🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Kanalga Telegram’da o‘tish
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
Ko'proq ko'rsatishMamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan
1 746
Obunachilar
-324 soatlar
+57 kun
+530 kun
Postlar arxiv
+4
Сәрсенбі күнгі осы бір салауатқа ерекше жүрегім тартылып, бірнеше рет оқыған едім ықыласпен Аллаһтың Қалауымен. Келесі күні дәл сол салауатқа жауап түс арқылы белгі болып келеді✨Аллаһтың Мейірімімен. Бұл маған әрі қарай йақин артып әрі бұл амалдарда тұрақты болуға шабыт болса, түс көрген ханым уайымда жүрген екен, оған салауат оқуға белгі болады. Сіздерге де шабыт болсын деп бөлісудемін. Осындай оқиғалар арқылы жүрек қуаттана түседі. Қызығы біз қазір уақытша тұратын үйдің сырты қоңырша✨
#түс
#салауат
Барлық жақсылық Аллаһтан🧡Бұл сабақтар да, ондағы пайда да, жеңілдік те бәрі Аллаһтан🧡
وَلَوْلَا فَضْلُ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُۥ وَأَنَّ ٱللَّهَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌ
Егер Аллаһтың сендерге деген шексіз шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер Аллаһ құлдарына өте жанашыр, жұмсақ, әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!
(«Нұр» сүресі 24:20)
🌱Менторлық🌱 пакеті
🌱 1-топтық менторлық (10 сабаққа доступ) Аллаһты тану, әдепті құлы болуға қатысты даналықтар, амалдар айы.
🌱 2-топтық менторлық (7 сабаққа доступ) Аллаһ Елшісімен 🌱 бірге қамқорлық айы. Оның сүннетеріне асықпай талдау жасау және амалдар.
🌱 3-топтық менторлық (7 сабаққа доступ)
Нәзіктік айы. Әйел адамның рухани, эмоционалды және физикалық нәзіктігі жайлы және амалдар.
🌱 4-топтық менторлық (10 сабаққа доступ, әлі аяқталмады, болып жатыр)
Көркем, саналы қарым-қатынас айы. Раббыма құлшылықта. Өзіммен. Өзгелермен. Амалдар.
🌱4 еуін қосқанда 40 мың, 90% жеңілдікпен – 4,000тг 🎁
🌱Нұрлы өмір🌱пакеті
🌱 Береке марафонына доступ
🌱 Құпия сырласу марафонына доступ
Екеуі негізгі баға – 7,000 тг, 90% жеңілдікпен 700 тг
2 күнге 90% жеңілдік 🦋
🌱Қарым-қатынас🌱 пакеті
🌱Неке марафоны (Некеге дейінгі дайындық және неке, қарым-қатынас жайлы білім, практикалар)
🌱 Psy-Sunnah марафоны 3 айлық (маусым, мамыр, шілде) (Қарым-қатынас сүннеттегі мысалдармен және оларға талдау жасау психологиялық, рухани тұрғыда, нәзіктік, әйелдің өзімен байланысы жайлы білім, практикалар
🌱 Жұмақтық әйел соңғы топқа қосылу (безлимит клуб, әр ай хадиске амал, қарым-қатынас жайлы подкасттар, лайфхактар)
(барлығы негізгі бағасы үшеуін қосқанда-15,000 тг, 90%жеңілдікпен-1,,500 тг🤍
🌱Сүннет🌱 пакеті
🌱Жолаушы клубы соңғы топқа қосылу (Әр апта жаңа сүннеттер, жалпы 100 сүннетке амал ету және әдептер, формула-подкасттар)
🌱Сүннет бойынша көркем қарым-қатынас, сөйлесу марафоны (Қарым-қатынас және коммуникация құру бойынша психологиялық білім және соған сүннеттен мысалдар, даналықтар)
🌱17:53 Сөздің ең жақсысы марафоны (Сөйлеуге қатысты маңызды білім, әдептер, қай кезде қалай сөйлеу сауап, қай кезде күнә, қай кезде қалай үндемеу сауап, қай кезде күнә білім, практика)
(барлығы негізгі бағасы-14,000 тг, 70% жеңілдікпен-1,400🤍)
🌱Рухани Өсу🌱Пакеті
🌱Тәубе. Тазалық. Тәуекел марафоны
🌱Ерекше құлдардың орзасасы 30 күндік марафоны
🌱 Әдеп-ерекше құлдардың тәжі марафоны
🌱 39:10 Сабырлық жайлы 30 күндік марафон. Барлық сфера бойынша сабырлық жеке-жеке.
🌱13:11 30 күндік формулалар
(барлығы негізгі бағасы-20,500, 90% жеңілдікпен-2,050тг🤍)
Қай пакетті алсаңыз да, қасына 2 жобам СЫЙЛЫҚҚА 🌟🤍
🌱 3 айлық консультация жобасы
🌱 Орта жол-сүннет жолы аналарға арналған марафоны
Пакет алу Осы сілтемеге өтіп, төлем жасап, чек және пакет атауын жекеме жібере қойсаңыздар🤍@UmmKhammad
бұл жоба бітпейтін
жоба екен ма шаа Аллаһ😅 енді бұйырса 3 емес 1 айлық деп жасаймын алдағы уақытта
أَلَمْ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ يُزَكُّونَ أَنفُسَهُم ۚ بَلِ ٱللَّهُ يُزَكِّى مَن يَشَآءُ وَلَا يُظْلَمُونَ فَتِيلًا
Өздерін күнәдан ада, пәк санайтындарды көрдің бе?! Жо-жоқ, Аллаһ (құлдарының жүрегін һәм істерін бәрінен де жақсы біледі) қалағанын күнәдан ада, пәк етеді және ешкімге титтей де әділетсіздік жасалмайды.
(«Ниса» сүресі 4:49)
Құлап қалсаңыз, қолыңызды соғып алсаңыз, саусағыңызды күйдіріп, жарақаттап алсаңыз, киіміңізді бүлдіріп алсаңыз, риза болыңыз. Раббыңыз сізге зұлымдық жасамайды. Өзіңізді періштедей пәк санамаңыз. Қаншама күнәларыңыз, ғапылдығыңыз бар, соларға ең жұмсақ жазалар, тазартулар, тәрбие алып жатқаныңызға қуанып, бірден тәубе ету бірінші
реакцияңыз болсын. Осыған себеп болған күнәм үшін кешірші, Раббым деп.
#Аллаһтытану
1-деңгей. Ауырып қалдыңыз, бір жобадан сүрініп қалдыңыз, бір мағлұматты түсінбей жатсыз. Сол кезде әлгі ауруға шағымданасыз, шаршатты тағы басқа дейсіз. Жек көресіз. Сүрініп қалған жобада тағы мұңаясыз, сол жобаның басшыларынан әділетсіздік іздейсіз. Түсінбей жатқан мағлұматқа ашуланасыз, қиын деп баға бересіз немесе ұстаздан кемшілік іздейсіз. Нәпсіңізге ғашық адамсыз. Бұл дерттен тазалану керек шұғыл түрде.
2-деңгей. Ауырып қалдыңыз, ауруыңызға ризасыз, тазартушы көресіз. Сүрініп қалған жобаға да ризасыз, мүмкіндік көресіз тағы да жақсырақ тырысуға, мән бермеген тұстарды жөндеуге қуанасыз. Түсінбей жатқан мағлұматқа ризасыз, түсінуіңізге кедергі нәпсіңізді сөгесіз. Кедергі болып тұрған ғапылдығыңызды, дайындалмағаныңызды сөгесіз. Раббыңызбен разысыз, нәпсіңізбен разы емессіз.
#Аллаһтытану
1-деңгей. Біреу сізді ренжітті (сіздің ойыңызша). Солай сіз іштей қалайсыз, оны Раббыңыз жазалағанын, сізді ақтап алғанын. Тіпті ол кісінің түсіне Аллаһ Елшісі 🌱 кіріп, сізді қорғап алғанын қалайсыз. Бұл өзіне ғашық адамның ісі.
2-деңгей. Біреуге сіз ренжуді таңдадыңыз, сізді ренжітіп, сізге реніш сезімін салған жоқ. Ренжігіңіз келді, ренжідіңіз, ниетіңізге, қалауыңызға қарай Раббыңыз сол хальге салды. Солай сіз өзіңізден іздей бастайсыз себепті. Не үшін ренжідім, не үшін осындай зиянға тап болдым? Өз бойыңыздан іздейсіз, әлгі адамнан емес және Аллаһтың сынағынан емес. Іздесеңіз, табасыз. Тапқасын кешірім сұрайсыз Раббыңыздан, тәубе етесіз. Күнәларыңызға ең жұмсақ жаза беріп жатқанына шүкір етесіз. Бұл Раббысына ғашық адамның ісі. Және осындай адамдарды Раббымыз олардың сұрауынсыз-ақ Өзі ақтап алады, қорғайды.
#Аллаһтытану
2 түрлі деңгей бар
1-ші деңгей: Адам қиындыққа тап болғанда не адамдардан зиян сезгенде, сол қиындыққа налиды, сол адамдардың үстінен шағымданады. Бұлай жасайтын адам өзін мақтап, ақтап, өзгелерді, сынақты, адамдарды даттауда. Әрі бұлай жасайтын адам көбіне өзіне ғашық адам, өзінің кемшіліктеріне соқыр адам.
2-ші деңгей: Адам қиындыққа тап болғанда не адамдардан зиян сезгенде, Раббысына өзінің үстінен шағымданады. Ешкімді кінәламайды, не үшін демейді. Өз нәпсісін ғана сөгеді. Сынақты, адамдарды ақтап алып, өзін даттайды. Ол Раббысына ғашық адам. Раббысы онымен ешқашан мысқалдай да әділетсіздік жасамайтынын біледі, сол үшін барлық нәпсісіне ұнамайтын нәрселерді өзінің бір әдепсіздігі, ғапылдығы, күнәларының әсері деп көреді. Сол үшін өз өзіне шағымданады. Кішірейеді. Және дәл осы деңгейдегі құлдарды Аллаһ Ерекше Жомарттығына бөлеп, Өзінің құзырында мақтаулы етеді.
#Аллаһтытану
إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَظْلِمُ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ ۖ وَإِن تَكُ حَسَنَةً يُضَٰعِفْهَا وَيُؤْتِ مِن لَّدُنْهُ أَجْرًا عَظِيمًا
Шүбәсіз, Аллаһ ешкімге мысқалдай да қиянат жасамайды. Қиянат жасау былай тұрсын, (шын көңілден жасалған) бір ғана жақсылықтың өзін (сауап тұрғысынан) еселеп көбейтеді де, (соны істеген құлын) Өз тарапынан үлкен сый-сияпатқа бөлейді.
(«Ниса» сүресі 4:40)
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Дұға🤍
Көздерім ұйқыға кетсе де,
Жүрегімді ояу етші,
Сені еске алудан бір сәт те ұмыт қалдырмашы.
Жүрегімді Сенен басқаға ашпашы,
Тек Саған ғана шағым ететін тіл нәсіп етші.
Сен сүйетін достардың құлшылық ету әдебін маған үйретші,
Өзіңе ғашықтардың мінезін нәсіп етші.
Періштелер сияқты тек Сенің әміріңді орындауға бейім көңіл сыйлашы.
Маған періштелерің сияқты үздіксіз зікір нәсіп етші,
Тілім тоқтағанда да жүрегім зікір айтып тұрсыншы.
Маған періштелердің тәсбихына серік болуды нәсіп етші.
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Йа, Уәлий, Йа Уәкиль, Йа Уәдууд, Йа Муқтәдир, Йа Мұқоддим, Йа Ләтыф, Йа Мужиб, Йа Хобир, Йа Хәким, Йа Кәрим, Йа Уәххәб, Йа Нуур
Бізді Өзіңе ерекше жақын, бағалы достарыңнан ете гөр, дұғалары әркез қабыл болатын, тілдері әркез зікірмен шұғылданатын, жүректері әркез тазаратын, мінездері әркез жұмсаратын, жүздері мен тәндері әркез нұрланатын, дәрежелері әркез артатын, құлшылықтары әркез қабыл, кемел болатын, сүннетке әркез берік болатын, әркез әдеп жағынан үлгі болатын, жүректері Өзіңе махаббатпен әркез толатын.
Umm.Khammad-қа Аллаһтың үйреткені🤍
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Дұға✨
“Йа Латыф, Йа Муқоллибаль Қулюб, Йа Һәди Раббым, Сенің құлдарың арқылы Сенен келетін зиянмен сыналсам, оларды емес, шайтанды дұшпан көруіме жәрдем берші. Оларға Сен үшін жанашырлықпен қарауды сондай жеңіл етші тек Сен үшін.
Йа Латыф, Йа Муқоллибаль Қулюб, Йа Һәди Раббым, Сенің құлдарың арқылы Сенен келетін пайдамен сыналсам, оларды емес, Сені Дос көруіме жәрдем берші. Оларға Сен үшін разылықпен қарауды сондай жеңіл етші тек Сен үшін”
#дұға
#жүрек
#Аллаһтытану
