cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

КТК жаңалықтары

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
2 041
Obunachilar
-224 soatlar
Ma'lumot yo'q7 kunlar
-3130 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Қазақстанда жаңа комитет құрылды Судың «қара нарығымен» күресті күшейту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігінде жаңа ведомство – Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылды. Министрліктің мәліметінше, жаңа комитет суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі. «Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың «қара нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Hammasini ko'rsatish...
Алматыда қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды Бұл туралы ақпарат Telegram-дағы арналардың бірінде пайда болды. Онда қоқыс зауытында қоқысты сұрыптау кезінде жаңа туған шақалақтың денесі табылғаны жазылған. Полиция аталған деректі растады. «Қылмыстық іс қозғалды. Қазір баланың анасының кім екені және басқа да мән-жайлар анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ведомстводан.
Hammasini ko'rsatish...
Адам өлтіруге оқталған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды Адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдікті Қазақстанға экстрадициялады. "Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақпен дене жарақаттарын келтірген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталды", - делінген хабарламада. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалған. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Hammasini ko'rsatish...
⚡️Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Hammasini ko'rsatish...
Қырғызстанда сел кезінде жоғалған баланың денесі табылды Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған Н.С.-ның денесі табылды.
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
🇪🇸 Испания Еуропа чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды! Испания 2:1 Англия ⚽️ Голдар: 47’ Уильямс, 86’ Оярсабаль — 73’ Палмер 🏆 “Қызыл фурия” Еуропа біріншілігінде топ жарып, жаңа рекорд орнатты.
Hammasini ko'rsatish...
Тоқаев Дональд Трампқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеп, оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Hammasini ko'rsatish...
Қазақстан-Италия арасындағы ынтымақтастық: Милан қаласына әуе рейсі ашылды NEOS әуе компаниясының рейстері аптасына екі рет Boeing 787 Dreamliner ұшағымен жүзеге асырылады. Ендігі жерде жолаушыларға Миланнан Қазақстан астанасына және кері қайтуға жедел әрі жайлы жетуге мүмкіндік зор.
Hammasini ko'rsatish...
⚡️Орал қаласында полиция із-түссіз жоғалған кәмелетке толмаған үш баланы іздеп тапты Қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Олардың ең кішісі небәрі 4 жаста екендігі белгілі болды. БҚО Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелеріне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды автобустардың бірінен тапты. Олар басқа аймақта тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта жоғалған балалардың барлығы аналарына қайтарылды. Олардың жағдайы жақсы, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция департаменті ата-аналарға балаларына және олардың өміріне өздері жауапты екенін ескертеді. Мұндай фактілерге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Hammasini ko'rsatish...
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.