cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Әшкере

Ең маңызды жаңалық, фактчек, журналистік тексеру. Байланыс: @aqultay Instagram: https://www.instagram.com/ardaq.qultay/ Жарнама: +7 707 289 05 05

Більше
Рекламні дописи
8 088
Підписники
-2324 години
-1087 днів
-51030 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚡️ 3,7 млрд теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алу: Ұлытау облысында 26 шенеунік жауапкершілікке тартылды Бұл жыл басынан бергі анықталған жағдайлар. Бас прокуратура 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойған. Бұл заңсыз сатып алуларда: 🗣жергілікті атқарушы органдар конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбеген; 🗣жобалық-сметалық құжаттамалар болмаған; 🗣әлеуетті жеткізушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көздеген. 📍Мысалы Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 млрд теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған. Сонымен қатар тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, 3 жыл мерзімге қала жолдарын күтіп ұстау туралы келісімшарт жасасуды жоспарлаған. 📍Басқа жағдайда Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде қаржыны 17,2 млн теңгеге негізсіз жоғарылатқан. Прокурорлардың наразылығымен заңсыз мемлекеттік сатып алулар жойылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Показати все...
🤯 4🤬 3👎 1 1😱 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🇬🇪 Грузия премьер-министрі ел президентін отанына опасыздық жасады деп айыптады Премьер Ираклий Кобахидзе президент Саломе Зурабишвилиді Тәуелсіздік күніне арналған іс-шарада сөйлеген сөзінде: "Халық пен ол таңдаған биліктің бірлігі және мағыналы қадамдары бізге экзистенциалды қауіптер мен жан-жақты опасыздықтарға, соның ішінде президенттің опасыздығына қарамастан, өткен 2 жыл ішінде елде бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік берді", - деді ол. Айта кетейік, бұған дейін Саломе Зурабишвили үкіметтің батысқа қарсы бетбұрысын "сатқындық" деп атаған. Еске салайық, кейінгі бірнеше аптада Грузияда Ресейдегідей шетелдік агенттер туралы заңының баламасына қарсы наразылықтар басылмай келеді. Грузияның мыңдаған азаматы заңның қабылдануына қарсы. Олар бірнеше рет демонстрация өткізіп, жүздеген адам ұсталған.
Показати все...
👍 3🔥 2😱 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚡️ Блогер Антон Бударов Салтанат Нүкеноваға жала жапқаны үшін сотталды Orda.kz мәліметінше, 20 мамырда Бостандық сотының шешімімен блогер айтқан сөзін Instagram-дағы парақшасында теріске шығаруды және 650 мың теңге сот шығындарын Айтбек Амангелді өтеуге міндеттелген. Еске салайық, 2023 жылдың 14 желтоқсанында Буданов әлеуметтік желіде марқұм Салтанат Нүкенованың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтер жазған болатын. Оның ішінде оны "абьюзер" және "алаяқ" деп атаған. Айта кетейік, 2022 жылы украиналық "Ищи своих" интернет жобасы Бударовты "РФ ФҚҚ агенті" деп атап, "Грузия мен Қазақстанға қатысты дөрекі пропаганда жүргізеді" деп айыптаған еді. Интернет-жобаның жазуынша, ол Санкт-Петербургте ФҚҚ нұсқаушысымен кездескен.
Показати все...
👍 26 9🔥 5🥰 3
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🇪🇺 Еуроодақтың бірнеше елі Ресеймен шекарада "дроннан қабырға" салуға келісті 🇱🇻🇪🇪🇫🇮🇵🇱 Бұл туралы Литва ІІМ басшысы Агне Билотайте Латвияда Эстония, Латвия, Финляндия, Польша және Норвегияның ішкі істер министрлерімен кездесуден кейін хабарлады.
"Бұл мүлдем жаңа нәрсе - Норвегиядан Польшаға дейін созылатын дрондар қабырғасы - және оның мақсаты - шекараларымызды достас емес елдердің арандатуларынан қорғау және контрабанданың алдын алу үшін дрондар мен басқа технологияларды пайдалану", - деді Билотайте кездесу қорытындысы бойынша.
Показати все...
👍 43🔥 9😱 6 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
📎 Биыл 186 000 түлек мектеппен қоштасады Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл түлектер саны 186 000 оқушы. Оқу жылының ұзақтығы 34 апта, 25 мамырда аяқталады. Алдын ала болжам бойынша, жаңа 2024-2025 оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады. 📖 Оқу жылының аяқталуы құтты болсын!
Показати все...
👍 40🔥 6👨‍💻 3💯 1💔 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
🚗 Қазақстанда утильалымды алып тастау талап етілген петицияға 50 мың қол жиналды Ал осы уақытта өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сенат кулуарында айтқан сөзі:
"Бұл талқыға қатысты пікір білдіргім келеді – бұл пікірталасты туғызған адамдар, әдетте, қайта сатумен айналысады. Мен мұны негізсіз айтып отырған жоқпын. 17 мамырда қайта өңдеу ақысын алып тастауды талап еткен барлық өкілмен кездескен едім. Үлкен дискуссия өткіздік, оған 12-ге жуық парламент мүшесі қатысты. Біз мемлекеттік саясаттағы өзгерістерге қатысты пікірімізді бөлістік. Бірақ көбіне бұл адамдар шетелден көлік сатып алып, елге әкеліп, осында сату арқылы ақша табатыны анықталды. Мен өндіріс экономикасы мен өнеркәсіп секторын дамытуға үлес қосуды басқаша түсінемін – меніңше, өз табысын мемлекеттің индустриялық дамуынан сәл жоғары қоятын адамдардың сөзіне еліктемеу керек".
Показати все...
🤬 25👍 13🤯 5👀 3👎 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚡️ "Орталық Азия елдері кремльшіл позицияны ұстанып отыр" Зеленский ресейлік әскер бомбалаған Харьков қаласында үйінді үстінде отырып сұхбат берді. 🇺🇦 ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ "Сіздердің лидерлер теңдік ұстанып отырған жоқ. Олар Кремльден қорыққаннан, "орыстар жағын" көбірек қолдап отыр", - дейді Зеленский. 🇷🇺 РЕСЕЙ ҰСТАНЫМЫ Ресми Мәскеу бұл саммитке шақырту түссе де қатыспайтынын және бұл формуланы жақтамайтынын айтты. 🇰🇿 ТОҚАЕВ ТУРАЛЫ Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейінгі алғашқы күндері аймақтың барлық дерлік елі бейтарап позициясын жариялады. 2022 жылы Ресей басқыншылығы басталғаннан кейін бір аптадан кейін Қазақстан президенті Тоқаев Мәскеу мен Киевті келіссөзге шақырды. Содан кейін Астанадан Украина тәуелсіз және аумақтық біртұтас мемлекет болып қалуы керек деген сөздер айтылды. Қазақстанда басынан бастап соғыс "соғыс" деп аталады және Ресейге қатысты батыстық санкциялар міндетті түрде сақталады деп уәде береді. 🇰🇬 ЖАПАРОВ ТУРАЛЫ Қырғызстан 2022 жылдың ақпанында да қақтығысты бейбіт жолмен шешуді жақтады. 2022 жылдың сәуірінде президент Садыр Жапаров Украинадағы соғысты "арнайы операция" емес, "соғыс" деп атады. Жапаров сонымен қатар Қырғызстан Киев пен Мәскеу қақтығысында бейтараптықты ұстанатынын айтты. 🇺🇿 МИРЗИЕЕВ ТУРАЛЫ 2022 жылдың 25 ақпанында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Ресей басшысы Владимир Путин осы тақырып бойынша телефон арқылы сөйлесті. Бір күннен кейін Мирзиеевтің баспасөз хатшысы мәлімдемесінде Өзбекстан Ресей мен Украина қақтығысында бейтарап ұстанымға ие екенін атап өтті. 🇹🇯 ТӘЖІКСТАН ТУРАЛЫ Тәжікстан шенеуніктері Украинадағы соғыс туралы оның бір жылдығына бір апта қалғанда – 2023 жылдың ақпанында алғаш рет пікір білдірді. 🇹🇲 ТҮРІКМЕНСТАН ТУРАЛЫ Түрікменстан ешқашан сыртқы саяси мәселелер бойынша жақ ашпайды: ел жиырма жылдан астам уақыт бойы бейтараптықты ресми түрде ұстанды. Алайда жергілікті БАҚ Ашхабадтың Украинадағы әскери қақтығыста Ресей жағына сүйенетінін үнемі хабарлайды.
Показати все...
👍 24😱 5 3🔥 2😢 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚡️🇮🇱 БҰҰ Халықаралық соты Израильден Рафахтағы операциясын тоқтатуды талап етті Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты Израиль әскери операцияны тоқтатуы керек деп шешті. Бұл шешім бойынша, Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Рафахта және Мысыр шекарасында "Палестина халқына көмек көрсету үшін" осы аттас бақылау бекетін ашық ұстауы керек. Сонымен қатар, сот тергеушілер мен фактілерді анықтау миссияларының "Газа секторына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету" үшін шаралар қабылдауды талап етті. Айта кетейік, 2023 жылдың 29 желтоқсанында Оңтүстік Африка Гаагадағы БҰҰ Халықаралық сотына шағым түсірген еді. Құжатта геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы конвенцияны ықтимал бұзу туралы Израильге қарсы. Құжатта Израиль "Газадағы палестиналықтарды Палестинаның кең ұлттық, нәсілдік және этникалық тобының бөлігі ретінде жойып жіберуге" ниетті екені айтылған.
Показати все...
👍 27🤯 5👎 3🔥 3😁 1😭 1
⚡️ "Ескі Қазақстанның" байлығы қанша? Forbes Kazakhstan еліміздің ең бай адамдарының тізімін жаңартты. Биылғы тізімге әдеттегідей 50 емес, 75 олигарх енген. Ал "Жас Алаш" басылымының тілшілері осы тізімдегі Назарбаев әулетінің байлығын тексеріп көріпті. 🗣Динара Құлыбаева – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – 5 млрд доллар; 🗣Дариға Назарбаева – Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – 590 млн доллар; 🗣Нұрәлі Әлиев – Дариға Назарбаеваның 39 жастағы ұлы – 220 млн доллар; 🗣Нұрбол Назарбаев – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың ұлы – 170 млн доллар
"Біз Назарбаевтар әулетінің компанияларын тексеру кезінде әділет министрлігінен олар туралы ешқандай мәлімет ала алмадық. Кез келген кәсіпкерді, тіпті еліміздің өзге олигархтарын да тексеруге болады, мәлімет ашық. Тек Назарбаевтарға қатысты адамдардың мәліметтері жасырылған. Азамат Есқараев басқаратын министрлік бұрынғы президенттің әулетін қызғыштай қорып отырғаны несі?" - деп жазған басылым тілшісі.
Показати все...
🤯 21😱 10👍 3🤮 3 2😢 2🍌 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
⚡️ Абай облысында 60 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылмаған Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов 2022-2023 жылдары Абай облысында бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау жөнінде отырыста айтты. Облыста 2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 568 млрд теңгеден асып, 2022 жылмен салыстырғанда 37,2%-ға артқан.
"Жекелеген салалардағы оң нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік аудит бірқатар жүйелік кемшілік пен бұзушылықты анықтады. Мәселен, облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан пәрменді шаралардың болмауы, ЖСҚ-ның сапасыз әзірленуі және мердігерлермен сот талқылаулары салдарынан 218 бюджеттік инвестициялық жобаның 60-ы пайдалануға берілмеген. Оның ішінде тұрғын үй құрылысы, жылу, электр және сумен жабдықтау жобалары бар", - делінген палата сайтында.
🔴Жалпы, аудит қорытындысы бойынша: 🗣9,9 млрд теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар; 🗣1,9 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау; 🗣57,3 млрд теңгеге активтерді тиімсіз пайдалану; 🗣687 рәсімдік бұзушылық пен 18 жүйелік кемшілік анықталды. 🗣238 факт бойынша материалдар әкімшілік іс қозғау үшін уәкілетті органдарға жіберілген.
Показати все...
🤯 13😱 5🍌 2👀 2