uz
Feedback

Firibgarlarga uchmang! Telemetrio bunday kanallarni topadi va belgilaydi 👉 Belgini ko‘rmoqchi bo‘lsangiz, obuna bo‘ling

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Kanalga Telegram’da o‘tish

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Ko'proq ko'rsatish
Mamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan
1 746
Obunachilar
-324 soatlar
+57 kun
+530 kun
Postlar arxiv
ٱلَّذِينَ قَالَ لَهُمُ ٱلنَّاسُ إِنَّ ٱلنَّاسَ قَدْ جَمَعُوا۟ لَكُمْ فَٱخْشَوْهُمْ فَزَادَهُمْ إِيمَٰنًا وَقَالُوا۟ حَسْبُنَا ٱللَّهُ وَنِعْمَ ٱلْوَكِيلُ Ел-жұрт оларға: «Дұшпандарың сендерге қарсы қол жинады, ендеше, олардан қорқыңдар (һәм аман-сау тұрғандарыңда бас сауғалаңдар)», – дегенде, бұл хабар олардың иманын одан сайын арттыра (яғни күшейте) түсті. Сонда олар: «Бізге бір Аллаһ жетеді. Ол қандай керемет қамқоршы!» – деп жауап берді. («Әли Имран» сүресі 3:173)

Өте маңызды үнемі жәрдем сұрау халінде болу… Істерге нәпсімен, автоматты түрде кіріспеу. Аллаһпен кірісу, Ол үшін деп ниет жаңартумен, құлшылықты мақсат етумен, Одан жәрдем сұраумен және сол істе барынша әдеп, ихсан сақтаумен. Жәрдем сұрамай кірісе берсеңіз, ең оңай амалдың өзі сізге ең қиын амалға айналады. Аллаһ жәрдем бермесе, басқа кім, не, қай себеп, жаратылыс береді? Сол үшін Раббымыз кейде бізге белгілі бір оңай деген заттарды қиын қылып қояды, Одан сұрауымыз үшін, жеңіс, жақсылық, жеңілдік, жәрдем Кімнен екенін еске салу үшін, жүрегімізді тазарту үшін, ғапылдықтан шығару үшін.🧡 Үнемі Аллаһтан жәрдем сұрап, Одан жақсылық күтіп, Тәуекел ету халінде болайық🧡 #насихат #тәуекел #дұға

إِن يَنصُرْكُمُ ٱللَّهُ فَلَا غَالِبَ لَكُمْ ۖ وَإِن يَخْذُلْكُمْ فَمَن ذَا ٱلَّذِى يَنصُرُكُم مِّنۢ بَعْدِهِۦ ۗ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُؤْمِنُونَ Егер Аллаһ сендерге жәрдем берсе, сендерді ешкім де жеңе алмайды. Ал егер қолұшын бермей жалғыз қалдырса, содан кейін сендерге жәрдем беретін кім бар?! Ендеше, шынайы мүміндер бір Аллаһқа ғана арқа сүйеп, тәуекел етсін! («Әли Имран» сүресі 3:160)

Бір күнә екінші күнәға есік ашатыны тәрізді, бір ізгілік екінші ізгілікке есік ашады🧡Сол үшін Ұстазымыз 🌱 үйреткендей қателескен кезде дереу артынан жақсылық жасап, тәубе ету керек. Дереу жасалмаса, келесі күнәны оңай жасап қоясыз. Сол сияқты кез келген ізгі істі кіші көрмей, азсынбай, мүмкіндік бар ма, жасай беру керек🧡Ұстазымыздың 🌱 сүннетіндегідей, ол үнемі мүмкіндік көре сала, ізгілік жасап қалатын, насихат жасап қалатын, үнемі жақсылықта белсенді еді 🧡 Ұстазымыз тіпті бауырыңның жүзіне күлімсіреп қарауды азсынба деген, сіз жәй ғана күлімсіреп қараған кезде, әрі қарай оған тағы бір жақсылық жасағыңыз келіп тұрады заңдылық бойынша. Жақсы сөз айтуға, көмектесуге шабыттанып🧡Сол үшін жоспар болу керек бәріміде, бір күнді сізге қиын болмайтындай ізгі амалдармен, уирдтармен, сүннеттермен, зікірмен толтырып, жоспарлау керек. Біреуін жасап бастағанда, екіншісіне ықыласпен кірісіп кетесіз. Әрі бұл дофамин нейромедиатрының жұмысы Аллаһтың заңдылығымен🧡Оған үнемі жаңа іс, жаңа жоспар, жаңа мақсат қажет, солай энергия бөлінеді. Сіз әр сәт ізгі істерге ниеттеніп отырсаңыз, энергияңыз артып, өмірге құлшынысыңыз күшейе түспек, әрине Аллаһқа шүкіршілік сезініп, мүмкіндіктерді қолданып қалуға талпынғаннан. #насихат #лайфхак #даналық #заңдылық

إِنَّ ٱلَّذِينَ تَوَلَّوْا۟ مِنكُمْ يَوْمَ ٱلْتَقَى ٱلْجَمْعَانِ إِنَّمَا ٱسْتَزَلَّهُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ بِبَعْضِ مَا كَسَبُوا۟ ۖ وَلَقَدْ عَفَا ٱللَّهُ عَنْهُمْ ۗ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٌ حَلِيمٌ Шынтуайтында, екі қол (Ухудта) бетпе-бет келген күні араларыңнан жонын беріп алды-артына қарамай қашқандардың істеген бірқатар күнәлары себепті, шайтан олардың аяғынан шалып сүріндірмек болды. Соған қарамастан, Аллаһ оларды есіркеп, кешірді. Шүбәсіз, Аллаһ – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Халим (қателік жасаған, күнәға батқан құлдарын бірден жазаламай тәубелеріне келуі үшін мұрсат беретін өте сабырлы). («Әли Имран» сүресі 3:155)

қандай аят, қаншама ғибрат, насихат, даналық бар бір аятта🧡✨

ثُمَّ أَنزَلَ عَلَيْكُم مِّنۢ بَعْدِ ٱلْغَمِّ أَمَنَةً نُّعَاسًا يَغْشَىٰ طَآئِفَةً مِّنكُمْ ۖ وَطَآئِفَةٌ قَدْ أَهَمَّتْهُمْ أَنفُسُهُمْ يَظُنُّونَ بِٱللَّهِ غَيْرَ ٱلْحَقِّ ظَنَّ ٱلْجَٰهِلِيَّةِ ۖ يَقُولُونَ هَل لَّنَا مِنَ ٱلْأَمْرِ مِن شَىْءٍ ۗ قُلْ إِنَّ ٱلْأَمْرَ كُلَّهُۥ لِلَّهِ ۗ يُخْفُونَ فِىٓ أَنفُسِهِم مَّا لَا يُبْدُونَ لَكَ ۖ يَقُولُونَ لَوْ كَانَ لَنَا مِنَ ٱلْأَمْرِ شَىْءٌ مَّا قُتِلْنَا هَٰهُنَا ۗ قُل لَّوْ كُنتُمْ فِى بُيُوتِكُمْ لَبَرَزَ ٱلَّذِينَ كُتِبَ عَلَيْهِمُ ٱلْقَتْلُ إِلَىٰ مَضَاجِعِهِمْ ۖ وَلِيَبْتَلِىَ ٱللَّهُ مَا فِى صُدُورِكُمْ وَلِيُمَحِّصَ مَا فِى قُلُوبِكُمْ ۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ Содан кейін (ағат кеткен істеріңе өкінген бойда кері қайтып, тауды паналаған Аллаһ елшісінің маңайына жиналдыңдар). Аллаһ бастарыңа түсірген мұнша мұңмен ауыртпалықтың артынан бойларыңды билеген қорқынышты сейілтіп, жан тыныштығына бөледі, сөйтіп, араларыңдағы шынайы мүміндер тобын жеңіл ұйқы басты. Ал енді бір топ (мұнафықтар) қара басының қамын жеп, Аллаһ хақында жаһилият дәуіріне тән шындыққа жанаспайтын небір ойлардың шырмауына түсті. Олар: «Бұл қолбасшылық ісінде біздің қандай да бір ықпалымыз бар ма өзі?!» – дейді. Оларға: «Бар билік бір Аллаһтың қолында», – деп айт. Негізінде, олар саған ашып айтпайтын нәрселерін іштерінде сақтауда, сондай-ақ өзара: «Қолбасшылық ісі біздің қолымызда болғанда, дәл осы арада қырғынға ұшырамас едік», – деседі. Оларға: «Тіпті үйлеріңде отырсаңдар да, араларыңдағы дәм-тұзы таусылып, ажалы жеткендер өлетін жеріне қарай бет алар еді», – деп айт. Аллаһ көкіректеріңдегі (ниет-пиғылдарың мен басқа да сезімдеріңді) сынап, жүректеріңдегі (иманды) әр алуан уәсуәса мен күмән атаулыдан арылту үшін бастарыңа осындай ауыртпалық түсірді. Аллаһ құлдарының көкірегіндегі бар сырды біледі. («Әли Имран» сүресі 3:154)

Біз кейде ойлаймыз бір қиындықты жеңілдету үшін міндетті түрде бір нығмет не бізге ұнайтын нәрсе болу керек деп. Бірақ, кейде қиындық сәтінде одан ауыр қиындықпен сыналу – сол нағыз жеңілдік, нығмет🧡Біріншіден, екінші ауырлау қиындық арқылы бірінші жеңілдеу қиындық көз алдымызда кішірейіп қалады, екіншіден біздің нәпсіміз қиындықтар арқылы шыңдалып, келесі сынақтарға жеңілірек қарау нәсіп болады🧡Раббымыз 153-аятта айтқандай сахабаларын бір мұңнан арылту үшін басқа одан да ауыр мұң берді, Аллаһ Елшісі 🌱 жайлы, ол соғыста шейіт болды деген жалған хабар естулерін қалады, солай ең сүйікті адамынан айырылу халіне кіргізіп әлгі дүниелік мұңды сейілтті, әрі осылай оларды шыңдады, келесіде еш мұңсыз осындай сынақтардан оңай өтулері үшін🧡 Раббымыз Хаким🧡 #сынақ #даналық

кеше бір кітап беттерін оқып отырып, осы аят есіме түседі🧡

۞ إِذْ تُصْعِدُونَ وَلَا تَلْوُۥنَ عَلَىٰٓ أَحَدٍ وَٱلرَّسُولُ يَدْعُوكُمْ فِىٓ أُخْرَىٰكُمْ فَأَثَٰبَكُمْ غَمًّۢا بِغَمٍّ لِّكَيْلَا تَحْزَنُوا۟ عَلَىٰ مَا فَاتَكُمْ وَلَا مَآ أَصَٰبَكُمْ ۗ وَٱللَّهُ خَبِيرٌۢ بِمَا تَعْمَلُونَ Сонда сендер ешкімге бұрылып қарамастан бас сауғалап қашқан беттеріңде майдан даласынан ұзап кете бардыңдар. Сол кезде Аллаһ елшісі арттарыңнан дауыстап шақырумен болған еді. Міне, осынау қилы сәтте, уыстарыңнан шығарып алған (олжаға) және бастарыңа келген ауыртпалықтарға бола қапаланбас үшін Аллаһ сендерді мұң үстіне мұңға батырды. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар. («Әли Имран» сүресі 3:153)

#АллаһЕлшісі #сүннет #көркеммінез

Хазрат Хаким ал-Уммат Али Танви (رضي الله عنه) говорит: «Каждый, кто приобрёл богатство вусул (постижение любви Аллаха), приобрёл его благодаря следованию Сунне». - «Та'лим ад-дин» 🕯https://t.me/darul_ikhva

Адамның жақсы ойлауы – Раббысын қаншалықты тануына байланысты, қаншалықты Көркем Есімдеріне иман келтіргеніне байланысты, қан
+1
Адамның жақсы ойлауы – Раббысын қаншалықты тануына байланысты, қаншалықты Көркем Есімдеріне иман келтіргеніне байланысты, қаншалықты осыған дейінгі нығметтерді ұмытпай, еске алып тұруына байланысты, қаншалықты Аллаһқа тәуекел ете алатындығына байланысты және қаншалықты өзінің әлсіз, білімсіз және мұқтаж екенін шын ықыласпен мойындап, Аллаһтың Біліміне, Құдыретіне және Қамқорлығына арқа сүйе алатындығына байланысты. Әр жаман ой сайын тәубе етілу керек, әр жақсы ой сайын шүкір етілу керек. Себебі, ойларымның артында Раббымнан не жақсылық не жамандық күтуім бар. Раббысы жайлы жақсы ойлайтын адам өте белсенді болады. Оның амалдары сондай үздіксіз, тұрақты және әдемі болады. Ол Раббысы жайлы жақсы ойлағандықтан, табанды дұға етеді, жауап беретініне сенгендіктен, Оның белгілеген уақытын хайырлы ол үшін деп білгендіктен. Раббысы жайлы жақсы ойлайтын адам басқаларға ашық, жомарт болады, Раббысынан қайтарым болатынына сенгендіктен, Раббысы разы болатынын үміт еткендіктен. Раббысы жайлы жақсы ойлайтын адам себептер жасайды, Раббысы оның сол амалдарын Ескеріп, әрі қарай Өзі Көмектесіп, Ең Керемет Нәтиже белгілейтініне сенгендіктен, Оның орнатқан заңдылықтарынан даналық көргендіктен. Жақсы ой адамды амалға шабыттандырады. Амал етушілерге Раббымыз разы болады🧡 وَنِعْمَ أَجْرُ ٱلْعَٰمِلِينَ Амал етушілердің алар сыйы неткен ғажап десеңші! («Әли Имран» сүресі 3:136) يَٰبَنِىَّ ٱذْهَبُوا۟ فَتَحَسَّسُوا۟ مِن يُوسُفَ وَأَخِيهِ وَلَا تَا۟يْـَٔسُوا۟ مِن رَّوْحِ ٱللَّهِ ۖ إِنَّهُۥ لَا يَا۟يْـَٔسُ مِن رَّوْحِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلْقَوْمُ ٱلْكَٰفِرُونَ (Бірде Яқуб ұлдарын Мысыр еліне аттандырып): «Уа, ұлдарым! (Мысырға) барыңдар да, Юсуф пен бауыры жайлы жан-жақты сұрастырып біліңдер. Аллаһтың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Расында, кәпір қауымнан басқа ешкім Алланың рақымынан үмітін үзбейді», – деді. («Юсуф» сүресі 12:87) #жақсыой #тәуекел #Аллаһтытану

Сабырлық тек күнәға қарсы тұруда, қиындыққа тап болып, тілді шағымнан тыюда ғана емес, сонымен қатар дұғада да сабырлық бар,
Сабырлық тек күнәға қарсы тұруда, қиындыққа тап болып, тілді шағымнан тыюда ғана емес, сонымен қатар дұғада да сабырлық бар, ізгілікте сабырлық бар. 🧡 Дұғаңызда табанды болып бірнеше жылдар бойы тоқтамай етуіңіз – сабырлық. 🧡 Ізгі істерде көңіл-күй не басқа да сыртқы себептерге, шабыттың бар не жоқ болуына қарамай тұрақты болу – сабырлық. 🧡 Қателескен сайын, тәубе етуді тоқтатпау, Аллаһтың алдында кішіреюден шаршамау, жалықпау, үміт үзбеу – сабырлық. Ұстазымыз, Аллаһ Елшісі 🌱 : «Қайсыбірің болсын: "Дұға еттім, бірақ қабыл болмады" деп асығыстық танытпаса, дұғасы қабыл болады». (сахих Бухари) يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱسْتَعِينُوا۟ بِٱلصَّبْرِ وَٱلصَّلَوٰةِ ۚ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلصَّٰبِرِينَ Уа, иман келтіргендер! (Бастарыңа қандай да бір қайғы-қасірет немесе ауыртпалық түскенде) сабыр ету әрі намаз оқу арқылы (Аллаһтан) жәрдем сұраңдар. Шүбәсіз, Аллаһ сабырлылармен бірге. («Бақара» сүресі 2:153) #сабыр

🌟Аллаһтың Уәделерін өмірімізде көру үшін, оған тек сену жеткіліксіз. Сенумен бірге, сол сенімді амалмен көрсету де керек. Мысалы,
Міне, Раббыңның Исрайыл ұрпақтарына берген керемет уағдасы олардың сабырлылық танытқанының нәтижесінде осылай толық орындалды. (7:137) Аллаһтың Уәдесін көруге себеп болған-сабырлықтары🌟Дәл солай Ухуд соғысы жайлы аятта Раббымыз айтып жатыр🤍 Аллаһтың Уәдесі орындалды, сендер жеңіп жатқан едіңдер сол уақытқа дейін (хәттә) 🌟 әлсірегенге дейін 🌟 таласқанға дейін 🌟 бағынбағанға дейін Аллаһ басқа аятта былай дейді🤍🌟 Мұның себебі, қандай да бір қауым өз ішінде өзгеріске ұшырамайынша, Аллаһ оларға нәсіп еткен нығметін әсте өзгертпек емес. Шүбәсіз, Аллаһ – Сәмиғ (ауыздарыңнан шыққан сөздің бәрін толық естуші) һәм Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі). (8:53) Қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Аллаһ ол қауымды өзгертпейді (яғни, жамандыққа душар етпейді). Егер Аллаһ бір қауымның басына қандай да бір жамандықтың келуін қаласа, оның бетін ешкім де қайтара алмайды. Адамдарға Аллаһтан Өзге Қамқор болатын ешкім жоқ. (13:11)
🌟Раббымыздың Уәделерін көргіміз келсе, Оның бізге қойған шарттарын, бұйрықтарын орындамай, талап ету, күту-бұл әрине дұрыс емес. Сол үшін Аллаһтың қандай да бір уәдесін ойлағанда, ал мен соған қатысты не істеп жатырмын деп өз ішімізге, амалдарымызға бір назар салуымыз керек. Ал, ухуд соғысына қатысты аятта Раббымыз 3 нәрсені атайды, сол 3 еуі кедергі болды деп Уәденің толық орындалуына, яғни құл өз тарапынан сол 3 шартта бекем болу керек еді. Сол 3 шарт бізге де қатысты… Мысалға, Раббымыздың дұға етіңдер, жауап беремін деген Уәдесі бар🤍 Егер, сіз дұға етіп жүріп, бірақ аятта аталғандай 1️⃣әлсіздік, босаңсу танытсаңыз, яғни дұғада табанды емессіз, бір-екі рет жасап, тастап қоясыз… 2️⃣таласу болса, яғни іштей неге мен қалаған уақытта, мен қалағандай болмай жатыр деп Аллаһтың Даналығымен жүрегіңіз таласып, тартысады… 3️⃣бағынбау болса, яғни дұға етіңдер бұйрығын тастап қойдыңыз… 🌟Онда сіз бұл Уәдені шынымен көре алмайсыз, себебі осы 3 амалмен өзіңіз бөгет жасап қойдыңыз… Сүйікті Мырзамыз, Аллаһ Елшісі ✨ айтты:
🤩
Адамдардың ең әлсізі дұға қылуда әлсіз болғаны
және адамдардың ең сараңы сәлем беруде сараң болғаны» (Ат Табарани)
🤩
«Кім
Аллаһтан сұрамаса
онда ол пендесіне
ғазабы
келеді» (Ахмад)
🤩
«Егер (дұғама жауап қатылмай жатыр деп)
асығыстық танытпасаңдар, дұғаларың қабыл болады».
(Бұхари)
Бұл жақта да осы 3 нәрсе айтылады🤍 🌟әлсіз болмау-табанды, сабырлы болу. 🌟асықпау, тартыспау-тәуекел ету, разы болу. 🌟бұйрықты тастамау-бұйрықта өте бекем болу. #құран #насихат #даналық 🎀 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек

وَلَقَدْ صَدَقَكُمُ ٱللَّهُ وَعْدَهُۥٓ إِذْ تَحُسُّونَهُم بِإِذْنِهِۦ ۖ حَتَّىٰٓ إِذَا فَشِلْتُمْ وَتَنَٰزَعْتُمْ فِى ٱلْأَمْرِ وَعَصَيْتُم مِّنۢ بَعْدِ مَآ أَرَىٰكُم مَّا تُحِبُّونَ ۚ مِنكُم مَّن يُرِيدُ ٱلدُّنْيَا وَمِنكُم مَّن يُرِيدُ ٱلْءَاخِرَةَ ۚ ثُمَّ صَرَفَكُمْ عَنْهُمْ لِيَبْتَلِيَكُمْ ۖ وَلَقَدْ عَفَا عَنكُمْ ۗ وَٱللَّهُ ذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلْمُؤْمِنِينَ Аллаһ сендерге берген уәдесін орындады. Оның қалауымен дұшпанды қынадай қырған едіңдер. Алайда, жан-тәндеріңмен қалаған жеңісті сендерге осылайша көрсеткеннен кейін (олжаға қызығып) босаңсып қалдыңдар һәм де (орындарыңнан тапжылмаңдар деген) қатаң бұйрық төңірегінде дауласып, ақыры, (Алла елшісінің бұйрығын) орындамадыңдар. Араларыңда дүниені қалайтындар бар еді, әрі ақиретті қалайтындар да болды. Сондықтан Аллаһ сендерді сынап көру үшін (өздерің біраз жерге дейін тықсырып келген) жаудан қашуға мәжбүр етті. Соған қарамастан сендерді кешірді. Аллаһ – мүміндерге үнемі жақсылық жасаушы шексіз шарапат иесі. («Әли Имран» сүресі 3:152)