uz
Feedback

Firibgarlarga uchmang! Telemetrio bunday kanallarni topadi va belgilaydi 👉 Belgini ko‘rmoqchi bo‘lsangiz, obuna bo‘ling

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Kanalga Telegram’da o‘tish

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Ko'proq ko'rsatish
Mamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan
1 742
Obunachilar
-224 soatlar
+17 kun
+430 kun
Postlar arxiv
“Қазір ….. білімге амал ете аламын” деген көзқараспен өмір сүретін адам, әр сәтте құлшылықта болады және әр сәттен ерекше рухани ләззат алады. #насихат

Бір жерге бара жатып, шатасып кеттіңіз, кешігіп қалдыңыз, жолдан адасып кеттіңіз…Тәуекел ету жайлы Раббыңыз үйреткен білімге амал ететін сағаттардасыз… Тамақ пісіріп жатсыз, мына жақтан балалар шулап жатыр, ана жақтан біреу хабарласып жатыр…Ашуды жеңу, сабыр ету жайлы Раббыңыз үйреткен білімге амал ететін сағаттардасыз… Досыңыз, құрбыңыз сізге біреуді ғайбаттап немесе өміріне шағымданып жатыр, сөздері таусылар емес…Жақсылыққа шақыру, жамандықтан тыю, насихат жасау, тақуалықта көмектесу біліміне амал ететін сағаттардасыз… Шаршадыңыз, көңіл-күйіңіз жоқ, ештеңеге зауқыңыз жоқ, жата бергіңіз келеді, жаман ойлар келуде…Аллаһтан жәрдем сұрап, әлсіздікті мойындайтын, табандылықпен дұға ету жайлы білімге амал ететін сағаттардасыз… #насихат

15-20 минут бұрын “сабыр” жайлы подкаст тыңдадыңыз, кітап, хадис оқыдыңыз. Одан кейін күнделікті тіршілікке, жұмыстарыңызға, міндеттеріңізге көштіңіз. Іштей манағы минуттарды аңсаудасыз. Тезірек бәрін бітіріп, подкаст тыңдасам, кітап оқысам, құран тыңдасам ғой деп. Бірақ, дәл қазіргі жасап жатқан жұмысыңызға, атқарып жатқан міндетіңізге, айналысып жатқан тіршілікке Раббыңыз салды ғой сізді. Манағы алған білімге амал етуіңіз үшін. Келесі құран оқитын, пайдалы дәріс тыңдайтын сағаттарға дейін, осыған дейін оқылған құранмен, тыңдалған дәріспен өмір сүруге сағаттар берді ғой Раббыңыз. Парасаттылық. #насихат

Білім алатын, кітап оқитын, намазда тұратын сағаттар бар және білімге амал ететін, оқығанды іске айналдыратын, намаздағы хальмен өмір сүру керек сағаттар бар. Адамдардың көбі тек біріншісіне ерекше мән береді, сол сағаттарды күтеді. Раббымыз екіншісіне маңыз береді, сол сағаттарға бізді салады.✨ #насихат

Сүлеймен алейхиссалям пайғамбар әрбір ісінде, әрбір тығырыққа тірелген сәтте немесе нығметке бөленгенде, дереу Аллаһты еске алып, Оған жалбарынатын.

وَوَهَبْنَا لِدَاوُۥدَ سُلَيْمَٰنَ ۚ نِعْمَ ٱلْعَبْدُ ۖ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ Біз (өзіне жүктелген пайғамбарлық пен халифалық міндетті лайықты түрде атқарған) Дәуітке Сүлейменді бердік. Сүлеймен қандай керемет құл еді! Ол Раббысына үнемі жан-тәнімен бет алатын өте тәубешіл жан еді. («Сад» сүресі 38:30) Әууәәб құл 💗

🤍✨ #сүннет
+3
🤍✨ #сүннет

Басқа да уәделерге осы даналықты салып, ойланып көрсеңіздер болады✨ Мысалы,
«Кім Аллаһқа тәуекел етсе, Ол оған жеткілікті». (65:3)
🌟Әлсіремеңіз, тәуекелде табанды болыңыз. Жақсы ойлаумен Аллаһ жайлы, Оған ұнайтынды жасап, нәтижесін уайымдамай Оған тапсырумен. 🌟Тартыспаңыз, неге былай дегендей ішкі наразылық танытып не өз қалауыңызға жабысып алмаңыз. Аллаһтың Шешімімен, таңдауымен разымын деп кішірейіңіз. 🌟Бұйрықты тастамаңыз, сіз қай мәселеге қатысты тәуекел етудесіз, сол мәселеде барынша толықтай Аллаһқа бағыныңыз, өз нәпсі қалауыңызды қоспаңыз. 🌟Міне, осы кезде Оның Уәкиль екенін шынайы көресіз, қуанасыз, шүкір етесіз. #насихат

🌟Аллаһтың Уәделерін өмірімізде көру үшін, оған тек сену жеткіліксіз. Сенумен бірге, сол сенімді амалмен көрсету де керек. Мысалы,
Міне, Раббыңның Исрайыл ұрпақтарына берген керемет уағдасы олардың сабырлылық танытқанының нәтижесінде осылай толық орындалды. (7:137) Аллаһтың Уәдесін көруге себеп болған-сабырлықтары🌟Дәл солай Ухуд соғысы жайлы аятта Раббымыз айтып жатыр🤍 Аллаһтың Уәдесі орындалды, сендер жеңіп жатқан едіңдер сол уақытқа дейін (хәттә) 🌟 әлсірегенге дейін 🌟 таласқанға дейін 🌟 бағынбағанға дейін Аллаһ басқа аятта былай дейді🤍🌟 Мұның себебі, қандай да бір қауым өз ішінде өзгеріске ұшырамайынша, Аллаһ оларға нәсіп еткен нығметін әсте өзгертпек емес. Шүбәсіз, Аллаһ – Сәмиғ (ауыздарыңнан шыққан сөздің бәрін толық естуші) һәм Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі). (8:53) Қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Аллаһ ол қауымды өзгертпейді (яғни, жамандыққа душар етпейді). Егер Аллаһ бір қауымның басына қандай да бір жамандықтың келуін қаласа, оның бетін ешкім де қайтара алмайды. Адамдарға Аллаһтан Өзге Қамқор болатын ешкім жоқ. (13:11)
🌟Раббымыздың Уәделерін көргіміз келсе, Оның бізге қойған шарттарын, бұйрықтарын орындамай, талап ету, күту-бұл әрине дұрыс емес. Сол үшін Аллаһтың қандай да бір уәдесін ойлағанда, ал мен соған қатысты не істеп жатырмын деп өз ішімізге, амалдарымызға бір назар салуымыз керек. Ал, ухуд соғысына қатысты аятта Раббымыз 3 нәрсені атайды, сол 3 еуі кедергі болды деп Уәденің толық орындалуына, яғни құл өз тарапынан сол 3 шартта бекем болу керек еді. Сол 3 шарт бізге де қатысты… Мысалға, Раббымыздың дұға етіңдер, жауап беремін деген Уәдесі бар🤍 Егер, сіз дұға етіп жүріп, бірақ аятта аталғандай 1️⃣әлсіздік, босаңсу танытсаңыз, яғни дұғада табанды емессіз, бір-екі рет жасап, тастап қоясыз… 2️⃣таласу болса, яғни іштей неге мен қалаған уақытта, мен қалағандай болмай жатыр деп Аллаһтың Даналығымен жүрегіңіз таласып, тартысады… 3️⃣бағынбау болса, яғни дұға етіңдер бұйрығын тастап қойдыңыз… 🌟Онда сіз бұл Уәдені шынымен көре алмайсыз, себебі осы 3 амалмен өзіңіз бөгет жасап қойдыңыз… Сүйікті Мырзамыз, Аллаһ Елшісі ✨ айтты:
🤩
Адамдардың ең әлсізі дұға қылуда әлсіз болғаны
және адамдардың ең сараңы сәлем беруде сараң болғаны» (Ат Табарани)
🤩
«Кім
Аллаһтан сұрамаса
онда ол пендесіне
ғазабы
келеді» (Ахмад)
🤩
«Егер (дұғама жауап қатылмай жатыр деп)
асығыстық танытпасаңдар, дұғаларың қабыл болады».
(Бұхари)
Бұл жақта да осы 3 нәрсе айтылады🤍 🌟әлсіз болмау-табанды, сабырлы болу. 🌟асықпау, тартыспау-тәуекел ету, разы болу. 🌟бұйрықты тастамау-бұйрықта өте бекем болу. #құран #насихат #даналық 🎀 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек

وَلَقَدْ صَدَقَكُمُ ٱللَّهُ وَعْدَهُۥٓ إِذْ تَحُسُّونَهُم بِإِذْنِهِۦ ۖ حَتَّىٰٓ إِذَا فَشِلْتُمْ وَتَنَٰزَعْتُمْ فِى ٱلْأَمْ
+1
وَلَقَدْ صَدَقَكُمُ ٱللَّهُ وَعْدَهُۥٓ إِذْ تَحُسُّونَهُم بِإِذْنِهِۦ ۖ حَتَّىٰٓ إِذَا فَشِلْتُمْ وَتَنَٰزَعْتُمْ فِى ٱلْأَمْرِ وَعَصَيْتُم مِّنۢ بَعْدِ مَآ أَرَىٰكُم مَّا تُحِبُّونَ ۚ مِنكُم مَّن يُرِيدُ ٱلدُّنْيَا وَمِنكُم مَّن يُرِيدُ ٱلْءَاخِرَةَ ۚ ثُمَّ صَرَفَكُمْ عَنْهُمْ لِيَبْتَلِيَكُمْ ۖ وَلَقَدْ عَفَا عَنكُمْ ۗ وَٱللَّهُ ذُو فَضْلٍ عَلَى ٱلْمُؤْمِنِينَ Аллаһ сендерге берген уәдесін орындады. Оның қалауымен дұшпанды қынадай қырған едіңдер. Алайда, жан-тәндеріңмен қалаған жеңісті сендерге осылайша көрсеткеннен кейін (олжаға қызығып) босаңсып қалдыңдар һәм де (орындарыңнан тапжылмаңдар деген) қатаң бұйрық төңірегінде дауласып, ақыры, (Алла елшісінің бұйрығын) орындамадыңдар. Араларыңда дүниені қалайтындар бар еді, әрі ақиретті қалайтындар да болды. Сондықтан Аллаһ сендерді сынап көру үшін (өздерің біраз жерге дейін тықсырып келген) жаудан қашуға мәжбүр етті. Соған қарамастан сендерді кешірді. Аллаһ – мүміндерге үнемі жақсылық жасаушы шексіз шарапат иесі. (3:152)

Repost from N/a
Ибн Мардувйах передаёт со слов Аты, что он сказал: «Как-то мы с ибн Умаром и Убайдом ибн Умайром отправились к Аише (да будет доволен ею Аллах). мы зашли к ней, там между нами и ней были установлены шторы. Она сказала: «О, Убайд, что мешает тебе посещать нас?» тот ответил словами поэта: «Посещай реже, будешь любим больше». Тогда ибн Умар сказал: «Лучше ты сообщи нам о самом удивительном, что ты видела в посланнике Аллаха (да благословит его Аллах и приветствует)». Она сказала: «Всё в нём было удивительно. Однажды ночью он пришёл ко мне, и прикоснулся своей кожей до моей кожи, а затем сказал: «Позволь мне совершить поклонение моему Господу». Я сказала: «Мне мила твоя близость, но мне также мило твое поклонение Господу». Он встал к сосуду поблизости, соверщил омовение, при этом он экономно расходовал воду. Затем он стал молиться и заплакал так, что намочилась его борода. Затем он совершил земной поклон и при этом плакал так, что намокла земля (возле его головы). Затем он лёг на бок и при этом он плакал. Так он лежал, пока не пришёл Билял будить его на утреннюю молитву. Билял спросил у него: «О, посланник Аллаха, что заставляет тебя плакать, ведь Аллах простил тебе твои преждние и будущие грехи?» тот ответил: «وَيْحَكَ يَا بِلَالُ، وَمَا يَمْنَعُنِي أَنْ أَبْكِيَ، وَقَدْ أُنْزِلَ عَلَيَّ فِي هذِهِاللَّيْلَة» «О, Билял, как мне не плакать, когда сегодня ночью было ниспослано мне: إِنَّ فِى خَلْقِ السَّمَـوَتِوَالاٌّرْضِ وَاخْتِلَـفِ الَّيْلِ وَالنَّهَارِ لاّيَـتٍ لاٌّوْلِى الاٌّلْبَـبِ Поистине, в создании небес и земли и в смене ночи и дня. Затем он, мир ему и благословение Аллаха, сказал: «وَيْلٌ لِمَنْ قَرَأَهَا وَلَمْ يَتَفَكَّرْ فِيهَا» «Горе тому, кто прочитал эти аяты и не поразмыслил над ними ».[Хадис рассказал ибн Хиббан.]

Repost from N/a
وَلِلَّهِ مَا فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِى ٱلْأَرْضِ ۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلًا Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі бар нәрсе бір Аллаһқа тиесілі. Аллаһ (Өзіне арқа сүйеп, сенім артқан құлдарына) қамқоршы һәм сенімді өкіл ретінде әбден жеткілікті. («Ниса» сүресі 4:132)

Repost from student
- Нәби (ﷺ) айтады: Құран адамдары - бұлар “Аллаһқа” жақын әрі Оның ерекше құлдары. Ғұламаларымыздың түсіндірмесінде: Бұл жерде сөз Құран аяттарын зерттеп, оған сай амал еткендер жайлы айтылуда. Адам мына 2 нәрсені біріктірмейінше Құран адамы ретінде саналмайды. Бұл "Ілім және Амал". Сондай-ақ "Задуль маъад" кітабында былай дейді: Міне сондықтан Құран адамдары деп, аяттардың мән-мағынасын білген, және соған сай амал еткен адамды айтады, тіпті ол адам сол аяттарды жатқа білмесе де. Егерде адам Құранды жатқа біліп, аяттардың мән-мағынасын түсінбесе және оларға сай амал етпесе, ол адам Құран адамдары аталған топтың ішіне кірмейді, тіпті ол Құранды анық әсем оқыса да. (с)Абу Бакр аль-Аджурри