cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Tiek

Тілде тиек жоқ Арнамызға жазыла отырыңыздар

Більше
Рекламні дописи
245
Підписники
Немає даних24 години
+17 днів
-530 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

Таспалуан жеңімпаз атанды Арман Сүлейменов Қарағанды қаласында пауерлифтинг, армлестлинг, стритлифтинг, армлифтинг сияқты спорт түрлерінен өтіп жатқан халықаралық турнирде 5 алтын медаль иеленді. Бұл жарысқа әлемнің 10 елінен 1250 спортшы келген. Жасы 40-тан асса да осынша адамның ішінен үздіктер қатарына кірген балуанымызды құттықтаймыз! Арман бұған дейін көптеген білек күшін көрсететін трюктерімен ел ықыласына бөленген
Показати все...
👏 1
“Мен оппозиционер емеспін. Үкіметтің жағында да емеспін. Елші сияқтымын”. Ермек Нарымбаймен сұқбаттан үзінді. 1 жарым ай бұрын босап шыққан белсенді біраз мәселеге байланысты ой бөлісті. Украинада қалған әйелі, түрмедегі былық, сот жүйесі, шетелдегі оппозиция өкілдері туралы да айтты. Толық нұсқасы "МЕН ОППОЗИЦИОНЕР ЕМЕСПІН, ҮКІМЕТТІҢ ЖАҒЫНДА ДА ЕМЕСПІН" ЕРМЕК НАРЫМБАЙМЕН СҰҚБАТ https://youtu.be/3q5zsRVi11o
Показати все...
Repost from Astana news
Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды: №10 мектептің аумағында 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда. Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады. ____ Управление образования города сообщает: На территории школы №10 на 10-летнего мальчика упали футбольные ворота. От полученных травм школьник скончался. По данному факту возбуждено уголовное дело, выясняются все обстоятельства. Управление образования города выражает соболезнования семье погибшего.
Показати все...
Repost from AIMAGAMBETOV
Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады? Комменттерде және жекеме де осындай сұрақ көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша өз ойымды жазайын. Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге? Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үйлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады. Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді. Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар. Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады. Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады. Алтыншы, «gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім. Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады. Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек.
Показати все...
2015 толықтай су астында қалып, тұрғындары Қосшыға көшірілген Шнет ауылының халқы тағы дүрлігіп отыр. “Халық тұрмайтын иесіз жер” деп дамба салмақшы екен. Ал ауыл жұрты “адам тұрмағанымен ата-баба жерленген зират қалды. Ош су астында қала ма?” деп алаңдаулы. Суреттегі тікұшақпен премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ұшып келген екен. Астанадан тура жолмен тартса 30 шақырым жерге ТІКҰШАҚПЕН! Сол кезде дамба салынатынын растапты. Ол дамба Астанадан шыққан кәріз суын ұстап тұруы тиіс. Халықтың “зиратты сасық су басады деп даурығатыны да содан Мына өлеңді Шнет ауылының тумасы Мейрам Айтпаев жазыпты: Ауылымның қазбақшы ма жерлерін, Ал Бауырлар алға шықшы ерлеген, Молалар мен зираттар бар қаншама, Ата-бабам сол қорымда жерленген. Қайран жерім,қайран менің көлдерім, Бізге деген ырызығың мол еді. Қайран елім сен есіме түскенде, Көзімізге мөлдіреп жас келеді. Ал бауырлар бір Алла деп бастайық, Ақылдасып асықпайық, саспайық. “Бәрімізде қарсымыз” деп ұрандап, Зираттарды беруге жол ашпайық.
Показати все...
Бас прокуратура балалар лагерлерін тексереді Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайда балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Толығырақ сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/590826?lang=kk https://t.me/GenPr Facebook | Instagram | YouTube
Показати все...
Показати все...
Tiek

Тілде тиек жоқ Арнамызға жазыла отырыңыздар

Абай облысындағы өрт өшірілді. Ресми ақпарат https://t.me/tiekkz
Показати все...
Tiek

Тілде тиек жоқ Арнамызға жазыла отырыңыздар

Repost from Ulysmedia.kz
Астанада Бауыржан Байбектің әкесін соттап жатыр "Сот кабинеті" порталында Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қыдырғали Байбекке қатысты қаралып жатқан екі істі табуға болады. Құжатқа сәйкес, Байбектің әкесі ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша айыпталған. Бұл бап бойынша тиісті жер құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді заңсыз салғандар жауапқа тартылады. Сонымен қатар, осы сотта ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша Қыдырғали Байбекке қатысты тағы бір іс қаралмақ. https://t.me/ulysmedia
Показати все...
Автократиялардың құлауының негізгі үш жолы бар. Бірінші – табиғи жолмен автократтың қайтыс болуы. Екінші – режим өкілдерінің ортақ келісімге келуі арқылы немесе мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде. Үшінші – халық көтерілісі немесе азаматтық соғыс нәтижесінде. “Жаңа әділетті Қазақстандағы” соттың “Алматы аэропортын басып алу ісі” бойынша Әйгерім Тілеужанды 4 жылға, Қалас Нұрпейісов, Жанайдар Кәрменов, Ермұхамет Шилібаев, Нұрлан Дәлібаевтің әрқайсын 8 жылға бостандығынан айыру туралы шешімі онсыз да әділеттен үмітін үзген, саяси “реформалардан” көңілі қалған, күн сайын ертеңге күнге сенімі әлсіреп, кедейлік жан-жақтан қысып жатқан қазақстандық қоғамға авторитар режим жасаған тағы бір соққы болды. Осылайша, Тоқаев режимінің үшінші сценарий бойынша құлау ықтималдығы арта түсті.
Показати все...