cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

AlatauNews.kz

Рекламні дописи
5 658
Підписники
-624 години
-357 днів
-19630 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

01:08
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Бүгін Талғар ауданының жастары, қоғам белсенділерінің қатысуымен, Бесағаш ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында іс-шара өтті. Талғар ауданында өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Оның ішінде, 11 мамыр күні Талғар қаласының Бөкеев көшесі Талғар өзенінің жағалауында тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы апталық барысында 2027 адам, 81 мекеме ат салысып, 63 тонна қоқыс шығарылды. Толғырақ сюжеттен тамашалаңыз!
Показати все...
👍 4 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қазақстанда қай кезде рұқсатсыз камераға түсіруге болады? Мемлекет ақпарат жинауға және түсірілім еркіндігіне кепілдік береді. Бірақ кей жағдайда келісім қажет. Толығырақ ⬇️ https://www.alataunews.kz/qazaqstanda-qaj-kezde-ruqsatsyz-kameragha-tuesirwge-bolady/
Показати все...
👍 4
08:56
Відео недоступнеДивитись в Telegram
«Ауылым айтсын» Талғар ауданында! Бұл ауылға тұрғындардың шағымымен 2023 жылы барған едік. Мына жолмен көлік жүрмейді, жедел жәрдем кірмейді, бір жағдай болса полиция да келмейді, жаяу жүрсең балағың белге дейін кірлейді, балалар тіптен қалай өтерін білмейді. Ал әкімдік болса, бізді көзге де ілмейді дейді олар. Бұл сұрақты биліктегілерге биыл да қойдық. Бірі осы жылы күтпеңіздер десе, бірі жасаймыз деді. Нақты жауабын есту үшін бейнесюжетті соңына дейін көріңіздер...
Показати все...
👍 2🔥 1
04:20
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Бүтін бір ауыл газет оқу челленджін бастады. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туған жері Райымбек ауданының бүтін бір ауылы Мемлекет басшысының «Оқитын ұлт» бастамасын қолдап, «Оқитын отбасы» челленджін бастап, баршаға үлгі көрсетті. Осы орайда, баршаңызды республикалық «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттеріне ұйымшылдықпен жазылып, газет оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз!
Показати все...
👍 7👎 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Антикор бюджет қаражатын халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлу кезінде де жемқорлық фактілерінің алдын алды, деп хабарлайды alataunews.kz. Агенттіктің  Жетісу облысы бойынша департаменті Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2 және 3-санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына байланысты Сот күдіктіге қатысты «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Показати все...
👍 1
03:03
Відео недоступнеДивитись в Telegram
2024 жылдың 3-5 мамырында Алматы облысының аумағында орналасқан Таңбалы тас шатқалында экстремалды атлетикадан TENGRI ULTRA дәстүрлі марафоны өтті. Марафон еліміздің спорт тарихындағы ерекше орны бар шара. Халықаралық дәрежедегі сертификаты бар жоба биыл 10 рет ұйымдастырылды. Толығырақ бейнероликтен көріңіздер... #тенгриультра #тенгриультра2024 #tengriultra #tengriultra2024
Показати все...
👍 3
02:01
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Ардагерлердің Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, Жеңісті жа­қындата түскен әрбір күні ұмы­тылмайды. Халықтың жауынгерлігі мен қаһармандығын, сабыры мен төзімін сынайтын ауыр қасірет қайтіп қайталанбаса екен дейміз. Ал біздің міндетіміз, осындай қиындықпен келген елдігіміздің еңсесін түсірмеу, теңдігімізді теңселтпеу! Мұның барлығы бекер болмағанын дәлелдеу. Батырларымыздың жаны қиылатынын біле тұра ажалға аттанғандағы мақсатын орындау. #9мамыр #9мая #ҰлыЖеңіскүні #Деньпобеды
Показати все...
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Құрметті оқырман! Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қан майданда қансырап жүріп, көк туын жерге таптатпай, ізін басып келе жатқан ұрпақтарына жарқын болашақ сыйлап, тәуелсіздігіміз бен тыныштығымыздың діңгегі болған, тарих парақтарына өшпес із қалдырған батырларымыздың рухына әрқашанда тағзым етеміз! Осынау Ұлы Жеңіс күні ардагерлерімізді құрметпен еске алып, қаһармандығы мен қайсарлығына бас иеміз. Барша отандастарымыздың сыйластығы мен татулығы артып, мерейлеріңіз үстем, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әрбір отбасына бақыт пен береке орнасын. Әр күніміз жағымды жаңалыққа толы болсын! Құрметпен Alataunews.kz ұжымы!
Показати все...
1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Құрметті ер-азаматтар Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздер біз үшін батырлық пен табандылықтың, батылдық пен қайсарлықтың нышанысыздар. Отбасында сыйлы, жұмыста абыройлы болыңыздар. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! #7мамыр #отанқорғаушыларкүні
Показати все...
2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz. Еске салсақ, бұған дейін бұл қызметті Бағдат Мусин атқарған.
Показати все...