cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Gulzhanat Abduldinova

Психолог

Більше
Рекламні дописи
1 359
Підписники
-124 години
-127 днів
-3930 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

30-дан асып 40-қа келсе де ата-анасының етегіне жармасып өмір сүрудің кесірін көріп, танып жатырмыз. Сепарация деген трендтегі сөзді сіз де естіген шығарсыз. Еркіндікті ата-ананың тәртіп-тәрбиесінен құтылу, алыс болу, керісін жасау не өз білгеніңді жасау деп түсіну қате. Еркін болу үшін алдымен өткеніңмен таныс болу керек. Алма алма ағашынан алыс түспейді. Сол үшін ата-анаңыз кім еді, қандай еді? Олардың тарихы қандай? Осының бәрі сіздің тұлға болып қалыптасуыңыздың фундаменті. Ал, ол фундаментті менсінбеу, одан қашып құтылуға тырысу, жоқ санап көрмей кету, ұмытып қалдырып кету мүмкін ба қалай ойлайсыз? Ол өзіңізді сыйламау, құрметтемеу емес па? Тарихын танымайтын болашағын болжай алмайды. Ата-анаңыздың жалғасы екеніңізді мойындай алмасаңыз өз өмірлік жолыңызды да таба алмайсыз. Адасасыз да тұрасыз. Сіздің тарихыңыз өте ауыр, қиын болса да ол солай. Тарихыңызды зерттеп, өз жолыңызбен еркіндікке самғау үшін сізді терапияға шақырамын. Маманның көмегімен тарихыңызға, яғни өзіңізге деген құрметіңізді көтеріңіз. #психология #психоанализ https://www.instagram.com/reel/C86WYQct_Vn/?igsh=bTJuc3diMzlkeGww
Показати все...
"Тарихын білмеген болашағын болжай алмайды" -дей тұра, "Басыңды қатырмай бүгінгі күнмен өмір сүр", деп тарихымыздың есігіне қара құлып тағып қойды. Алайда көңілде шек жоқ, шекара жоқ, уақыт та жоқ, мекен де. Маңдайының соры бес елі болып сыздайды да тұрады. Бәрібір тарихты шұқылауға итермелейді. Аштықтан арып-азып, аурушаң боп ес жиа алмай, соғысқа тап болған сорлы қазақ халқының баласымын. Сол үшін де сорым бес елі. Өйткені мен тек өз сорымды арқалап жүрген жоқ екенмін. Аштықта әке-шешесінен адасып, айрылып қалған кішкентай қыздың сорын арқалап жүрмін. Соғыста әкесі мен бауырларынан айрылып қалған бойжеткеннің сорын арқалап жүрмін. Сталиннің суық саясатының құрбаны болған жаны жаралы жанның сорын арқалап жүрмін. Тарихымды ашық айтып, мені өзіме танытпаған алдыңғы ұрпақтың сорын арқалап жүрмін. Сормаңдай болмағанда нем қалды. Депрессия ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауру. Депрессияға бейім, суицидке жақын екеніміздің үлкен бір себебі тарихымыз. Қара құлыппен бұғатталған тарихымыз. https://stan.kz/zhemkorlik-pen-suicidtin-belen-alui-senimsizdik-psiholo-400964/
Показати все...
Жемқорлық пен суицидтің белең алуы, ертеңіне сенімсіздік: Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты

1928-1932 жылдардағы ашаршылық қазақ халқына орны толмас зардаптар әкелді. Ресми деректер бойынша 2,4 миллион адам аштықтан көз жұмды, 40 миллион мал қырылды және 1 миллион 70 мың адам Иран, Ауғанстан, және т.б. жерге көшіп кетті. Адам шығыны мен мал шығынынан бөлек бұл зұлматтың психологиялық зардаптары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Сарапшылар елдегі жемқорлық пен суицид деңгейінің жоғары болуы, билікке деген сенімсіздікті де осы ашаршылықтан қалған травма деп түсіндірді. Психоаналитик Stan.kz тілшісіне 90 жыл бұрын болған зұлмат қазіргі ұрпаққа қалай әсер етіп жатқанын айтып берді.

Анатомия тағдыр! Бұл Фройдтың сөзі. Адам биологиясының ұл немесе қыз болып туылуына еш әсер ете алмайды. Дегенмен, ұл баланың немесе қыздың ер немесе әйел болуы үшін биологиясы жеткіліксіз. Яғни, пенисі бар жаратылыстың бәрі өзін еркек сезінбеуі мүмкін. Дәл солай, вагинасы бар болғанның бәрі өзін әйел сезінбеуі мүмкін. Баланың өзін ер немесе әйел қатарына жатқызуында тілдің әсері орасан зор. Жаңа туған бала «Менде пенис бар екен. Яғни мен ұл екенмін» деген түсінікпен тумайды. Баланың қамқоршысы балаға қандай тіл қолданатыны маңызды. Яғни, қамқоршы балаға оның ұл екенін, ұлдардың қандай болатынын, не істейтінін түсіндіру арқылы балаға табиғаты туралы ақпарат береді. Дәл солай қыз бала үшін де. Қыз балаға табиғаты туралы қандай ақпарат берілсе соны өзі туралы деп қабылдайды. Балада өзі туралы субъективті пікірі қалыптасуға оның сұрақтары да маңызды рөл ойнайды. 3-4 жастан бастап балада жыныстық мәселелерге қатысты сұрақтар пайда болады. Ұлдар мен қыздардың не айырмашылығы бар?, Мен қалай дүниеге келдім?, Әкем қандай? Анам қандай? Олар есіктерін жауып алған кезде немен айналысады? Ер адам қандай болады? Әйел адам қандай болады? сияқты сұрақтар пайда болады. Алайда, бұл сұрақтарына қанағаттанарлық жауап таба алмайды. Себебі, қамқоршылары да қанағаттанарлық жауап бере алмайды. Осыған орай әр ұл бала мен қыз бала жетілу барысында, «Еркек деген кім, әйел деген кім олар қандай болады, не істейді, жыныстық ерекшеліктері не, сексуалдық ерекшеліктері не, нені қалайды» деген ойларына өз бетімен жауап, мәлімет, тәжірибе жинай отырып өзіндік пікір қалыптастырады. Сонысымен әйел мен ер адамның идентификациясы тілдің, дәстүрдің, мәдениеттің және құндылықтар мен нормдардың әсерімен қоса алғанда әлде қайда күрделі, әлде қайда сан қырлы болмақ. Ал, нақты субъектің жыныстық және сексуалдық идентификациясы аналитикалық ортада талқыланады. Яғни, өзіңіздің жынысыңыз/сексуалдылығыңыз туралы және қарсы жыныстағылар туралы қалыптастырған пікіріңізді, сондай -ақ өзіңізбен, қарсы жыныстымен қарым-қатынасыңызды психоаналитикпен анализ жасай аласыз.
Показати все...
Қайырлы кеш, сауалнамаға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Алда жыныстық мәселелердің психоанализі бойынша оқып, түйгендеріммен бөлісемін. Комментарийде белсенділік танытсаңыздар мәселеге тереңдеу мүмкіндігіміз болады.
Показати все...
Егер ата-ана болсаңыз қызыңыз бен ұлыңыз бар болса, екеуіне деген қарым-қатынасыңыздағы ерекшеліктер мен ұқсастықтар туралы комментарий жазсаңыз.
Показати все...
1
Қызға, әйелге қатысты білетін, естіген, мүмкін өзіңіз жиі қолданатын мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ақыл-кеңестерді де комментарийге жазып кетіңіз.
Показати все...
Әйел, қыз, женственность, женское, девчачий дегенде ойыңызға не келеді? Комментарийлер 4,5 ассоциация жазып кетсеңіз.
Показати все...
Қайырлы күн! Бұл жердегі оқырмандардың көбі әйел адамдар деп ойлаймын. Алда әйелдер туралы тақырып қозғасам ба деген ой бар? Ол үшін белсенді түрде сауалнамаларға қатысып отыруыңызды сұраймын.Anonymous voting
  • Әйел адаммын.
  • Ер адаммын.
0 votes
Продолжение о женском и женственном (Из Жаклин Шаффер). Прекрасная очаровательная женщина и выдающийся французский психоаналитик Жаклин Шаффер говорила о том, что мать может передать дочери женственность, и не может передать ей женское. О чем это? Мать может передать дочери телесную и внешнюю женственность. В отношениях нежности и взаимного соучастия мать может передать дочери искусство женственности. Предлагая себя как объект идентификации, она может передать свое очарование, соблазняющее мужчин. И, если родительская пара выглядит, как любящая пара, мать может передать дочери способность влюбляться и любить... Но мать не может передать дочери женское. Эротическое тело, эротическую плоть…Женское будет освобождено, разбужено впоследствии любящим мужчиной… Жаклин Шаффер говорила о том, что она отделяет женственность – то, что относится к телу, к соблазнению, к поверхности тела - от женского, того, что относится к женскому внутреннему. Итак, женственность и женское… В чем же все-таки разница? Женственность у женщины относится к телу, к ее внешности. Это маскарад, очаровательные аксессуары, направленные на соблазнение: платье, каблуки, макияж, украшение, все то, что очень хорошо сочетается с фаллической организацией. Женское – это плоть, внутреннее, невидимое и вызывающее тревогу у обоих полов. Женское у женщины представляет собой то, что позволяет ей признавать себя женщиной, что позволяет ей получить доступ к наслаждению. С метапсихологической точки зрения речь идет о способности Я женщины принимать и отдаваться большому количеству несвязанного возбуждения, не обладающего травматическим эффектом, а питающего и увеличивающего его. Эта способность женского также дает женщине справляться с различным телесным опытом, который очень сильно энергетически нагружен – здесь и материнство, беременность, роды. Также эта способность женского дает женщине возможность сопровождать ребенка в процессе его взросления. #Шаффер #о_женском
Показати все...
👍 1
Бір жылдан бері терапия алып жатқан клиентімнің сөзі: "Қазіргі өмірім бұрынғы арманым. Ешкімге тәуелді болмау қандай рахат." Сіз армандаған өміріңізге жету үшін бүгін не жасадыңыз, не жасайсыз?
Показати все...
Оберіть інший тариф

На вашому тарифі доступна аналітика тільки для 5 каналів. Щоб отримати більше — оберіть інший тариф.