Candidate Kairov
Відкрити в Telegram
4 047
Підписники
-1124 години
-337 днів
-14230 днів
Архів дописів
4 046
🇰🇿 Айбар Жақсылықов Қазақстан құрамасына шақырту алды
🙂 УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы алдағы матчтар қарсаңында Қазақстан ұлттық құрамасының тізімінде өзгеріс болды.
🤕 «Астана» шабуылшысы Рамазан Кәрімов жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды. Оның орнына ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы «Елімай» шабуылшысы Айбар Жақсылықовты шақыру туралы шешім қабылдады.
📆 Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнаса, 16 қарашада Астанада Словакияны қабылдайды.
@kairov_candidate
4 046
Repost from Kommentator_Maulen
Көкшетауда бүгін той
"Оқжетпестің" Конференция лигасына шығуы көкшетаулықтар үшін үлкен оқиға 😍
Команда жетістігін жерлестері ерекше тойлап өтуде - қаланың жаңа жағажайында 10 мыңға жуық жұртшылық жиналыпты 🥳🥳🥳
Клубтың қуанышын бөлісуге келгендер үшін Қазақстан эстрада жұлдыздары өнер көрсетуде.
Футбол мерекесі деген осы емес пе?
@kommentator_maulen
4 046
🏆 ҚПЛ-дың жеті легионері өз құрамаларына шақырту алды
🇰🇿🇧🇦 Иван Башич
🇰🇿🇱🇹 Кипрас Казуколовас
🇰🇿 🇲🇰 Яни Атанасов
🇰🇿🇳🇪 Даниэль Соса
🇰🇿🇫🇴 Йоханнес Бьорталид
🇰🇿🇲🇩 Дмитрий Челядник
🇰🇿 🇧🇾 Виталий Лисакович
@kairov_candidate
4 046
🇪🇸🇪🇸 «Атлетико Мадрид»—«Барселона»: Ла Лига ойынына болжам мен бәс тігу
🔥 Бүгінгі күннің топ-матчы
https://asnews.kz/forecasts/6428-atletiko-madrid-barselona-la-liga-oiynyna-bolzham-men-bas-tigu/
4 046
🆕 Жаңа бапкер мүмкіндік беруде
🌄 «Ахмат» клубын тізгіндеген Ролан Гусев алғашқы ойынында-ақ Ғалымжан Кенжебекке ойын уақытын берді.
🫡 Қазақстандық футболшы 80-минутта алаңға шықты.
❌ Годи Станислав Черчесовтың тұсында бес матч бойы өтінімге енбеген еді.
✅ «Ахмат» кеше сәтсіз сериясына нүкте қойып, «Родинаны» 1:0 есебімен жеңді.
@kairov_candidate
4 046
🗣 ҚПЛ-дан ұшқанымыз ауыр соққы болды: «Қайсар» бапкері – кубок финалы мен Мозес жайлы
❌ Мозес соңғы матчына шыға алмады.
https://asnews.kz/kpl/6424-qpl-dan-ushqanymyz-auyr-soqqy-boldy-qaisar-bapkeri-kubok-finaly-men-mozes-zhaily/
4 046
🇰🇿 «Оқжетпес» еурокубокте ойнайды
🏆 «Қайсар» Қазақстан кубогының финалында жеңіліп қалғандықтан, еурокубок жолдамасы ҚПЛ-да төртінші орын алған Ринат Алюетовтің командасына бұйырды. Көкшетаулық клуб келесі жылы Конференция лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
🇰🇿 Келесі жылы төрт клубымыз еурокубокте ел намысын қорғайды:
🇪🇺 Ордабасы – ЧЛ
🇪🇺 Қайрат – КЛ
🇪🇺 Астана – КЛ
🇪🇺 Оқжетпес – КЛ
@kairov_candidate
4 046
🏆 «Ордабасы» – Қазақстан кубогының иегері
🇰🇿 Ордабасы – Қайсар 🇰🇿 – 4:1
⚽️ Голдар: 7’ Астанов С, 41’ Йонсен, 60’ Абагна, 71’ Астанов Э – 84’ Агостиньо
🏆Осылайша, «Ордабасы» өз тарихында үшінші рет Қазақстан кубогын жеңіп алды. Бұған дейін 2011 және 2022 жылдары топ жарған еді.
✅ Сондай-ақ шымкенттіктер бір футбол маусымында ҚПЛ мен ел кубогын жеңіп, «алтын дубль жасаған алтыншы клуб атанды. Мұндай керемет нәтижені «Қайрат» (1992 жылы), «Спартак» (1995), «Жеңіс» (2001), «Ақтөбе» (2008) және «Астана» (2016) клубтары тіркеген.
@kairov_candidate
4 046
🇰🇿 «Ордабасы» бұл жетістікті қайталай ала ма?
🏆🏆 Қазақстан футболының тарихында бір маусымда ҚПЛ мен ел кубогын жеңіп, «алтын дубль» жасаған бес клуб бар екен:
🇰🇿 Қайрат – 1992
🇰🇿 Спартак – 1995
🇰🇿 Жеңіс – 2001
🇰🇿 Ақтөбе – 2008
🇰🇿 Астана – 2016
@kairov_candidate
4 046
🏆 Бүгін Қазақстан кубогының иегері анықталады
🇰🇿🇰🇿 Аталмыш трофейді «Түркістан Аренада» «Ордабасы» мен «Қайсар» клубтары сарапқа салады.
⏰ Матч 16:00-де басталады.
🏆 Шымкенттік клуб та, қызылылордалықтар да тарихында екі реттен Қазақстан кубогын жеңіп алған.
@kairov_candidate
4 046
Баяғы жартас, сол жартас
🤝 «Қайрат» Конференция лигасының үшінші турында «Аталантамен» тең ойнағаны үшін Қазақстан қоржынына 0,25 балл қосылды.
🇪🇺 Бірақ УЕФА рейтингінде тапжылмай, сол баяғы 38-орында тұрмыз. 37-орындағы Финляндия бір ұпайға алла тұр.
@kairov_candidate
4 046
🗣️ Мата – «Аталантаға» қарсы ойын нәтижесі туралы: Еуропада да бізбен санасады
🇰🇿 Кеше алматылықтар тарихи нәтиже тіркеді.
https://asnews.kz/eurocups/6404-mata-atalantaga-qarsy-oiyn-natizhesi-turaly-europada-da-bizben-sanasady/
4 046
🧤 Екеуі де алғашқы бестікте: Покатилов пен Анарбеков – еурокубоктегі үздік қақпашылардың қатарында
🇦🇿 Стас тіпті екінші орында тұр.
https://asnews.kz/eurocups/6407-ekeui-de-algashqy-bestikte-pokatilov-pen-anarbekov-eurokuboktegi-uzdik-qaqpashylardyn-qatarynda/
4 046
🧤 Темірланның сейві – үздіктер қатарында
🇰🇿🇮🇹 «Қайрат» қақпашысының «Аталантаға» қарсы ойында жасаған сейві Конференция лигасының үшінші турындағы ең үздік сейвтердің қатарына енді.
✅ Анарбеков бұл матчта алты мәрте қақпасын голдан аман сақтап қалды.
@kairov_candidate
4 046
🗣️ Болмайтын гол жіберіп алдық
🇰🇿🇮🇹 Тапалов «Аталантамен» өткен тең ойын туралы пікір білдірді.
https://asnews.kz/eurocups/6406-bolmaityn-gol-zhiberip-aldyq-tapalov-atalantamen-otken-ten-oiyn-turaly/
4 046
🔥 Италияда «Аталантамен» тең түсті
🐦 УЕФА Конференция лигасы, 3-тур
🇮🇹 Аталанта – Қайрат 🇰🇿 – 1:1
⚽️ Голдар: 82’ Крстович – 53’ Гуаль
✅ Алматылықтар осымен екінші ұпайына қол жеткізді. Келесі ойынын 26 қараша күні «Мьелбюға» (Швеция) қарсы өткізеді.
@kairov_candidate
4 046
👀 Рафаэль Уразбахтин шетелде бағын сынап көргісі келеді
«Қазір мен үшін басты мақсат – Қазақстаннан тыс жерде бағымды сынап көру. Қарастырып жүрген нұсқаларымның бірі ретінде Ресейді айтуға болады. Өйткені Ресей Премьер-лигасында инфрақұрылым, ойыншылардың деңгейі мен бапкерлер құрамы әлдеқайда мықты. Стадиондары керемет, матчтардың жарықтандырылуы мен көрсетілім сапасы да жоғары деңгейде. «Зенитке» қарсы ойнаған кезде ерекше атмосфераны сезіндік. Осындай стадиондарда доп тебудің өзі бір ғанибет! Маған Чемпиондар лигасындағы ойындарды еске салды. Бұл – мүлдем басқа деңгей. Ресей чемпионаты стадиондардың көрінісі мен матчтарды көрсету сапасы жағынан Еуропа лигаларынан кем түспейді. Алдағы уақытта ұзақ мерзімді мақсаттары бар, амбициясы жоғары клубты жаттықтырғым келеді. Қысымға да дайынмын. Егер «Қайраттағы» ойындардан кейінгі баспасөз мәслихаттарында айтқан сөздерім мен арандатушылық сипаттағы сұрақтарға берген жауаптарымды меңзеп отырсаң, мұның бәрі – қалыпты жағдай. «Қайрат» – барлығы жеңіс күтетін клуб. Сондықтан тең ойнап немесе күтпеген жерден ұпай жоғалтсаң, жанкүйерлердің де, клуб басшылығының да көңілі толмайды. Өзім эмоцияға берілетін адаммын. Сол себепті кейде осылай реакция білдірген кездерім болды. Басқа не істеймін?» – деді Уразбахтин Анар Ибрагимовке берген сұхбатында.@kairov_candidate
