cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

90min | FOOTBALL

Футбол әлемі осында. https://t.me/+hQGZsUc-6eo4NWQ6

Більше
Рекламні дописи
6 789
Підписники
-1024 години
-1237 днів
-59630 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
🇮🇹"Наполи" Ромелу Лукаку үшін 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿"Челси" сұрап отырған сомадан үш есе аз сома ұсынды. La Repubblica мәліметіне сәйкес, жақында бас бапкер болған Антонио Конте жетекшілік ететін итальяндық клуб шабуылшы үшін 15+3 миллион еуро ұсынды. Ромелу "Наполиге" ауысуға ниет білдірді. 💵Айта кету керек, Лукакуды 115 миллион еуроға сатып алған "Челси" шабуылшыны 45 миллион еуроға сатуды қалайды. 🇮🇹Сонымен қатар, бельгиялыққа "Милан" да қызығушылық танытуда. Өткен маусымда Лукаку "Рома" құрамында жалға ойнап, 47 матчта 21 гол соқты
Показати все...
👍 9
01:34
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Жолдастық кездесуде алаң иелері жеңіске жетті✅ 🇦🇲Армения - Қазақстан🇰🇿 (2:1) 4' ⚽️ Александр Марочкин, автогол (1:0) 58' ⚽️ Ваган Бичахан (2:0) 90+5' ⚽️ Бауыржан Исламхан, пенальти (2:1)
Показати все...
IMG_5226.MP434.40 MB
🤬 14👍 3💔 1
00:15
Відео недоступнеДивитись в Telegram
2-0…
Показати все...
IMG_5225.MP45.42 MB
Бірінші таймнан кейін есеп: 🇦🇲 1 - 0 🇰🇿 Екінші таймда біздің жігіттер гол салады деп сенеміз!
Показати все...
IMG_5221.MP423.49 MB
IMG_5222.MP412.08 MB
IMG_5223.MP415.21 MB
👍 4
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿«Челси» Хулиан Альвареске қызығушылық танытуда 🗞TyC Sports хабарлауынша, аргентиналық футболшы «Манчестер Сити» клубынан ойын уақытының жетіспеушілігіне байланысты кетуі мүмкін. Бұған дейін Альвареске «Атлетико», «ПСЖ» және АПЛ клубтары қызығушылық танытқан. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Дереккөздің мәліметінше, «Челси» Хулианға жақын күндері ұсыныс жасамақ. Лондондық клуб форвардты АПЛ-ды басқа ел мен чемпионатқа ауыстырудың қажеті жоқтығымен, сондай-ақ, «Челси» құрамында оның отандасы Энцо Фернандес бар екендігімен сендірмек. Екеуі бірге «Ривер Плейт» үшін ойнаған. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Өз кезегінде «Манчестер Сити» нақты ұстанымын білдірді - олар Хулианды сатқысы келмейді. Екінші жағынан, шабуылшы көбірек ойын уақытын қалайды. Идеалды нұсқа - қалу және негізгі ойыншы болу, бірақ қазіргі жағдай оған қолайсыз болғандықтан, ол осы жазда кетуді қарастыруда. 💰«Манчестер Сити» аргентиналықты сататын болса, олар кем дегенде 80 миллион доллар (шамамен 75 миллион еуро) алғысы келеді.
Показати все...
👍 21
Фото недоступнеДивитись в Telegram
‼️Лионель Месси «Реалдың» әлемдегі ең үздік команда екенін мойындады Әйгілі аргентиналық футболшы, «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең үздік футбол командасы деп өзіне ұзақ жыл бәсекелес болған мадридтік «Реалды» атады. «Ең үздігі – «Реал». Өйткені, олар Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы. Бұған дейінгі маусымдарда да олар өздерін «Манчестер Сити» секілді үздік футбол ұжымы ретінде көрсете алды. Ал, егер ойын жағынан алатын болсақ, маған Пеп Гвардиоланың «Манчестер Ситиі» ұнайды. Гвардиола жаттықтыратын кез келген команда ерекше ойын мәнеріне ие болады, ол сонысымен мықты. Сондықтан, ойын деңгейі бойынша ең үздігі – «Манчестер Сити», ал нәтиже жағынан – «Реал» клубы», - деді Месси. Еске салайық, 2023/24 жылғы маусымда мадридтік команда Испания чемпионы атанып, артынша Чемпиондар лигасын да жеңіп алды.
Показати все...
😱 22👍 8
Фото недоступнеДивитись в Telegram
😱Ағылшын ойыншыларынан құралған Евро-2024-ке бармайтын құрам
Показати все...
😱 44👍 7🤣 2
⚽️Бүгін болатын матчтар тізімі 🇦🇲Армения - Қазақстан🇰🇿 🇨🇿Чехия - Мальта🇲🇹 🇦🇱Албания - Әзербайжан🇦🇿 🇷🇴Румыния - Лихтенштейн🇱🇮 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Англия - Исландия🇮🇸 🇩🇪Германия - Греция🇬🇷 🇵🇱Польша - Украина🇺🇦 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿Шотландия - Финляндия🇫🇮 Болжамдарыңыз?
Показати все...
👍 9 2💯 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🐢Килиан Мбаппе: «Еуро ӘЧ-дан қиынырақ, топтық кезеңде-ақ ауыр болады» 🏆🏆Килиан Мбаппе Әлем чемпионатың Еуропамен салыстырды. «Еуро, менің ойымша, Әлем чемпионатынан қиынырақ. Топтық кезеңде-ақ өте қиын болады. Біз бұл турнирді 24 жыл бойы жеңбегенбіз, бұл ұзақ уақыт, бірақ біз өзімізге қосымша қысым көрсетпейміз. Біз топтық кезеңге жақсы дайындалып, жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз», – деді Франция құрамасының шабуылшысы. Мбаппемен келісесіз ба?
Показати все...
👍 44💩 6 3
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🇵🇹Жозе Моуринью Португалияны Евро-2024 фавориттерінің бірі деп атады: «Испания, Франция, Англия, Германия мықтырақ емес. Қазіргі уақытта біздің құрам тереңдігі мен сапасы жағынан тарихтағы ең мықты команда». 🇵🇹Жозе Моуринью Португалия құрамасының Евро-2024 жеңіске жету мүмкіндігін бағалады. 🗣«Бұрынғы ұрпақтарға деген құрметсіздік танытқым келмейді, бірақ құрамның тереңдігі мен сапасы тұрғысынан бізде қазір, мүмкін, тарихтағы ең мықты команда шығар және Португалия турнирді жеңе алады. Барлығы өзіне деген сенімді, олар кез келгенді қарсыласты жеңе алатынын сезінуі керек. Мен Португалия ең мықты команда деп айтқым келмейді, бірақ Испания, Франция, Англия, Германия асып тұрған жоқ. Бапкер үшін ең үлкен мәселе - кімді шығару керектігін таңдау, өйткені екі керемет оң жақ қорғаушы, екі керемет сол жақ қорғаушы, әр түрлі позицияларда екі керемет жартылай қорғаушы бар – және мен «екі» деп айтып отырмын, өйткені командада барлығы 23 адам, бірақ шын мәнінде олардың саны одан да көп. Егер тосынсый болса, мен таңғалатын боламын! Франция мен Германия әрдайым жақсы ойнайды, Португалия мен Англияның құрамдары бұрынғыдан жақсырақ. Бұл төрт команда - фавориттер. Испанияға сенімді емеспін, бірақ олардың футболы мен ойыншылары ең жоғары сапада. Италия немесе Бельгияның жеңісі мен үшін тосынсый болады», - деді «Фенербахче» бас бапкері.
Показати все...
🔥 23👍 6💩 4