QORJIN
Kanalga Telegram’da o‘tish
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
Ko'proq ko'rsatishMamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan
1 460
Obunachilar
-10424 soatlar
+1217 kun
+1 23730 kun
Postlar arxiv
1 470
🪙🇰🇿 Зейнетақы қорлары қысқа мерзімде қанша табыс әкелді: БЖЗҚ деректері
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша соңғы 12 айдағы көрсеткіштер:
✅ Сентрас Секьюритиз: +17.8%
✅ Halyk Finance: +10.98%
✅ БЖЗҚ (ЕНПФ): +10.74%
✅ Alatau City Invest: +10.62%
✅ Halyk Global Markets: +10.54%
✅ BCC Invest: +9.01%
📈 Статистика бюросының дерегінше, осы кезеңдегі жылдық инфляция 11% құрады.
🚀 Жаңа мүмкіндік:
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұған дейін маңызды жоспарын айтқан болатын: салымшыларға өз зейнетақы жинақтарын 100 пайыз жеке басқарушы компанияларға аудару құқығын беру көзделуде. Бұған дейін жинақтың тек 50 пайызын ғана жеке қолға сеніп тапсыруға болатын еді.
❗️ Маңызды: Зейнетақы активтерін басқару: бұл қысқа қашықтыққа жүгіру емес, ұзақ марафон. Сондықтан табыстылық айлармен емес, жылдармен бағаланады.
❓Сіз зейнетақыңызды толығымен жеке компанияға аударуға дайынсыз ба, әлде мемлекеттік басқаруда (БЖЗҚ) қалдырғанды жөн көресіз бе? Төменге жаза кетіңіз.
1 470
🇰🇿 Несие ставкасы VS бизнестің маржасы: Неге 20% несие табысыңды «жеп» қоймайды?
Көп кәсіпкер: «Банк ставкасы 20%, менің маржам 20%. Сонда бүкіл тапқаным банкке кете ме?» – деп қорқады. Жоқ, бұл: ең үлкен қате түсінік.
Бәрін ₸1 000 000 несие мысалында нақты цифрлармен, «саусақпен» түсіндірейік:
🍏 1. Несие шығыны (Ставка)
Сіз банктен ₸1 млн несиені жылдық 20% ставкамен алдыңыз.
✅ Банк пайызы 12 айға бөлінеді: 20% / 12 ай = 1.67%.
✅ Демек, сіз банкке айына небәрі ₸16 667 пайыз төлейсіз.
🍎 2. Тауардан түсетін пайда (Маржа)
Сіз сол ₸1 млн ақшаға тауар алып, оны 20% маржамен сатып тауыстыңыз.
📍 Саудадан түскен таза пайда: ₸200 000.
📉 3. Таза табысты есептейік (бір айналымда):
✅ Тапқан пайдаңыз: ₸200 000
✅ Банкке төлеген пайызыңыз (айына): ₸16 667
✅ Таза табысыңыз: ₸183 333
🏦 Halyk Bank-тің басқарушы директоры Альфия Жексенбай былай дейді: «Несие ставкасы мен бизнестің маржасы: бір-бірімен салыстыруға келмейтін әртүрлі көрсеткіштер. Несие пайызы жылдық көрсеткіш болғандықтан, ол табысты «жеп қоймайды», керісінше айналымды өсіруге мүмкіндік береді».🚀 Жылына бірнеше рет айналдырса не болады? Егер сіз осы ₸1 млн ақшаны жыл ішінде бірнеше рет айналымға салып, пайдасын капиталға қосып отырсаңыз, нәтиже тіпті жоғары болады: ✅ Жылына 3-4 рет сауда жасасаңыз: Осы капиталмен жылына небәрі 3-4 рет тауар алып, оны 20% маржамен сатып үлгерсеңіз, жыл соңында таза пайдаңыз ₸1 млн-нан асып түседі. ✅ Банкке төленген 1 жылдық пайыз: Небәрі ₸200 000 болып қала береді. Бұл жерде банк пайызы сіздің жиналған пайдаңыздың қасында өте аз болып қалады. Несие сіздің табысыңызды шектемейді, керісінше айналымды тездетуге көмектеседі. 📊 Нарықтағы жеңілдіктер Егер 20% ставка бәрібір ауыр көрінсе, мемлекеттік қолдауды пайдаланыңыз: ✅ Арзан ақша: «Еңбек», «Кең Дала» немесе «Halyk Кәсіпкер» бағдарламаларымен ставканы 6-8 пайызға дейін түсіруге болады. ✅ Қолжетімділік: Жаңа кәсіп бастағандарға 500-ден астам банк бөлімшесінде кеңес беріледі немесе цифрлық несиені үйден шықпай-ақ алуға болады. 💡 Түйін Банк пайызы жылға бөлінеді, ал маржа әр саудадан түседі. Сондықтан несиенің 20 пайызы мен маржаның 20 пайызы – екі түрлі әлем. Несие алудан қорықпай, оның айналымды қалай өсіретінін дұрыс есептей білу маңызды. #QAMS_mektebi
1 470
⚡️🏦 Halyk Bank (HSBK) акционерлерінің жалпы жиналысында 2025 жылға арналған дивидендтер бекітілді: бір акцияға ₸30.1
Дивиденд алғысы келетін акционерлер мына күндерді ескеруі қажет:
📆 Тізілімнің жабылу күні: 30 сәуір
📆 Төлемдердің басталуы: 18 мамыр
📊 Бұл қаншалықты тиімді?
Егер қазір KASE биржасында акция бағасы ₸411.95 болып тұрғанын ескерсек:
💰 Дивидендтік табыстылық: 7.3% құрайды (тек осы төлем бойынша).
Halyk Bank-тің жақсы дәстүрі: банк өз акционерлеріне дивидендтерді жарты жылда бір рет төлеп тұрады. Яғни, бұл жылдық табыстың тек бір бөлігі ғана болуы мүмкін.
💡 Есте сақтаңыз: Дивиденд алу үшін акцияны «Тізілімнің жабылу күні» кемінде 2 жұмыс күні бұрын (T+2 режимі бойынша) сатып алып үлгеру керек.
1 470
🇰🇿🦅🕊️ Ұлттық банк ставканы өзгерте ме: «Сұңқарлар» мен «көгершіндер» шайқасы
Ертең Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялайды. Нарық сарапшылары мен Қаржыгерлер қауымдастығының мамандары ставка қазіргі 18% деңгейінде өзгеріссіз қалады деп болжап отыр.
Бұл көрсеткіш неге маңызды және ол сіздің қалтаңызға қалай әсер етеді? «Саусақпен» түсіндіріп көрейік.
📈 Базалық ставка: Экономикадағы «газ бен тежегіш»
Мұны көліктің басқару жүйесі деп елестетіңіз:
✅ Ставка көтерілсе (Тежегіш): Несие қымбаттайды, адамдар ақшаны аз жұмсап, депозитке жинай бастайды. Бұл бағаның өсуін (инфляцияны) тоқтату үшін жасалады.
✅ Ставка төмендесе (Газ): Несие арзандайды, бизнес дамиды, халық ақшаны көбірек жұмсайды. Бұл экономиканы жандандыру үшін керек.
🦅 «Сұңқар» vs «көгершін» 🕊️
Қаржы саясатында мамандардың екі түрлі көзқарасы болады:
✅ «Сұңқарлар»: Олар пайыздық мөлшерлемені көтеруді немесе жоғары ұстауды қолдайды. Мақсаты: бағаның өсуін тежеу. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өткен жылы өз командасында «сұңқарлардың» көп екенін айтқан болатын.
✅ «Көгершіндер»: Олар ставканы төмендетуді жақтайды. Мақсаты: несиені арзандатып, бизнестің дамуын ынталандыру.
📊 Ставка қалай өзгерді?
2025 жылы ставка екі рет өзгерді:
📍 Наурызда: 15.25 пайыздан 16.5 пайызға дейін өсті.
📍 Қазанда: 18 пайызға дейін көтерілді.
Бұл дегеніміз: Ұлттық банк әзірге «тежегішті» басып тұр, өйткені бағаның өсуін ауыздықтау басты назарда.
💡 Түйін
Базалық мөлшерлеме әр адамның әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етеді. Егер ставка 18 пайыз болып қалса: депозиттер әлі де тиімді, бірақ несие алу қалтаға салмақ түсіреді деген сөз.
❓Ұлттық банк ертең қай позицияны таңдайды деп ойлайсыз?
#QAMS_mektebi
1 470
📊 Акциялар деген не және олардан қалай табыс табуға болады?
Акция - бұл бағалы қағаз: оны сатып алсаң, компанияның бір бөлігінің иесі боласың.
💡 Компаниялар не үшін акция шығарады?
Компаниялар акцияны дамуға ақша тарту үшін шығарады.
👉 Бұл ақшаны олар өсу үшін пайдаланады:
— жаңа өнімдер шығару;
— жаңа нарықтарға шығу;
— басқа компанияларды сатып алу;
— жабдықтар мен технологияларды жаңарту.
💵Акциялардан қалай табыс табады?
Табыс табудың екі негізгі жолы бар:
📈 1. Акция бағасының өсуі.
Егер компания дамып, күшейсе, оның акциялары қымбаттауы мүмкін.
👉 Арзан сатып алып, қымбатқа сату - айырмашылық пайда болады.
💵 2. Дивидендтер
Компания пайдасының бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді.
Оның мөлшері мен жиілігі компанияның нәтижелеріне және акционерлердің шешіміне байланысты.
❗️Бірақ маңызды: дивиденд әрдайым төленбейді. Компания пайданы бизнесті дамытуға қалдыруы мүмкін.
☝️Мұны түсіну үшін мысал ретінде Halyk Bank акциясын қарайық.
Жыл басында бір акция шамамен 372 ₸ тұрды, қазір — 412 ₸.
👉 Баға 40 ₸-ге өсті.
💵 Дивидендтер
Halyk Bank директорлар кеңесі 2025 жыл үшін бір акцияға ₸30,10 дивиденд төлеуді ұсынды.
👉 Егер бұл шешім жылдық акционерлер жиналысында (23 сәуір) мақұлданса, компания бұл дивидендтерді акция иелеріне төлейді.
Сонымен қатар, Halyk әдетте акционерлерге жылына екі рет төлем жасайды.
📊 Нәтижесінде не болды
Егер сен жыл басында акция сатып алып, қазірге дейін ұстасаң:
📈 баға өсімі: +40 ₸
💵 дивиденд: +30,10 ₸
👉 жалпы нәтиже: бір акцияға шамамен +70 ₸
👉 бұл шамамен 5 айда 18,8% табыс.
⚠️ Қауіптер
Акциялар - бұл кепілдендірілген табыс емес.
Баға:
📉 түсуі мүмкін;
📈 өсуі мүмкін;
↔️ ұзақ уақыт өзгермеуі мүмкін.
Сондай-ақ дивидендтер де кепіл емес - компания оны азайтуы немесе мүлде төлемеуі мүмкін.
☝️Сондықтан нәтиже әрқашан компанияның жағдайына және сатып алу уақытына байланысты.
1 470
❗️ Зейнетақы ақшасын «шығарып беремін» деушілерге сенбеңіз: Бұл қауіпті!
Желіде зейнетақы жинағын шекті деңгейден асырып «алып береміз» немесе «шығарып береміз» дейтін делдалдар көбейіп кетті. БЖЗҚ (ЕНПФ) мұндай ұсыныстардың алаяқтық екенін ескертеді.
🛑 Неге делдалдарға сенуге болмайды?
✅ Ақшаңыздан айырыласыз: Олар «көмегі» үшін комиссия сұрайды, бірақ шын мәнінде БЖЗҚ-дан ақша алу мүлдем тегін және делдалсыз жасалады.
✅ Деректеріңіз ұрланады: Алаяқтарға жеке мәліметтеріңізді (ЖСН, ЭЦП) берсеңіз, олар сіздің атыңыздан несие рәсімдеуі немесе шоттарыңызды тазалап кетуі мүмкін.
❓ Зейнетақы ақшасын шын мәнінде кімдер ала алады?
Мұның бәрі заңмен нақты бекітілген, ешқандай «көке» оны айналып өте алмайды:
✅ Зейнет жасына жеткенде,
✅ I немесе II топтағы мерзімсіз мүгедектік орнатылса,
✅ Шетелге тұрақты тұруға (ПМЖ) кеткенде,
✅ Мұрагерлік бойынша.
🏠 Тұрғын үй немесе емделуге кімдер пайдалана алады?
📍 Шектен асқандар: Егер жинағыңыз «жеткіліктілік шегінен» асса: асып тұрған бөлігін ғана.
📍 Зейнеткерлер: Зейнетақысы бұрынғы табысының 40 пайызынан кем емес жандар: қалған ақшаның жартысына дейін.
📍 Әскерилер: Еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққандар: 100 пайызға дейін.
⚙️ Қалай алу керек?
Ешқандай делдал керек емес. Барлық процесс тек ресми банктер (уәкілетті операторлар) арқылы өтеді. БЖЗҚ сізден ешқашан қосымша ақы немесе «көмек» үшін ақша сұрамайды.
🚀 Болашақта не өзгереді?
Қазір шекті деңгейді есептеудің жаңа әдісі талқыланып жатыр. Енді тек жалақыға емес, адамның жасына, күтілетін табысына және демографиялық деректерге (актуарлық тәсіл) қарауы мүмкін. Бұл: әр адамның жағдайы жеке есептеледі деген сөз.
💡 Түйін
Зейнетақы жинағы: бұл сіздің болашақтағы «қауіпсіздік жастығыңыз». Мұндай маңызды ақшаға келгенде тек ресми ақпаратқа сеніңіз. Күмәнді жарнамаларға еріп, жинаған ақшаңыздан айырылып қалмаңыз.
#QAMS_mektebi
1 470
🇰🇿 Цифрлық теңге: Бұл жаңа криптовалюта ма?
Қазақстанда ақшаның жаңа форматы пайда болды. Көбісі мұны криптамен шатастырады, бірақ айырмашылығы жер мен көктей. Ұлттық банк іске қосқан бұл жобаның басты пайдасы қандай?
📱 Интернетсіз төлем жасау
Елімізде халықтың шамамен 6,6 пайызына интернет әлі де қолжетімсіз. Цифрлық теңгенің басты ерекшелігі: ақшаны смартфонға «жүктеп» алып, ешқандай желісіз-ақ төлем жасауға болады. Бұл интернет ұстамайтын шалғай жерлерде өте ыңғайлы.
❓ Криптовалютадан айырмашылығы неде?
✅ Тұрақтылық: Криптаның бағасы күнде құбылып тұрса, цифрлық теңгенің курсы кәдімгі теңгемен бірдей.
✅ Ресми мәртебе: Оны Ұлттық банк шығарады және мемлекет кепілдік береді.
🛠 Ол қалай жұмыс істейді?
Күнделікті өмірде айтарлықтай өзгеріс сезілмейді. Сіз бұрынғыдай банк қосымшасымен төлей бересіз. Тек енді ақшаның үш түрі болады: қолма-қол (қағаз ақша), қолма-қол емес (карта) және цифрлық теңге.
🏦 Қай банктерде бар?
Қазір бұл жүйе сынақтан өтіп жатыр. Жобаға Halyk Bank, Банк ЦентрКредит, Altyn Bank, Еуразиялық банк және тағы басқа ірі банктер қатысуда. 2027 жылға қарай цифрлық теңге толық қолданысқа енеді деп жоспарланған.
💡 Түйін
Цифрлық теңге: бұл крипта емес, бұл технологияның көмегімен жетілдірілген біздің төл теңгеміз. Басты мақсат: төлемді кез келген жерде, тіпті интернетсіз де жылдам әрі қауіпсіз жасау.
Интернет жоқ жерде төлем жасай алмай қиналған кездеріңіз болды ма?
#QAMS_mektebi
1 470
🚀🇰🇿 KASE индексі 8 000 ұпайға жақын: Бұл бізге не айтады?
21 сәуірде еліміздің басты биржалық индексі (KASE) тарихи деңгейге - 7 972,88 ұпайға жетті. Бұл нарықтың жалпы бағыты жоғары екенін білдіреді.
❓ Индекс деген не? (Қарапайым тілмен)
Бұл жекелеген компаниялардың табысы немесе бағасы емес. Бұл - нарықтың «орташа температурасы».
Елдегі ең ірі 10 компанияның акцияларын бір «себетке» салып қойған деп елестетіңіз.
✅ Егер сол себеттегі акциялардың көбі қымбаттаса - индекс көтеріледі.
✅ Егер басым бөлігі арзандаса - индекс төмендейді.
Яғни, индекс - нарықтағы инвесторлардың көңіл-күйін көрсететін өлшеуіш. Қазіргі өсім инвесторлардың қорқыныштан гөрі, Қазақстан нарығына деген сенімі басым екенін аңғартады.
🇰🇿 Бұл көрсеткішке мына 10 компания кіреді:
✅ КазМунайГаз (KMGZ)
✅ Казатомпром (KZAP)
✅ Kaspi (KSPI)
✅ Halyk (HSBK) - Халық банктің акциясы 413,5 теңгеге жетті
✅ BCC (CCBN)
✅ Казахтелеком (KZTK)
✅ КазТрансОйл (KZTO)
✅ KEGOC (KEGC)
✅ Kcell (KCEL)
✅ Air Astana (AIRA)
⚠️ Маңызды кеңес
Нарық жақсы көрсеткіш беріп жатыр екен деп, азартқа беріліп соңғы тиыныңызды салуға асықпаңыз. Экономист Бауржан Шурманов мына ережені сақтауды ескертеді:
🗣 «Бұл іске тек артық ақшаңыз болса немесе жоғалтуға қорықпайтын сомаңыз болса ғана бастау керек. Тәуекел өте жоғары және ұзақ уақыт бойы маңдай термен жинаған ақшаңызды бір сәтте жоғалтып алу өте оңай. Спортта болсын, трейдингте болсын ең бастысы: қауіпсіздік және басты ереже: капиталды жоғалтып алмау»
💡 Түйін
Инвестиция - бұл тез байып кету емес, бұл ақшаны ақылмен сақтау өнері. Алдымен қаржылық сауаттылықты қалыптастырып алыңыз.
📚 Акция деген не және олардан қалай табыс табуға болады? Бұл туралы келесі жазбамызда айтамыз. QORJIN арнасына жазылып, қаржыны бізбен бірге оңай тілде меңгеріңіз!
1 470
📈🇰🇿 Зейнетақы жүйесіндегі үлкен өзгерістер: 4 + 1 моделі деген не?
Қазақстанда зейнетақы жинағын қалыптастырудың жаңа тәртібі талқыланып жатыр. Егер бұл реформа қабылданса, болашақ зейнеткерлер үшін бірнеше маңызды жаңалық болады.
📊 Ақша қалай бөлінеді?
Қазір жұмыс берушілер сіз үшін арнайы жарна төлейді, биыл ол 3,5 пайыз болды. Жаңа 4 + 1 жобасы бойынша бұл ақша былай бөлінбек:
✅ 4 пайызы сіздің жеке шотыңызға түседі. Бұл ақша сіздің меншігіңіз болады, оны мұрагерлікке қалдыруға болады. Нәтижесінде жеке шотыңызға барлығы 14 пайыз (өзіңіздің 10 пайызыңыз және жұмыс берушінің 4 пайызы) жиналады.
✅ 1 пайызы ортақ зейнетақы шотына кетеді. Бұл ақша болашақта зейнетақыны өмір бойы төлеу үшін пайдаланылады.
💰 Зейнетке шыққанда төлем қалай жүреді?
✅ Бұл модельдің басты ерекшелігі сол, зейнетақы екі кезеңмен төленуі мүмкін:
✅ 80 жасқа дейін: Адам алдымен өзінің жеке шотындағы жиналған ақшасын алады. Есеп бойынша, тұрақты жарна төлеген адамға бұл ақша осы жасқа дейін жетеді.
✅ 80 жастан кейін: Егер жеке шоттағы ақша таусылып қалса, төлемдер ортақ шоттан өмір бойы жалғаса береді.
🏥 Стаж бен денсаулыққа басымдық беріле ме?
Сенат депутаттары тек жасқа қарап емес, жұмыс стажы мен денсаулық жағдайына қарай зейнетке ертерек шығу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. Мысалы, денсаулығына байланысты мүгедектікті күтпей-ақ демалысқа шығу мәселесі талқылануда.
💡 Түйін
Бұл әзірге талқыланып жатқан жоба. Негізгі мақсат адамның жеке шотындағы ақшаны тезірек көбейту және қартайғанда төлемсіз қалмауын қамтамасыз ету.
1 470
📱🇰🇿 Қазақстандықтар қолма-қол ақшадан бас тартуда: 10 төлемнің 8-і онлайн жасалады
Ұлттық банк 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Қолма-қол ақша біртіндеп тарихқа айналып бара жатқан сияқты. Ауылда болсын, қалада болсын, халық цифрлық төлемдерге біржола көшті.
📊 Сандар не дейді?
✅ 98,3% болды: еліміздегі барлық транзакцияның басым бөлігі қазір безналичный (картамен немесе телефонмен) жасалады.
✅ QR-код жеңіп жатыр: Төлем жасағанда QR-кодты қолдану кәдімгі пластик картаны терминалға салғаннан 1,4 есе асып түсті. Бұл өте ыңғайлы әрі жылдам екенін бәріміз көріп жүрміз.
✅ Сыйлықтар мен той-томалақ: Төлемдердің ең көп жасалған кезі тамыз (той маусымы) және желтоқсан (жаңа жыл) айлары болды.
💸 Қолма-қол ақшаны кімдер алады?
Қолма-қол ақша алу көрсеткіші 3 пайызға азайған. Бірақ бір қызығы, банкоматтан бір ретте алынатын ақша сомасы өскен. Қазір орташа есеппен адамдар бір барғанда 116 800 теңге шешіп алады екен.
📢 Бірыңғай QR-код келе жатыр
Қазір әр банктің өз QR-ы бар, бұл кейде ыңғайсыз. Бірақ 2026 жылдың шілдесіне дейін барлық банктер бір жүйеге қосылуы тиіс. Яғни, кез келген банктің қосымшасымен кез келген жерде төлей беретін күн жақын.
💡 Түйін
Елімізде қазір 84,6 миллион карта бар. Бұл дегеніміз әр адамда кемі 3 немесе 4 картадан келеді деген сөз. Дүкенде, базарда немесе таксиде QR-мен төлеу үйреншікті жағдайға айналды.
1 470
📈🇰🇿 Зейнетақымыз қаншаға өсті: Тапқан табысымыз инфляциядан оза алды ма?
Біздің зейнетақы шотымыздағы ақша жай ғана жатқан жоқ, ол жұмыс істеп жатыр. Соңғы бір жыл ішінде (2026 жылғы 1 наурызға дейін) жинағымызды басқарып отырғандар бізге мынадай пайда әкелді:
💰 Қайда қанша пайда түсті?
✅ Сентрас Секьюритиз +17,65%
✅ Alatau City Invest +12,9%
✅ Halyk Global Markets +11,49%
✅ БЖЗҚ (ЕНПФ) +11,39%
✅ BCC Invest +10,82%
✅ Halyk Finance +10,29%
📊 Бұл көп пе әлде аз ба?
Осы уақыт ішінде еліміздегі баға 11,7% өсті (инфляция). Бір қарағанда, кейбір компаниялардың табысы инфляциядан сәл төмен сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бұған бола бірден қорытынды жасауға болмайды, өйткені:
📍 Зейнетақы – бұл «ұзын ақша»
Сіз бұл ақшаны ертең алып жұмсамайсыз. Ол алдағы 10, 20 немесе 30 жыл бойы жұмыс істейді. Бір айда табыс аз болса, келесі айда ол еселеніп қайтуы мүмкін. Сондықтан бәріне уақыт керек.
📍 Бәрі тез өзгереді
Нарықта жағдай ай сайын құбылып тұрады. Сондықтан бір жылдың көрсеткішіне қарап, «ақшам құнсызданды» деп үрейленбеу керек. Негізгі нәтиже зейнетке шығар алдында ғана белгілі болады.
📲 Ақшаны жеке басқаруға беруге бола ма?
Егер БЖЗҚ әкелетін табысқа көңіліңіз толмаса, ақшаңызды жеке компанияларға аудара аласыз. Ол үшін шотыңызда «жеткіліктілік шегінен» артық ақша болуы тиіс.
💡 Түйін
Зейнетақы жинағын көбейту – бұл марафон. Сондықтан бүгінгі нәтижеге емес, болашаққа сенген дұрыс. Ақшаңыз инфляциядан қалып қоймауы үшін оны ұзақ уақыт бойы бақылау керек.
1 470
🇰🇿🇰🇿 Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану ережесі өзгерді!
«Отбасы банк» бүгіннен бастап яғни 17 сәуірден бастап жаңа ережелердің күшіне енгенін хабарлады. Енді зейнетақы жинағындағы артық ақшаны пайдалану тәртібі өзгерді:
📊 Не өзгерді?
Енді екінші деңгейлі банктердегі ипотеканы зейнетақы ақшасымен жапқанда тек негізгі борышты төлеуге болады. Бұрынғыдай бәрін бірдей жаба салуға рұқсат жоқ.
🗣 «Отбасы банк» хабарламасы:
«Бүгіннен бастап зейнетақы жинағымен ипотеканы мерзімінен бұрын жапқанда тек негізгі борышты (основной долг) өтеуге болады. Ал несиенің пайызы мен басқа да төлемдерін адам өз ақшасымен төлеуі тиіс»
📲 Жаңа құжат керек
🔹 Енді «enpf-otbasy.kz» платформасына құжат өткізгенде жаңа үлгідегі анықтама жүктеу керек:
Анықтамада негізгі борыштың қалдығы қанша екені анық жазылуы тиіс,
«Отбасы банк» барлық банктерге осындай анықтама беру туралы ресми хат жіберіп қойды.
📝 Не істеу керек?
Егер ипотекаңызды зейнетақы ақшасымен азайтқыңыз келсе мынаны ескеріңіз:
✅ Банктен анықтама алу:
Өз банкіңізге барып «негізгі борыштың қалдығы көрсетілген» жаңа үлгідегі анықтаманы сұраңыз
✅ Ақша дайындау:
Несиенің пайызы мен ай сайынғы төлемге кіретін басқа да қарыздарды өтеу үшін шотыңызда өз қаражатыңыз болуы керек
💡 Түйін:
Бұл өзгеріс зейнетақы ақшасының тек қарыздың өзін жабуға жұмсалуын қадағалау үшін жасалып отыр. Егер ипотеканы жабуды жоспарлап жүрсеңіз банктен құжат аларда осы талапты міндетті түрде айтыңыз
