды Экономиканы дамытудың драйверлері өңдеу өнеркәсібі (+17,5%), сауда (+14,5%), қаржы және сақтандыру қызметі (+12,0%), ақпарат және байланыс (+11,3%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (+6,9%), көлік және қоймалау (+5,7%) болды. Мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүрді. 2023 жылы Алматы қаласына 1,8 трлн. негізгі капиталға салынған инвестициялар теңгесі 25,3% өсті, бұл ретте жеке инвестиция 35,5% артты. Былтыр шағын және орта бизнес субъектілері 19,3 трлн теңгенің өнім шығарды, нақты өсімі 15,8%. Белсенді жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 340,1 мың бірлік, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 16,2% артық. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2470Loading...
31
Экс-министр Тұрғымбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды Бас прокуратурасы қаңтар оқиғаларына қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. «А. ж. 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін(ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізукодексінің 128-бабы тәртібінде Ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды», – делінген хабарламада. Өзге деректер жария етуге жатпайды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2951Loading...
32
Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді Белгілі хитмен, эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас қоғамдық орында балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Әншінің былапыт сөз айтқан видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді. «Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - деп жазды Polisia.kz. Бұған дейін қоғамдық орында балағат сөз айтқандарға салынатын айыппұл айтарлықтай өсетіні хабарланған болатын. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3251Loading...
33
Астанада алаяқтық жасаған курьер бас бостандығынан айырылды Облыстық прокуратураның мәліметінше, алаяқ телефон арқылы жәбірленушіге оның қызы жол апатын жасап, салдарынан адам қаза тапқанын және осы істі оң шешу үшін оған ақша аудару қажет екенін айтқан. Осылайша, жәбірленушінің 1 млн теңгеден астам ақшасын иемденген. «Осы іске қатысты Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қылмыстық топтың ұйымдастырушыларын Telegram-арнасындағы хабарландыру арқылы тауып, олардың сыбайласы болған. Сотталушы ақшаны алып, өзіне осы ақшаның 10%-ын қалдырып, қалған бөлігін белгісіз адамдардың есепшотына жіберіп отырған», - деп жазылған хабарламада. Сот үкімімен курьер жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өтеді. Үкім заңды күшіне енді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4940Loading...
34
Көпұлтты Оспановтар отбасы ауласына жеміс ағаштарын отырғызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде, деп хабарлайды Qaz365.kz. Акцияны қолдау мақсатында Жамбыл ауданында бірқатар іс-шаралар өтуде. Осы орайда бүгін «Жанашыр жан» қоғамдық қорының директоры Марат Оспановтың көпұлтты отбасы шаңырағында (барлығы 15 балалы, оның 4-і грек, 2-і неміс, 5-і орыс асырап алған) ауласын абаттандыру және жеміс талдарын отырғызу шарасы өтті. Айта кету керек, Марат Оспанов ағымдағы жылы «Қайырымдылық керуені» VI республикалық конкурсының «Туған жер» номинациясы бойынша қоғамдық мәселелерді шешуде ерен еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. Көпұлтты балаларды бауырына басып отырған отбасы көпке үлгі көрсетуде. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4010Loading...
35
«Қазақстанның болашағы болмайды»: Жигули Дайрабаев министрге ұрысып тастады Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Жигули Дайрабаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамасын сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисембайұлы 20 минут баяндама жасадыңыз, бір сағат жауап бердіңіз. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің аузынан ауыл шаруашылығында осындай жасап жатырмыз деген бір сөз шықпады. Жалпы министрге және қатысып отырған басқа Үкімет мүшелеріне айтарым, егер сіздер Қазақстанды аграрлы ел ретінде мойындамайтын болсаңыздар, онда Қазақстанның болашағы болмайды. Онда бүгін сіздер айтып отырған «ана жерде зауыт саламын», «мына жерде машина саламын» дегеннің бәрі бос сөз. 20 миллион халық тамақ жейді. Отырған барлық министр, барлық шенеунік, бүкіл қазақстандық тамақ жейді», – деді Жигули Дайрабаев. Оның айтуынша, елдегі ауыл саны да азайған. Ауылды тоздырып бітірдік. 6295 қана ауыл қалды, оптимизация, ақша керек деп 1,5 мың ауылдың барлығының күл-талқанын шығардық деп айтты. Ол тері өңдейтін зауыт, жүн өңдейтін зауыттарды іске қосып, бір ретке келтіруге болады ғой деп күйінішін жеткізді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3781Loading...
Photo unavailableShow in Telegram
Дәретханада оқушы қайтыс болған мектептің директоры қызметінен кетті Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің директоры Қанатбек Байтен қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушысының қолынан қаза тапқан болатын. 14 жастағы бала кеуде тұсынан алған соққыдан кейін мектеп дәретханасында жан тапсырған. Ал әлімжеттік көрсетіп, жұдырық жұмсаған 9 сыныптың оқушысы қамауға алынды. Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген. Сот-медициналық сараптамадан кейін кеуде тұсынан алған соққыдан күретамыры жарылып кеткені белгілі болды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады. Жәбірленушілердің адвокаттары Бишімбаевты жазалауды талап етіп, оны 30 жыл бойы қиналған халықтың өкілі деп көрсеткен еді. Анасы мұнымен келіспейді.
«Алқа билер мен сот қабылдайтын шешімге ұлым көнеді. Қуандық жазаға лайықты. Бірақ өз әрекетіне ғана сай жазаға лайықты», - дейді Әлмира Нұрлыбекова.
Сотталушының анасы Салтанат Нүкенованың маскүнем болған деп меңзейді. Трагедияға ішімдік ішкендері себеп болды дегенге келтіреді.
«Ал Салтанаттың мас болу мәселесіне жеткілікті көңіл бөлінбеді. Егер сол күні көп алкоголь ішпесе, ештеңе болмайтынына сенімдімін. Біз оның тұрақсыз әрі қисая жүргенін көрдік. Біз мұны бақылау камераларындағы жазбалардан көреміз. Мен өзім химикпін. Сараптамаға сәйкес зәрдегі 1,8 промилле алкоголь маңызды емес көрсеткіш ретінде көрсетілгенімен келіспеймін. Бұл сарапшылар елемеген өте маңызды көрсеткіш. Алкогольдің бұл деңгейі өлімнің сағат 19.00-де болғанын дәлелдейді. Демек, ешқандай өлтіру пиғылы болған жоқ, – деді Әлмира Нұрлыбекова.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Алматыда мектеп оқушыларының әкелері мен ұстаздарының арасында волейбол турнирі өтті Алматыдағы Сүлейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледжінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай волейболдан дәстүрлі турнир жалғасын тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жарысқа «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорына қатысты мектептерде білім алушылардың әкелері, мұғалімдері мен ардагерлер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау.
«Президент Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты XXXI сессиясында «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз деп айтқан болатын. Біз осы ретте жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек деген қағидаларын жүзеге асыруды мақсат еттік», – дейді ұйымдастырушылар.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
2🏆 1
Photo unavailableShow in Telegram
"Ендеше, күйеу атаулының бәрін соттайық" – Бишімбаев адвокатына судья тағы ескерту жасады Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында жарыссөзде сөйлеген адвокаты Ерлан Ғазымжанов үш рет ескерту алды
– Бір жыл ішінде Бишімбаев оны үш рет қана ұрды. Бірақ олар демалып, қалаған жеріне барып, қалағанын жеп, қымбат киім киіп, зергерлік бұйымдарды тақты. Бұл жағдайда ұру жағдайы тек үш рет болды. Ендеше, әр отбасына кіріп, күйеуіне 4 жылдан 7 жылға дейін берейік, – деді адвокат сот талқылауында сөйлеген сөзінде.
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановтың бұл сөзіне ескерту жасады.
– Егер сіз осындай мәлімдемелерді тағы айтсаңыз, сот тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болады, - деді Құлбаева.
Ғазымжанов сөзін жалғастырғанда, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ережелерін тағы бұзды.
– Орныңызға барыңыз, қорғаушы. Сот сізге үш рет ескерту жасады. Соған қарамастан, алқабилердің қатысуымен қабылданбайтын дәлелдеріңізді қайталап жатырсыз. Сіз түсінбегендіктен, тағы да түсіндіремін. Этикадан тыс сөзге жол берілмеуі тиіс, – деді Құлбаева.
Ол оған этикаға жат сөздер мінез-құлық пен мораль ережелеріне сәйкес келмейтінін түсіндірді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 6 1
Photo unavailableShow in Telegram
«Директор төрт жылға сотталды»: Серікзат Дүйсенғазының ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты Белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына қатысты сот шешімі шықты. Көпшілікке тау шаңғысы курортының қызметтерін ұсынатын «Elikti Park» ЖШС-ның директоры кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды
«Сот тау шаңғысы курортының директорын төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар үш жылға дейін қызмет көрсете алмайды», - деп қорытындылады Ақмола облысының Зеренді аудандық соты.
Шаңғы курортының директоры демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді, соның салдарынан жасөспірім қайтыс болып, екі қыздың денсаулығына зиян келтірді деп айыпталды. Қауіпсіздік шараларын түсіндірмей, баланы трассаға жіберген. Жасөспірім тік беткейден түсіп бара жатып, қоршалмаған ағашқа соқтығысып, жарақат алып, қайтыс болған. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
Алматы облысында топырақ көшкіні болды Ауа райының құбылуына байланысты Талғар ауданы Бесағаш ауылында тау баурайынан көлемі шамамен 30 текше метр болатын топырақ көшкіні жүрді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Зардап шеккендер жоқ.
«Көшкін жүрген «Бурабай» коттедж қалашығында 80-ге жуық адам тұрады. Жылына екі рет көшкін қаупі бар кезеңде «Қазселденқорғау» ММ мамандары қауіпті учаскелерде тұратын тұрғындарға көшкіннің болу қаупі туралы хабарлама жібереді. Қазіргі уақытта тірек қабырғасын ұзарту және тауды каскадты кесу арқылы тау массивін жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құлаған топырақты шығару уақытылы жүзеге асырылып жатыр», - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 2😱 1
Photo unavailableShow in Telegram
Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды. Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарып, 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылған еді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👏 2👎 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қуандықтың басқа амалы қалмады – Бишімбаевтың адвокаты Сотталушы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова жарыссөз кезінде Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы сотта "жамандағысы келмеді, шындықты айтты" деп пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Сот залында Бишімбаев Салтанатты жамандағаны айтылып жатыр. Бірақ Қуандықтың басқа амалы қалмады. Ол немесе қылмыстық кодекстің көзделген ең ауыр қылмыстардың бірін мойындайды немесе сотта шындықты, соның ішінде Салтанат туралы да шындықты айтады”, - дейді Рамазанова.
Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектеліп, екінші сот сараптамасын есепке алмағанын атап өтті.
“Салтанат отбасылық өмірді алдаудан бастауға шешім қабылдады, 2023 жылдың 9 қарашасында бұл жағдай созыла келе нағыз трагедияға айналды”, - деді Лейла Рамазанова.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Бишімбаев жазадан құтылып кетсе не болады? Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгініп, оларды сотталушылар мен олардың қорғаушыларының сөзіне сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Құрметті, алқабилер! Мемлекеттік айыптаушылар, менің әріптестерім айтқан дәлел-дәйектің бәрін қабылдап, қорғау жағы, сотталушылар айтқан сөздерге сыни тұрғыдан қарауды өтінемін. Олардың айтқаны шындық емес! Олардың айтқанының бәрі де қылмыстық жауапкершіліктен жалтару амалы болады. Егер Бишімбаев осы іс бойынша қылмыстық қудалаудан құтылып кетсе, онда біздің елде қалудың бірдеңе істеудің өзінің мән-мағынасы қалмайды. Себебі мұндай жайттар қайталана береді», – деді Игорь Вранчев.
Вранчев Бишімбаев пен Байжанов өзара келісіп, сотта жауап берді деп есептейді. Оның айтуынша, Бишімбаев сот процесі барысында өзін білімді әрі діндар ретінде көрсеткісі келген. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтың Нүкенованы қорлап түсірген видеоларындағы сөздерді тағы бір рет еске салды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Адвокат Дамир Ишмаметов сотталушының телефонынан табылған видеоларға назар аударды.
«Олардың әрқайсында ол Нүкенованы үйленген ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін мойындауға мәжбүрлейді. 8-9 қарашадағы оқиғаларға оралсақ, сотталушылардың қылмыс жасағанын әшкерлейтін бірқатар дәлелдер келтірілді. Осы видеоны тағы бір рет еске салғым келеді. Осылайша, Бишімбаев 20 минуттан астам уақыт ішінде монотонды дауыспен 175 рет келесі сөздерді айтады: «Айт, ... (басқа адамның есімі - еск.) жыныстық қатынасқа түскен сен бе?». Бір сөзді 175 рет қайталаған», – деді адвокат.
Ол сотталушылардың қылмыс жасағанына бір түйір күмәні жоғын айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Hammasini ko'rsatish...
👍 2 2😁 1