cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Дайындықсыз үйленбе!

Бойдақтардың үйленбестен алдын дайындық жасайтын алаңы.

Більше
Рекламні дописи
2 399
Підписники
-124 години
+237 днів
+13930 днів

Триває завантаження даних...

Приріст підписників

Триває завантаження даних...

ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДЕ ӨШІРГІШІҢ БОЛСЫН Теңін тауып үйленген жігітке батасын берген әкесі оңаша шығарып: – Ақ қағаз, қалам және өшіргіш алып кел,-дейді. - Әке оны не істейсіз? – дегенде: – Айтқанымды істе. Одан кейінгісін сұрама, – дейді. Қалам мен қағаз табады. Бірақ өшіргіш жоқ екен. – Онда, барып сатып алып кел, – деді. Өшіргішті алып келіп, әкесінің жанына отыра кетті. Әкесі: – Ал енді, жаз, – деді. Жігіт бір сөйлем жазды. Енді не істейін дегендей әкесіне қарады. – Жазғаныңды өшір, – деді. Жігіт өшірген соң, қайта жазуды талап етті. Жігіт: – Әке, не қалап отырғаныңызды айтыңызшы, – деді. Әкесі: – Жаз! – деді. Жігіт қайта жазды. – Жазбаны өшір, – деді әкесі тағы. Сосын қайта жаздырды. Жігіт әкесінің бұйрығын бұлжытпай орындауға көшті. Біршама уақыттан соң, барлығына көнген баласына қарап:
- Балам! Отбасылық өмірде өшіргіш ауадай қажет, – деді. Жұбайыңның саған жақпаған сөзі мен әрекетінің ізін жоқ ететін өшіргішің болмаса қиын. Әйеліңе де керек. Сенің бойыңнан көрген ұнамсыз жайттарды өшіретін құралы болуы керек. Әйтпесе, көп өтпей-ақ отбасылық қағаздарың шимайланып толып қалады. Бір-біріңнің кемшілігіңді тізбектеп термеңдер. Бір-біріңді аңдып мін іздемеңдер. Кешірімді де кең болу екеуіңнің өмірлік салтың болсын, – деген екен.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Ең бастысы, кешіре білу. Қажет орында байқамағандай кейіп танытып, келеңсіздіктің алдын алу. Хадис ғалымы Осман бин Зайда:
Мен Ахмед бин Ханбалға «
Амандық он бөліктен тұрса, оның тоғызы байқамағансу
», – дедім. Сонда ол кісі: «
Амандық он бөлік. Оның
баршасы да
байқамағансу»
, – деген еді.
[Үйленбей тұрып үйрен кітабынан]
Показати все...
ЕРКЕК - ШАҢЫРАҚТЫҢ ҚОЖАЙЫНЫ
Жақсы қожайын ретінде жұбайының да, бала-шағасының да жан дүниесінде не болып жатқанын біліп жүруі ләзім. Өйтпейінше, аяқ асты орын алған кикілжіңнің төркінін түсінбей дал болады.
Әдетте, себепсіз жанжалдың артында көптен жиналған жан айқайы жатады. Еркек мұны кенеттен әрі жөнсіз жанжал деп қабылдауы әбден мүмкін. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жұбайына: «Сенің риза болып тұрғаныңды да, ашуланғаныңды да біліп қоямын», – дейді. Оны қалай білесіз? – дегенде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Риза боп тұрсаң, «Мұхаммедтің Раббысымен ант етемін», – дейсің. Ашуланып тұрсаң: «Ибраһимнің Раббысымен ант етемін», – дейсің», – деп жауап береді. Бұған Айша (Алла оған разы болсын) анамыз: «Рас айтасыз, мен сізден тек есіміңізді айтпай алшақтаймын», – деген екен. Ия, Айша (Алла оған разы болсын) анамыз ренжісе де Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанынан бір елі ажырамайтын. Көңілдегі назын есімін айтпаумен ғана білдіретін.
Екі дүние сұлтанын идеал деп білген еркек жұбайымен ренжіскенде есікті сыртынан тарс жауып, бір-екі жұмаға қаңғырып кетпеуі қажет.
[Руслан Қамбар ұстаз]
Показати все...
Кері байланыс: https://t.me/Uilenbot
Показати все...
Сұрақтар үшін: https://t.me/Uilenbot
Показати все...
Егер дауласудан міндетті түрде біреуі жеңу керек болса, зайыбыңыз жеңсін! Махаббаттың билікке таласатын соғыс емес екенін ойлап әрекет етіңіз! #бір_ағамыздан #бойдақтарға
Показати все...
Жақсы əйел мен жаман əйелдің айырмашылығы Дінмұхаммед Қонаев атамыз, ел басқарып тұрған шағында, бір шопанның үйіне түседі.Сонда ол кісі: “Димеке, қырық жыл ел басқардыңыз, айтыңызшы, осы өмірде жаман əйел мен жақсы əйелдің қандай айырмашылығы болады?” - деп сұраған екен.Сонда Дінмұхаммед Қонаев қысқаша ғана:
Жаман əйелдің екі қолында пышақ болады.Бірімен дастархандағы нанды турайды, екіншісімен көрсетпей жаныңды турайды.Жақсы əйелдің қасиеті - қолында оқтау болады,тілінде тоқтау болады”
-,деп жауап қайырады. #даналардариясынан
Показати все...
Показати все...
НИКАХ, ИДЕАЛЬНАЯ СЕМЬЯ, ССОРЫ, GALLUP ТЕСТ - Устаз Ансаган Нурлыбекулы и Данияр Кабдолла

#ислам #семья #психология Муж и жена в исламе, где точка соприкосновения современной культуры и религии? Какое, все таки, место занимает женщина в исламе? Почему многие не могут построить семью? Ответы на эти и многие другие вопросы в нашем новом подкасте «Ислам и семья». Ставьте лайк и пишите комментарии. Наши гости @qamar.kst и @danday.amokachi 00:00 Интро 01:11 Вступление 02:58 Ценности семьи 3:46 Для чего мы созданы? 6:42 Великие женщины и их роль (мир им) 9:10 Роли мужчин и женщин в Исламе 11:00 Как выбрать мужа/жену? 16:14 Gallup тест и другие 19:35 4 главные вещи при выборе спутника 24:30 Абу Бакр Ас-Сыддик (да будет доволен им Аллах) 26:32 Правдивость, мягкость 27:44 Жалоба Пророку ﷺ от его жён 29:31 Сколько уделять времени жене? 33:20 Соблюдать баланс 34:45 Типы женщин 37:47 Дарите цветы женщинам 39:26 Угощать жён каждую пятницу 41:10 Ислам и современные науки 43:40 Исследования про добрые отношения с соседями 45:10 Привычки 47:30 ПП-постепенность и постоянство 48:40 Как решать конфликты в семье? 49:59 История про Айшу и Хафсу (да будет доволен ими Аллах) 53:04 Уникальный инструмент при наступлении конфликтов 54:55 Влияние соц.сетей 55:46 Трудности бывают у каждой женщины, пример сподвижниц 58:35 Намерение улучшить отношения супругов - гибадат 01:02:10 Навязывание западной культуры 01:06:45 Выбор партнера 01:17:50 Нужна ли любовь 01:27:48 Про эксперимент выбора партнера 01:32:54 Статистика разводов Казахстане 01:36:40 Золотая середина 01:38:10 Разумно проявлять чувства 01:40:01 Последствия по разводу 01:41:39 История жены Пророка ﷺ 01:43:54 Истории про сподвижниц 01:45:19 Покаяние матерей правоверных 01:46:06 Проблемы надо решать, а не разводится 01:48:40 Совет молодым ребятам 01:51:49 Женщин надо понимать, и терпеть 01:54:40 Стал папой в 22 1:55:30 Конец

Ассалаумағалейкум, бауырлар! Марқұм Бауыржан Әлиұлы ұстазымыздың (Алла ол кісіні рахымына алсын) жазбалар жинағын кітап етіп жинақтап шығарғанын көріп едім. Қазір қайдан немесе кімнен алса болады екен? Білетіндеріңіз болса жазсаңыздар: t.me/anonaskbot?start=7LkSqgMs1iB76Du
Показати все...
"Үйлену сүннет" деп жиі айтамыз. Дей тұрғанмен үйленудің кейде парыз, кейде уәжіп, арам, мәкруһ, және бекітілген сүннет, тіпті кейде мубах болатын тұстары бар. Соның үш жағдайдағы үкімін жеткізіп, Аллаһ Тағаланың құлдарына болған қамқорлығына нұсқайын. 1⃣ Егер бір адам үшін зинаға түспеудің жалғыз жолы¹ үйлену болатын болса, онда оған үйлену парыз² болады. Себебі 🔹ما لا يتوصل إلى ترك الحرام إلا به كان فرضا 🔸"Арамды тәрк ету тек соның ғана себебімен жүзеге асатын амалдың үкімі парызға айналады" деген қағида бар. 2⃣ Егер бір ердің әйелге қатыгездік/зорлық жасап қоюынан сақтануы мүмкін болмаған болса, онда оған үйленуі анық арам³ болып, тиым салынады. 3⃣ Егер бірінші жағдаймен екінші жағдай бір адамның бойынан қатар табылса қалай болмақ? Яғни, зинаға түсуден және әйелге зиян келтіруден қорқады. Бұл тұста шариғатымыз екінші хәлді бірінші хәлдің алдына қояды да, оған үйленуі міндетті емес, бәлки мәкруһ дейді. Себебі зорлық-зомбылық жасау бұл (қара басына қатысты ғана емес) басқа құлдармен байланысты болған күнә. Ал зина жасамау бұл Аллаһ Тағаланың ақысынан. Енді адам мен Аллаһ Тағаланың ақысы қатар келгенде 🔹إن حق العبد مقدم على حق الله تعالى عند التعارض деген қағиданың негізінде құлдың ақысы алға шығарылады. 📌Өз ақысынан құлының ақысын жоғары қойған Раббымыз ﷻ қандай Ұлық еді. Батыстық саясат ерлердің көзі тояттап және әйелдер қол жетімді болуы үшін оларды барынша олар лайықты болмаған дүниеге итермелеп отырады. Ал Ұлы Раббымыздың ﷻ мінсіз шариғатында әйелдерді барынша қастерлеп, олар үшін қамқорлық қамтылған үкімдерді байлаған. Тіпті жоғарыдағы үкімдерден әйел затына ғана емес, ер затына да қамқорлық бар. Себебі құлға өзіне қатысты істеген күнәсіне қарағанда өзгенің ақысына қатысты істеген күнәсінің берер зияны басым. Және Аллаһу Тағала өзгенің ақысына қатысты айыптың шешімін ақы иесіне қалдырып, Өз ақысына қатысты айыптылықта өте кең кешірім, жарылқау танытады. Құлы әлсіздігімен зиянға түспесі мүмкін еместей хәлге түсіп қалатын болса, зияны азырағы және кешірім берілу тарабы басымырағына жол көрсетілген. Күдер үзуге болмайтын жалғыз нәрсе Аллаһ Тағаланың мейірімі мен кешірімі. Сондай-ақ Ол Шексіз Қаһар Иесі болғандықтан Одан ﷻ қорқуға да әбден лайық. ____ 1] Егер зинаға түсуден қорқып бірақ одан сақтанудың үйленуден басқа да жолдары болатын болса, онда үйлену уәжіп деңгейінде болады. 2] Егер мәһр мен нәпақасын қамтамасыз ете алатын және әйеліне қатігездік/зорлық жасамайтын болса деген екі шартпен. 3] Егер зиян беріп қоямын деген қауіппен қатар одан сақтану ықтималдығы бар болатын болса, онда мәкруһ тахрим болады. Canal: https://t.me/taammul
Показати все...
Тәтті келу. Ертеде тұрмысқа шыққан қызының келуі жиілеп кеткенін байқаған әкесі «қызым тәтті болып келсең дұрыс болады» деген екен. Мұны естіген қызы келесі келгенінде тәтті тағамдар пісіріп ала келеді. Әкесі тағы да «тәтті келгенің дұрыс болады» деген екен. Түсінбеген соң қызы «Әкешім тәтті кел дегеніңіздің мәнісі не?» деп сұрайды. Әкесі күлімдеп «қызым тәтті кел дегенім жиі келе берме, сирек кел, сирек келсең қадірің артады, арамыз жылы болады, өзің де тәтті боласың дегенім» депті.
Показати все...