Ilim_ordasy📚
Відкрити в Telegram
Хадис,уағыз,жазба,насихат. Адамдарға әсер қалдырып үйрен. Әр Пост (жазба) Аманат. . Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын!
Показати більше1 978
Підписники
-324 години
-297 днів
-12730 день
Архів дописів
1 978
Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Алла, мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана.
Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар және ғадын жаннатында, көркем орындар уәде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне осы, үлкен қол жетушілік.
Тәубә сүресі «71-72 аяттар»
1 978
Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер, бір-біріне көмекші. Олар дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Алла, мәрхаметіне бөлейді. Расында Алла тым үстем, аса дана. (71)
Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар және ғадын жаннатында, көркем орындар уәде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне осы, үлкен қол жетушілік.
Тәубә сүресі «71-72 аяттар»
1 978
Пайғамбарымыз (с.а.с.) киім кигенде оң жағынан бастап, «Мені киіндірген, ұятты жерлерімді жабуға жараған және ел алдында сымбатты көрінуіме жағдай жасаған киімдерді нәсіп қылған Аллаға мақтау!» - деп дұға қылды.
Киімді сол жағынан бастап шешті.
Жаңа киім алса, ескісін бір жарлыға беріп: «Қайсыбір мұсылман Алла разылығы үшін ескі киімін бір жарлыға берсе, ол киім киіліп тұрған сәтте берген адам өлсе де, тірі болса да Алланың қорғауында, қауіпсіздігінде
және жақсылығында болады», - деді.
1 978
Бұл жерде бір ойға түйетін нәрсе нәпсі үшін деген кейбір адамдар өзінің нәпсісіне ұнап тұрса сеніде солай көргісі келеді, олай етпесен олардың нәпсілеріне жақпаған себепті жаман оларға боласың, нәпсі үшін жаман болу оларға жағам деп олар сияқыт болмау.
1 978
Біздер пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дұғасымыз.
Біздерге бақыт берілген, пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дұғасында болу бұйырған.😎
1 978
Сондай әйелдер бар сөйлеп күнә алып қоймайын деп Құран аяттарымен сөйлейтін;
Сондай әйелдер бар желіге суретін салмайтын;
Сондай әйелдер бар ері жоқта ар-ұятын қорғайтын;
Сондай әйелдер бар харамның харам екенін мойындап, нәпсісін
ақтамайтын;
Сондай әйелдер бар шариғатқа қарсы келмей киінетін;
Сондай әйелдер бар фитна толған заманда өзін-өзі жасыратын;
Олар сондай әйелдер жанарларын жасырған, нәпсілерін иемденген әйелдер…✨
1 978
Алла Тағала алдында адамдардың жақсысы бол, нәпсі үшін адамдардаң жаманы бол, адамдар үшін адамдардың бірі бол.
Әли ибн әбу Тәліб
1 978
Күйеуің қанша жерден еңбекқор болса даАлланың жазғанынан артық табыс алып келе алмайды. Сол үшін де әйел адам ерін сүйген кезде оның әкелетін табысына дейін сүюі қажет. Ең бастысы оның тапқанының адал болуы. Кез келген сахаба әйел жарын шығарып саларда:
Біз аштыққа шыдаймыз, алайда тозақ отына шыдай алмаймыз, – дейтін болған.Күйеуіңнен артық нәрсені талап етіп, алып келгеніне разы болмаудың артында Алланың тағдырына наразылық жатыр. Ерлан Ақатаев (хафизахулла)
1 978
✍🏽 قال الإمام ابن عبد البر المالكي -رحمه الله-:
الأحمق يغضب من الحق
والعاقل يغضب من الباطل.
Имам Ибн Абдульбарр аль-Мәлики ( Алла оған разы болсын )
«Ақымақ адам ақиқатты естісе ашуланады,
Ақылды адам жалғанды естісе ашуланады».
1 978
Алла оларды рахымына бөлесін.
ибн Аббастың шәкірттерінің бірі Хасан әл Басри айтады:
Алланың атымен ант етемін, мүмін адам өзінің жанын басқарудан, өзін есепке алуда былай деуден бос емес: мен не нәрсе меңзедім осы сөздерді айтумен, бұл асты не үшін іштім? ниетім қандай болды дем алып дем шығарғанда? менің мақсатым не болды бұл істі істегенімде?
Бұл іс не үшін керек маған?
ант етемін! мен енді бұл нәрсені жасамаймын - және бұған ұқсас сөздер.
1 978
Сізде Алла бар. Сізде оған кез келген уақытта келу мүмкіндігіңіз бар. Оның алдына құлау, мен не айталам Аллахым барлығы Сенікіғой мені кешір деп.
Уаллахи, Алла жақсы біледі.
саған не үшін осы сынақтардан бастан өткеріп жүруіңді және Одан жақсы ешкім сенің жүрегіңе тыныштық бермейді.
Тек жәй ғана Оның рақымын біліп, Иемізге келсеңіз болды...
1 978
әрбір сәтіңде Алланы ұмытпай,әрбір істе Раббым бұл қалай болды екен, осылай істеуді дұрыс көріп тұрмын ісіме береке бер деп. сосын соңында сені жақсы көремін деп айтсаң қандай керемет.
1 978
«Адам баласының бір бақыты – Алладан қайырлысын сұрауы, тағы бір бақыты – Алла басына түсірген іске разы болуы. Адам баласының бір бейбақтығы – Алладан қайырлысын сұрамауы, тағы бір сорлылығы – Алла басына түсірген іске наразы болуы».
хадис
1 978
қараңғыда шам ұстап келе жатқан адам көбірек сүрінеді, оның ізінен еріп келе жатқан адамға қарағанда.
түйін: адам мен дұрыс адамдардан болам, жақсы іс істеушілерден боламын деп көп нәрселерден өтеді.
құлайды, оны басқалар алдайды, ол Аллаеың мейіріміне үміт етіп қайтып тұрып жүреді.
Егер ондай адамдарды көрсеңіздер сен жақсы адамсың мен саған сенемін Алла бізді кешірсін деп өз бауырлықтарыңызды білдіріңіздер.
Халық көп жер бетінде, бірақ олардың дұрыс адам екен деп айтатыны аз.
1 978
Кейбір адамдардың мысалы теңіз сияқты. Сондай салқын, сондай қатулы сияқты. Терең, түбі белгісіз. Бұндай адамдардың жанында, жүрегінде Мариана ойпаты бар сияқты. Соншалықты терең, оның түбіне жарық түспейді. Мұндай адамдар ешкімді жақсы көрмейді, бірақ қандай да бір себептермен олардың жанында көптеген адамдар өздерін бақытты сезінеді.
1 978
Сіз көп нәрсе білемін деп ешқашан ойламаңыз. Олар сізді қаншалықты жоғары бағаласа да, әрқашан өзіңізге: Мен деген нәрсе жоққой Алла біледіғо қандай білімсіздіктемін. Сізді мақтайтындаға әуес болмаңыз. Оның салдарынан сіз табандылық таныту керек нәрселерде тұрып қаласыз, оның салдарынан сіз пайдалы кеңес пен достық көмектен бас тартасыз, және келісіп мойындау керек нәрселерден бас тартып, бойыңызға тәкаппарлықты билетіп алуыңыз мүмкін. Соның себебінен обьективті көзқарасыңыздан мақұрым қалуыңыз мүмкін.
⠀
1 978
– Ақсақал, маған кеңес беріңізші.
- Үндеме.
- Түсінбедім.
- Бұл кеңес. Тыныш бол. Күні бойы ештеңе айтпа.
- Жақсы, үндемей қалу қиын емесқой.
- Ал, сен байқап көр.
Мен тырысып көргенде, жарты сағаттан кейін сөйлей бастадым, содан кейін есіме түсіп, аузымды қолыммен жауып тастадым. Бұл барлық уақытта жалғасты... Содан кейін сондай бір сәттер болды, мені көргенде сөйлегім кеп, қарсылық білдіріп, жауап айтып тастағым келді, бірақ маған үндемеу керек.
Содан кейін мен көп жағдайда сөйлесудің де қажеті жоқ екенін түсіндім. Менің үнсіздігім тіпті тыныштық әкелді. Аз даулар, жанжалдар, таласулар. Содан кейін мен оған үйрене бастадым.
Үнсіздік - бұл аскетизм және ол өз жемісін береді. Бұл ерік-жігерді арттырады. Байқап көріңіз.
