cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

SHAKARIM MEDIA

Shakarim University ресми парақшасы

Більше
Рекламні дописи
1 414
Підписники
-324 години
-407 днів
-16330 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 32 жыл толды. Ұлттық патриотизм, отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас ол әрбір адамның рухында қалыптасқан асыл ұғым. Ал, тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерді құрметтеу - еліміздің әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Показати все...
👍 1
Показати все...
Жас ғалымдарға мемлекеттік қолдауы айрықша » 018.kz - ABAI AQPARAT

Алматы қаласындағы Ұлттық ғылым академиясы ғимаратында еліміздің жас ғалымдарымен бірге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу құрметіне ие болдым. ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен жас ғалымдарының басын қосқан келелі кездесуде Мемлекет басшысы «Бүгін сіздермен Ғылым

Фото недоступнеДивитись в Telegram
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Ашаршылық жылдарында елімізде 2 млн адам аштықтан ажал құшқан. Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Бұл күн Қазақ халқы үшін айрықша маңызға ие. Қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну - бүгінгі ұрпақ парызы.
Показати все...
👍 3
🔥 3👍 1
«SHAKARIM AWARDS-2024»: ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ Бүгін Shakarim University Абай театрында «SHAKARIM AWARDS-2024» жылдың қорытынды кешін өткізді. Қорытынды кеш аясында “Үздік студент” жобасының ТОП-100 жеңімпазы марапатталып, үздік номинация иегерлері анықталды. Салтанатты кешке университет ұжымы, серіктестер, демеушілер, студенттер, ата-аналар қатысты. Толығырақ📌
Показати все...
👍 2🔥 2
Құрметті талапкерлер! 🔝 Оқуға түсу үшін қалай кеңес алуға болады? Құжаттар тізімі қандай? т.с.с. сауалдарға Қабылдау комиссиясы жауап беретін болады. Біз сіздерді ЖОО түсу бойынша консультацияларда күтеміз. Shakarim University оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі. __________ Уважаемые абитуриенты! 🔝 Как получить консультацию для поступления? Список документов? и на другие вопросы ответит Приемная комиссия. Мы ждем вас на консультации по поступлению в ВУЗ. А пока ловите список документов для поступления в Shakarim University.
Показати все...
👍 1
БАҚ біз туралы СМИ о нас📌 Shakarim University дарынды мектеп түлектеріне бағыттал­ған бағдарламалар құруда сапалы бастамалар жасап келеді. Мәселен, Абай облысындағы 222 «Алтын белгі» иегерлерінің барлығы 2024-2025 жаңа оқу жылында аталған университетте тегін білім ала алады. Толығырақ “Егемен Қазақстан” республикалық газетінде шыққан мақаладан оқи аласыздар https://egemen.kz/article/365163-altyn-belgi-iegerlerine-ayryqsha-mumkindik
Показати все...
«Алтын белгі» иегерлеріне айрықша мүмкіндік

Shakarim University дарынды мектеп түлектеріне бағыттал­ған бағдарламалар құруда сапалы бастамалар жасап келеді.

👏 3👍 1
Білім ордасының 15 студенті Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысына ие болды 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша бакалавриат студенттері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындалған үміткерлердің тізімі ----------------------------------------------------------- 15 студентов вуза получили стипендию Президента Республики Казахстан Список претендентов на учреждение стипендии Президента Республики Казахстан среди обучающихся бакалавриата по итогам зимней экзаменационной сессии на первое полугодие 2024 года Құттықтаймыз!
Показати все...
3
ЖОҒАРЫ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ КЕРУЕНІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАТ МИНИСТРДІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН СИНГАПУР ЕЛІНДЕ Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Сингапур еліне келген болатын. Бұл - 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған алғашқы сапары. Сапар барысында Президент «Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету» тақырыбында дәріс оқыды. Мемлекет басшысы еліміздегі қоғамдық-саяси өзгерістер жөнінде айта келіп, «Әділетті Қазақстан» және Премьер-министр Лоуренс Вонг ұсынған «Алға, Сингапур» бағдарламаларының мақсаттары мен қағидаттары ұқсас екенін баса айтты. 46-шы Сингапур лекциясы екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін маңызды оқиғаға айналып, әлемдік қауымдастық өкілдерінің назарын аударды. Сонымен бірге, Қазақстан-Сингапур халықаралық керуеніне Shakarim University ректоры Думан Орынбеков, университет ғалымдары Мақсат Карибаев пен Асқар Қасымов та қатысты. Білім ордасының халықаралық деңгейдегі форумдарға белсенділік танытуы университет пен Абай өңірі үшін маңызы зор. Басқосу - оқу орнының дамуға және халықаралық ынтымақтастыққа деген ұмтылысының айқын көрінісі. Шәкәрім университеті делегациясының «Шығыс Азия барысы» топтығына кіретін Сингапур Республикасына сапары әлемнің жетекші университеттерімен тәжірибе алмасуға және байланыс орнатуға жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашады. Білім керуені оқу сапасын арттыруға, университеттің ғылыми әлеуетінің дамуына, сондай-ақ білім берудің озық технологиялары мен әдістерін енгізуге септігін тигізері анық. Shakarim University ғылымының жетістіктері аталған мемлекетте “Қазақстан-Сингапур форумы: Ғылым және жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы” аясында халықаралық көрмеге ұсынылуда.
Показати все...
👍 2