uz
Feedback

Firibgarlarga uchmang! Telemetrio bunday kanallarni topadi va belgilaydi 👉 Belgini ko‘rmoqchi bo‘lsangiz, obuna bo‘ling

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Kanalga Telegram’da o‘tish

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Ko'proq ko'rsatish
Mamlakat belgilanmaganToif belgilanmagan
1 742
Obunachilar
-224 soatlar
+17 kun
+430 kun
Postlar arxiv
«Жүрек амалдарынан шаң тозаңындай бір амалдың өзі – тауларға тең болатындай, денемен жасалатын амалдардан жақсырақ» Ибн Атоиллаһ ас Сакандари (рахимахуллах)

«Раббыңның сыйлары кешігіп жатыр деп ойлама, керісінше сен жақтан ол сыйларға дайындық кешігіп жатыр» Ибн Атоиллаһ ас Сакандари (рахимахуллах)

«Егер жүрегіңді тазаласаң, Ол жүрегіңді Өзі жайлы ілімдерге және сырларға толтырады» Ибн Атоиллаһ ас Сакандари (рахимахуллах)

Жүрек амалдары өте маңызды әрі тиімді ✨📝

Умм ад-Дардадан (Абу ад-Дарда сахабаның жұбайы) күйеуінің ең жиі әрі абзал жасаған ғибадаты туралы сұрағанда, ол: «Оның ең абзал ғибадаты — пікір жүргізу (ойлану) және ғибрат алу еді», — деп жауап берген. 📖«Хилят аль-Аулия» #ой

Жақсы ой – нұр сияқты. Аллаһтың Мейірімімен көп нәрсеге шабыт, айқындылық, бағдар, күш беретін. Жаман ой – түтін сияқты. Алла
Жақсы ой – нұр сияқты. Аллаһтың Мейірімімен көп нәрсеге шабыт, айқындылық, бағдар, күш беретін. Жаман ой – түтін сияқты. Аллаһтың рұқсатымен көп нәрсені бұзып, оларды өтірік, қорқынышты, жаман етіп көрсететін, адастырып, әлсірететін. Адам ойларына жиі назар салып, оларды түсінумен, тазалаумен, түзетумен, керегін қалдырып, керексізінен арылумен айналысса, әдемі өзгерістерді бірден байқай алады✨ Ойларды бақылап, оларды түзетіп отыруға көмектесетін дүниелер: • Адамдармен азырақ сөйлесу, Аллаһпен көбірек сөйлесу. • Әрнәрсеге жеке ойды, бағаны білдіре бермеуге тырысу, көбірек үнсіздік сақтауға тырысу. • Күнделікпен, қағазбен, қаламмен дос болу. Жиі ішкі халь жайлы ақпаратты, муроқаба, мухасабаны қағаз бетіне түсіріп отыру. • Таза ауада көбірек телефон, подкастсыз, жәй ғана жерге, аспанға, жасылға қарап серуендеу. • Сезімдерді, мазалайтын нәрселерді іште сақтамау, Аллаһқа айтып отыру, дұғамен шығарып отыру. • Сыртқы шуды азайту. Әлеум.желі, кездесулер, әңгімелер, подкасттар. • Қатты шаршауға дейін өзіңізді жеткізбеу, демалып отыру, демалуды пайдалы әрі жайлы ету, құлшылық етіп көру. Осы істердің өзі сіздің нұрланып жүруіңізге, жан-жағыңызға нұрмен қарауға, жүрегіңізді таза ұстауға Аллаһтың Мейірімімен көмектеседі. #насихат #ой #жүрек

Бізге ұнайтын нәрседе де, ұнамайтын нәрседе де - Аллаһтың Мейірімі бар.🤍 Кей құлдар Аллаһтың Мейірімін тек нығметтерден көрс
Бізге ұнайтын нәрседе де, ұнамайтын нәрседе де - Аллаһтың Мейірімі бар.🤍 Кей құлдар Аллаһтың Мейірімін тек нығметтерден көрсе, Аллаһқа адал, таныған құлдар Оның Мейірімін барлық нәрседен көреді.

وَمِنْ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنْ خَلَقَ لَكُم مِّنْ أَنفُسِكُمْ أَزْوَٰجًا لِّتَسْكُنُوٓا۟ إِلَيْهَا وَجَعَلَ بَيْنَكُم مَّوَدَّةً وَرَحْمَةً ۚ إِنَّ فِى ذَٰلِكَ لَءَايَٰتٍ لِّقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ Сондай-ақ Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға салып ойланатын қауым үшін ап-айқын дәлелдер мен талай ғибрат бар. («Рум» сүресі 30:21)

مَّآ أَصَابَكَ مِنْ حَسَنَةٍ فَمِنَ ٱللَّهِ ۖ وَمَآ أَصَابَكَ مِن سَيِّئَةٍ فَمِن نَّفْسِكَ ۚ وَأَرْسَلْنَٰكَ لِلنَّاسِ رَسُولًا ۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدًا (Уа, адам баласы!) Саған нәсіп болған әрбір жақсылық Аллаһтан, ал басыңа келген әрбір жамандық өзіңнен. (Уа, расулым!) Біз сені адамдарға елші ретінде жібердік. Бұған куә ретінде бір Аллаһ жеткілікті. («Ниса» сүресі 4:79)

وَوَجَدَكَ عَآئِلًا فَأَغْنَىٰ Сені мұқтаж күйде тауып, мұң‑мұқтажыңды өтеп, еш-кімге кіріптар болмайтындай жағдайға келтірмеді ме? («Духа» сүресі 93:8)

وَإِن يُرِيدُوٓا۟ أَن يَخْدَعُوكَ فَإِنَّ حَسْبَكَ ٱللَّهُ ۚ هُوَ ٱلَّذِىٓ أَيَّدَكَ بِنَصْرِهِۦ وَبِٱلْمُؤْمِنِينَ Егер олар (бейбіт бітімге келеміз деп) сені алдап соққылары келсе де, еш қам жеме, шүбәсіз, саған (жебеуші ретінде) бір Аллаһ жеткілікті. Саған бүгінге дейін медет беріп, мүміндер арқылы қолдау көрсеткен де бір Өзі. («Әнфәл» сүресі 8:62)

Аллаһ Елшісі 🌱 өзінің не жұбайларының жасап жатқан істеріне фокус қоймаған, ол фокусты өзі және жұбайлары арқылы нығметтер беріп жатқан Аллаһқа қоятын. Өзін құрбан сезінбейтін, шүкіршілік, жауапкершілік сезінетін. Оны сол міндетке, рөлге қойған Аллаһты көретін. Жұбайларын ғана көрмейтін, олар арқылы беріп жатқан Аллаһтың сыйларын көретін. Шүкіршілік сезініп, жиі еске алып айтатын. Мысалы, Аллаһ Елшісі 🌱 өте жұмсақ, сабырлы болатын. Әйелдерінің кейбір әйелдік, эмоциямен шығып қалатын қылықтарына түсіністікпен қарайтын. Бірақ, ол өзінің жұмсақтығы мен сабырлығы тек Аллаһтың Мейірімі арқасында екенін білгесін, ешқашан өзін құрбан сезінбеді, ешқашан өзінің жұмсақтығын, сабырлығын еске салып, міндетсінбеді. Жұбайлары арқылы бөленіп жатқан сыйларға да Аллаһтан деп қарағасын, жиі еске алып шүкір ететін. Раббым Хадиша арқылы мені қолдады, байытты, балалар берді деп адамды емес, Раббысын мойындап, ұлықтайтын🤍 #сүннет #қарымқатынас #Аллаһтытану #жүрек

2) Екінші типтегі ханымдар тек жолдасының жасап жатқанын көргесін және соны ойлай бергесін, өздерін “лайықсыз” сезініп, жүректері сенімсіздік пен қорқынышқа толып, мақсаттары жоғалтып алмау, жалғыз қалмау, қорыққаннан көбірек беруге айналады. Егер де олар күйеулерінен көріп жатқан барлық жақсылықты – Аллаһтың нәсіп еткені, Аллаһтың сыйлары, Жомарттығы, Аллаһтың берген ризығы, Аллаһтан деп көргенде ғой. 🤍 Сондай ризықтарға, жеңілдікке, сыйға бөленгені үшін қуанатын еді. Мысалы, күйеуім көп жұмыс жасап, шаршап, асырауда емес, Раббым күйеуім арқылы бізді ризықтандыруда, күйеуім осы дүниелерді әперді емес, Раббым күйеуім арқылы мені ризықтандыруда деп көрсе ғой. Күйеуім менен көбірек еңбектенуде, құрбандық етуде, шаршауда, беруде, жетуде емес, Раббым ол арқылы маған жеңілдетуде, босатуда, мүмкіндік беруде деп көрсе ғой. Күйеуі арқылы Аллаһты, Оның Қамқорлығын байқаса ғой. Өзін төмен санамас, сезінбес еді, өзіне сын көзбен қарамас еді, өзінен шамасы келмей жатқан істерді талап етпес еді. Ол тек Аллаһтың Қамқорлығына шынайы шүкіршілік сезініп, Аллаһқа, Оның Қамқорлығына жауап берер еді. Өзінің бөлігін, міндеттерін Аллаһ үшін көркем атқарумен, разы болумен, Оған тәуекел етумен. Ол барынша шынайы болар еді, оны бір нәрсе алаңдатса, күйеуінің бір сөзіне не ісіне ренжісе, талқылаудан, айтудан, шешуден қашпас еді, бір дүниелерді қажетсініп қаласа, сұрауға ұялмас еді… #насихат #қарымқатынас #жүрек #Аллаһтытану

Жоғарыдағы жазба бойынша қарым-қатынастағы 2 түрлі типті ойлау әдетінің алтын ортасы қандай? 🌱Жалпы, тепе-теңдік, гармонияның бұзылуы – назар, фокус пендеге қойылғаннан. Ал тепе-теңдік, гармония – назар Аллаһқа бұрылғаннан🌱 1) Бірінші типтегі ханымдар бәрін өздері жасап жатқандай көргесін және соны ойлай бергесін, өздерін “жертва” сезініп, жүректері ашу мен ренішке толып, мақсаттары көбірек алуға, басқаруға айналады. Егер де олар өздерінен көріп жатқан барлық істі – Аллаһтың нәсіп еткені, Аллаһтың сыйлары, аманаты, Аллаһтың берген мүмкіндіктері, Аллаһтан деп көргенде ғой. 🤍Сондай құрметке, сыйға, мүмкіндікке бөленгені үшін қуанатын еді. Мысалы, мен тамақтандырдым емес, Раббым мен арқылы құлдарын тамақтандырды, маған сау қол, саусақтар, аяқ берді, жақындарымды тамақтандырып, сауап алуға жол жеңілдетті деп көрсе ғой. Немесе мен бала қарап, шаршап жатырмын, мен әдеміленіп, тырысып жатырмын, мен карьера, оқудан бас тартып, үйде отырмын деп емес, Раббым баламның тәтті иісін иіскеп, қылықтарына тамсанып отыратын көз, мұрын нығметтерін әрі балалы бола алу нығметін берді, аналық мейірім не екенін сездірді, балам арқылы маған сабырлық, мейірім сабақтарын үйретуде, Раббым сұлулығымды халал түрде көрсете алатын жар нәсіп етті, өзімнің әйелдік сұлулық, назар іздеу қажеттілігімді қанағаттандыруды нәсіп етуде, Раббым хадиске амал еткізуде, Раббым мені сыртта жүріп шаршаудан, ризықты уайымдаудан босатып, қауіпсіз мекенде болуымды нәсіп етуде, әйелдік фитрамды толық сезіну бақытына бөлеуде деп Аллаһты, Оның Сыйлықтарын көрсе ғой.🤍✨Жүрегі шүкірге толар еді, сол сыйлықтарға мұқият қарап, жоғалтып алудан қорқар еді, маңыздылық беріп, жақсы көрер еді, осының өзін сый деп көргесін, басқа сый, қарымтаны пенделерден күтпес еді. #насихат #қарымқатынас #жүрек #Аллаһтытану

жалғасы ⬇️

Кеш жатуға әдеттеніп, “ұйқымның қануы – Аллаһтан ғой” деп өзіңізді жұбату – тәуекел емес. Адамдармен дұрыс коммуникация құрма
Кеш жатуға әдеттеніп, “ұйқымның қануы – Аллаһтан ғой” деп өзіңізді жұбату – тәуекел емес. Адамдармен дұрыс коммуникация құрмай, “жүректер – Аллаһтың билігінде ғой” деп жауапкершілікті ысырып тастау – даналық емес. Дұрыс тамақтанбай, дұрыстап емделмей, “Күш-қуат, шипа – Аллаһтан ғой” деп Аллаһ берген нығметтерге шала қарау – Аллаһты тану емес. Зікір, уирдтарды анда-санда ғана оқып, “Шайтаннан қорғауға – Аллаһ жеткілікті, Аллаһ Мейірімді ғой, амалыма сенбейін” деп сабырсыздық, еріншектікті ақтау – ықылас, Аллаһқа істі тапсыру емес. Нағыз тәуекел, даналық, Аллаһты тану, ықылас – Аллаһтың орнатқан бааарлық заңдылықтарына құрметпен, әдеппен қарап, сол арқылы Аллаһқа бағынып, құлшылық етіп, барынша өз жағыңыздан жасалу керек дүниелерді ихсанмен жасап, содан кейін нәтижесін, әсерін Аллаһқа тапсыру, тек Аллаһтан күту. Міне нағыз даналық осы. Дәл осы жол – Аллаһ Елшісінің солляллаху алейхи уа саллям нұрлы сүннетінен, үйретуінен, өмірімізді жеңілдетіп, бізді кемелдендіре түсетін тәрбиесінен.✨🤍 #сүннет #Аллаһтытану #жауапкершілік

Көптеген қиындықтарды біз өзіміз “көзіміз” арқылы жасап аламыз. Біреудің лайфконтентін аңдумен, біреудің киіну, тамақ ішу, өм
Көптеген қиындықтарды біз өзіміз “көзіміз” арқылы жасап аламыз. Біреудің лайфконтентін аңдумен, біреудің киіну, тамақ ішу, өмір сүру стиліне қызығумен, біреумен, оның дүниесімен, отбасымен өзіміздікін салыстырумен, жәй ғана керек емес онлайн магазин, жарнамаларды көрумен, керек емес дүниелерді алып, алғанша тынышталмай, кейін оны қолданбай ысырап етіп, тойымсыздық халінде жүрумен. Қарап тұрсақ, мұңды, стрессті, артық шу мен негативті сезімдерді арттыратын нәрсе – көзімізге ерік беруіміз. Көзін сақтай алған адамның жүрегі тыныш, санасы таза, қанағат, тоқ сезімі тұрақты болады.🤍 #насихат #көз

Қарым-қатынаста 2 түрлі ойлау шаблоны, әдеті бар көпшілік ханымдарда, сол 2 түрінің ортасын таба алмағаннан қиналулары бар… Б
Қарым-қатынаста 2 түрлі ойлау шаблоны, әдеті бар көпшілік ханымдарда, сол 2 түрінің ортасын таба алмағаннан қиналулары бар… Бірінші түрі — әйел адам өзін “жертва” сезінуі. Жоқ, санамайды, ойламайды, олай өзін мойындап, қабылдамайды, бірақ солай сезінеді. Сол сезімін ақылға салып, түсінуге тырыспаған кезде, сол сезім “шындық” болып көрінеді де, соған қарай қарым-қатынасты бұзатын әрекеттер жасайды. Бұл типтегі ханымдар көбіне тек өзінің жасап жатқан міндеттеріне, сіңіріп жатқан еңбегіне және жасағысы келіп, бірақ жасай алмай жатқан арман-мақсаттарына үлкеееен акцент, фокус қояды. Соны ойлай береді, ойлай береді, ойлай бергесін ол одан сайын үлкен проблема болып мида көріне береді. Сосын ол жан-жағына айтып бастайды, не істеп қиналып жүргенін немесе не істей алмай қиналып жүргенін, айта бергесін ол тағы да миға “факт, шындық” тәрізді көріне бастайды. Сол кезде өзін жертва сезінген ханым, өзін көп беруші санайтын ханым, манипуляциямен немесе агрессия, реніш және т.б пайдалы емес жолдармен ойында тұрған балансты құруға тырысады. «Мен көп жасадым, көп алуым керек» деген принцип тұрады ішінде. Сөйтіп ол бар фокусын алуға, күйеуін басқаруға, санап, есептеп отыруға, аз алып қоймадым ба дегендей қорқыныштарға бұрып, өзінің кейбір сүйкімсіз қылықтарымен күйеуінің де, Аллаһтың да алдында дәрежесі түсе бастайды. Ол өз ойында дұрыс жасап жатырмын деп ойлайды, бірақ өзін сыртынан бақылағанда қаншалық дұрыс емес екенін көретін еді… Екінші түрі — әйел адам өзін “лайықсыз” сезінуі. Жоқ, ол тілмен олай айтпайды, мойындамайды, бірақ солай сезінеді. Сол сезімін ақылға салып, түсінуге тырыспаған кезде, сол сезім “шындық” болып көрінеді де, соған қарай қарым-қатынасты бұзатын әрекеттер жасайды. Бұл типтегі ханымдар көбіне тек жолдасының жасап жатқан міндеттеріне, сіңіріп жатқан еңбегіне үлкеен фокус қояды да, содан өзін “дым жасап жүрмегендей, лайықсыз, шүкірсіз” сезініп, соған қарай ойларды ойлай береді. Сөйтіп, ол да ойында тұрған балансты құрғысы келеді. “Мен көп алып жатырмын, көп беруім керек” деген принцип болады ішінде. Солай ол бар назарын көп беруге, көп жасауға, көп жұмсауға, көп нәрсемен құрбан етуге бұрады. Бұны махаббаттан, Аллаһ үшін жасап жатқан жоқ, ішіндегі әлгі принцип, сезімнен жасауда. Сол үшін де ол күйеуіне ойын айтуға, қалауын сұрауға қорқатын болады, лайықсыз сезінгесін. Ол күйеуі не ұсынса да, тіпті оның ақысына кірсе де, көз жұмып жүре береді. Себебі, өз ұсынысын айтуға, ақысына кіргенде ренішін көркем түрде білдіруге өзін лайықсыз санайды. Ол онсыз да көп жасауда, көп табуда, көп құрбан етуде, мен осылай ең болмаса үндемей қалайын, көз жұма салайын деген ойлар болады. Осы ойлармен, сезімдермен ол қарым-қатынасқа пайдалы амалдар жасап жатырмын десе де, негізінде бұзуда. Екеуінің арасында әдемі орта жол, баланс бар. Ол жайлы келесі постта ин шаа Аллаһ 📝✨ #қарымқатынас

#тәуекел #жүрек
+6
#тәуекел #жүрек