uz
Feedback

Firibgarlarga uchmang! Telemetrio bunday kanallarni topadi va belgilaydi 👉 Belgini ko‘rmoqchi bo‘lsangiz, obuna bo‘ling

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Kanalga Telegram’da o‘tish

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Ko'proq ko'rsatish
Mamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan
1 745
Obunachilar
+124 soatlar
+37 kun
+630 kun
Postlar arxiv
ثُمَّ لَءَاتِيَنَّهُم مِّنۢ بَيْنِ أَيْدِيهِمْ وَمِنْ خَلْفِهِمْ وَعَنْ أَيْمَٰنِهِمْ وَعَن شَمَآئِلِهِمْ ۖ وَلَا تَجِدُ أَكْثَرَهُمْ شَٰكِرِينَ «Содан кейін олардың кейде алдынан, кейде артынан, кей кезде оң жағынан, кей кезде сол жағынан келіп азғырамын. Нәтижеде, олардың басым көпшілігін шүкіршілік айтатын құлдарың ретінде көре алмайсың», – деді. («Ағраф» сүресі 7:17)

Адамның тақуалығының артуына қатты әсер ететін қасиет – шүкіршілік. Қаншалықты құл нығметтермен қоршалғанын байқай білсе, әрбір кішкентай нәрсенің өзіне нығмет деп қарап, бағаласа, сол сезім ол адамды еркін отырғызбайды. Ол шүкіршіліктен Аллаһқа жақсылықпен, бағынумен, Оған ұнауға тырысумен жауап бергісі келіп тұрады🧡 Аллаһ Елшісі 🌱 өміріне қарасақ, қаншама қиын, ауыр сынақтардың арасында жүрсе де, шүкір ететін нығметтерге көбірек назар аударған. Өзін қиналушы емес, сыналушы етіп көрген. Өзіндегі жоққа емес, барға қараған. Сол қасиеттен ол түнін аяқтары іскенше құлшылықпен өткізетін. Шүкіршіліктен деп түсіндіретін. Егер тақуалығыңызда, құлшылығыңызда кемшіліктер болып жүрсе, шүкіршілігіңіз қай деңгейде, соған қарап көріңізші🧡 #насихат #шүкір

Аллаһтың өздеріңе нәсіп еткен баға жетпес нығметтерін һәм сендерге уағыз-насихат ретінде түсірген Кітап пен хикметті (сүннет) есте ұстаңдар. Аллаһқа қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінен шықпауға тырысыңдар, һәм біліп қойыңдар, Аллаһ барлық нәрсені толық біледі. («Бақара» сүресі 2:231)

#менторлық
#менторлық

#Жұмақтықәйел
+8
#Жұмақтықәйел

Аллаһ Елшісінің 🌱 сүннеті еді осылай жасау. Аят оқиды, аятқа жауап береді.

Осы аятты оқып, бірден алақан жайып, кішірейген жүрекпен, шын ықыласпен Аллаһтан кешірім сұрауды насихаттаймын🧡 “Йа, Раббым, маған осы нәрсе ұнамайды, бірақ бәлкім түбінде сол мен үшін хайырлы шығар” деп нәпсіңізге ұнамайтын заттарды ойлап, тізіп айтып, соңында “Йа, Раббым, мен ештеңе білмеймін, тек Сен үйреткеннен басқа. Ал Сен Бәрін Білуші, Шексіз Дана, Бәрінен Хабардар, Бәрін Кемел түрде басқаратын Шебер Жаратушым, Раббымсың. Саған тәуекел еттім. Барлық ісімді Бір Өзіңе тапсырамын. Сен менің дүниедегі, ахиреттегі жалғыз Уалий Қамқоршымсың” деу🧡 #насихат

Қайдан білесіңдер, бәлкім, ұнатпаған нәрселерің түбінде өздерің үшін қайырлы болар. Сондай-ақ ұнатқан нәрселеріңнің түбінде өздерің үшін зиянды болуы бек мүмкін. Ақиқатын Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер. («Бақара» сүресі 2:216)

Аллаһ Елшісі 🧡(солляллаху алейхи уа саллям): “Жақсы сөз айт не үндеме” Білесіз бе, адам жақсы сөз, пайдалы болатын сөзді ғана сөйлеп, қалған уақытта үндемеуді таңдаса, үндемей жүрген кезінде ол адамның жүрегіне Аллаһ сондай жақсы, әдемі ойлар салады. Адам Аллаһтан ильхам жиі келгегенін қаласа, жақсы сөз сөйлеп не үндемей жүру керек. Сол кезде жүрекке түсетін ілімді, уағызды тыңдау нәсіп болады. #АллаһЕлшісі #сүннет #насихат #жүрек

Бүгінге 2 сүннет сіздерге 🌸 💛 🌷Аллаһ үшін жымиып жүру отбасыңызға, жақындарыңызға, жымиып сөйлеу, жымиып тыңдау, жымиып жауап беру. 🌷Аллаһ үшін көбірек басқаларға көңіл, уақыт бөлу, әсіресе отбасыға. Көбірек сөйлесу, тыңдау, қолдау, ойнау, жақсы әңгіме айту. #сүннет

Repost from student
Кім “Дәләйл әл-Хойротты” оқыса, ол Расулуллаһ ﷺ-қа салауат айту арқылы жүрегін тазартады, тілін нұрландырады, өмірін берекеге толтырады. Бұл кітап — Алла елшісіне деген махаббаттың тірі куәсі. Сен оны қолға алған сайын, жүрегің Мұхаммед ﷺ сүйіспеншілігімен тола түседі. Ал Алла Елшісіне салауат айтқан адам — ешқашан құр қалмайды. #ізгілердің_жолымен

#АллаһЕлшісі #салауат
+2
#АллаһЕлшісі #салауат

يَسْـَٔلُونَكَ مَاذَا يُنفِقُونَ ۖ قُلْ مَآ أَنفَقْتُم مِّنْ خَيْرٍ فَلِلْوَٰلِدَيْنِ وَٱلْأَقْرَبِينَ وَٱلْيَتَٰمَىٰ وَٱلْمَسَٰكِينِ وَٱبْنِ ٱلسَّبِيلِ ۗ وَمَا تَفْعَلُوا۟ مِنْ خَيْرٍ فَإِنَّ ٱللَّهَ بِهِۦ عَلِيمٌ (Уа, Мұхаммед!) Олар сенен Аллаһ жолында кімге не беру керектігі жайлы сұрайды. Оларға былай деп айт: «Қандай дүниеден (зекет немесе садақа ретінде) не берсеңдер де, алдымен ата-анаға, содан кейін ең жақын туыстарға, жетімдерге, пақыр-міскіндерге және еліне жете алмай жолда қалған мүсәпір жолаушыға беру керек. (Кімге) қандай жақсылық жасасаңдар, Аллаһ оны сөзсіз біледі». («Бақара» сүресі 2:215)