cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

SADAQ

📌Қоғамдық-саяси жаңалықтар платформасы https://sadaqmedia.kz 💡 Бейімбет Майлиннің «Ғалия» медресесінде (Уфа) шығарған «Садақ» қолжазба журналының реинкарнациясы. 📘Қазақ және әлем авторларының кiтаптары қосымша жүктеледі. 📍Жарнама: 87001117705

Більше
Рекламні дописи
4 003
Підписники
-924 години
-747 днів
-29530 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
👑Еділ жағалауынан Алтын Орданың төрт ханы жерленген қорым табылды Татарстан ғалымдары Еділдің төменгі ағысында қазба жұмыстарын жүргізу барысында Алтын Орда хандарының қабірлерін тапты. Алтын Орда кесенелері орналасқан Астрахан облысының Лапасында қазба жұмыстарын анықтау үшін археологтар мен тарихшылардан бөлек, геологтар, геофизиктер, сәулетшілер мен геодезистер қатысқан. «Прогресс» ҮЕҰ (Самара қ.) көмегімен аэроғарыштық түсірілім де жүргізілген. Алтын Орда тарихы мен археологиясының белгілі маманы В.Л.Егоровтың айтуынша, Лапастың төрт ірі кесенесінде төрт хан жерленген болуы мүмкін, олар - Берке, Өзбек, Жәнібек және Бердібек хандар. 🌐Толық ақпарат
Показати все...
👍 4🔥 2👏 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚖️Бишімбаевтың ісін қараған прокурор Айжан Аймағанованың шені өсті Желі қолданушылары прокурордың әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан оның подполковник погоны (“әділет кеңесшісі” сыныптық шені) бар қызметтік киім кигенін байқап, құттықтай бастады. Аймағанова видеода прокуратурада жұмыс істеудің қаншалықтары мен артықшылықтары туралы айтады.
Показати все...
2 1🔥 1😍 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🥊Әлімханұлын титулынан айыру керек - Михайловичтің жаттықтырушысы Айзек Пич Жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичтің (21-0, 13 КО) жаттықтырушысы Айзек Пич  IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің тоқтатылғанына наразы. Ол белбеу иегерін атақтарынан айыру керек деп санайды.
«Өздеріңіз ойлағандай, Андрейдің сағы сынды. Жәнібекті атақтарынан айыру керек деп санаймын және менің ойымша, ол титулдарынан айырылады, содан кейін біз алдағы екі айда бос Әлем чемпионы атағы үшін күресеміз. Әзірге жоспар осы. Жәнібек бізді алдап қана қоймай, бүкіл шоуды бүлдірді. ESPN, жарнамалық роликтер - бәрі босқа қалды. Шынымды айтсам, не болғанын түсінбедім және таң қалдым. Мұнысы кәсібилік емес және ақылқа қонымсыз тірлік болды. Андрейдің жағдайы жақсы екеніне көз жеткізген соң, елге ораламыз. Жеткен соң бірден жаттығуды бастаймыз, басқа жол жоқ»,- деді Пич.
Показати все...
👍 8🤬 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
«Зәр ішкізіп, нәжіспен тамақтандырған»: Асыранды балаларын қорлаған «емшінің» әйелінің үстінен де қылмыстық іс қозғалды Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
«Кәмелетке толмаған балаларға тәрбие беру міндетін дұрыс атқармағаны үшін күдіктінің әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Показати все...
🤯 3
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🥊Жәнібек Әлімханұлының рингке қашан оралатыны белгілі болды Боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан оның 2-3 ай демалатынын айтты.
«Бірінші рет осындай жағдайды бастан өткердік. Оңай емес екен! Түнімен ауруханада болдық! Мұны да көру керек болған шығар! Қазір Жәнібектің жағдайы бірқалыпты! Денсаулық бірінші орында! Бұйыртса 2-3 ай қалыпқа келіп, рингке қайта ораламыз», деді ол.
Ал ауруханадан үйге оралған Жәнібек Әлімханұлы да өзін уайымдап қалған көпшілікке, жанкүйерлеріне әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.
«Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын! Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет»,- деді Әлімханұлы.
Показати все...
🔥 3👏 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚡️Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды Жәнібек бейсенбі күні салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен. TopRank проуметрлік компаниясы әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы WBO және IBF нұсқалары бойынша Әлем Чемпионы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін хабарлады.
Показати все...
🤯 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🌳«Семей орманы» филиалының директоры ұсталды Прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде, филиалдардың бірінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топтың жолы кесілді. Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштардың ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры мен қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жалғасып жатыр.
Показати все...
👍 2🤯 2
🎓Көпбалалы отбасы балалары арнайы квотамен оқуға түсе алады Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасынан шыққан балалар квотасы — 5%. 📌«Көпбалалы отбасы» квотасы бойынша грант конкурсына қатысу үшін талапкер 18 жасқа толмауы керек. 📌Отбасында кәмелетке толмаған төрт бала, оның ішінде 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын ЖОО немесе колледж студенті болуы керек.
Показати все...
👍 2👏 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🚬15 шілдеден бастап елімізде темекі қымбаттайды Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті темекінің барлық түрі қымбаттайтынын хабарлады Бұйрық бойынша, бөлшек саудада темекі өнімдері үшін мынандай ең төменгі бағалар қолданылады: фильтрлі, фильтрсіз сигареттің 20 данасына (бір қорабына), папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға: ▪️2024 жылғы 15 шілдеден 31 желтоқсанға дейін – 820 теңге; ▪️2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 870 теңге. Қазір Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасы – 770 теңге.
Показати все...
👍 2👏 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚡️Жыл басынан бері 102 бала терезеден құлап кеткен Елімізде жыл сайын күн жылына бастағанда, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың терезеден құлауы жиілеп, жазатайым оқиғалар көбейеді. Мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалады немесе көз жұматынын атап өткен жөн. Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабар түсті. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Өткен жылы осындай 170 оқиға тіркелген.
Показати все...
🤯 5😢 2💔 1
Оберіть інший тариф

На вашому тарифі доступна аналітика тільки для 5 каналів. Щоб отримати більше — оберіть інший тариф.